Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Orazbaeva_D_1241_ribay_Ekologia_negizderi.doc
Скачиваний:
562
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
8.09 Mб
Скачать

5.3. Биоценоздардың төзімділігі

Биоценоздағы пайда болатын өзгерістер тіршілік ететін түрлердің төзімділігіне байланысты. Мысалы, бір бәсекелеуші түр басқа түрді ығыстырса, егер осы түр көп санды басым түрге жатпаса, онда биоценозда күрделі өзгерістер болмайды.

Аз санды түрлер- биоценоздың әлсіз бөлігі. Олардың популяциясы өміршеңдіктің шегіңде жиі орналасады. Сондықтан олар биоценоз құрамынан бірінші кезекте биоценоздың жағдайын нашарлататын антропогендік әсерлерден жойылып отырады.

Белгілі бір уақыттарға дейін сирек немесе аз санды түрлердің жойылуы биоценоздағы негізгі биоценотикалық байланыстарды онша өзгертпейді. Адамның жүруіне, таптауына, гүлдер мен жемістерді жинауына қарамастан, үлкен қала жанындағы шыршалы ормандар ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, тіпті қайта қалпына келеді. Мұндай ормандардың құрамы кедей, ал төзімділігі байқаусыз біртіндеп әлсірейді. Әлсіреген, кедей орман биоценозы сырт қарағанда айтарлықтай емес себептерден аз уақыт ішінде тез арада бұзылуы мүмкін. Мысалы, топырақ организмінің төменгі белсенділігі немесе жетіспеушілігінен түскен жапырақтардың жиналуы, минералды қорек қорларының азаюы нәтижесінде ағаштар әлсіреп, жаппай зиянкестердің әсеріне ұшырап, өледі.

Биоценоз құрамынан негізгі орта түзуші түрлердің жойылуы бірлестіктің ауысуына және бүкіл жүйенің бұзылуына соқтырады. Табиғатта ормандарды кесу, малдарды көп жаю, су қоймасындағы балықтарды көптеп аулау сияқты өзгерістер адамдардың іс-әрекеті нәтижесінде жиі болып тұрады.

Бірлестіктің төзімділігінің кенеттен бұзылуы- ішкі байланыстары біртіндеп әлсірейтін барлық күрделі жүйелерге тән қасиет. Бұл заңдылықтарды білу- табиғи биоценоздарды қолдау және жасанды бірлестіктерді құрастыру үшін өте қажет. Бірін-бірі толықтыратын және бірге тіршілік етуге бейімделетін аз санды түрлердің пайда болуына мүмкіндік беретін бірлестіктің күрделі түрлік және кеңістіктік құрылымдарын құрайтын жағдайларды ескеріп, оларды даланы, орманды қалпына келтіруде, бақтарды отырғызуда басшылыққа алу керек.

Сонымен, биоценоз деп- тірі организмдердің бір жерде бір-бірімен өзара байланыста тіршілік ететін экологиялық топтарды атайды.

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жасанды биоценоз-аквариумдағы қоректік тізбек пен торды анықтау

Мақсаты: қарапайым биоценоздағы қоректік торды анықтауды үйрену.

Құрал-жабдықтар: тірі организмдері бар аквариум, жұмыс дәптері, қалам.

Жұмыс барысы:

1. Аквариумда тіршілік ететін түрлерді анықтаңыздар.

2. Аквариум үшін қоректік тізбек құрастырыңыздар.

3. Осы жасанды биоценоз үшін қоректік тор құрастырыңыздар.

4. Аквариумды табиғи су көздерімен салыстырыңыздар.

5. Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасаңыздар.

§ТАПСЫРМАЛАР

1. Биоценозда қандай түрлер доминантты?

2. Биоценозда аз санды түрлер қандай роль атқарады?

3. Биоценозда орта түзуші түрлер қандай роль атқарады?

4. Тұрақты аквариум биоценозын түзетін организм топтарын атаңыз.

5. Далалық саяжай және табиғи орта биоценоздарының өсімдіктер, құстар және сүтқоректілер жиынтығы бір-бірімен қалай ерекшеленеді?

6. Қалалық және жерлердегі құс базарындағы құстардың доминантты және аз санды түрлерін атаңыз.

7. Парктер, бақтар, ормандарды құрғанда адамдар негізгі түрлердің тек аздаған сайын таңдайды. Ал табиғи биоценозда түрлер бұдан бірнеше есе көп, сонда біз неліктен тұрақты бірлестік құра алмаймыз?

8. Қазіргі уақытта антропогенді факторлардың әсеріне қарамастан биоценоздың сақталуы мүмкін бе?

9. Табиғатта төзімсіз бірлестік болады ма?

!!! ҚОСЫМША ХАБАРЛАР МЕН МЫСАЛДАР

  1. «Биоценоз» атауын ғылымға 1877 жылы неміс ғалымы Карл Мебиус енгізген. Ол Солтүстік устрицаларын зерттеді. Теңіз устрицалары теңіз жануарларымен тығыз байланыс түзеді және белгілі грунтқа, температураға, тұздылыққа бейімделген. Бұл бірлестікте түрлер арасында тіршілік ету үшін және түрлердің сандарының реттелуіне күрес жүргізіп отырады. Сондықтан олардың өнімінің белгілі бір шегі бар. Егер жануар мен өсімдіктің санын арттыру керек болса, онда оның жұмыртқасын жас кезінде жануарларынан қорғау және оларға қажетті қорек пен тіршілік ететін орта керек деген қорытынды шығады. Бұл устрицаны жасанды өсіру, балық аулау, орман, далалы және бақша шаруашылығында да орын алады. Бұдан келіп шығатын қорытынды - жасанды тіршілік бірлестігіне әсер ететін негізгі фактор адамның ой жұмысы мен қол еңбегі.

  2. Ярустылық тек жерүсті биоценозында ғана болмайды, сонымен қатар жерасты бөліктерінде де болады. Әртүрлі өсімдіктердің тамыры әртүрлі тереңдікте орналасады. Ресурстарды бөліп ала отырып, өсімдіктер бәсекелестіктен бас тартады. Топырақ жануарлары әртүрлі жерасты бөліктерін иеленеді. Мысалы, жауынқұрттың ішінде біреулері тігінен тереңіне дейін қазып, жапырақ қалдықтарын тасиды. Ал екіншілері 20-30 тереңдікте тіршілік етіп топырақтың қара шірігімен қоректенеді. Ал үшіншілері тіптен минералды қабатта кездеспейді. Олар тіршілігінің соңына дейін ағаш жапырақтарының түскен жерінде тіршілік етіп, сол жердің топырағын өңдеп құнарландырады.

  3. Биоценоздың құрамы құрылымында маусымдық жыл мезгілдеріне байланысты үнемі циклдік өзгерістер болып тұрады. Қыста көпжылдық өсімдіктер тыныштықта болады, ал бір жылдық өсімдіктер тұқымдарын қалдыра отырып, тіршілігін жояды. Суыққанды жануарлар уақытша тіршілігін тоқтады. Тек жылықанды жануарлар ғана қыста тіршілік етеді. Құстар және сүтқоректілер, бұлардың ішінде кейбіреулері қыста ұйқыға немесе суық жерден жылы жерге орын ауыстырады. Жыл сайын қайталанып отыратын жылдық циклге ауа райы әсер етеді. Суық немесе ыстық, құрғақ немесе ылғалды жыл мезгілдері кезінде кейбір түрлердің саны кемиді. Сонымен, биоценоз үнемі өзгерісте, қозғалыста болады.

  4. Далалы және шөлейт жерде тіршілік ететін сүтқоректілердің мынадай ұқсастықтары бар:

1.Тұрақты жерасты тіршілік иелері

2. Қазушы түрлер

3. Секіруші шөпқоректілер

4. Тез жүгіргіш шөпқоректілер

5. Тез жүгіргіш жыртқыштар

Ұқсас тіршілік ететін түрлер, экологиялық қуыста, ашық ландшафттарда, әртүрлі континенттерде тіршілік ететін сүтқоректілер әртүрлі түрлерді құрайды. Биоценозда ұқсас типтер әртүрлі түрлік негізінде болуы мүмкін.

  1. Биоценозда салыстыру үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Мысалы, Жаккар формуласы бойынша есептегенде:

Сх100

К= -----------%

А+В-С

А- бірінші бірлестікте берілген топтың түрлерінің саны.

В- екінші бірлестіктегі топтың түрлерінің саны.

С- екі бірлестіктегі түрлерідің жалпы саны.

Биоценозда салыстыру үшін түрлерді жұп-жұбымен алады, олардың құрамына қарай систематикалық топқа орналастырады, мысалы, гүлдейтін өсімдіктер тізімі, қыналар, мүктер, құстар сүтқоректілер, бунақденелілер т.б. Ұқсастық %-пен есептелінеді. Егер әрбір биоценозда бір топта 10 түр, оның 5-і бірінші бірлестікте және 5-і екінші бірлестікте кездессе, онда түрлік ұқсастық 33% құрайды, ал 8 түрі ұқсас келсе, 66% құрайды.

?? ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Егер сыртқы орта жағдайлары тұрақты және өте ұзақ уақыт болса, онда биоценозда

а/ өзгеріс болмайды

б/ өзгеріс болуы мүмкін

в/ өзгеріс әсер етпейді

г/ өзгеріс белгісіз

2. Биоценоз дегеніміз не?

а/ аралды мекендейтін бір түрдің организмдерінің жиынтығы

б/ бірге тіршілік ететін бір-бірімен тығыз байланысты әртүрлі түрлердің жиынтығы

в/ бірдей ареалды мекендейтін әртүрлі түрлердің организмдер жиынтығы

г/ сулы биогеографиялық облысты мекендейтін организмдер жиынтығы

3. Биоценоз атауын ғылымға енгізген ғалымды атаңыз

а/ В.Иогансен

б/ К.Мебиус

в/ Ч.Элтон

г/ К.Тимирязев

4. Түрлердің түрлік құрылымы дегеніміз-

а/ түрлердің жасы бойынша қатынасы

б/ түрлердің сапасы жөнінен қатынасы

в/ түрлердің саны жөнінен қатынасы

г/ түрлердің саны мен сапасы жөнінен қатынасы

5. Доминантты түрлер деп

а/ биоценоздағы сирек кездесетін түрлерді

б/ биоценоздағы аз кездесетін түрлерді

в/ биоценоздағы аз, сирек, көп кездесетін түрлерді

г/ биоценоздағы көп кездесетін түрлерді, басым түрлерді атайды.

6. «Биоценоз» терминін қай жылы ғылымға енгізген?

а/ 1909

б/ 1860

в/ 1877

г/ 1927

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]