Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Orazbaeva_D_1241_ribay_Ekologia_negizderi.doc
Скачиваний:
562
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
8.09 Mб
Скачать

3.2. Популяцияның демографиялық құрылымы

Популяцияның жыныстық және жас ерекшелік құрамын сипаттауды демография деп атайды («демос»-халық, «графо»-жазамын, суреттеймін). Белгілі бір популяция жас ерекшелігі әр түрлі особьтардан тұрады. Топтардың жас ерекшелік және жыныстық қатынасы популяцияның өсу қарқындылығы мен тіршілікке бейімдеушілігін және оның құрылымының маңызды сипаттамасы болып табылады.

Жас өскен сайын кез келген особьтарда заңды түрде қоршаған ортамен байланыс сипаты және бөлек факторлардың әсеріне төзімділігі өзгереді. Мысалы, инеліктердің дернәсілі - суда реактивті қозғалатын су организмдері, ал ересектері қалқып ұшатын жер - ауа организмдері. Көбелектер метаморфоздан кейін қоректенудің кеміруші түрінен сорушы түріне, жылжымалы қозғалыстан ұшуға ауысады. Сонымен қатар, экологиялық ерекшелігі жағынан аналығы мен аталықтарының да айырмашылығы бар. Мысалы, аталық масалар гүлдердің нектарын сорса, аналықтары омыртқалы жануарлардың қанымен қоректенеді.

15-сурет. Жануарлардың жас ерекшелік пирамидасы

Популяциядағы жас ерекшелік топтарының қатынасын «жас ерекшелік пирамидасы» арқылы көруге болады (15-сурет). Бұл пирамиданың сипаты нақтылы популяцияның жақын арадағы тағдырын болжай алады. Егер оның негізі кең болса, жас особьтер көп, тар төбе - кәрісі аз және орта бөлігі жеткілікті болса, онда пирамиданың мұндай конфигурациясы өсуші пирамиданы сипаттайды (1).

Ал егер негізі тар, төбесі кеңірек болса, онда мүндай популяцияда жақын арада көбею болмайды, керісінше, туьлымға қарағанда өлім-жітім басым болатынын көрсетеді (2).

Әрбір түрге жас ерекшелік пирамидасының өз конфигурациясы тән. Сондықтан ортамен қарым-қатынасы мен даму ерекшелігін жақсы білу қажет. Мысалы, ұрпағына қамқорлығы болмайтын және өнімділігі өте жоғары жануарларда пирамида негізі кең болады.

Кейбір түрлердің жұмыртқалары мен дернәсілдері ересектерімен салыстырғанда мыңдаған есе артық болады. Егер ұрпақтарына қамқорлығы күшті дамыса, мұндай популяцияда жас особьтардың үлесі мен өнімділігі айтарлықтай аз.

Популяцияның жыныстық және жас ерекшелік құрамын талдау- табиғатта түрлердің санын болжау үшін қажетті жағдай. Мысалы, егер треска және сельдті аулауда ірі ересек балықтар жойылуы - артық аулануды көрсетеді.

Көбею арқылы популяцияларды толықтыратын және жас организмдер өсуі үшін мүндай өндірістік популяцияға «демалыс» беру керек. Егер шалғында бағалы жемдік көп жылдық өсімдіктер тек ересек түрінде кездесе бастаса, ол тұқымдық жаңаруға, көбеюге қабілетті еместігін көрсетеді. Бұл түрдің тұрақты өнімін болашақта алу мақсатында, популяция құрамын жақсарту үшін ерекше шаралар қолдану қажет.

3.3. Популяцияның этологиялық құрылымы

Этология - жануарлардың мінез-құлқының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бір популяция мүшелерінің қарым-қатынастарының жүйесін популяцияның мінез-құлықтық немесе этологиялық құрылымы деп атайды. Популяция особьтарының басқа мүшелерлеріне қарым-қатынасы жөніндегі жануарлардың мінез-құлқы ең алдымен түрге тән жалғыз немесе топтық өмір сүруіне байланысты.

Жалғыз өмір сүруде - популяцияның особьтары бір-біріне байланыссыз тіршілік етеді. Табиғатта толығымен жалғыз өмір сүретін организмдер кездеспейді, өйткені, бұл жағдайда негізгі тіршілік функциясы- көбею жүзеге аспаған болар еді. Бірақ кейбір түрлерге өте әлсіз байланыстар тән. Мысалы, кейбір актиниялар бір-бірімен кездесуді қажет етпейді. Олар ұрықтанудың сырттай әдісімен көбейетін су организмдері. Ал іштей ұрықтанатын түрлердің популяцияны жүзеге асыруы үшін аталықтары мен аналықтары өте қысқа уақытта кездеседі, ал қалған уақытта жануарлар бір-біріне байланыссыз жеке тіршілік етеді. Мысалы, көптеген бунақденелілер - қан қызы, кейбір жыртқыш қоңыздар жатады.

Жанұялық өмір сүру типінде ата-аналары мен ұрпақ арасында байланыс күшейеді. Бүл байланыстың қарапайым түрі- ата-анасының біреуінің салған жұмыртқаға қамқорлығы, оны қорғау, инкубация, қосымша аэрирациялау және т.б. Қосмекенділердің ішінде мраморлы амбистома ылғалды орман төсенішінің шұңқырына жұмыртқасын салып, оны күзетуге қалады. Құстарда да ұрпағына күрделі қамқорлығы олардың қанаты көтерілгенге дейін, ал ірі сүтқоректілерде, мысалы, аю, жолбарыс т.б.- да жыныстық жетілгенге дейін бірнеше жыл бойы созылады. Популяциядағы мінез-құлықтық байланыстардың күрделі түрлеріне жануарлардың ірі бірлестіктері - үйір, тобыр, қауым жатады.

Қауым- отырықшы жануарлардың топтық орналасуы. Олар ұзақ уақыт немесе шағала сияқты көптеген құстардың көбею кезеңіңде ғана пайда болады. Қауымдағы особьтар арасындағы байланыс территориядағы қарапайым жиналудан әрбір мүшелері қызмет атқаратын күрделі бірліктерге дейін болады.

Қауымның күрделі түрлерінде оның мүшелері кейбір қызметтерін бірлесіп атқарады. Мұндай ортақ қызметтерге жауларынан қорғану және хабар беру жатады. Шағалалар, кейбір үйректер, қарлығаштар және т.б. құстар балапандарына қауіп төндірген жыртқыштарға әдетте шумен бас салады. Қауіпті байқаған жағдайда көтерілген дабыл басқаларын ұйымдастырады.

Оңтүстік Америкалық дернәсілмен қоректенетін көкек Ани-ондаған аналықтар жұмыртқа салатын ортақ ұя салады. Бұл ортақ ұяда бір уақытта мезгіл сайын басқаларын ауыстыратын, бірнеше құстар жұмыртқаны кезектесіп басады.

Қоғамдық бунақденелілерде, термиттерде, қүмырсқаларда, араларда күрделі қауым кездеседі. Бұндай жанұялы қауымда бунақденелілердің негізгі қызметтерінің көпшілігін: көбею, қорғау, өзін және ұрпағын қорекпен қамтамасыз ету, құрылыс т.б. жұмыстарды бірігіп орындайды.

Тобыр. Биологиялық пайдалы ұйымдасқан іс - әрәкеті байқалатын жануарлардың уақытша бірлігі. Тобыр – көшіп-қону, қоректі табу, жауынан қорғану сияқты түрдің өміріндегі белгілі бір қызметтерді орындауды жеңілдетеді. Тобыр көбінесе құстар мен балықтар арасында, сүтқоректілерден иттерге тән. Балықтың тобыры пішіні, көлемі жөнінен өте өзгеше. Олар кейде тәулігіне бірнеше рет қайта құрылады. Тобырға біріккен балықтарда қорғаныш рөлі өте зор. Зерттеулерден тобыр мүшелеріне қарағанда жалғыз балықты жыртқыштардың аулауы бірнеше есе тезірек екені байқалған.

Сол сияқты қасқырлардың тобыры қыста топтық аң аулау үшін қалыптасады. Барлық особьтердің келісілген және басқарылатын іс - әрекеттерін талап ететін, мысалы, құрбандарын қоршауға түсіру немесе шеңберге алу сияқты іс-әрекеттер қасқырдың топтық аң аулауы кезінде кездеседі.

Үйір. Тобырмен салыстырғанда үйір - бұл жануарлардың ұзағырақ және тұрақты бірлесуі. Үйір топтарында, әдетте түрлердің тіршілігінің барлық негізгі функциялары (қорек табу, жыртқыштан қорғану, миграция, көбею, жас ұрпақты тәрбиелеу және т.б.) іске асады. Өзінің мінез - құлқымен үйірдің іс-әрекеттерін жыртқыштарға реакциясын, қоректену орнын, қозғалу бағытын анықтайтын басшысы бар (лидер) топтар - үйірді ұйымдастырудың бір варианты. Үйір басшыға қарап, бірлікті құрып әрекет жасайды. Лидердің қызметі басқа особьтерге бағынуға бағытталмаған. Үйірдің тәжірибелі мүшесі – лидер болады. Мысалы, Солтүстік бұғыларының үйірін кәрі басшы жүргізеді. Олар миграция уақытында және жыртқыштарға кездескенде басқаларға қарағанда тәжірибелі екендігін көрсетеді. Бұғының аналығы туар алдында бірнеше күн өзі қалып баласы қатайғанша оны жалғыз сақтап және қорғап, кейін екеуі бірге үйірді қуып жетеді. Солтүстік бұғының жануарларының 18-20%-і потенциальды лидер бола алады.

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Өсімдіктердің белгілі түрлерінің тығыздық индексін есептеу

Мақсаты: популяция тығыздығын анықтаудың қарапайым тәсілімен танысу.

Құрал-жабдықтар: рулетка және ауданды анықтайтын басқа құрал, жұмыс дәптері, қалам;

Жұмыс барысы:

Популяция особьтарын толық есептеу әдісі

  1. Мектеп ауласында өсіп тұрған ағаштардың 2 түрін таңдап алыңыздар. Әрбір түрдің ағаштарының санын есептеңіздер.

  2. Мектеп ауласының ауданын есептеңіздер.

  3. Ағаштардың әрбір түрі үшін тығыздығын есептеңіздер.

Сынама аудандар әдісі

  1. 1м х 1м көлемде мектеп ауласының әр бөлігінен 5 аудан таңдап алыңыздар.

  2. Шөптесін өсімдіктердің түрлік құрамын анықтаңыздар. Аудандағы әрбір түрдің өсімдіктерінің санын есептеңіздер

  3. Әрбір аудандағы бір түрдің өсімдіктерінің тығыздығын есептеп, оны әртүрлі аудандағы әрбір түрдің өсімдіктерінің тығыздығымен салыстырыңыздар.

  4. Мектеп ауласындағы барлық ауданда есептеулер жасаңыздар.

  5. Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасаңыздар.

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Популяцияның жас ерекшелік спектрін зерттеу

Мақсаты: популяция жас ерекшелік спектрін анықтауды үйрену.

Құрал–жабдықтар: әр түрлі өсімдіктер (үйеңкі, шетен, шаған), сызғыш, қалам, жұмыс дәптер.

Жұмыс барысы:

Өсімдіктердің тіршілік циклінде төрт кезең: тыныштық кезең (тұқым); вегетативті кезең (жас өсімдіктер), генеративті кезең (жеміс беретін) және сенильді кезең (кәрі - өлетін өсімдіктер) болып бөлінеді.

  1. Территорияда кең таралған ағаш өсімдігінің бір түрін таңдаңыздар (үйеңкі, шетен, шаған).

  2. Әрбір төрт кезеңде болатын особьтердің саныны есептеңіздер

  3. Берілген популяция үшін жас ерекшелік спектрін құрастырыңыздар.

  4. Жас ерекшелік спектрін талдау негізінде популяцияның дамуын және өзін - өзі қолдау қабілеттілігін бағалаңыздар.

  5. Жұмыс нәтижесі бойынша қорытынды жасаңыздар.

§ ТАПСЫРМАЛАР

Популяция мөлшерін бағалау әдістері

Популяция мөлшерін бағалау әдістерінің арасынан тура (текшк, тура бақылау, суретке түсіру) және жанама (бөліп тастау, белгі салу, қайталап аулау) есептеу әдістерін атауға болады.

Текше әдісі. Түрлердің тіршілік орталарының территориясы бірнеше текшеге бөлінеді. Кейін таңдап алынған текше шегіндегі организмдер санын текше санына көбейтіп анықтайды.

Тура бақылау әдісі. Особьтердің тура санауды отырыңқы немесе баяу қозғалатын жануарлармен қатар, ірі қозғалғыш жануарларға да қолдануға болады.

Суретке түсіру әдісі. Ашық кеңістікке жиналатын теңіз құстары мен ірі сүтқоректілір популяциясының мөлшерін особьтардың фотосуреттері арқылы анықтауға болады.

Бөліп алу әдісі. Бұл тәсіл, әсіресе ұсақ организмдерінің, мысалы, судың белгілі көлеміндігі немесе даланың белгілі участогіндегі бунақденелілердің санын бағалау үшін қолайлы. Жануарлар арнаулы тормен ауланып, ұсталғандардың саны жазылады және олар зерттеудің аяғына дейін босатылмайды. Кейін тағы да аулау қайталанылады, сосын аулауды екі рет қайталап, әр ретте ауланатын жануарлар саны азаяды. Жұмыс соңында әр ретте ауланған жануарлар мен ұсталған жануарлардың жалпы саны көрсетілген график құрастырады.

7-кесте

жануарлар саны

үлгінің жинақ мөлшері

1

120

0

2

93

120

3

60

213

4

35

273

8-кесте мәліметін қолдана отырып, бөліп алу әдісімен популяция санын анықтаңыздар.

8-кесте

жануарлар саны

үлгінің жинақ мөлшері

1

320

2

210

3

145

4

80

Белгі салу және қайта аулау әдісі

Бұл әдіс жануарларға зиян келтірмей оларға белгі салу және аулауға арналған. Мысалы, аулағанда ұсталған балықтардың желбезек қақпағына алюминий пластинкаларын бекітеді немесе ұстаған құстардың аяғына сақина кигізеді. Майда сүтқоректілерді бояумен белгілеуге болады. Бүкіл ұсталған жануарларды санап, олардың кейбіреулерін белгілейді, сосын барып бүкіл жануарларды босатады. Біраз уақыттан кейін жануарларды қайтадан аулап, белгісі бар жануарларды санайды.

1 аул-ғы жану.саны х 2 аул-ғы жану.саны

Популяцияның жалпы саны = ----------------------------------------------

2 аул-ғы белгілері бар жану.саны

Жануарлар популяциясының бұл бағасы – Линкольн индексі деп аталады.

1. Кішкентай көлде форель санын бағалау үшін 625 особь ауланған болатын. Бұлар белгіленгеннен кейін қайтадан босатылды. Бір аптадан кейін құрамында 129 белгіленгендермен қоса барлығы 873 форель ауланды. Линкольн индексін анықтаңыздар.

2. Ауданы 300 км2 жерге үлкен қалаға 7 млн адам орналасқан. 1 км2 жердегі тығыздық қандай?

3. Мына формуланы пайдаланып сыныптағы, үйдегі тұрғындардың тығыздығын есептеңдер.

Менің сыныбым --------------- м2

Мұғалімді қосқанда оқушы саны ------- адам

Сыныпта ------- адам 1 м2 орналасқан.

4. Аквариумдағы ұлудың санына көлемін бөліп, популяция тығыздығын есептеңіздер.

5. Сарышұнақтың 2 популяциясының қысқы ұйқы кезіндегі өлімін есептеңіздер. Олардың 1-шісінде қысқы ұйқыға түсер алдындағы популяция тығыздығы 1 га –да 160 аң, олардың тірі қалғаны 80 аң, ал 2-шісінде 1 га- да 90 аң, олардың тірі қалғаны 56 аң.

Егер 2 участокте азық қоры екеуіне бірдей деп есептесек, қайсы участокте өлім жоғары және қалай түсіндіруге болады?

6. Көлемі 50 х 50 см болатын 8 ауданның әрқайсысында 80 данадан жауын құрты болған. Арамшөптермен күресудің химиялық жолы гербицидтерді қолданудан кейін, осындай ауданға есептеулер жасалды. Ол жерде 25 жауын құрт болды. Гербицидтерді қолданғанға дейін және кейін м2 жерде популяция тығыздығы қандай?

7. Дала қорықтарының бірінде 250 га жерге боз суырдың 370 особы жас ерекшелігі бойынша орналастырылған:

жаңа туылғаны – 118

1 жастағысы – 49

2 жастағысы – 50

6 жастағысы – 153

2 жыл өткен соң, участокте 488 особь болады, оның

жаңа туылғаны – 112

1 жастағысы – 83

2 жастағысы – 78

қалғаны – ересектер

Популяцияның жас ерекшелік құрылымы өзгереді ме? Осы кезең бойынша жас особьтардың өлімі қандай?

8. Шамшаттарда өсіп - жетілу жағдайына байланысты өскін жағдайы 2-30 жылға созылады. Тіршілік кезеңіндегі ағаштардың максималды және минималды қысқа уақыттарын есептеп, оларды салыстырыңыздар.

9. Сақина салу станциясында 100 қара қарға ауланған. 10 күннен кейін аулау қайталанды. Сол кезде 20 – сы сақиналанған 120 құс ұсталынды. Зерттелген территория бойынша 1-ші рет белгіленген құстардың бірдей таралғанын ескеріп, қара қарға санын анықтаңыздар.

!!! ҚОСЫМША ХАБАРЛАР МЕН МЫСАЛДАР

1. Верхоянскіде тіршілік ететін ақ қоян популяциясы Волга ауданында мекендейтін популяциядан ерекшеленеді. Мысалы, олардың қоректік тағам құрамы әртүрлілігіне байланысты ішектерінің ұзындығы да әртүрлі болады: оңтүстіктегісі жапырақтарды кеміреді, ал солтүстіктегісі қылқан жапырақтылар, жемісті бұталар мен шөптерді жейді, бірақ олардың екеуінде де ұзын соқыр ішек болады. Солтүстік популяцияда көбею кезеңі қысқарған, аналығы жаз бойына тек бір ғана ұрпақ, ал оңтүстіктегі қоян екі – үш ұрпақ береді. Популяцияның жас ерекшелік құрамы да әр түрлі.

2. Түрлердің қоныстану жылдамдығын популяция мүшелерінің көбею орны мен туылу орнының арасындағы қашықтықпен сипаттауға болады. Кірпі үшін ол әр түрлі жағдайларда 200-1000 м аралығында, көртышқан үшін 170 м, ақ қоян үшін 400 м , ор қоян үшін 3 км, кәдімгі тиін үшін 7 км, бұлғын үшін 19 км. Кейбір жыл құстары туған жерінен 1000 – 1500 км ара қашықтықта көбейеді. Өсімдіктер тұқым, спора, тозаң арқылы таралады.

3. Популяция ішілік особьтар қатынасы әр түрлі болуы мүмкін. Балықтар арсында омыртқалы жануарлар үшін аталық және аналықтарының арасында юайланыс паразит – ие түрінде болады. Алдымен кішкене аталық ересек аналықтың денесіне тістерімен бекінеді, кейін толығымен сол жерде өседі. Оның жағы, тістері, көзі, ішектері редукцияланып, қан тамырлары аналықтың қан тамырларымен бірігіп, оның бір бөлігіне айналады. Тек ғана өзінің желбезегі және жыныс жүйесі сақталады.

  1. Дала және шалғынды жер астық тұқымдастардың, селеу, бетеге түрлерінің тұрақты популяциясында өсуші және ересек особьтары бар. Өсімдіктің жас кезеңдері тез өтеді. Олардың тұқымы жыл сайын топыраққа түсіп отырады, бірақ мұнда тек ересек өсімдіктерден босаған жерлерге түскендері ғана өседі.

  2. Тышқан тәрізді кемірушілер популяциясындағы жас ерекшелік құрылымы көктемнен күзге қарай өсу заңдылығымен күрделенеді. Көктемде особътар әлі де көбеймеген болады. Олар жыл бойына 2-3 ұрпақ беріп және күзде өледі. Бір ұрық особьтері осы жазда көбейіп, қыста өледі, ал олардың ұрпақтары және 2-3 ұрпақтың ұрпақтары қыстайды да, тек 2 жылы ғана көбейеді. Мұндай жолмен популяция көктем немесе кеш күзге қарағанда жаз соңында әртүрлі болып келеді.

6. Лена өзенінің төменгі ағысында тіршілік ететін ұзындығы 70м болатын бекіре 12-14 жасынан бастап көбеюге қабілетті. Салмағы 13 кг-дай болатын кәрі особы 50 жылға дейін тіршілік етеді. Алдан өзенінде тіршілік ететін ұзындығы 58 см болатын бекіренің аналығы уылдырығын 10-12 жасында шашады. Ал бұлардың ең кәрі особы -21жастан аспайды.

7. Африканың тропикалық ормандарында шимпанзе топтары 28 особьтан тұрады. Олар туыстық қарым-қатынаспен байланысқан. Олардың аталықтары өте күшті және белсенді. Ол басшы ролін атқарады және қалғандары оны тыңдайды. Топтағы особътар жағдайы олардың жыныс және жас ерекшеліктерімен анықталады. Шимпанзе - өте шулы, бірақ тату маймыл. Анасы баласына ұзақ уақыт қамқорлық жасайды, оған апалары мен ағалары көмектеседі. Сол сияқты, шимпанзе басқа қоғаммен де бірігуге тырысады.

8. Қаршыға – қырғи ұясына 4-6 жұмыртқа салады. Ата– аналары барлық балаларын бірдей қоректендірмейді. Сондықтан олардың ішіндегі бір бөлігі өліп қалады. Балаларының орташа саны, ұядан шығаратыны әдетте үшеу. Россияның батысында ересек құстардың өлімі тіршілігінің бірінші жылында 50%, екінші жылында 40%. Ұядан ұшқаннан кейінгі тіршілігінің орташа ұзақтығы 2 жыл, жоғары шама – 9 жыл. Қырғи өз ұяларын бір –бірінен үлкен ара қашықтықта орналастырады. Мұндай жағдайда көбею және өлім саны үлкен шамада емес, 2-4 рет болады. Осындай тіршілік ерекшеліктеріне байланысты қырғи популяцияларының туылым мен өлім жітім процестерін сипаттаңыздар.

9. Әр түрлі жануарларда тіршілік ететін учаскелерін қорғау әдісі түрліше. Кейбір түрлер, мысалы, сарышұнақ, территорияға бөлек организмдердің енуіне белсенді түрде жауап береді. Оларда аталық пен аналық бөлек учаскелерді иемденеді, бірақ жердің тек бір бөлігін қорғап, ал басқаларын көршілерімен бірге пайдаланады. Олар шекара бұзушылармен төбелесіп, қуып шығады. Көптеген түрлер мекендеген территорияларының шекарасына нәжісімен немесе арнаулы бездерінің бөлінділерімен белгі салады. Қаршығаның бұл бездері табанында, суырларда аналь тесігінің маңында орналасады. Құстарда дыбыстық сигнализация дамыған. Аталықтарының көктемгі ән салуы – ұя участогінің бос еместігінің белгісі.

10. Шегірткелердің кейбір түрлерінде: жалғыз және үйірлік өмір сүру кездеседі. Жалғыз өмір сүрген шегіртке отырыңқы тіршілік етеді және орташа қоректенеді. Ал үйірлік түрі мазасыздығымен және орын ауыстырғыштығымен ерекшеленеді. Шегірткенің үлкен топтары алдымен жерде қозғалып, кейін қанатталып, үлкен бұлт құрып, туған жерінен жүздеген және мыңдаған ара қашықтыққа ұшады. Кейбір үйірдің салмағы бірнеше млн тоннаға жетеді.

11. Ең ірі үйір – 6 млрд балықтан тұратын сельд балығының үйірі.

?? ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1. Популяция дегеніміз –

а/ белгілі кеңістікті мекендейтін бір түр особьтарының топтары

б/ белгілі кеңістікті мекендейтінәр түрлі особьтардың топтары

в/ кеңістіктегі барлық особьтардың жиынтығы

г/ белгілі кеңістікті бақылайтын бір жанұя особьтарының саны

2. Популяция саны мына жағдайда көбейеді

а/ қорек шектеулі болғанда

б/ түр бос мекен – жайға бірінші болып келгенде

в/ жыртқыштар жоқ жағдайда

г/ тек лабораториялық жағдайда

3. Популяцияның үлкен бөлігін

а/ тез өсетін

б/ тұрақты жағдайға келетін

в/ саны төмен кәрі особьтар

г/ жас особьтар құрайды.

4. Популяция саны дегеніміз –

а/ бір түрдің жануарлары немесе өсімдіктерінің саны

б/ әр түрдің бүкіл өсімдіктер саны

в/ әр түрдің жануарлар саны

г/ барлық өсімдіктер мен жануарлар саны

5. Түрдің аудан бірлігіндегі немесе кеңістіктің көлем бірлігіндегі особьтар саны –

а/ түрдің әр түрлілігін

б/ өнімділігін

в/ популяция жас ерекшелігін

г/ популяция тығыздығын көрсетеді.

6. Популяция особьтарының жас ерекшелік жағдайының қатынасы

а/ особьтар өмірінің ұзақтығы

б/ популяция жас ерекшелік спектрі

в/ физиологиялық ерекшелігі

г/ экологиялық туылымы деп аталады

7. Бір орманда мекендейтін ақ қоян мен сұр қоян

а/ бір түрдің бір популяциясы

б/ бір түрдің екі популяциясы

в/ екі түрдің екі популяциясы

г/ екі түрдің бір популяциясын құрайды.

8. Популяция саны жылдан жылға тұрақты болады, өйткені

а/ әрбір жылы особьтар шүамамен бірдей мөлшерде өледі

б/ организмдер популяция тығыздығы азайғанда жоғары қарқындылықпен және популяция тығыздығы көбейгенде төмен қарқындылықпен көбейеді.

в/ ортаның әр түрлі факторлары популяцияның жоғары көбею потенциялына қарама – қарсы әсер етеді.

г/ популяция саны орташа деңгейге жеткеннен кейін, организмдер көбеюін тоқтатады.

9. "Демографиялы жарылыс" негізгі себебі

а/ туылымның жоғарылауы

б/ қоректің және санитарлық – гигиеналық жағдайдың жақсаруы

в/ өндірістік революция

г/ антибиотиктер мен медицина әдістерінің жетістіктері.

10. Түр немесе популяция мекендеген территория

а/ кеңістік

б/ ареал

в/ аудан

г/ зона деп аталады.

11. Популяцияда түрлердің алуан түрлілігінің көп немесе аз болуы неге байланысты?

а/ қоректің жеткіліктілігіне

б/ бәсекелестіктің көп болуына

в/ бөлек особьтардың қозғалу дәрежесіне немесе организмнің ұрықтарының таралу ерекшеліктеріне

г/ жыртқыштардың көптігіне

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]