Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Orazbaeva_D_1241_ribay_Ekologia_negizderi.doc
Скачиваний:
562
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
8.09 Mб
Скачать

7.7. Б.Коммонердің «экология заңдары»

1. Барлығы барлығымен байланысты

Бұл заңның негізінде тірі табиғаттағы жалпы байланыстар принципі жатыр. Аталған принцип бойынша табиғаттағы күрделі трофтық немесе басқа да байланыстарда қандай да бір бөлігінің жойылуы күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Әрбір түр көптеген басқа түрлермен байланыста болады.

Адамдардың табиғатқа араласуы күтпеген қолайсыз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, оңтүстік аралдардың бірінде ДДТ препаратының көмегімен масаларға қарсы күрес жүргізілген. Масалар толық жойылды. Бірақ, біраз уақыттан соң осы бунақденелілермен қоректенетін кесірткелер қырыла бастаған. Содан соң осы жорғалаушылармен қоректенетін жабайы мысықтардың саны кеми бастаған. Нәтижесінде тышқандардың саны күрт артып кеткен. Кесірткелердің жойылуы нәтижесінде термиттер көбейіп, үйлердің ағаш тіреулерін зақымдаған. Олай болса, масалар да қалыптасқан экожүйенің маңызды құрам бөлігі болып табылады.

2. Материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді

Кез келген табиғи жүйеде бір ағзалардың экскременттері мен қалдықтары екіншілері үшін азық болып табылады. Жануарлардың тыныс алуы нәтижесінде бөлініп шығатын қалдық көмірқышқыл газы жысыл өсімдіктер үшін қорек. Өсімдіктер жануарлар тыныс алуы кезінде сіңіретін оттегіні бөліп шығарады. Жануарлардың қалдықтары-оларды ыдырататын бунақденелілер мен бактериялар үшін азық. Ал, олардың қалдықтары –бейорганикалық заттар (азот, фосфор, калий, көмірқышқыл газы және т.б.) -өсімдіктер үшін азық көзі болып табылады.

3. Табиғат өзі жақсы біледі

Табиғи жүйеге кез келген ірі антропогенді әсер зиянды. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса, ешқандай да жаңа органикалық зат жасалмайды.

Тірі ағзада жасалатын кез келген органикалық затты ыдырататын фермент болады. Адамның қолымен жасалған, бұрын табиғатта болмаған жаңа органикалық затты ыдырататын фермент жоқ. Сондықтан бұл зат жинала береді. Бұған улы химикаттар –пестицидтер мен гербицидтер мысал бола алады. Табиғатқа ірі өзгеріс енгізу алдында барлық мүмкін болатын экологиялық нәтижелер қарастырылуы тиіс. Орта Азияның ірі өзендері-Сырдария мен Амударияның суын егістікке пайдалану Арал теңізінің деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне әкеліп соқтырады. Арал күннен күнге тартылып барады, ал оның маңындағы Сарықамыс ойпаты суға толуда. Шөлді жерлер қолдан батпақтанып барады.

Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-нің салынуы Балқаш көлінің деңгейінің төмендеуіне әкелді.

4. Тегін ешнәрсе жоқ

Ғаламдық экожүйе біртұтас бүтінді құрайды. Адамның еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс. Біздің көптеген қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын практикада пайдалана білмеуімізге байланысты туындап отыр.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР

Тақырыбы: мектеп үйінің ауасына санитарлық баға

Мақсаты: мектеп үйінің ауасының санитарлық жағдайын анықтау

Құрал-жабдықтар: Петри шәшкесі, ЕПА; сызғыш, термостат, қалам, жұмыс дәптері, сағат, фильтр қағазы.

Ауада шаң-тозаңмен бірге, көптеген микроорганизмдерің әртүрлі формалары кездеседі. Ет-пептонды агарда өсірілген оларды оңай ажыратуға болады.

Ет-пептонды агарды дайындауға (ЕПА) әдістемелік нұсқау

Ең алдымен дайын ет текшесінен (1 текшені 1 л суға) немесе сиыр етінен (500 г етті және майды ет тартқыштан өткізеді) ет пептонды сорпа (ЕПС) дайындайды. Фаршты шыны немесе эмальді ыдысқа салып, оған 1 л су құяды да, 24 сағат 5-7С температураға қояды. Одан кейін фаршты 30 минут қайнатады. Суыған сорпаны фильтрден өткізіп, кейін оған 5 г асы тұзын және 10 г пептон қосады. Кейін сорпаны қайтадан қайнатып, оны тығыз фильтр қағазымен фильтрлейді. Оған 10 %-тік ас содасы ерітіндісін қосып, оны әлсіз сілті реакциясына дейін бейтараптайды. Алынған ет-пептонды сорпаға 20 г агар-агар қосады. Алынған ет-пептонды агарды фильтрлейді. Агар-агардың орнына ет-пептонды желатин дайындауға да болады. Ол үшін 1 л ет-пептонды сорпаға 100 г желатин салады.

Жұмыс барысы:

1. Алдын ала стерилденген Петри шәшкесіне стерилденген ЕПА-ды құйып, оны жауып қойыңыздар. Агар пластинкалары қатқаннан кейін, ауаның микрофлорасын анықтауға кірісуге болады.

2. Алдымен желдетілген сынып ауасынан, кейін сабақтан кейінгі сынып ауасынан, сонымен қатар, киім ілгіш, коридор ауаларынан сынама (проба) алыңыздар. Анализ үшін 5 минут ауасы зерттелетін жерлерге Петри шәшкесін ашып, ұстау керек. Кейін шәшкені жауып, 3-4 тәулік термостатқа 28°C температураға қою керек. Кейін жай көзбен қарағанда шәшкенің бетінде микроорганизмдердің жеке клеткаларының қауымы түзілгені байқалады. Қауым көлемі және мөлшері жөнінен әртүрлі болады. Зерттелінетін варианттардың қайсысы микроорганизмдердің бір түрлерінен немесе әртүрлі қауым микроорганизмдерінен тұратынын көрсетіңіз.

3. Әрбір орынның ауасының ластануын анықтаңыздар. Ол үшін берілген формула бойынша 1м3 ауадағы микроорганизмдердің санын есептеңіздер.

А= ах100х100

Sх3

Мұндағы А- 1 м3 ауадағы микроорганизмдердің саны; 100- см3 ауданы; 1000 л немесе 1 м3 ауа; S-Петри шәшкенің ауданы см3 ; а- Петри шәшкесіндегі өскен қауым саны.

4. Мектеп үйінің ауасына санитарлық баға беру үшін кестеге қараңыздар.

12- кесте

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]