Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Orazbaeva_D_1241_ribay_Ekologia_negizderi.doc
Скачиваний:
562
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
8.09 Mб
Скачать

7.4. Ноосфера

Алғаш рет 1927 жылы «ноосфера» терминін енгізген Сорбеннде геохимиядан оның лекциясын тыңдаған В.И.Вернадскийдің жас замандастары, философ, математик, палеонтолог, антрополог Эдуард Леруа мен палеонтолог, антрополог Пьер Тейяр де Шарден болды. Олар ноосфера деп- табиғат эволюциясының адам санасы пайда болған кезеңдерін түсінген.

Ал В.И.Вернадский, адам еңбегіне бағытталған адамның саналық ролі мен барлық өсуші геологиялық күштері зор болатын биосфераның даму кезеңін- ноосфера деп атады.

Ноосфера саналы адамзаттың іс әрекеттері дамудың негізгі анықтаушы факторы болатын қоғам мен табиғаттың әрекеттесу сферасы.

Неліктен «ноосфера» түсінігі пайда болды? Ол биосфера эволюциясындағы адамның ролін бағалауға байланысты пайда болған. Ноосфера жөніндегі В.И.Вернадский ілімінің аса бағалылығы, оның тіршіліктің геологиялық, планетарлық процестердегі биосфераның қалыптасуы мен дамуындағы тірі заттың, организмдердің және планетадағы тірі заттардың алуантүрлілігін анықтауында.

Тірі организмдердің ішінде зор геологиялық күш ретіндегі адамды ерекше көрсетті. Бұл жер ортасында және жер жанындағы кеңістіктегі («жақын» космос) биогеохимиялық және де басқа процестердің барысына әсер етуге қабілетті күш. Адамның, оның еңбегінің нәтижесінде бұл орта ерекше өзгерді. Ол бүкіл жер тарихының геологиялық тарихы бойынша қалыптасқан, түзілген биосфераның өзгеруіне соқтыратын адамның қажеттіліктері мен түсініктеріне сәйкес өзгертуге қабілетті.

В.И.Вернадскийдің пікірінше, ноосфераның қалыптасуы «біздің планетамыздың кездейсоқ құбылысы емес», «еркін сананың қалыптасуы», - деп айтқан. Басқаша айтқанда, ноосфера зат пен энергия алмасуының табиғи процестері қоғаммен бақыланатын адамды қоршайтын орта. Адам «белгілі бір функциясын» атқаратын биосфераның бөлігі болып табылады.

Адамзат қоғамның табиғатқа әсері тірі заттардың басқа формаларының әсерлерінен сипаты жөнінен мүлдем өзгеше болды. Тірі организмдер бұрын өздерінің өсуі, көбеюі, қоректенуі, тыныс алуына қажетті атомдардың тарихына әсер ететін қазір өмірдің өркениетті формасын түзуге және техникаға қажет элементтерге әсер ете отырып, бұл шеңберді адам кеңейтті, нәтижесінде «геохимиялық циклдердің мәңгілік жарысын» өзгертті.

Көптеген ғалымдардың пікірінше, ноосфера болашақта Күн жүйесінің ерекше аймағы болады. «Биосфера ерте ме, кеш пе ноосфера жағдайына көшеді. Дамудың белгілі бір кезеңінде адам планета әрі қарай эволюциясына жауапкершілікті алуға міндетті, олай болмаса оның болашағы болмайды», - деп В.И.Вернадский қорытынды жасады.

Адамзаттың ғылыми еңбектері биосфераны өзгертетін жаңа фактор болып табылады. Нәтижесінде биосфера жаңа кезеңге ауысып, жаңа күй - ноосфераға көшеді.

7.5. Жердің жалпы антропогендік дағдарыстары

Қазір күнделікті өмірде біз «экологиялық проблмелар» және «экологиялық дағдарыс» терминдерін жиі қолданамыз. Бұлардың мәні неде?

Экологиялық проблема - «тірі жүйе - қоршаған орта» жүйесіндегі тепе-теңдіктің бұзылуынан туатын қарама қайшылық.

Экологиялық проблемалар өзекті (планетаның бүкіл биосферасына әсерін тигізеді), аймақтық (нақтылы аймақ) және жергілікті (нақтылы территория, орын) болады.

Экологиялық дағдарыс- (гректің krisis- бұрылмалы пункт) кездейсоқ табиғи құбылыстардың әсерінен (су тасқыны, вулкандардың атқылауы, қуаңшылық, өрт, күннің күрт суытуы, жер сілкінісі және т.б.) немесе антропогендік факторлардың әсерінен (қоршаған ортаның ластануы, табиғи экожүйелердің бұзылуы, ормандардың кесілуі және т.б.) экологиялық тепе теңдіктің бұзылуы нәтижесінде экожүйелерде (мысалы, биосферада) туатын жағдайлар. Экологиялық дағдарыстың кінәлісі адамның шаруашылық іс -әрекеті болғанда, ол антропогендік экологиялық дағдарыс деп аталады.

Адамзат тарихында 3 антропогендік дағдарысты көрсетуге болады.

Бірінші антропогендік экологиялық дағдарыс (консументтер дағдарысы) - ірі жануарларды жаппай құртумен байланысты. Ғалымдардың есептеуінше, бұл дағдарыс 10-15 мың жыл бұрын болған. Американ геологы Пол Мартиннің ойынша түйе мен жылқылардың кейбір түрлері, мамонттар және мастодон сияқты Солтүстік Америка және Евразияда мұзды кезеңнің ірі сүтқоректілерінің көпшілігі көптеген ғалымдар ойлағандай қолайсыз климаттық жағдайдың әсерінің нәтижесінде жойылған жоқ, сол кезде түйрейтін қаруларды қолданған мұз кезеңінің аңшыларының іс-әрекетінен жойылған. Бүл пікірді геофизик М.Н.Буденко да қолдайды.

Екінші антропогендік дағдарыс (продуценттер дағдарысы)-150-350 жыл бұрын және өнеркәсіпте табиғи минералды қорларын пайдалануды және ғылыми техникалық революцияны тудырған қоғамдық өндіріс күшінің жедел күрт дамуына байланысты болған.

Үшінші (қазіргі) антропогендік экологиялық дағдарыс-қоршаған ортаның күшті ластануының өте жоғары деңгейіне байланысты. Редуценттер антропогендік өнімдерден биосфераны тазартуға үлгермейді немесе қоршаған ортаға шығарылып тасталған синтетикалық заттардың табиғи емес сипатына байланысты бүл функцияны жасауға қабілетсіз. Сондықтан бұл дағдарысты көбіне "редуценттер дағдарысы" деп атайды.

Қазіргі экологиялық дағдарыс биосфераның табиғи биогеохимиялық циклдің өздігінен қалпына келу қабілеттілігімен өркениет тарихындағы орын алған жыртқыштық қатынас арасындағы қарама-қайшылықтың шешілмеуімен анықталады. Егер биосфераның табиғи биогеохимиялық циклінің өздігінен қалпына келу қабілеттілігі жүздеген, мыңдаған жылдамдықпен жүзеге асса, онда техногендік процестер бірнеше есе жоғары болады.

Жалпы экологиялық дағдарысқа байланысты мәселелер алғаш рет 1972 жылы Стокгольмде қоршаған ортаның проблемалары жөніндегі Халықаралық конференцияда талқыланды. Айта кететін жай, сол жылы биосфера дамуының зардаптарын модельдеуі жөнінде «Өсу шектері» деген алғашқы кітап шықты (авторлары Д.Х.Медоуз, Д.Л.Медоуз, Й.Рандерс, Ш.У.Беренс).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]