Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Orazbaeva_D_1241_ribay_Ekologia_negizderi.doc
Скачиваний:
562
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
8.09 Mб
Скачать

2.2. Организм көбеюінің потенциальды мүмкіншілігі

Бізді қоршаған тірі әлем алуан түрлі организмдерден тұрады. Қандай организм болмасын, ерте ме, кеш пе өз тіршілігін жояды. Ал Жер бетінде ғалымдардың есептеулерінше 4 млрд жыл бойы өмір жалғасуда және қайта гүлденуде. Тірі организмдер үнемі өздерін ұрпақтарында қайталап отырады. Осындай түрлердің көбеюге қабілеттілігі-әрбір жеке организмнің шектеулі уақыт тіршілік етуіне қарамастан табиғатта өте ұзақ, көптеген миллиондаған жылдарды қамтиды.

Өзіндік қайталану қабілеттілігі- тіршіліктің негізгі қасиеті. Тіпті ең жай көбейетін түрлердің өзі қысқа уақытта өздері үшін жер шарында орын жетіспестей көптеген особьтар (даралар) әкелуге бейімделген. Мысалы, барлығы 5 ұрпақ беретін уақытта, яғни 1-1,5 жазғы айларда 1 жалғыз өсімдік бүргесі 300 миллионнан артық ұрпақ қалдырады. Треска аналығының бір данасы 10 жылдан кейін жалпы массасы 3 млн тонна болатын 800 млн балықтардың үйірінің бастамасы болуға қабілетті. Ал 100 жылдан кейін оның ұрпағына мұхитта жер жетпеген болар еді.

Кейбір түрлердің өмір бойы барлығы бірнеше мың жұмыртқа, ал кейбірі мыңдаған, тіпті млн-даған ұрықтар беріп, кейбір түрлер еркін, шектеусіз көбейетін болса, олардың саны геометриялық прогрессиямен өскен болар еді. Организмдердің шектеусіз көбеюін тежейтін негізгі фактор- қорлар жеткіліксіздігі, оның ішінде өсімдіктер үшін-минералды тұздар, көмірқышқыл газы, су, жарық; ал жануарлар үшін- су, қорек; микроорганизмдер үшін әртүрлі өздері пайдаланатын қосылыстар.

3-суретте екіге бөліну арқылы көбейетін инфузориялардың санының өсуі көрсетілген. Әрбір инфузория ұрпақтары бір клеткадан пайда болады. Сондықтан көбею қисығы әр ұрпақ сайын өте жоғары және өте жылдам көтеріледі. Іс жүзінде барлық тірі организмдердің шексіз көбею мүмкіндігі бар. Бұл қабілеттілік жердегі тіршілікті өте қуатты күшке айналдырады. Бірде-бір түр өзінің шексіз көбею қабілеттілігін аяғына дейін жеткізе алмайды.

3-сурет. Шексіз көбею кезіндегі инфузорияның санының өсуі

Организмдердің үлкен тірі массасы - планетадағы зат айналымды қолдап, топырақ, тау жыныстарын құрайды, су және атмосфера құрылымын реттейді, бірақ біз табиғатта жеке түрлердің сандарының шексіз және тұрақты өсуін байқамаймыз.

Бұл ресурстар қоры планетамыздың әртүрлі бөліктерінде шектеулі, сондықтан олар түрлердің көбеюін тежейді.

Келесі тежеуші фактор- организмдердің көбеюі мен өсуін баяулататын әртүрлі қолайсыз орта әсерлері. Мысалы, өсімдіктің өсуі мен пісіп–жетілуі ауа райына, температураға, жарыққа, ылғалдылыққа т.б. жағдайларға байланысты. Көптеген суда тіршілік ететін организмдердің көбеюін судағы оттегінің аз мөлшерде болуы немесе еріген заттардың құрамы мен мөлшері тежейді.

Ақырында, табиғатта дүниеге келген ұрпақтар мен жас организмдердің өлуі нәтижесінде олардың саны азаяды. Олардың көпшілігі көбею кезеңіне жетпейді және жаулардан, аурулардан, жоғары немесе төмен температурадан, қоректің жоқтығынан немесе басқа да себептерден қырылады. Мысалы, жыл сайын бір үлкен еменнің мыңдаған жаңғағының біразын тиіндер, шошқалар, тышқандар, бунақденелілер жейді, ал біразы бактериялар мен саңырауқұлақтармен зақымданады немесе әртүрлі себептермен өскін кезеңдерінде тіршілігін жояды. Нәтижесінде өте аздаған жаңғақтан ересек ағаштар өсіп шығады. Өміршеңдік, өсу мен көбею, организмдердің саны қоршаған ортамен күрделі байланыстардың нәтижесі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]