Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Orazbaeva_D_1241_ribay_Ekologia_negizderi.doc
Скачиваний:
562
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
8.09 Mб
Скачать

4. Экологиялық талаптар және өтпелі кезеңнің басымдықтары

Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында экономикалық тұрақсыздық, жекелеген салалар мен өнеркәсіп орындарының өміршеңдігінің бұзылуы, республиканың инвестициялық мүмкіндіктерінің шектеулілігі кезінде экологиялық ахуалдың одан әрі нашарлауына жол бермеу және экологиялық қауіпсіздік пен реформалардың әртүрлі бағыттары жүзеге асырылған кезде адамның өмір сүру жағдайларының жақсаруын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын белгілеу маңызды. Негізгі басымдықтардың бірі «белгіленсін және жойылсын» принципінен «болжам жасалсын және жол берілмесін» принципіне көшу болуға тиіс, өйткені зардаптарды жою олардың алдын алудан гөрі әрдайым әлдеқайда қымбатқа түседі.

Экологиялық саясат алдын алу шараларын қолдану, «ластаушы төлеуді», «табиғи ресурстарды пайдаланушы төлейді», тұрақты табиғат пайдалану және жауапкершілікті бөлу принциптеріне негізделуге тиіс.

Экологиялық саясаттың басымдықтары айналадағы орта жағдайларын, сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік және басқа да факторларды жан-жақты қамтитын талдау негізінде белгіленуге тиіс.

Іс-қимылдың ұлттық жоспары неғұрлым қауырт проблемаларды шешуге бағытталуға тиіс. Бұған қоса, әзірге Арал мен Семей проблемалары сияқты кеңінен жария болмаған, алайда өздерінің көкейтестілігі жөнінен олардан кем түспейтін проблемаларды назарда ұстау қажет. Мұның бәрінен бұрын өндірістік орталықтарға, мұнай өндіру аудандарына, әскери полигондар мен басқа аймақтарға қатысы бар.

4.1. Құрылымдық өзгерістер және экологиялық саясат

Республиканың даму стратегиясын талдап жасаған кезде қорғау талаптары мен міндеттерін экономикалық саясатқа интеграцияла уүшін ұлттық экономиканың қайта құрылуын пайдалану қажет. Экологиялық қауіпсіздіктің басымдықтары перспективалық экологиялық, энергия және ресурс сақатушы технологиялар негізінде табиғат пайдаланудың стратегиясы мен құрылымына принципті өзгерістер енгізу қажеттігін алға тартады.

Іс әрекеттің бес негізгі бағыттарына негізделген (қысқарту, орнын басу, рекуперация, рециркуляция және қайталап пайдалану) тұйық циклді экономиканы құру мақсат етіп қойылуға тиіс.

Өндірушілер тарапынан өз өнімдерінің экологиялық тазалығының дәлелі ретінде ерікті экологиялық тексеріс схемалары мен экологиялық таңбалау жүйесін әзірлеп, біртіндеп енгізген жөн. Тиісті стандарттар мен өлшемдерді халықаралық тұрғыда келісуге қатысуды қуаттаған жөн.

Айналадағы ортаны қорғауға маманданған ұйымдардың қызметі үшін қолайлы жағдайлар туғызу керек. Оларды заң тұрғысынан қолдауды заңда белгіленген тәрпіппен берітлетін жеңілдікті шарттардағы заемдар түріндегі қаржылық ынталандырулармен толықтыру қажет. Экологиялық таза тауарлар өндіру мен қызметтерге тікелей шетелдік инвестициялар жасалуын қуаттаған жөн.

4.2. Жекешелендірудің экологиялық проблемалары

Жекешелендіру процесі шаруашылық жүргізуші субьектілердің және тіпті экономиканың тұтас секторларының экологиялық сипаттамаларын жақсарту үшін пайдаланылуға тиім. Атап айтқанда, экологиялық бақылау және бақыланылатын мезгілде атқарған ретте, мемлекет жекешелендіру саясатына қосылған кезде, дәстүрлі міндеттерімен қатар, табиғат қорғау міндеттерін де орындаған кезде туындайтын қарама-қайшылықтарды жою қажет.

Жекешелендіру процесінде табиғат қорғау органдары оларға жекешелендіру үшін жауапты органдардың жұмысына қатысуға мүмкіндік беретін тетеіктерді жасау арқылы нақты айқындалған роль атқаруға тиіс. Бұл үшін жекешелендіру барысында экологиялық талаптардың сақталуына бақылау жасау, айналадағы ортаға келтірілетін залалмен байланысты шығыстарды бағалау және келтірілген залал үшін жауапкершілік мәселелері жөнінде консултациялар беру міндеттеріне кіретін ведомствоаралық бөлімшелер құру қажет.

Экологиялық аспектілер шетелдік инвесторлар үшін жекшелендіру процесінің жалпы жоспарлары мен міндетері баяндалатын жекешелендіру жөніндегі басшылықтарда тиісінше көрсетілуге тиіс.

Айналадағы ортаға келтірілген залал үшін жауапкершілік нормативтік актілердің тиянақты және бірыңғай жиынтығында айқындалуға тиісм. Жекешелендіру мен атиғат қорғауды жүзеге асыратын органдар жекелеген учаскелерде айналадағы ортаға келтірілген залал үшін жауапкершіліктің көлемін белгілеуде тығыз ынтымақтастық жасауға тиіс.

Жекешелендіруге дейін келтірілген залал үшін жауапкершілікті бөлу тетігін жасау мақсатыңда экологиялық баға беру рәсімін әзірлеу қажет.

Жекешелендірілетін обьектілерді сатудан алынған қаражаттың бір бөлігі арнаулы шоттарға депозитке салынуы және табиғи ортаны қалпына келтіру жөніндегі қажетті төлемдер жасау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Ауыл шаруашылығы мақсаттарына арналған жерлерді пайдалану кезіңде ерекше күзетілетін аумақтар мен обьектілердің мәртебесін қорғауға баса назар аударғаны жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]