Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Orazbaeva_D_1241_ribay_Ekologia_negizderi.doc
Скачиваний:
562
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
8.09 Mб
Скачать

5 Кесте Ортаның қолайсыз жағдайларына организмдердің негізгі бейімделу тәсілдері

тәсілдер

артықшылығы

кемшілігі

бағыну

қарсыласу

қолайсыз жағдайдан қашу

9. Құстар мен сүтқоректілер қоршаған орта температурасының ауытқуларына қарамастан, денесінің температурасын тұрақты ұстайды. Мысалы, қоршаған ортаның -80°C -тан +50°C-қа дейінгі температурасында түлкі температурасы 38.6 °C болады. Түлкі денесінің температурасын тұрақты сақтауға көмектесетін бейімделушіліктерін атаңыздар.

10. Жасырын тіршілік құбылысына мысал келтіріңіздер.

!!! Қосымша хабарлар мен мысалдар

1. Оңтүстік Антарктида орыс зерттеушілері мұздың тереңінен алынған мұз үлгісіне микробиологиялық анализ жүргізді. Зерттеудің нәтижесінде тіршілік етуге қабілетті микроорганизмдер табылғаны белгілі. Мұз қабатының жасы 10-13 мың жыл. Мұнда негізінен бактериялар, сонымен қатар саңырауқұлақтар және ашытқы саңырауқұлақтар споралары табылған. Кейінірек тіршілікке бейімделген бактериялар антарктикалық мұздың астындағы тау жыныстарының да табылғаны белгілі. Олардың жастары 10 мыңнан 10 млн жылға дейін жетеді. Янтарь тасының кесектерінен, мәңгі тоңнан табылған мамонттың мүйізінен алынған микробтарды тірілткен эксперименттер жүргізілді.

2. Жылықанды жануарлар -50°C аязды суық аудандарда шыдамды. Мұндай жағдайларда жануарлардың және қоршаған орта температурасының айырмашылығы 80°C -90°C -қа жетеді. Пингвиндердің тұрақты дене температурасы +37°C -38°C, ал Солтүстік бұғының тұрақты дене температурасы +38°C -39°C. Жылулық тепе-теңдігін ұстау үшін жануарлар энергияның қорларын жұмсайды. Сонымен қатар, олардың жылу ұстағыш тері жамылғылары да маңызды роль атқарады. Жылыны сақтайтын денесінің айналасында ауа қабатын қамтамасыз ететін бұл жамылғылар қысқа қарай қалыңдайды, мамықтанады.

3. Орталық Азияның құрғақ шөлді далаларында есеккұрттың көптеген түрлері тіршілік етеді. Бұл организмдер өздерінің жақын су туыстары сияқты өте ылғалды ортаны қажет ететін жерүсті ұсақ шаянтәрізділер. Шөлде тіршілік ететін олар ыстық пен құрғақшылықтан қашуға қабілетті. Бұлар сазды топырақтан ауасы су буларына қаныққан, температурасы төмендеген тік індерді қазып, тіршілік етеді. Тәуліктің жер-үсті ауа қабаты ылғалданган уақытта ғана індерінен шыгатын есекқұрттар топырақ бетіндегі өсімдік қалдықтарымен қоректенеді. Өз ұрпақтарын кебуден сақтау үшін және ылғалдылықты сақтау мақсатында денесінің өткізбейтін жабындары бар алдыңғы сегменттерімен ыстық уақытта аналықтары іннің аузын жабады.

4. Балықшы құсы аптасына 3000 км жерді ұшуға бейімделген.

5. Көптеген адамдар жирафтың ұзын мойны биік ағаштардың жемісі мен жапырағына жету ушін бейімделуі ретінде дамыған деп есептеген. Ал зоолог Роб Симменс ұзақ уақыт бақылаудың нәтижесінде мынадай қорытындыға келген. Олардың мойыны аталықтардың арасында болатын төбелес нәтижесінде ұзарган. Жирафтар аналығы үшін жиі төбелесіп, бір-бірін мойындарымен соғып отырған. Төбелес нәтижесінде осындай белгі пайда болып, ол кейінгі ұрпақтарына ген арқылы берілген. Осыдан кейін жануарлардың мойыны біртіндеп ұзара бастаған.

6. Өсімдіктер тұқымының тыныштық күйінің ұзақтығы оның сақталу жағдайына байланысты. Ылғалдылык, пен температураның жоғарылауы тұқымның тыныс алуының шығынын ұлғайтады. Еменнің жаңғағы 3 жылдай сақталады. Құрғақ тұқымдар өнімділігін жоғалтпаса, ұзақ уақыт жатуы мүмкін. Мысалы, көкнәр тұқымы 10 жылға дейін, арпа, бидай, қара бидайдың дәндері 32 жыл, бақбақ жемісі жылға 68 дейін, лотос тұқымы 250 жылға дейін тіршілігін жоғалтпайды. 2000 жыл бұрын кеуіп қалған батпақты шымтезектегі лотос тұқымының өнген жағдайы анықталған. Өйткені бұл өсімдіктің жемісі қалың газ немесе су өткізбейтін қабықшамен жабылған.

7. Көптеген жануарлардың үлкен құлақтары болады. Оларға жылу бергіштік қызмет тән. Басқа жылықандыларға қарағанда, құстар үшін жылыну - кішкентай мәселе, өйткені олардың дене температурасы 3-4 °C тан жоғары. Құстар әрқашан ұшып жүреді және денесі ауа ағынымен салқындатылады.

8. Киіктердің ұзын мұрны болады. Ол суық қыстыгүні тыныс алатын ауаны жылытады және құрғақ жазда оны ылғалдандырады. Ал шаң - тозаң болған уақытта ол жабылып қалады.

9. Еноттар әртүрлі жағдайларға тамаша бейімделген. Ертеректе олар Солтүстік Американың ормандары мен бұталы жерлерде тіршілік еткен. Ал қазір үлкен және кіші қалаларда, үйдің жоғары қабаттары мен сарайларда, қорек іздеп қоқыс салынған контейнерлердің қастарында жүреді.

10. Жарық шашатын фонарик балық- камбала өзінің баспанасынан тек ғана түнде шығады. Жарық шығаратын бірнеше млр бактриядан тұратын екі органы болады. Балық бұл бактерияларға жарығын өшірте алмайды, бірақ жарықты көлегейлейтін ерекше органы болады. Балықтар осы жарықтың көмегімен жыртқыштарды алдай алады. Жыртқыштарын көрген балық бірнеше секунд ішінде тура, ал сосын кенеттен өзінің жарығын өшіріп, қозғалыс бағытын күрт өзгертеді. 1967 жылы Араб-Израиль соғысының кезінде бұл балықтардың жарық шығаруын жаулардың аквалангистерінің жарығы деп қате түсініп, сол жерді динамитпен қопарган.

11. Түнде фузилер балығы теңіз түбі мен тереңдігінің түбіне сәйкес келетін қоңыр реңді түске көшіп, теңіз түбінде ұйықтайды. Оянғаннан кейін, ол ашық реңге көшіп, судың бетіне жақындаған сайын тіпті ақшыл болады. Реңін өзгерту нәтижесінде ол байқаусыз болады.

ұйқыдағы балық

8-сурет. Күндізгі және түнгі рең

12. Алып кактус – сагуаро биіктігі 15 м жетеді және ол 200 жылдан астам тіршілік етеді. Олар 75 жылға дейін бұта бермейді. Ірі даналарының салмағы екі есе көп. Бұл салмақтың 4/3-і діңінде сақталатын судың үлесіне келеді. Кактус суды сіңіргенде, гармонь сияқты діңіндегі қатпарлары созылады. Осы кактустың діңінде тоқылдақтар қуыс жасайды. Бұндай ұяның ішінде температура сыртқы ортамен салыстырғанда төмен.

?? ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1. Анабиоз дегеніміз –

а/ сыртқы тітіркенулерге жауап бермейтін қимылсыз ұйқы

б/ организмнің тіршілігінің төмендеуі, қысқы ұйқы

в/ зат алмасуының практикалық толық тоқтауы

г/ зат алмасуының күшейуі

2. Организмнің жасырын тіршілігі дегеніміз –

а/ белсенді өмір шарттарының спектрін кеңейту

б/ қолайлы уақыттарда тіршілік ету

в/ белсенді өмір шарттарының спектрін азайту

г/ қолайсыз уақыттарды тіршілік ету.

3. Құрғақ аудандарда жануарлар тіршілік етуге қалай бейімделген?

а/ анабиоз

б/ майларды өндіру

в/тотығу реакциясының нәтижесінде организмдерде метаболикалық суды қарқынды түзуі

г/ жасырын тіршілік етеді.

4. Күн температурасына биохимиялық бейімдеушілік қай организмде маңызды?

а/ жануарларда

б/ өсімдіктер мен микроорганизмдерде

в/ адамдарда

г/ қарапайымдарда

5. Кактус ылғалдылықтың жетіспешілігіне қалай бейімделеді?

а/ жапырақтары балауызбен қапталған

б/ құрғақшылық кезінде өсімдік жапырақтарын өсіреді

в/ өсімдік ұлпаларына үлкен мөлшерде су жинайды.

г/ айтылған жағдайлардың барлығы

6. Ылғалды ортаға бейімделген өсімдіктер

а/ гидатофит

б/ гигрофит

в/ ксерофит

г/ мезофит деп аталады.

7. Құрғақ жерде өсетін өсімдіктер

а/ гидатофит

б/ гигрофит

в/ ксерофит

г/мезофит деп аталады.

8. Орташа ылғалды тіршілік ортасына бейімделген өсімдіктер

а/ гидатофит

б/ гигрофит

в/ ксерофит

г/ мезофит деп аталады.

9. Ылғал сүйгіш жануарлар

а/ мезофил

б/ гидрофил

в/ ксерофил

г/ гидрофит деп аталады.

10. Құрғақ сүйгіш жануарлар

а/ мезофил

б/ гидрофил

в/ ксерофил

г/ гидрофит деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]