- •Оқу құралының құрылымы
- •1Тарау Экология міндеттері мен болашағы
- •1.1. Экология пәні және анықтамалары
- •1.2. Ғылымның қысқаша даму тарихы
- •1.3. Экологияның негізгі бағыттары
- •2Тарау Организм және орта
- •2.1. Аутэкология
- •2.2. Организм көбеюінің потенциальды мүмкіншілігі
- •2.3. Экологиялық факторлар. Экологиялық факторлардың әсер ету заңдылықтары
- •1 Кесте Тіршілік жағдайларының әсерінен өсімдіктердің анатомиялық құрылысының ерекшеліктері
- •2 Кесте
- •2.4. Абиотикалық факторлардың тірі организмдерге әсері
- •3 Кесте Өсімдіктер және жануарлар организміндегі су мөлшері
- •2.5. Организмнің ортаға бейімделуінің негізгі жолдары
- •5 Кесте Ортаның қолайсыз жағдайларына организмдердің негізгі бейімделу тәсілдері
- •2.6. Негізгі тіршілік орталары
- •Популяция экологиясы
- •3.1. Популяция түсінігі
- •14 Сурет. Популяциядағы особьтар тобының немесе жұптарының таралуы
- •3.2. Популяцияның демографиялық құрылымы
- •3.3. Популяцияның этологиялық құрылымы
- •4 Тарау Организмдердің биотикалық қарым қатынастары
- •4.1. Биотикалық қарым қатынастары
- •9 Кесте а және в түрлерінің популяцияларының арасындағы қарым-қатынастың әртүрлі типтері
- •4.2. Қарым-қатынас типтері
- •4.3. Бәсекелестік арқылы жою принципі. Экологиялық қуыс
- •19 Сурет. Бір жерде кобею кезінде тіршілік ететін екі жақын туысты теңіз балықтарының қорек құрамы. Организмдердің әртүрлі қоректік қатынасы пішінінің мөлшерімен көрсетілген
- •1 Тәжірибе
- •2 Тәжірибе
- •5Тарау Биоценоз
- •5.1. Биоценоз-күрделі табиғи жүйе
- •5.2. Биоценоздың түрлік құрылымы
- •5.3. Биоценоздардың төзімділігі
- •6 Тарау Экологиялық жүйе
- •6.1. Экологиялық жүйенің құрылу заңдылықтары
- •6.3. Экожүйе өнімділігі
- •6.4.Экожүйенің қоректік құрылымы
- •9 Кесте
- •11 Кесте
- •6.5. Экологиялық сукцессиялар. Экожүйенің өзіндік дамуы және оның тұрақтылығы
- •6.6. Қоректік тізбектегі зиянды, улы заттардың жинақталуы
- •7Тарау Биосфера
- •7.1. Биосфера туралы түсінік
- •7.2. Биосфера және оның шекаралары
- •7.3.Тірі заттардың негізгі қызметі мен қасиеті
- •7.4. Ноосфера
- •7.5. Жердің жалпы антропогендік дағдарыстары
- •7.6. Биологиялық көптүрлілікті сақтау мәселелері
- •7.7. Б.Коммонердің «экология заңдары»
- •1. Барлығы барлығымен байланысты
- •2. Материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді
- •3. Табиғат өзі жақсы біледі
- •Тұрғын үй ауасына тазалық баға критерийі
- •Кейбір антропогендік факторларының биосфераға әсері
- •Қоршаған ортаға және дамуға қатысты рио-де –жанейро декларациясы
- •1 Принцип
- •8 Принцип
- •9 Принцип
- •10 Принцип
- •11 Принцип
- •12 Принцип
- •13 Принцип
- •2. Экологиялық қауіпсіздіктің табиғи-тарихи негіздері, принциптері және стратегиялық мақсаттары
- •2.1 Қазақстанның өтпелі кезеңдегі экологиялық мәртебесінің ерекшеліктері
- •2.2. Экологиялық қауіпсіздік принциттері, стратегиялық мақсаттары мен міндеттері
- •3. Айналадағы ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды басқару жүйесі
- •3.1. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің институттары мен тетіктері
- •3.2. Нормативтік –құқықтық база
- •3.3.Әлеуметтік әріптестік және жұртшылықтың қатысуы
- •4. Экологиялық талаптар және өтпелі кезеңнің басымдықтары
- •4.1. Құрылымдық өзгерістер және экологиялық саясат
- •4.2. Жекешелендірудің экологиялық проблемалары
- •4.3. Қаржы-экономикалық саясат
- •5. Халықаралық ынтымақтастық
- •Мазмұны
4.3. Қаржы-экономикалық саясат
Табиғат пайдаланушыларды табиғат қорғау іс-шараларын жүргізуге, күллі табиғи -ресурстық әлеуетті тиімді пайдалануға ынталандыру;
табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін;
табиғи ресурстарды қорғауға және қалпына келтіруге арналған;
айналадағы табиғи ортаға ластайтын заттарды шығарғаны және ағызғаны үшін әрі өндіріс қалдықтарын орналастырғаны мен белгіленген лимит шегінде және одан асыра пайдаланғаны үшін;
табиғи ресурстар мен олардан алынған шикізатты лимиттен тыс (нормативтен тыс) және кешенді емес пайдаланғаны (шығындар) үшін экологиялық төлемдер жасау жүйесін көздейтін табиғат пайдалану экономикалық тетігінің көмегімен жүзеге асырылуға тиіс.
Табиғи ресурстарды нормативті пайдаланғаны үшін жасалатын төлемдер заңмен белгіленген қатынаста жергілікті және республикалық бюджеттер арасында бөлінеді де табиғат қорғау қызметі бөлігінде әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын іске асыруға арнап жұмсалады.
Табиғи ресурстарды қорғауға және қалпына келтіруге арналған төлемдер мақсатты экологиялық қорларға келіп түсуге және бұрын келтірілген залалды жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру мен экологиялық проблемаларды шешу үшін ғана жұмсалуға тиіс.
Қалдықтарды ұқсатуға сараланған баға түзудің айқын саясатын әзірлеу қажет. Қалдықтарды өндеудің және көмудің құны айналадағы ортаны қорғау мен халықтың денсаулығына байланысты барлық шығыстарды қамтуға тиіс.
Ластануды бақылау саласындағы ұйғарымдарды бұзғаны үшін айыппұлдар салынуға және санкциялар қолдануға тиіс. Айыппұлдар мен санкциялардың мөлшері белгіленген шектер мен нормалардан асып кету дәрежесіне тәуелді болуға тиіс. Айыппұлдардың сомасы нормативтердің сақталуын қамтамасыз етуге және залалдың орнын толтыруға тиіс.
Айналадағы ортаны қорғауға арналған шығыстарды қаржыландыру мемлекеттік бюджет, табиғат пайдаланушылардың қаражаты, экологиялық қорлар, сондай-ақ басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады. Қаржыландыру үшін табиғат қорғау жобаларын іріктеп алудың экологиялық та, қаржылық та өлшемдері әзірленуге тиіс. Өндірістік циклдың соңындағы тазарту технологияларына емес, экологиялық таза технологияларды интестициялауға басымдық беру қажет. Табиғат қорғау мақсаттарына арнап кредиттер бөлу рәсімдерінде банкілік және экологиялық сараптамаларды ескеру керек.
5. Халықаралық ынтымақтастық
Айналадағы ортаның жай-күйінің нашарлауы проблемаларыннеғұрлым тиімдірек шешу үшін мемлекеттер қолайлы және ашық халықаралық және экономикалық жүие құру ісінде ынтымақтасуға тиіс, бұл барлық елдерде экономикалық өсу мен тұрақты дамуға алып келер еді. БҰҰ-ның Айналадағы орта мен даму жөніндегі Рио-92 конференциясында тұрақты даму саласындағы халықаралық құқықты одан әрі жетілдіру принциптерін орындауға жылы шырайлы ерік пен әріптестік рухындағы ынтымақтастықты көздейтін әріптестік қатынастардың жаңа нысандары түзілді.
Құрып бара жатқан табиғатты сақтап қалу, адамдардың тіршілік ету ортасын суықтыру, ал сайып келгенде адамзаттың аман қалуы экологиялық апат аймақтарындағы неғұрлым шиеленісті экологиялық және әлеуметтік проблемаларды шешуді көздейтін айналадағы ортаны қорғау мен қалпына келтірудің халықаралық ауқымды бағдарламасын кідіріссіз әзірлеп, жүзеге асыруды талап етеді, БҰҰ- ның толық құқылы мүшесі бола отырып, Қазақстан жан –жақты әріптестік негізінде халықаралық ынтымақтастықты мемлекеттік экологиялық саясатты тиімді жүргізудің тетігі ретінде пайдалануға тиіс.
Ядролық экологияның қауіпсіз және экологиялық тұрғыдан негізделе отырып пайдаланылуын қамтамасыз етудің өмірлік маңызды қажеттігін ескере отырып, Қазақстан ядросыз мемлекет ретінде осы саладағы халық аралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік / МАГАТЭ/ шеңберінде жүргізіліп жатқан Ядролық қауіпсіздік жөніндегі конвенция туралы жөніндегі келіссөздердің аяқталуы үшін күш – жігерін жұмсауға тиіс.
Қазақстанның экологиялық тұрғыдан таза технологиялар мен ғылыми – техникалық ақпаратқа кепілді қол жеткізуі үшін қолайлы жағдайлар туғызуға ұмтылу қажет. Мұның өзі экологиялық жағынан шетін ел ретінде ұлттық мүдделер мен басымдықтарды қорғау үшін ерекше маңызды.
Ұлттық қауіпсіздік құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздік, сол сияқты халықаралық қауіпсіздіктің елеулі компоненті болып табылады. Осы орайда Республиканың аса маңызды халықаралық конвенцияларға және халықаралық деңгейде табиғат қорғау қызметіне неғұрлым кеңірек қатысуын қамтамасыз етуі қажет. Табиғат қорғау органдары халықаралық ынтымақтастықты саласында басымдықтарды белгілеуге және өз күш – жігерін тиісті түрде жұмылдыруға тиіс.
БҰҰ- ның Айналадағы орта мен даму жөніндегі 1992 жылы Рио – де – Жанейрода / Бразилия / өткен конференциясының қорытындыларына ерекше назар аудару және Тұрақты даму жөніндегі комиссиясының қызметін пәрменді түрде қолдау талап етіледі. 21- ғасырға арналған Күн Тәртібінің қорытындыларын талдау және кейінгі іс – шаралардың ұлттық бағдарламасын әзірлеу қажет.
Қазақстан Республикасы халықаралық ынтымақтастық саласында экологиялық саясатты мынадай бағыттарда жұзеге асуы тиіс;
Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық конвенцияларға қосылуы және оларды іске асыру жәнінде практикалық шаралар қолданылуы;
Айналадағы табиғат ортаның жай – күйінің сапасын бағалау мен бақылаудың және оған антропогендік әсер етудің келісілген саясаттын, ортақ көз – қарастарды, бірыңғай әдістемелерін, өлшемдерімен рәсімдерін мәліметтердің мемлекетаралық ауқымды салғастырылуын қамтамасыз ете отырып, әзірлеу;
саясатын, ортақ көзқарастарды, бірыңғай әдістемелерін, өлшемдері мен рәсімдерін мәліметтердің мемлекетаралық және халықаралық ауқымда салғастырылуын қамтамасыз ете отырып, әзірлеу;
үйлестірілген іргелі және қолданбалы экологиялық зерттеулер жүргізу, мемлекетаралық (халықаралық) экологиялық ақпараттық жүйенің құрылып, жұмыс істеуі;
шетелдік және халықаралық ұйымдарды, фирмаларды, жекелеген мамандарды өндіріс саласында, сол сияқты тікелей табиғат қорғау қызметінде алдыңғы қатарлы экологиялық тұрғыдан таза әзірлеуге және енгізуге тарту;
экологиялық қауіпсіздік проблемаларын шешуде халықаралық тәжірибені кеңінен пайдалану;
көмек беру қорлары мен халықаралық ұйымдардың ақша қаражатын айналадағы ортаны қорғау және елдің тұрақты даму саласындағы нақты бағдарламалар мен жобаларды шешуге мүмкіндігінше тарту.
Табиғат қорғау органдарының шетелдік көмек беру бағдарламаларын үйлестіруді және оларды басқаруды жүзеге асыратын орган мен өзара іс-қимылын жақсарту қажет. Көмек беру бағдарламаларын басым табиғат қорғау міндеттерін жүзеге асыруға бағыттау және атап айтқанда, халықаралық экологиялық конвенцияларға сәйкес міндеттемелерді орындау саласындағы үлттық әлеуетін нығайтудың маңызды құралдарының бірі ретінде қарау қажет.
Техникалық көмек алу кезінде оны тиімді пайдалану мүмкіндіктерін сарапқа салу керек. Жергілікті сарапшылар мен мекемелерді бірлескен жобаларда ақпараттың жеткілікті көлемін қамтамасыз ету үшін ғана емес, олардың табиғат қорғау қызметін басқару және Ноу-Хауды беру жөніндегі дағдыларды қалыптастыруы үшін де тартқан жөн.
Ұлттық экологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігі үшін жауапкершілік республиканың Сыртқы істер министрлігіне жүктеледі.
Әдебиеттер
1. Бигон М., и др. Экология. Особи, популяции и сообщества: В двух томах. – М.: Мир, 1989
Будыко М.И. Глобальная экология. – М.: Прогресс, 1963
Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы: Ғылым, 1998
Бейсенова Ә.С. және т.б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Алматы, Ғылым, 2004
Вернадский В.И. Живое вещество. – М.: Наука, 1978
Гиляров А.М. Популяционная экология. – М.: Изд-во МГУ, 1990
Горишина Т.К. Экология растении – Л.: ВШ, 1979
Дажо Р. Основы экологии – М.: Прогресс, 1975
Зверев И.Д., Суравегина И.Т. Экологическое оброзование во внеклассной работе – М.: Просвещение, 1988
Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. Ростов на Дону, Феникс, 2006
Миллер Т. Жизнь в окружающей среде: Программа всеобщего экологического оброзования: В 3 т.: Пер. с англ. – М.: Прогресс: Пангея 1993
Моррис Рик: тайны живой природы. – М.: Росмэн, 1999
Мамбетқазиев Е. Сбанбеков Қ. Табиғатты қорғау. Алматы: Қайнар, 1990
Наумов Н.П. Экология животных – М.: ВШ 1963
Небел Б. Наука об окружающей среде. – М.: Мир, 1993
Николайкин Н.И. Экология. М.: Дрофа, 2003
Одум Ю. Экология: В двух томах. – М.: Мир, 1986
Реймерс Н.Ф. Начало экологических знании.- М.: МНЭПЦ. 1993
Скотт Майкл. Природа. – М.: Росмэн, 1998
Чернова Н.М. Былова А.М. Экология. – М.: Просвещение, 1988
Хван Т.А., Хван П.А. Основы экологии. Ростов на Дону, Феникс, 2007
Экологический Альманах. Ноосфера. 1, 1996
Экологические очерки об природе и человеке. Под ред. Б. Гржимека. – М.: Мир, 1988