Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Orazbaeva_D_1241_ribay_Ekologia_negizderi.doc
Скачиваний:
562
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
8.09 Mб
Скачать

9 Кесте

жануар тәрізді қорек

өсімдік тәрізді қорек

су (м3)

1

2

3

4

Бір адамның бүкіл өмірінде пайдаланатын су және қорек мөлшерін есептеңіздер.

4. Бүкіл өмірінде бір адамның организмі арқылы өтетін су және заттар ағынының орташа шамасын табыңыздар.

5. 10 млн тұрғыны бар үлкен қала тәулігіне қанша азық түлік жұмсайтыныны есептеңіздер.

6. 10%-тік ереже негізінде қоректік тізбек деңгейінің энергиясын есептеңіздер.

Өсімдік - шөпқоректі жануар - 1реттік жыртқыш - 2реттік жыртқыш

5000 Дж-----------?-------------------?--------------------?-------------?

7. Балық шаруашылығында форель, карп және сазан кеңінен өсіріледі. Осы балықтардың егер форель табиғатта негізінен су бунақденелілердің дернәсілдерімен, сазан фитопланктон және су өсімдіктерімен, ал карп қоректенудің аралас түрімен қоректенсе, энергетикалық көзқарас бойынша қайсысы қымбат саналады?

8. Шалғындық өсімдігінің таза өнімділігі тәулігіне 1 м жерге 1г. 1 ай бұрын орылған 1га ауданнан шаруа 2-ші орудан кейін үй жануарларына қанша жем жинай алады?

9. Бір қоректік деңгейден екіншісіне энергияның берілу заңын (10%-тік) ескеріп, өсімдік -шегіртке–бақа –жылан –жылан жегіш қаршығадан тұратын қоректік тізбектің жылдық биологиялық өнімділігін құрастырыңыздар.

а/ Зерттелетін территорияда өсімдіктің жылдық өнімділігі 40 т.

б/ Осы қоректік тізбектің сандар пирамидасын тұрғызыңыздар.

1 шөптесін өсімдіктің өркені

1 шегіртке

1 бақа

1 жылан

1 жылан жегіш қаршыға

Есептеуді кестеге толтырыңыздар.

11 Кесте

қоректік деңгей өкілдері

жылдық өнім (кг)

есептелген саны (особь)

өсімдік

40 000

шегіртке

бақа

жылан

қаршыға

!!! ҚОСЫМША ХАБАРЛАР МЕН МЫСАЛДАР

1. Қоректік тізбекке фотосинтез өнімдерінің барлығы бірдей өтпейді. Түзілген органикалық заттардың бір бөлігі өсімдіктердің зат алмасуына жұмсалып, осы бөлігі тыныс шығару кезінде көмірқышқыл газы мен суға ыдырайды. Бұл бөлік 20-50%, кейде 70 % дейін құрайды. Фотосинтездің жалпы жылдамдығы жалпы бастапқы өнімділік деп аталады.

2. Экожүйенің алғашқы өнімділігін климаттық факторлар немесе биогенді элементтердің жетіспеушілігі шектейді. Әрбір экожүйенің өнімділігінің мысалдары (тәулігіне м2 аудандағы г құрғақ зат).

шөлдер мен терең теңіздерде -1 г

таулы орман, таяз теңіз, терең көл, шалғын-1-3г

дала, ұсақ көл, орманда-3-10 г

маржан аралдары, полирус, тропикалық орманда-10-25 г

3. Топырақта көптеген тірі организмдердің қатысуымен органикалық қалдықтардан химиялық элементтердің бөліну пролцесі белсенді жүреді. Оның ішінде жауын құртының жұмысын атауға болады: 1 га жердегі 30 000 құрт 1 маусымда 1,5 т жапырақты өңдеп, оны 15 т құрғақ топырақпен араластырады. Бұл құрттың жоғары жұмыс шамасы жылына 15 т/га жетеді. 65 жылда топырақтың барлық жоғары қабаты құрттың ас қорыту тракті арқылы өтеді. Осыдан кейін топырақтың гумусын түзетін саңырауқұлақтар, микробтар үшін қолайлы орта құрылады. 1 га топырақта бірнеше млрд микроб болады. Жақсы топырақта олардың биомассасы 500 кг/га жетеді. Бұдан минералды тұздарға дейін ыдырайтын органикалық қалдықтар қарашірікке айналады.

4. Экологтардың есептеуінше, жыл бойына салмағы 45 кг болатын бір баланы қоректендіру үшін, жалпы салмағы 1035 кг болатын төрт жарым бұзау керек. Ал бұзаулар үшін салмағы 8,2 т болатын жоңышқа керек. Жоңышқаның осындай салмағы 14,9 млн калория энергия құрайды, ал бұзауда 1,19 млн калория, балада 83000 калория болады.

5. Біздің еліміздің оңтүстігінде бұзылған даланың өсімдіктерінің түрлік байлығын қалпына келтіру әдісі жасалған. Игерілмеген тың жерлерде бір маусым ішінде 3-4 рет құрамында әртүрлі уақытта пісетін тұқымы бар пішен орылады. Пішен эрозияға ұшыраған және бұзылған жерлерге себіледі. Сонымен топырақ бір мезгілде органикалық тыңайтқышпен қамтамасыз етіледі. 3-4 жылдан кейін осындай участкелерде түрлердің бай жиынтығы бар дала қалпына келеді. Табиғи процестердің қалпына келуі ондаған жылдарға созылады.

6. Ұзақ жылғы бірлестік динамикасында басым түрлердің басқасымен ауысуы-қалыпты құбылыс. Әсіресе, бұл шалғындық жерлерде жақсы байқалады. Мысалы, кейбір шалғындықтарда ылғалды жылдары астық тұқымдастар арасынан түлкіқұйрық, ал құрғақ жылдары бидайық басым болады. Астықтарды шалғындықта олар жемеген әртүрлі өсімдіктер тез өседі. 1-2 жылдан кейін олар өздерінің бәсекелестері - астық тұқымдастармен қайтадан күресте әлсірей бастайды.

7. Қоректік тізбектің кеңістіктегі аударылу принципі бойынша аң шаруашылығында өндірістік қалдықтарын өңдеу технологиясы жасалған. Жануарлардың көңі су қоймасына жіберіледі. Олардың тұндырылған сұйығы бірклеткалы балдырлар дамитын тоғанға міндетті түрде жіберіледі.Су қоймасы «гүлденеді». Осы жерден балдырлармен бірге су мезгіл сайын балдырларды сүзіп, белсенді түрде суды қарқынды фильтрлейтін шаян мен көптеген дафниялары бар «шаянды» тоғанға жіберіледі. Үшінші тоғанда осы шаяндармен қоректенетін балықтардың майшабақтары өсіріледі. Бұл жерде тоған мекендеушілерімен судың тазалануы оның қайтадан фермаларға пайдалануға болатын дәрежеге жеткізеді. Шаруашылықта көңді мұндай өңдеудің нәтижесінде балық өнімділігі жоғарылап, малдардың қорегі үшін шаянның жоғары өнімі алынады.

8. Егер қоршаған ортаға олардың іс әрекеттерінің масштабы өзгермесе, түрлердің ауысуы - экожүйенің өзінің негізгі қасиеттерін сақтайды. Мысалы, жайылымда жабайы тұяқтыларды үй жануарларының үйірі ауыстырады. Солтүстік Американың аудандарында адамдар келегенге дейін шамамен 75 млн бизондар тіршілік етеді. Ол бизондар жерүсті өсімдіктерінің өнімділігінің жартысын құрайтын және аудандағы зат айналымды тездететін 400 млн т-ға жуық шөптерді жеген. Бизондарды толығымен адамдар құртты. Олардың орнын жайылымда сиыр және қойлар үйірі ауыстырды. Бірақ адамдар өзщдерінің табысы үшін мал басын көбейтуден және барлық ауданда малдың көп жайылуынан зардап шекті. Топырқа эрозиясын күшейтіп, жайылымның өнімділігі төмендеді.

9. Бірлестіктің өзін-өзі реттеуі және өзіндік дамуы табиғатта әртүрлі масштабта өтеді. Желден құлап түскен ағаштардан қайтадан орман түзілу үшін бірлестіктің қалпына келу процесі өте ұзақ. Өсімдік әлемі немесе жануарлардың бұрынғы қалпына келуі ондаған жылдарға созылады. Егер бұзылған жер ауданы неғұрлым үлкен болса, қалпына келу процесі соғұрлым ұзаққа созылады. Жаппай кесіп тасталған немесе өрт болған бірлестіктің қалпына келуі үшін 100-200 жыл уақыт керек.

?? ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1. Қасқыр мен арыстанды бірдей қоректік деңгейде орналасқан деп есептеуге бола ма, өйткені олар

а/шөпқоректі жануарлармен қоректенеді

б/өздерінің қорегінің 10 % пайдаланады

в/құрғақшылықта тіршілік етеді

г/олардың қорегі алуантүрлі

2. Қоректік тордағы бір қоректік деңгейден екіншісіне берілетін энергияның жалпы санының, шамамен 10 %-і

а/ күн сәулесінен келеді

б/ тыныс алу процесіне жұмсалады

в/ жаңа ұлпаның құрылуына жұмсалады

г/ пайдасыз жылуға айналады.

3. Коралл рифтерінің өнімділігі ашық мұхиттың көпшілдік аудандарының өнімділігінен жоғары, өйткені коралл рифтері

а/ күн сәулесін

б/ қоректік элементтерді

в/ суды

г/жылуды көбірек алады.

4. Фосфатты детергенттер

а/ продуценттер өліміне

б/ редуценттер өліміне

в/ продуценттер мен редуценттердің көбеюінің тездетуіне

г/ балықтардың өліміне әкеледі

5. Кез келген экожүйенің пайда болуы ондағы заттар айналымына тәуелді, өйткені

а/ популяция санының ауытқуы болады

б/ экожүйедегі популяция санының өзін өзі реттеуі болады

в/ экожүйенің барлық мүшелері қорек пен энергиямен қамтамасыз етіледі

г/организмдер экожүйелерде бірлесіп тіршілік етуге бейімделеді.

6. Экожүйенің төзімділігі ондағы түрлердің әртүрлілігіне тәуелді, өйткені

а/ түрлер неғұрлым көп болса, соғұрлым қоректік тізбек әртүрлі және зат айналым толық

б/ түрлер неғұрлым көп болса, соғұрлым қоректік тізбек қысқа және зат айналым тез өтеді

в/ түрлер неғұрлым аз болса, соғұрлым қоректік тізбек қысқа және зат айналым толық

г/ түрлер неғұрлым аз болса, олар соғұрлым қоршаған ортадан энергия мен заттар алады.

7. Экожүйеде өсімдіктер зат айналымда үлкен роль атқарады, өйткені олар:

а/ жерде кеңінен таралған

б/ тіршілік ортасына жақсы бейімделген

в/ зат айналымдағы болатын күн энергиясы фотосинтез процесінде сіңіріледі

г/ топырақтан су мен минералды тұздарды сіңіруге қабілетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]