Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Orazbaeva_D_1241_ribay_Ekologia_negizderi.doc
Скачиваний:
562
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
8.09 Mб
Скачать

14 Сурет. Популяциядағы особьтар тобының немесе жұптарының таралуы

а- біркелкі, б-кездейсоқ, в-топтық.

Барлық қозғалғыш жануарлар кеңістікті пайдалануына байланысты: отырыңқы және көшпелі болып екі топқа бөлінеді.

Жануарлардың отырыңқы түрлері тіршілік етуде бүкіл тіршіліктің немесе көп бөлігінде ортаның шектелген участогын пайдаланады. Мұндай жануарлар өз участогіне инстинктер арқылы күшті байланыспен ерекшеленеді. Ал еріксіз көшіру жағдайында өздеріне таныс территорияға қайтып оралу қасиеті дамыған. Экологияда бұл «үй сезімі» қасиетін «хоминг» деп атайды (ағылшынша home-үй). Көптеген үйлер көбею орнына тіпті алыс миграциядан кейін де оралады. Қараторғайдың бір жұбы жыл сайын өзінің үйшігін тауып алады. Көгершіннің хомингін тіпті поштаны тасымалдау үшін, практикалық мақсаттар үшін пайдаланған. Отырыңқы жануарлардың биологиялық көптеген артықшылықтары бар. Жануарлар өздеріне жақсы таныс территорияда қорегін іздеуге, жауларынан қорғану үшін, қысқа жолдармен өздеріне таныс паналарды табуға аз уақыт жұмсайды. Сонымен қатар, көптеген отырыңқы түрлер қоректік заттардың қорын жинайды, жол, қосымша ұялар, індер салады. Мысалы, тиіндердің ұрпақтарын шығаратын негізгі ұясымен қатар, жауларынан және қолайсыз ауа райынан қорғайтын бірнеше ұялары болады. Тиіндердің жаңғақтар, тұқымдарды, саңырауқұлақтарды қысқа қорға жинайтын бірнеше қоймалары болады.

Жат территорияда жануарлардың мінез-құлқы өзгереді. Суырларға жасаған бақылаулар көрсеткендей, бұндай жануарлардың қозғалысында сенімсіздік, жиі-жиі жан-жағына қарау, шыдамсыз, қорғанатын пананы кездейсоқ табады және сол территорияның қожайынымен салыстырғанда жиі өледі. Таныс территорияда жыртқыштардан өлу мүмкіндігінің азаюы эксперимент жүзінде дәлелденген. Мысалы, қалқан құлақты жапалақты атжалманы бар бөлмеге жібергенде, бұрын осы бөлмемен таныс жануарлар осы бөлмеге бірінші рет жіберілгендермен салыстырғанда, 5 есе кем ауланған.

Популяцияның статикалық көрсеткіштері

Статикалық көрсеткіштер уақыттың осы кезеңіндегі популяцияның күйін, жағдайын сипаттайды.

Популяцияның статикалық көрсеткіштеріне олардың саны, тығыздығы мен құрылымның көрсеткіштері жатады.

Популяция саны

Бұл берілген территориядағы немесе берілген көлемдегі особьтардың жалпы саны, яғни өсімдіктің немесе жануардың басының саны, мысалы кейбір кеңістіктік бірліктегі өзен жағалауындағы, теңіз акваториясындағы, судағы, аймақтағы және т.б. ареалдардағы ағаштар немесе жануарлар саны.

Кейбір жануарлардың санын әртүрлі әдістермен анықтайды. Мысалы, самолетпен немесе вертолетпен. Гидробионттардың санын тормен аулауды (балықтар), микроскоптық организмдер (фитопланктон, зоопланктон) үшін арнаулы өлшегіш ыдыстарды қолданады.

Адам популяциясының санын мемлекеттің бүкіл халқын санақ жүргізу жолымен анықтайды. Халықтың санын және құрылымын білудің экономикалық және экологиялық мәні зор.

Популяция тығыздығы

Популяция тығыздығы оны мекендейтін особьтардың аудан немесе көлем бірлігіндегі санымен анықталады. Мысалы 1 га жерде 150 қайың немесе 1 м судағы 0,5 г циклоп - осы түрдің популяция тығыздығын сипаттайды.

Популяция тығыздығы аудан немесе көлем бірлігіне келетін особьтер саны, мысалы, тұрғындар тығыздығы- бір шаршы километрге шаққандағы адам саны немесе гидробионттар үшін бір литр немесе кубометр көлем бірлігіндегі особьтар саны.

Популяцияның тығыздығының мысалдары: 1 гектар ормандағы 500 ағаш, 1 кубометр судағы 5 млн дана хлорелла, 1 га су қоймасының бетіне келетін 200 кг балық.

Популяцияның тығыздығы аудандағы немесе көлемдегі особьтердің біркелкі емес таралуын есептемей анықтайды, яғни аудан бірлігіндегі халықтың, ағаштың, жануардың немесе көлем бірлігіндегі микроскоптық балдырлардың орташа тығыздығын табамыз.

Популяцияның тығыздығын реттейтін факторлар- тығыздыққа тәуелді және тәуелсіз болып бөлінеді. Тәуелділері тығыздықтың өзгеруіне байланысты өзгереді, ал тәуелсіздері оның өзгеруніе байланыссыз тұрақты болып қалады. Алғашқысы - бұл биотикалық, ал екіншілері - абиотикалық факторлар болып саналады. Тығыздығына тәуелсіз факторлардың әсері планктонды балдырлардың санының маусымдық өзгерістерінде жақсы байқалады. Мысалы, Солтүстік Кавказ су қоймаларында диатомды балдырлар санының көбеюінің екі үдеме шыңы байқалады. Көктемде және күзде, ал қалған уақытта факторлардың тығыздығына байланыстылық әсер етеді, жазда қарқынды дамитын жасыл және көк жасыл балдырлармен тірі қалу, тіршілік үшін бәсекелестік күрес.

Популяциядағы өлім тығыздыққа тәуелді болуы мүмкін. Бұл құбылыс өсімдіктердің тұқымдарымен болады, тығыздыққа тәуелділіктен туатын өлім-жітім өскіндер кезеңінде жүзеге асады.

Жоғарыда келтірілген реттеулермен қатар тағы да особьтердің сапасының өзгеруін тудыратын популяциялар сандарының мөлшеріне әсер ететін өзіндік реттелуде кездеседі.

Популяцияның динамикалық көрсеткіштері

Динамикалық көрсеткіштер белгілі бір уақыт аралығында популяцияда жүретін процестерді сипаттайды. Популяцияның негізгі динамикалық көрсеткіштеріне туылым, өлім-жітім және популяцияның өсу жылдамдығы жатады.

Туылым

Көбею нәтижесіндігі уақыт бірлігінде пайда болған жаңа особьтар саны. Тірі организмдерде көбеюдің зор мүмкіншілігі бар. Мысалы, бактерия әрбір 20 минут сайын бөлінеді. Мұндай қарқындылықпен көбейсе, бір клетка 36 сағатта бүкіл планетаны жабатын ұрпақ береді. Сол сияқты бақбақ 10 жылдың ішінде егер бүкіл тұқымдары өссе, өз ұрпақтарымен бүкіл жер шарын қаптайды. Бірақ табиғатта іс жүзінде организмнің мұндай өнімділігі жүзеге аспайды. Туылым немесе туылым жылдамдығы-популяция санының ұлғаюы белгілі уақыт аралығында туылған және иммиграцияланған особьтерге байланысты, ал сандардың азаюы- өлім мен особьтердің эмиграциясына байланысты.

Өлім – жітім

Белгілі бір уақыт аралығында популяциядағы өлген особьтер саны. Бірақ популяциядағы организмдердің санының көбеюі немесе азаюы туылым мен өлім-жітімге ғана емес, сонымен қатар олардың иммиграциясы мен эммиграция жылдамдығына, яғни белгілі бір уақыт аралығындағы популяцияға келген және кеткен особьтер санына да байланысты болады. Өлім-жітім туылымға қарама-қарсы шама. Популяцияның өлім -жітімі белгілі бір кезеңде өлген особьтар санын көрсетеді. Өлім-жітімнің үш түрі бар. Бірінші түрі- бірдей жас кезеңдеріндегі өлім -жітім. Екінші түрі - дамуының ерте кезеңіндегі өлімнің жоғарылығымен ерекшеленеді. Үшінші түрі- ересек особьтардағы өлімнің жоғарылауын сипаттайды.

Популяцияның өсуі

Популяция өсімі оң және теріс болуы мүмкін. Адамдардың табиғи өсімі Ресейде 1990 ж +2,2 (туылым 13,4; өлім – жітім -11,2).

1991ж + - 0,7

1992ж - -0,8

XVII ғасырда популяцияның санының өсуі геометриялық прогресс заңымен өсетіні белгілі болған, ал XVIIІ ғасырдың аяғында Томас Мальтус халықтардың геометриялық өсуі жөнінен өзінің әйгілі теориясын ұсынды. Қазіргі математикалық тілмен айтқанда организмдердің экспонциалды өсуі. Экспоненциалды өсу дегеніміз -өзгермейтін тұрақты жағдайларда популяция особьтерінің сандарының өсуі. Ұзақ уақыт бойы тұрақты, өзгерусіз сақталатын жағдайлар табиғатта мүмкін емес. Егер бұлай болмаса, мысалы, әдетте бактериялар органикалық заттар массасын 2 сағат ішінде бүкіл жер шарын 2 метр қалыңдық қабатпен жаба алар еді. Бірақ табиғатта бұл жүзеге аспайды, өйткені көптеген шектеуші факторлар кездеседі. Популяция өсуі өлім - жітім мен туылым арасындағы айырмашылық.

Өсу қарқындылығы

Популяцияның өсу қарқындылығының өзгеруі - әр түрлі болуы мүмкін. Көбеюдің жоғары потенциалы түрлердің тірі қалуында үлкен роль атқарады. Саны төменгі деңгейдегі популяция қолайлы жағдайларға ауысуының нәтижесінде тез қайта қалпына келуі мүмкін. Кейбір түрлер тек жаппай көбеюі арқасында оларды тұтынушыларға қарсы тұра алады. Түрлердің жаңа кеңістікті тезірек игеруіне жоғары көбеюі көмектеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]