Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Orazbaeva_D_1241_ribay_Ekologia_negizderi.doc
Скачиваний:
562
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
8.09 Mб
Скачать

6.6. Қоректік тізбектегі зиянды, улы заттардың жинақталуы

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін қоршаған ортаға шығарылатын жасанды заттардың мөлшері өте тез өсе бастады.

39- сурет. Қоректік тізбектегі улы химикаттың (диэлдрин) жинақталуы

Бұл заттар- үй малдарының өнімдеріне және адамдарға зиян келтіретін организмдерді жоюға арналған (әсіресе, арамшөптер мен бунақденелер) пестицидтер. Алғашқы табысты қолданған пестицидтердің ішіндегісі - хлорлы көмірсутегі тобы, оның ішінде ДДТ (дихлордифенилтрихлорэтан), диэлдрин, алдрин болды. Бұл заттар көптеген жануарлар мен адамдар, әсіресе, құстар, балықтар және омыртқасыздар үшін улы.

60- жылдардың ортасында оны қолданған аудандардан өте алыс жер - Антарктидадағы пингвиндердің бауырынан ДДТ-ның табылуы жөніндегі хабар көптеген ғалымдар үшін тосын жаңалық болды.

Пестицидтермен уланудан жоғары қоректік деңгейдегі жыртқыштар, әсіресе құстар өте қатты зардап шекті. Мысалы, АҚШ-тың батысында ДДТ-тан улану нәтижесінде сұңқар толығымен жойылған. Құстардың көп зардап шегуінің себебі, ДДТ кальций алмасуына әсер ететін гормональды өзгерістерді тудырады, нәтижесінде олардың салатын жұмыртқасының сыртқы қабаты (скорлупа) жұқарады да, ол жиі жарылып, сынады. Бұл құбылысты қоректік тізбектегі жинақталу деп атайды.

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Пішен тұндырмасындағы қарапайымдардан сукцессия өзгерісін бақылау

Мақсаты: жасанды экожүйеде жүретін сукцессия өзгерісін эксперимент жүзінде бақылау.

Құрал-жабдықтар: микроскоп, химиялық стакан, заттық және жабын шынысы, шыны сүрткіш мата, қарапайымдардың кестеге салынған суреті.

Жұмыс барысы:

1. Пішен тұндырмасын дайындау үшін бір орам құрғақ пішенді 10-15 минут суда қайнатып, сосын сұйықтықты суытып, химиялық стаканға құйып, 2-3 тәулік бактерия қабықшасы түзілгенше сақтап қою керек. Сосын әрбір стаканға 1-2 мл су құямыз. Ол су аквариумнан алынған болуы керек. Суды биологиялық тепе-теңдік орнаған аквариумнан алған тиімді, өйткені аквариум суында қарапайымдылардың көптеген түрлері тіршілік етеді. Бірінші стакандағы суды 5 тәулік бойы таза сумен ауыстыру қажет. Ал қалған стакандарға таза су құйылмайды. Оларды бөлме температурасында жарық жерде араластырады. Сабаққа 3, 6, 15, 30, 60 тәулікке дейін әртүрлі мерзімде қойылған пішен таяқшаларын дайындайды.

2. Сынама алу үшін әртүрлі стаканның әр жерінен алу керек және оны таза стаканға алып араластыру керек.

3. Әрбір стаканнан пипетка арқылы тұндырмадан бір тамшы алып, заттық шыныға тамызыңыздар. Оны жабын шынымен жауып, микроскоп арқылы қараңыздар.

4. Пішен таяқшаларының тұндырмасында қандай қарапайымдар тіршілік ететінін анықтау.

5. Қай сынамада инфузория-кольподы, инфузория-туфелька, талшықты құрттар бар екенін қараңыздар.

6. Қарапайымдардың басым түрлерінің ауысуын графикке салыңыздар, жеке түрдің биоценозда әртүрлі кезеңде дамуымен кездескен түрлерді әртүрлі түспен бояңыздар.

7. Пішен тұндырмасы сукцессияның өзгерісіне жауап беру үшін, жұмыс қорытындысын байқау:

Модельді бірлестікте түрлердің жиі кездесуіне не себеп?

Пішен тұндырмасында тіршілік ететіндерге сукцессия өзгерісі қалай жүреді?

Жас және жетілген топтың қандай белгілері бар?

Пішен тұндырмасында бірлестіктің даму шегі немен анықталады?

8. Жұмысқа қорытынды жасаңыздар.

§ ТАПСЫРМАЛАР

1. 1 реттік және 2 реттік сукцессияға мысал келтіріңіздер.

2. 80 жыл ұзақ уақыт бойы азот тыңайтқышының жоғары мөлшерін пайдалану нәтижесінде шалғындықта бұрынғы өсімдіктердің 49 түрінен небәрі 3 түр қалды. Ал тыңайтқыш берілген участокте түрлік байлық сақталған. Бұлай болуы неліктен? Себебін түсіндіріңіздер.

3. Адамдардың барлық паразиттерін жоюға бола ма?

4. Түрлердің көпшілігі ерте кездерде жойылғаны белгілі. Бұл сонда түрлік құрамының біртіндеп кедейленгенін көрсетеді ме?

5. Экожүйе мен «конструктор немесе құрылысшы» сияқты балалар ойыншығының арасынан жалпы қандай ұқсастық табуға болады?

?? ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1. Сукцессияның толық анықтамасын таңдаңыздар

а/ бірлестіктің ауысу процесі

б/ экожүйенің өзіндік қалпына келу процесі

в/ бірлестіктің өзіндік дамуы

г/ табиғаттағы адамның іс әрекеті

2. Қандай жағдайда сукцессия климакс жағдайына жетеді?

а/ батпаққа айналған тоған

б/ аралас орманда қылқан тәрізділер біртіндеп жапырақты ағаштарды ығыстырып, қылқанды орман түзілуіне әкеледі

в/ абиотикалық факторлардың әсерінен тау жыныстарының бұзылуына әкеледі

г/ ешқандай жағдайда сукцессия климаксқа жетпейді

3. Берілген мысалдардан бастапқы сукцессияның мысалын көрсетіңіздер

а/ броконьерліктің іс әрекеттерінен күзендердің сирек популяцияларын құрту нәтижесінде экологиялық қуыс басқа жануарлармен толтырылады.

б/ апаттық жағдайлардың әрекетінен өзендердің арнасының жабылып, су біртіндеп ақпайтын суға айналады.

в/ жыртқыш жануарлар санының күрт өсуі нәтижесінде кемірушілер саны ең аз шамаға жеткізіледі

г/ ешқандай мысалдар сәйкес келмейді

4. Қандай сукцессия 2 реттік деп аталады?

а/ бірнеше уақыттан соң бір сукцессияның қайталануы

б/ қатар жүретін қандай да бір басқа сукцессия

в/ ортаны бұзатын іс әрекеттерден басталатын сукцессия

г/ «2 реттік сукцессия» түсінігі белгісіз.

5. Бірлестікте бөлек түрлердің санының көбеюі сукцессияның қандай кезеңінде байқалады?

а/ сукцессияның аяқ кезеңінде

б/ сукцессияның бастапқы кезеңінде

в/ бірлестікте сукцессиядан климакске ауысу кезеңінде

г/ сукцессияның екінші кезеңінде

6. Сукцессияның нәтижесі қандай?

а/ бір бірлестіктің басқамен ауысуы

б/ бірлестіктің күрделі ішкі құрылымын бір қалыпты ұстау

в/ қоршаған ортаға бірлестіктің бейімделуі

г/ бір бірлестіктің екінші бірлестікпен байланысы

7. 1%-тік ереже қалай айтылады?

а/ табиғи экожүйеде энергияның шамамен 1%-ке өзгеруі жүйені тепе теңдік жағдайдан шығарады.

б/ экожүйе дамуының соңғы тұрақты жағдайы

в/ табиғи жүйеде энергияның 1%-ке өзгеруі жүйені тепе теңдік жағдайға әкеледі

г/ бір қоректік деңгейден екіншісіне өткенде 1% энергия өтеді

8. Адам үшін қайсы сукцессияның қолайсыз әсері бар?

а/ абиотикалық фактор әсерінен қатты емес топыраққа айналған шымтезекке бай батпақ

б/ топырақ эрозиясының дамуына себеп болған ормандардың кесілу нәтижесінде түзілген ашық жерлер

в/ өрт орындарында иван - шай және басқа шөптердің өсуі

г/ ешқандай әсері жоқ.

9. Климакстық бірлестікте түр құрамы негізінен қайсысына байланысты?

а/ топырақ құнарлылығына

б/ жер бедеріне

в/ климатқа

г/ маусымға

10. Көп жылдармен салыстырғанда орташа жауын-шашын мөлшері 50 %-ке, органикалық заттар мөлшері 25%-ке шөп қоректі консументтің саны 10 %-ке төмендеген экожүйе туралы не айтуға болады?

а/ экожүйе сукцессия жағдайында

б/ жүйе тұрақты

в/ жүйе жойылуда

г/ бұл көрсеткіштер жүйе параметрлеріне жатпайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]