Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Orazbaeva_D_1241_ribay_Ekologia_negizderi.doc
Скачиваний:
562
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
8.09 Mб
Скачать

1 Кесте Тіршілік жағдайларының әсерінен өсімдіктердің анатомиялық құрылысының ерекшеліктері

Өсімдіктер аттары

Өсімдіктерге анатомиялық сипаттама

жабындық ұлпа қалыңдығы

арқаулық ұлпа дамуы

негізгі ұлпа дамуы

лептесіктің орналасуы

қоректену жағдайлары

§ ТАПСЫРМАЛАР

1. Бактериялар өте тез көбейеді. Әрбір жарты сағатта 1 клеткадан бөліну жолымен 2 клетка пайда болады. Егер 1 клетканы қалыпты жағдайда қоректік ортада өсірсе, онда тәулігіне оның ұрпағы 2 48 281 474 976 710 700 клетканы құрауы тиіс. Мұндай мөлшердегі бактерия 250 г стаканда орналасқан. Олар (500 г) жарты литрлік көлемді қашан толтырады және мөлшері қанша уақытта екі еселенеді? Дұрыс жауабын табыңыздар.

- 1 тәулікте

-2 тәулікте

-1 сағатта

- жарты сағатта.

2. Берілген жағдайдағы фактордың қайсысы организм тіршілігін тежейді?

а/ мұхиттың 300 м тереңдігіндегі өсімдіктер үшін:

су, температура, көмірқышқыл газы, су тұздылығы, жарық;

б/ шөлдегі өсімдіктер үшін:

температура, жарық, су;

в/ қыс кезіндегі орманда қара торғай үшін:

температура, қорек, оттегі, ауа ылғалдылығы, жарық;

г/ Қара теңіздегі шортан үшін:

температура, ылғалдылық, су, оттегі, су тұздылығы, жарық, қорек;

д/ қыс кезіндегі Сібір тайгасындағы қабан үшін:

температура, оттегі, ауа ылғалдылығы, қар жамылғысының биіктігі.

3. Орта факторларын атап, кестені толтырыңыздар.

2 Кесте

Орта факторлары

табиғи

антропогендік

абиотикалық

биотикалық

4. Эвритермді және стенотермді организмдерге мысал келтіріңіздер.

5. Неліктен өсімдіктердің ұрықтарының саны жануарлардағы сияқты бір-бір ұрпақтан немесе жұмыртқадан болмайды?

6. Жарығы мен жылуы көп мұхиттың тропикалық аудандарында тіршілік өте кедей. Бұл аудандарды мұхиттық шөл деп атайды. Өз кезегінде жануарларға әсер ететін бір клеткалы балдырлардың көбеюін, мұнда не тежейді деп ойлайсыздар?

7. Микроскоптық ұн кенелері астық қоймаларда өте көп мөлшерде көбейеді және олар астық сапасын бүлдіреді. +22 °C -20 °C қолайлы температурада жұмыртқаның дамуы 3-4 күнге, ал +10°C -та 1,5 айға созылады. 50°C -тан жоғары температураны көтере алмайды. Олар құрғақшылықтан тұқымдардың ылғалдылығы 10-12% және 70%–тен жоғары жағдайда зең саңырауқұлағының дамуынан тіршілігін жояды. Улы химикаттарды қолданбай, дәнді сақтау және кенеден құтылу жолдарын ұсыныңыз.

8. Адамдарға әсер ететін күшті уға оптимум заңын қолдануға бола ма?

9. Бақбақ өсімдігінен фотонастиялық қозғалысты бақылаңыздар. Ол үшін өсімдіктің гүлшоғырын күндіз және кешке бақылаңыздар. Қандай құбылыс болғанын байқаңыздар.

10. Жауқазын өсімдігінен термонастияны бақылаңыздар. Оны суық жерге қойып және кейін жылы жерге әкеліп, көріңіздер. Қандай өзгеріс болғанын байқап, себебін түсіндіріңіздер.

!!! ҚОСЫМША ХАБАРЛАР МЕН МЫСАЛДАР

1. Экологиялық факторлардың әсері тікелей де, жанама жолмен де, яғни аралық буындар арқылы да берілуі мүмкін. Мұның мысалдарын құс базарынан көруге болады. Құс базарында құстар орасан көп мөлшерде шоғырланады. Құстардың осынша тығыз қоныстануын қалай түсіндіруге болады? Бұнда басты рольді биогендік заттар атқарады. Құстардың саңғырықтары суға түседі, судағы органикалық заттарды бактериялар минералдайды, соған байланысты осы жерлерде балдырлар шоғырланады. Бұл өз кезегінде планктонды организмдердің, негізінен шаян тәрізділердің концентрацияларының артуына әкеліп соғады. Шаян тәрізділермен балықтар қоректенеді, ал балықтармен базарды мекендеуші құстар қоректенеді. Демек бұл жерде құс саңғырығы экологиялық фактор ретінде көрінеді. Ол қоршаған орта элементі ретінде бөлшектеуге келмейді, бірақ тікелей емес, әртүрлі экологиялық факторлардың өзара курделі әсерлесу жүйесі арқылы ықпал етеді.

2. Белгілі бір түрге жататын организмдердің тіршілік әрекеттерінің фактор қарқындылығына тәуелділігін эксперимент нәтижесінде байқауға болады.

Мысалы ретінде термоградиенттер, басқаша "температуралық орган" деп аталатын аспаптардың ішіне орнатылған жануарлармен жүргізілген тәжірибені келтіруге болады. Аспап ұзын түтікшеден тұрады. Түтікшенің бір ұшы мұзға, екінші ұшы ыстық суға батырылады, нәтижесінде түтіктің ішінде температура градиенті пайда болады. Түтікшеге шыбын-шіркей немесе өзге бір майда жәндіктер, мысалы, кенелер салынады да, одан соң олардың түтікше бойымен таралу заңдылығы зерттеледі. Жәндіктердің көпшілігі түтіктердің белгілі бөлігінде шоғырланатыны көрінеді. Жануарлар негізінен көбірек шоғырланатын жер температуралық қолайлылық аймағына немесе термопрефендумға сәйкес келеді.

Спиртовка немесе

су моншасы

Қолайлылық аймағы t °C

5-сурет. Термоградиентордағы бунақденелілердің таралуы

3. Қоршаған орта температурасының өзгеруіне керемет төзімділіктің үлгісін теңіз жаңғақтары - балянустардан көруге болады. Олар температураның О°С -тан +40 °С-қа дейін ауытқуын көтереді. Олардың жұмыртқалары жазда пайда болып, ұрықтануы қыста өтеді, ал дернәсілдері сыртқа көктемде шығады. Көбею процесінің әртүрлі сатыларына температура мен жарық өте күшті ықпал етеді. Мысалы, тәулік бойы жарық жерде ұстау- жұмыртқаларының жетілуін тоқтатып тастайды.

4. Өгейшөп өсімдігі тұқымының бір жылдық мөлшері 60 000. Оның парашют тәрізді жемісі желмен таралады және кейбіреулері кездейсоқ жағдайға man болады. Өсімдіктің тұқымдық көбею мүмкіншілігі өте жоғары. Мысалы, түймедақ жылына 210 000 тұқым береді, жусан-700 000, ал терек ағашы 28 млн-га дейін береді. Бірақ бұдан басқа өсімдіктерде вегетативтік көбеюге де қабілеттілігі бар. Қолайлы жағдайда босаған кеңістікті өсімдіктер тез иеленеді.

5. Қолайлы және төзімділілік шекарасы организмдердің бүкіл тіршілігі кезінде тұрақты болмайды. Керісінше тіршілік циклдерінің әртүрлі кезеңдері үшін өзінше қолайлылық тән. Мысалы, көбелектерде, түн көбелектерінде жұмыртқа өміршеңдігі +25°C, жұлдызқұрттарда +22°C, ал қуыршақ кезінде +19°C. Албырт уылдырығы 0°C -тан +12 °C температура аралығында ғана дамуы мүмкін, ал ересек особьбтары 2°C -тан-+20°C -та оңай бейімделеді.

6. Кейбір организмдер дене температурасынан төмен 0°C -та өмір сүреді, бірақ бұл жағдайда, егер су ішілік клеткалар қатпаса, олардың организмдері үшін өте салқындауға жағдай туады. Мысалы, Антрактида жағалауларында немесе Солтүстік Мұзды Мұхиттың теңіздерінде тіршілік ететін балықтарың қалыпты дене температурасы -1.7°C. Сол сияқты+100°C температурадан жоғары жағдайда көбейе алатын бактериялар табылған. Бұл мұхит түбіндегі ыстық көздер жанында жүзеге асатын процесс.

7. Қолайлы жағдайдан факторлар мәні неғұрлым көп ауытқыса, түрлер тіршілік жағдайына соғұрлым аз бейімделеді. Мысалы, қысымы 1000 атм-ға жететін теңіздің ең терең жерінде барлық көпклеткалы жануарлардың небәрі 20 түрі, 6 км жерінде -140 түрі, ал мұхиттың беткі қабаттарында мыңдаған түрлер кездеседі.

?? ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1. Экология ғылымы -

а/ тек ғана қоршаған ортаның ластануын

б/ тек ғана адам денсаулығына ластанудың әсерін

в/ тек ғана қоршаған ортаға адам іс әрекетінің әсерін

г/организмдер мен оларды қоршаған орта арасындағы байланысты зерттейді.

2. Ғылымға «экология» терминін

а/ Аристотель

б/ Э.Геккель

в/ Ч.Дарвин

г/ В.Вернадский енгізген.

3. Экологиялық емес факторларға

а/ климат

б/ судағы оттегінің құрамы

в/ өсімдіктермен жануарлардың қоректенуі

г/ өсімдіктің қоректенуі жатады.

4. Плотина құрылысын қандай факторлар мысалы ретінде қарастыруға болады?

а/ абиотикалық

б/ биотикалық

в/ антропогенді

г/ экологиялық емес

5. Тірі организмдердің бір-бірімен өзара әсерлесуінің әртүрлі формалары

а/ биотикалық

б/ антропогенді

в/ абиотикалық

г/ биологиялық факторларға жатады

6. Антропогенді фактор деп

а/ қоршаған ортаға адамның іс -әрекеттерінің әсерін

б/ организмдердің қоршаған ортаға әсерін

в/ адамдарға жарықтың, ауа ылғалдылығының әсерін

г/ тірі организмдердің бір-бірімен байланысын атаймыз.

7. Жануарлар арасындағы бәсекелестік қандай факторға мысалы ретінде қарастырылады?

а/ биологиялық

б/ антропогенді

в/ биотикалық

г/ абиотикалық

8. Минимум заңын ашқан ғалым

а/ Дарвин

б/ Шельфорд

в/ Либих

г/ Геккель

9. Максимум немесе толеранттылық заңын В.Шельфорд қай жылы ашты?

а/ 1910

б/ 1936

в/ 1923

г/ 1913

10. Тірі организмдердің бір-бірімен өзара әсерлесуінің әртүрлі формалары

а/ биотикалық

б/ антропогенді

в/ биотикалық

г/ биологиялық факторларға жатады

11. «Экологиялық факторлар жиынтығында неғұрлым төзу шегіне жақын факторлар соғұрлым күштірек әсер етеді». Бұл заң қалай аталады?

а/ Либихтің минимум заңы

б/ максимум заңы

в/ төзімділік заңы

г/ оптимум заңы

12. Оптимум заңы былай айтылады:

а/ организмдердің тіршілікке қолайлы жағдай туғызатын экологиялық факторлары

б/ ешбір түр шектеусіз көбею қабілеттілігін реттей алмайды

в/ организм тіршілігі үшін қалыпты жағдайдан көбірек ауытқитын факторлар

г/ тіршіліктің негізгі қасиеттерін өзіндік көбею қабілеттілігі

13. «Дамудың тежеуші факторы болып экологиялық факторлардың минумымен қатар максимумы бола алады, ал олардың аралығы –диапазоны факторға организмнің төзімділігін, толеранттылық шамасын анықтайды» Бұл заң қалай аталады?

а/ оптимум

б/ минимум

в/ толеранттылық

г/ максимум заңы деп аталады.

14. Абиотикалық факторларға

а/ жарық

б/ паразиттік

в/ бәсекелестік

г/ популяция жатады.

15. Стенобионтты организмдер дегеніміз-

а/ төзімділігі аз түрлер

б/ төзімді түрлер

в/ анаэробты организмдер

г/ аэробты органимздер

16. Эврибионтты организмдерге-

а/ адам

б/ шабдалы

в/ қыналар

г/ ақ аю жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]