Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Orazbaeva_D_1241_ribay_Ekologia_negizderi.doc
Скачиваний:
562
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
8.09 Mб
Скачать

10 Принцип

Қоршаған орта мәселесі, тікелей қатысы бар азаматтардың қажетті деңгейде жұмылуы арқасында ең тиімді шешімін табады. Қауіпті материалдар туралы ақпараттармен қоса қоршаған ортаға қатысы бар мемлекет билігі құзырындағы ақпаратқа және олардың қауымдарындағы іс-әрекеттерге және шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігіне әрбір адамның ұлттық деңгейде араласуға тиесілі мүмкіншілігі болады. Ақпаратты кеңінен таратып, жаю арқасында жұртшылықты жұмылдыру мен хабардар етуді мемлекет қуаттайды да және дамытып отырады. Түзеттіру және шара қолданумен қоса, заң мен әкімшілік мүмкіндіктерін пайдаланудың тиімді жолдары жүргізіледі.

11 Принцип

Мемлекеттер қоршаған ортаға саласында тиімді заң актілер қабылдайды. Қоршаған ортаға қатысты стандарттар, басқару негіздері және приоритеттер өздері қолданыс табатын қоршаған ортамен даму аясын қамтығандары жөн. Кейбір елдердегі енгізілген стандарттар қолдануға келмеуі, сондай-ақ басқа елдердегі, оның ішінде дамушы елдердегі еш дәлелмен айқындалынбаған экономикалық және әлеуметтік шығындармен астасып жатуы мүмкін.

12 Принцип

Мемлекеттер қоршаған орта ахуалының бүлінуі мәселесін тиімдірек шешу үшін барлық елдерде орнықты даму мен экономиканың ғарыштауына әкеп соқтыратын қолайлы және ашық халықаралық экономикалық жүйені жасау жолында ынтымақтасулары тиіс. Сонымен қатар сауда саясаты саласында қоршаған ортаны қорғау мақсатымен қабылданған шаралар халықаралық сауданы жасырынды түрде шектеуге немесе оған қатысты байқаусыз не еш дәлелсіз қиындық тудыруға әкеп соқтырмауы тиіс. Импорттаушы елдер құзырларынан сырт жатқан қоршаған орта мәселелерін шешу жолында сыңар бір жақты әрекеттер жасаудан аулақ болғаны жөн. Трансшекаралық немесе глобалдық қоршаған орта мәселелерін шешуге бағытталған шаралар соншалық мүмкін болғанынша халықаралық консенсусқа негізделініп отырады.

13 Принцип

Мемлекеттер қоршаған ортаның ластануы мен басқадай зардаптарынан зиян шегушілерге төленетін өтем мен жауапкершілікке байланысты ұлттық заңдар жасап дайындауға тиісті. Мемлекеттер өз құзырларындағы немесе бақылауларына бағынышты іс-әрекеттер арқасында құзырларында сырт жататын аймақтарға әсер етуші қоршаған ортаның зиянды зардаптары үшін төленетін өтем мен жауапкершілік хақындағы халықаралық ұқықты келешекте жасап дайындау мақсатында да жедел және неғұрлым табанды түрде ынтымақтасып отырады.

14 ПРИНЦИП

Адам баласы денсаулығына зиянды саналатын немесе қоршаған ортаның құлдыратып, азып-тозуына әкеп соқтыратын кез келген қызмет түрлері мен заттарды басқа мемлекеттерге тасымалдау мен тиеп жібертуді болдырмау немесе ауыздықтау мақсатында мемлекеттер тиімді ынтымақтасты орнатқандары жөн.

15 ПРИНЦИП

Мемлекеттер қоршаған ортаны қорғау мақсатында қолдарындағы бар мүмкіндіктерінен шыға отырып, алдын-алу шараларын кеңінен қолданып отырады. Елеулі немесе орны қайтып толмас зиян келтірілген жағдайда қоршаған ортаның азып-тозуына бөгет қоюға бағытталған экономикалық тиімді шаралар қабылдауды артқа ысырудың себебі ретінде толық ғылыми айқындықтың болмауын пайдалануы жөндікке жатпайды.

16 ПРИНЦИП

Халықаралық сауда мен инвестиция тәртібін бұзбай және қажетті деңгейде қоғам мүддесін ескере отарып ластаушы ластануға байланысты келтірілген шығынды өтеуі тиіс дейтін принципті есепке ала отырып, ұлттық билік органдар қоршаған ортаға қатысты шығындануды халықаралықтандыру және экономикалық тетіктерді пайдалану жолында атсалысуға ұмтылып отырулары тиіс.

17 ПРИНЦИП

Қоршаған ортаға зардабын, елеулі теріс әсер тигізетін және білікті, жетік ұлттық органның шешімімен бекітілуге жататын қаралу ықтималдығы мол қызмет түрлеріне қатысты қоршаған орта зардабын бағалау ұлттық тетік ретінде жүзеге асырылады.

18 ПРИНЦИП

Мемлекеттер өзге мемлекеттердің қоршаған орталарын күтпеген жерден зиянды зардап шеккізуге душар етуі мүмкін кез келген табиғи апат немесе басқа да төтенше жағдайлар жөнінде оларды дереу хабардар етеді. Одан зардап шеккендерге көмек көрсетуде халықаралық қауымдастықтың қолдан келер әрбір мүмкіндігі пайданылады.

19 ПРИНЦИП

Мемлекеттер елеулі трансшекаралық зардабы боларлық іс әрекеттер жөнінде тиесілі ақпартты одан зардап шегіп қалуы мүмкін мемлекеттерге алдын ала уақытында хабар жіберіп отырады.

20 ПРИНЦИП

Қоршаған ортаны басқару және даму процесінде қыз келіншектер өміршең маңызды роль атқарады. Сондықтан да, олардың толық қанды араласуы орнықты дамудың жүзеге асуы үшін маңызды болмақ.

21 ПРИНЦИП

Орнықты дамуға қол жеткізу және бар адамдар үшін жарқын болашақты орнату жолындағы глобалдық серіктестікті нығайтумақсатында дүние жүзі жастарының жасампаздығы, мұраттары мен батылдықтары бағытталынып, жұмылдырылғаны жөн.

22 ПРИНЦИП

Байырғы халық және олардың қауымдары, сондай-ақ басқа да жергілікті қауымдардың өкідері өздерінің білімдері мен дәстүрлі өнегелері болғандығы үшін ғана қоршаған ортаны басқару мен даму процесінде өміршең маңызды роль атқарады. Мемлекеттер олардың ұлттық ерекшелік сипаттарын, мәдениетін және мүдделерін тануы және қолдау көрсетіп отыруы, сонымен бірге орнықты дамудың жүзеге асу жолында олардың тиімді қатысуын қамтамасыз еткен жөн.

23 ПРИНЦИП

Езгіде болу, үстемдік астында қалу және басып алуға ұшырау жағдайларын басынан кешіруші халықтардың қоршаған орталары мен табиғи ресурстары қорғалынуы тиіс.

24 ПРИНЦИП

Соғыс орнықты даму процесіне о бастан бұзып бүлдіру ықпалын тигізеді. Сол себепті, мемлекеттер қоршаған ортаны қарулы қақтығыстар кезінде қорғалуын қамтамасыз ететін халықаралық құқықты құрмет тұтулары тиіс және қажет болған жағдайда одан әрмен дамыту жолында ынтымақтасулары тиіс.

25 ПРИНЦИП

Бейбітшілік, даму және қоршаған ортаны қорғау өзара бір-бірімен байланысты және бірінен-бірі ажыратылмайды.

26 ПРИНЦИП

Мемлекеттер қоршаған ортаға қатысты дауларын бейбіт жолмен және БҰҰ жарғысына сәйкес тиесілі әдіспен шешіп отырады.

27 ПРИНЦИП

Мемлекеттер мен халықтар осы декларацияға енген принциптердің орындалуы жолында, сондай-ақ орнықты даму бағытында халықаралық құқықты одан әрмен жетілдіріп отыру үшін ниетті еріктілік пен серіктестік рухында ынтымақтасады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі 2967 өкіміне 2 Қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

1. Жалпы ережелер

Айналадағы ортаның (биосфераның) табиғи ерекшеліктері жөнінен Республика аумағының жартысынан астамы шөл және шөлейт аймақтарға жатады, ал табиғи-тарихи жағдайлары және табиғатты пайдаланудың қалыптасып отырған негізінен алғанда ресурстық-шикізаттық жүйесі жөнінен өндіруші және ұқсатушы кәсіпорындардың, халық шаруашылығы кешені өнеркәсіп аймақтарының, әскери обьектілердің экологиялық тұрғыдан шетін табиғат жүйелеріне (биогеоценоздар) және оларда тұратын халыққа түсіретін техногендік салмағы төтенше ауыр болып отыр. Соның салдарынан елімізде қолайсыз, ал бірқатар аймақтарда дағдарысты экологиялық ахуал қалыптасып отыр.

Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері-аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылып, ластануы, атмосфераның ластануы, ормандардың селдіреуі, биологиялық әр алуандықтың тоқтаусыз азайып, тірі табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, қауіпті әрі улы қалдықтардың қордалануы.

Кейбір аймақтарда жағдайдың ауырлығы соншалық, тоқтатуға ырық бермейтін, тежеуге, болашағын пайымдап білуге болмайтын құбылыстар қаупі өсіп келеді және тұрақты табиғат пайдалануды басқару мен сақтап қалуды болжамдау мүмкіндігі де күрт кеміп барады (Арал өңірі, Семей полигоны, Каспий өңірі, Байқоңыр және т.б.).

Қолайсыз экологиялық ахуалды еліміз қазіргі кезде бастан кешіріп отырған экономикалық дағдарыс одан әрі тереңдетіп, әлеуметтік шиеленістің ушығуына итермелеп отыр, ал енді экологиялық және халықтың әлеуметтік проблемаларын шешуді ахуалға сай келетін шаралар қолданбау халықтың денсаулығына залалын тигізумен қатар, әлеуметтік жанжалдар туғызып, халық шаруашылығы дамуының бірсыпыра маңызды бағыттарын тікелей тежеуге әкеліп соғуы ықтимал.

Сондықтан да экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің страгеиялық іргелі бөліктерінің бірі және халықаралық интеграциялық процестердегі елдің мүдделері мен басымдықтарын қорғаудың аса маңызды аспекті болып табылады.

Қазақстан БҰҰ-ның толық құқылы мүшесі ретінде өзі қол қойған, атап айтқанда, «айналадағы ортасы мейлінше шетін елдердің» санаты бөліп көрсетілген (6 принцип) БҰҰ-ның Айналадағы орта мен даму жөніндегі Бүкіл дүниежүзілік Рио-92 конференциясы принциптерінің, БҰҰ-ның 21 ғасырға арналған Күн Тәртібі басымдықтарының, сондай-ақ шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі, биологиялық әр алуандылығы туралы, климаттың өзгеруі туралы халықаралық конвенциялардың еліміз үшін аса өзектілігін ескереді және оларды әлемдік қауымдастық мүшелерінің сақтауының кең ауқымдық, аймақтық және ұлттық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және осы заманғы өркениет пен әсіресе, нарықтық экономикаға көшу сатысын басынан өткеріп отырған елдердің тұрақты дамуы үшін айрықша маңызы бар деп санайды.

Мұның өзі еліміздің аймақтық және ауқымдық жағынан алғандағы экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған құрылымдық өзгерістер мен өндіріс ұтымдылығының стратегиялық басымдықтарында табиғат пайдаланудың қалыптасқан үрдісінің табиғи, тарихи және географиялық шарттары мен ерекшеліктерін тиісінше ескеру қажеттігін негіздейді.

Экологиялық қауіпсіздіктің осы тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Конституциясының, зандарының және Республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілерінің негізінде, Айналадағы орта мен даму жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясы принциптеріне, БҰҰ-ның 21 ғасырға арналған күн тәртібінің, осы саладағы халықаралық конвенциялар мен келісімдердің басымдықтарына сүйене отырып әзірленді және онда:

өтпелі кезеңдік экономикасы бар экологиялық тұрғыдан мейлінше шетін елдің табиғат пайдаланудағы қалыптасқан табиғи-тарихи ерекшеліктері мен шарттары;

елдің ауқымдық және аймақтық интеграциялық процестердегі экологиялық қауіпсіздігі мүдделерін қорғау мен басымдылықтарын сақтауға арналған өтпелі кезеңдегі саяси, құқықтық, экономикалық және әлеуметтік реформалардың ерекшеліктері;

халықаралық қатынастар мен ішкі реформаларда экологиялық қауіпсіздікті және табиғат пайдалану салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

экологиялық тұрғыдан мейлінше шегін әрі дағдарысты аудандардың халқы мен айналадағы ортасын сауықтыру қажеттігі;

халықтың экологиялық хабардарлығы, әлеуметтік әріптестік және азаматтардың осы салада басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы;

халықаралық заңдық және құқықтық нормаларды тану әрі Қазақстанның интеграциялық процестердегі ұлттық мүдделері мен экологиялық қауіпсіздігінің қорғалуын қамтамасыз ететін әрі басқа елдердің экологиялық мүдделеріне қысым жасау мүмкіндігін жоққа шығаратын құрылымдарды дамыту;

елдің экологиялық қауіпсіздігінің оның тұрақты дамуы мен жалпы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі іргелі ролі мен орнын тану ескеріледі.

Тұжырымдамада экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ірге қалаушы принциптері, стратегиялық мақсаты, міндеттері мен басым бағыттары қамтылды. Табиғат қорғау құрылымдарының елдің жалпы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, егеменді мүдделерін қорғаудағы тиісті роліне, функциялары мен мәртебесіне, стратегиялық мақсаттарға жетуге, Қазақстанның ауқымдық және аймақтық интреграциялық процестердегі басым міндеттерін шешуге баса назар аударылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]