Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Orazbaeva_D_1241_ribay_Ekologia_negizderi.doc
Скачиваний:
562
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
8.09 Mб
Скачать

3 Кесте Өсімдіктер және жануарлар организміндегі су мөлшері

өсімдіктер

су мөлшері %

жануарлар

су мөлшері %

балдыр

96-98

ішекқуыстылар

83-84

шөп жапырағы

83-86

былқылдақ денелілер

80-92

ағаш жапырағы

79-82

бунақденелілер

46-92

ағаш діңі

40-53

қосмекенділер

83-84

мүктер мен қыналар

5-7

сүтқоректілер

58-83

Мысалы, шамшат өсімдігі құрғақ топырақта та тіршілік етуі мүмкін, бірақ оған ауаның жеткілікті жоғары ылғалдылығы міндетті түрде қажет. Жануарларда су алмасуын реттейтін жабын механизмдері мен өткізгіш жабын ұлпалары маңызды роль атқарады.

Су режиміне байланысты жануарлар мен өсімдіктерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі: ылғал сүйгіш, құрғақ сүйгіш және орташа ылғалдылықты қалайтындар.

Өсімдіктер гидатофиттер, гидрофиттер, гигрофиттер, мезофиттер, ксерофиттер, суккуленттер және склерофиттер деп ажыратылады.

Гидатофиттер- (грекше hydatos –су) толығымен немесе көп бөлігі суда тұратын су өсімдіктері (элодея, су тұңғиығы және т.б. ).

Гидрофиттер- (грекше hydor–су) тек төменгі бөлігі суда тұратын жер-ауа өсімдіктері (кербезгүл, жебежапырақ).

Гигрофиттер-(грекше hydros-ылғалды) ылғалға бейімделген, батпақта, су жағалауында өсетін жер үсті өсімдіктері.

Мезофиттер (грекше mesos–орташа)- орташа ылғалды тіршілік орнының өсімдіктері. Оларға көптеген орман шөптері, ауылшаруашылық дақылдары мен арамшөптердің көпшілігі жатады.

Ксерофиттер-(грекше xeros – құрғақ) құрғақ жерде өсетін өсімдіктер. Олар суккулент және склерофит болып екіге бөлінеді.

Суккуленттер-(грекше succulentus–шырынды) ұлпасынан көп мөлшерде су шығаруға бейімделген өсімдіктер (кактус, алоэ, агава).

Склерофиттер-(грекше skleros – құрғақ, қатты) құрғақшылыққа төзімді, су булануды тиімді ұстайтын өсімдіктер (сексеуіл, жантақ, жусан, селеу).

Ал жануарлар су режиміне байланысты гидрофилдер, мезофилдер және ксерофилдер болып бөлінеді.

Гидрофилдер - ылғал сүйгіш жануарлар (ақбас маса, былқылдақденелілер және қосмекенділер).

Мезофилдер - орташа ылғалдылықта тіршілік ететін жануарлар (түн көбелегі, көптеген бунақденелілер, құстар, сүтқоректілер).

Ксерофилдер - құрғақ сүйгіш жануарлар (түйе, шөл кемірушілері және бауырымен жорғалаушылар).

Организмнің тіршілік ортасына су экологиялық фактор ретінде үш түрлі элементтің қосылысы түрінде әсерін тигізеді: жауын –шашын, топырақтың және ауаның ылғалдығы түрінде. Өсімдіктер ылғалды топырақтан тамырымен және басқа жолдармен де сіңіре алады. Мысалы, олардың жер бетіндегі органдары немесе дене бөліктері арқылы жаңбырдың, шықтардың, ауадағы ылғалдың майда тамшыларын сіңіру қабілеттілігі болады. Көптеген құмды жерде, құрғақшылықта өсетін сексеуіл, мүк, қыналар ауадағы ылғалды өзіне оп-оңай сіңіре алады. Шөлді жерлерде тіршілік ететін көптеген жануарлар су ішпей жүре алады, оларға көбінесе жеген тамағының құрамындағы судың мөлшері жеткілікті. Мысалы, көптеген бауырымен жорғалаушылар, киіктер, түйелер денесіндегі майдың тотығуынан пайда болған сулардың көмегімен ұзақ уақытқа дейін су ішпей, тіршілік ете алады. Мысалы, 100г май тотыққанда 107г су бөлінеді. Егер қоректік заттардың құрамында ылғал көп болса, кемірушілердің өсуі жылдамдайды.

Температура

Жылудың тірі организмдер үшін маңызы өте зор. Себебі сол организмдердің денесінің жылуы өзі қоршаған ортаның температурасын байланысты.

Белгілі бір шекке дейін сыртқы ортаның температурасы өсімдіктердің өсуіне және дамуына, кейбір жағдайда морфологиялық белгілеріне, таралуына әсерін тигізеді.

Эволюция процестеріне байланысты өсімдіктердің де тірі организмдерге тән сыртқы ортаның қолайсыз құбылыстарынан қорғану үшін әртүрлі морфо-физиологиялық бейімделушілік қасиеттері пайда болады. Өсімдіктердің әртүрлі өсу сатысына байланысты жылу сүйгіштігі де әртүрлі. Мысалы, қоңыржай аймақта тұқымның өнуіне өте төменгі температура керек болса, ал гүлденуі үшін өте жоғары ыстық температура қажет.

Сондықтан өсімдіктерді сыртқы ортаның жылуына бейімделу дәрежесіне байланысты үш топқа бөлуге болады.

1. Суыққа төзімсіз өсімдіктер- судың қату температурасынан төменгі жағдайда тез өліп қалады немесе бұзылады. Бұлар көбінесе жаңбырлы тропикалық ормандарында және жылы теңіздерде өсетін өсімдіктер.

2. Аязға төзімсіз өсімдіктер- төменгі температураға төзімді болғанымен, ұлпаларында мұз пайда болса, өліп қалады. Бұған көбінесе мәңгі жасыл субтропикалық өсімдіктер түрлері жатады.

3. Мұзға және аязға төзімді өсімдіктер- бұлар көбінесе ауа райы құбылмалы, қысы суық жерлерде өседі, өте қатты аяздарда өсімдіктердің (кейбір балдырлар - Sphaerella nivallis; балқарағайлар - Larix dahurica; қыналар - Clodonia; екі аналықты саумалшық –Oxyria digyna және т.б.) жер бетіндегі мүшелері қатса да өзінің тіршілік қабілетін сақтайды. Аязды көтеру үшін өсімдіктер қыс жақындағаннан бастап дайындала бастайды.

Ыстыққа бейімделуіне байланысты өсімдіктерді үш топқа бөледі.

1. Ыстыққа төзімсіз түрлер- сыртқы ортаның температурасы +30°C +40°C -та даму, өсу процестері бұзылады, бұған көбінесе балдыр, суда өсетін гүлді өсімдіктер жатады.

2. Ыстыққа төзімді түрлер- бұларға ыстық күн сәулесі көп түсетін, шөл далада, құрғақ субтропикада тіршілік ететін өсімдіктер жатады. Олар +50°C +60°C ыстықта жарты сағат бойына төзіп тұра алады.

3. Ыстыққа төзімді прокариоттар- бұған ыстық сүйгіш бактериялар және көк-жасыл балдырлардың кейбір түрлері жатады. Олар температурасы +85°C +95°C ыстық суларда да тіршілік қабілетін жоймайды.

Жануарлардың өсімдіктерден айырмашылығының басты бір белгісі денесінде бұлшық еттерінің жақсы жетілуінің арқасында өздері жылуды іштен реттеп жасайды. Бұлшық еттердің жұмысы арқылы көп жылу бөлінеді. Сондықтан жануарлар өз денесіндегі жылу мөлшерін өздері реттеп отырады.

Сонымен жануарлардың жылуға бейімделуінің мынадай негізгі жолдары бар.

Химиялық реттеу- сыртқы ортаның жылуы азайғанда организмнің өзінің жылу сіңіру процесінің артуы.

Физикалық реттеу- жылудың деңгейі өзгергенде, жылуды өз денесінен шығармай ұстап тұру қабілеті.

Организмдердің мінез-құлқы- кеңістікте әрбір организмдер сыртқы ортаның жоғарғы және төменгі температурасынан сақтану үшін өздерінің мінез-құлықтарын және табиғатта таралуын өзгертіп отырады.

Ыстық температура ортасына бейімделген организмдерді- термофильді, ал салқын температураға бейімделген организмдерді- криофильді организмдер деп атайды.

Организмдер денесінің температурасы көбінесе сыртқы ортаның жылуымен реттеліп отырады, яғни сол организмдердің денесіндегі жылу сыртқы ортаның температурасына тәуелді. Мұндай организмдерді пойкилотермді организмдер немесе суыққандылар деп атайды. Суыққандылық барлық өсімдіктерге, микроорганизмдерге, омыртқасыз жануарларға және омыртқалылардың кейбір түрлеріне тән қасиет.

Тек ғана жоғары сатыдағы омыртқалылар класының өкілдері - құстар мен сүтқоректілерде өздерінің ішкі мүшелерінде жүретін биохимиялық реакциялардың арқасында жылуды түзіп, дене температурасын бірқалыпты ұстап тұра алатын қасиеті болады. Мүндай организмдер тобын гомойотермді организмдер немесе жылықандылар деп атайды .

Гомойотермияның жеке бір түрі гетеротермиялық. Ол кейбір қыста ұйқыға кететін организмдерде болады, олар ұйықтап жатқан уақытта денесінің температурасы өзгеріп төмендейді, себебі организмдерде зат алмасу процесінің қарқындылығы төмендейді.

Жылу тепе-теңдігін ұстап тұруға сол организмнің денесі арқылы бөліп шығару процесі роль атқарады. Сондықтан тер шығару қабілеті әртүрлі организмдерде түрліше. Мысалы, адам өте ыстық күні денесінен 12 л-ге дейін тер шығарады, сөйтіп жылуды 10 есе шашыратып отырады.

Жылу тепе –теңдігін ұстап тұруға сол организмнің дене пішіні мен оның көлемінің қатынасының байланысын ең бірінші рет неміс физиологы Карл Бергман 1847 жылы дәлелдеген. Тұрақты және дене температурасы жоғары жылықанды жануарларға ыстық климатта жылуды шашырату, ал суықта керісінше жылуды ұстау, жинау пайдалы.

Бергман ережесі бойынша: «Суық жерлерді мекендеуші жылықанды жануарлар үшін ірі болу, ал жылы жерлерді мекендеуші жануарлар үшін ұсақ болу тиімді». Жануарлардың мөлшері ұлғайған сайын, оның денесінің беті, яғни ауданы екі дәрежеге, ал көлемі үш дәрежеге артады. Ол бір түрге жататын екі жануарды алсақ, үлкені суық жерді, ал денесі кішісі ыстық жерді мекендейтіні дәлелденген.

Осындай ерекшеліктерді 1877 жылы ғалым Д. Аллен де байқаған. Аллен ережесін былай тұжырымдауға болады: «Тропиктерге қарай жылжыған сайын жылықанды жануарлардың құйрықтарының, құлақтарының, аяқ-қолдарының және әртүрлі өсінділерінің, тері қатпарларының және т.б. ұзаруы байқалады». Әрине бұл мүшелердің көлемінің кішілігі суық жерде мекендейтін организмдер үшін тиімді, себебі көлемі аз болса, сонша жылу сыртқа аз шығарылып, өз денесінде ұстап тұруға көмектеседі. Ал мүшелердің көлемі үлкен болуы ыстық жерде тіршілік ететін түрлеріне пайдалы, себебі көлемі үлкен мүшелерден көбірек, артық жылу бөлініп, организмдерді артық жылудан қорғап отырады.

Сонымен, қорыта айтқанда, жер бетінде тіршілік ететін жануарлардың сыртқы ортаның температурасына төзімділігі әртүрлі болып келеді. Жануарлардың температураға төзімділік қасиеті олардың нақтылы мекеніне байланысты. Жалпы алғанда жер бетінде тіршілік ететін организмдердің көпшілігін эвритермиялық топқа жатқызуға болады.

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жарықтың өсімдік дамуына әсері

Мақсаты: өсімдік тіршілігіне жарықтың әсерін бақылау.

Құрал-жабдықтар: бидай, арпа, сұлы тұқымдары, топырағы бар гүл құмырасы, картон немесе фанер жәшік, электр лампасы, сызғыш.

Жұмыс барысы:

1. Бидай тұқымын гүл құмырасына толық қараңғы жағдайда өсіріңіздер. Өскін 2-3 см-ге жеткен кезде жанында кішірек тесігі бар, ішінен қара қағазбен жабылған, картон немесе фанер жәшікке орналастырыңыздар. Өскіннің ұшы тесік деңгейіне сәйкес келуі тиіс. Кейін жәшіктен 1 метр арақашықтықта бір жақты жарық беретін электр лампасы қойылады. 1-3 күн өткен соң жарық бағытына қарай өркеннің бұрылғанын байқауға болады.

2. Жұмыс нәтижесі бойынша қорытынды жасаңыздар.

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Абиотикалық факторлардың организмдерге әсері

Мақсаты: тірі организмдерге абиотикалық факторлардың әсерін бақылау.

Құрал-жабдықтар: қалемшелер, сызғыш, қалам, жұмыс дәптері, топырағы бар гүл құмыралары.

Жұмыс барысы:

1. Бір өсімдіктен төрт бірдей қалемше дайындаңыздар. Оның бойында үш түйіні (жапырағы) бар өркен алынады. Оның төменгі екі жапырағын жұлып тастап, тек жоғарғы бір жапырағын қалдырыңыздар. Қалемшені бөлме температурасында суда ұстаймыз. Олардың тамыры 2 см-ге жеткен кезде, әрбір қалемшені керамикалық құмыраға орналастырыңыздар. 1 және 2 құмыраға құнарлы аз топырақ, 3 және 4 құмыраға құнарлы, қарашірігі мол топырақ салынады. 1 және 3 құмырадағы қалемшені оңтүстік беткейдегі терезеге, ал солтүстік беттегі терезеге қосымша электр лампасын қою керек. 2 және 4 ыдыстағы қалемшені терезеден 3-4 м алыс қою керек. Алғашқы 3 күн барлық төрт ыдыс бірдей суғарылады, кейін 1 және 3 құмыраға топырақ құрғайтындай шамада аз су құяды.

2. Өсімдіктің дамуы мен бойының өсуіне бақылау жасаңыздар. Әрбір аптаның бақылау нәтижесін кестеге толтырыңыздар.

4 кесте

бақылау нәтижелері

тәжірибе варианттары

ескертулер

1

2

3

4

өсімдік биіктігі

жапырақ саны

жапырақ мөлшері

жапырақ түсі

3. 6 апта өткен соң бақылау нәтижелерінен қорытынды жасаңыздар.

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Өсімдіктерге ылғалдылықтың әсері

Мақсаты: ылғалдылықтың астық тұқымдас өсімдік өкілдерінің морфологиясына әсерін бақылау.

Құрал-жабдықтар: астық тұқымдас өсімдіктердің өскіндері, су, химиялық ыдыстар, қалам, жұмыс дәптері, сызғыш.

Жұмыс барысы:

1. Астық тұқымдас өсімдіктердің (бидай, арпа, жүгері, сұлы) өскіндерін алып, 1 вариантын бақылау, 2 вариантын тәжірибе ретінде белгілеңіздер. Тәжірибе вариантындағы өсімдіктердің біреулеріне су құйып, екіншілеріне су құймай, 2-3 аптаға қалдырыңыздар. Кейін осы уақыт өткеннен кейін, өскіндердің биіктігін, жапырақтарының ауданын, пішінін және реңін салыстырыңыздар.

2. Бақылау және тәжірибе вариантындағы өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтарын үзіп алып, салыстырыңыздар.

3. Бақылау нәтижелерін талдап, қорытынды жасаңыздар.

§ ТАПСЫРМАЛАР

1. Жарғанатттарға жарық әсер етпейді, кейде жарық жердерде, ашық верандаларда, адам жүрген және жарық жанып тұрған жерлерде ұшып жүреді. Осы жануардың іс -әрекетінің себебін түсіндіріңіз.

Жауабы: лампа жарығына жарғанаттар қоректенетін түнгі көбелектер және басқа бунақденелілер жиналады, яғни жарғанаттар жарықты қорегін аулау мақсатында пайдаланады.

2. Жайын балық өте терең емес жерде, күн сәулесі жақсы түсетін жерде тіршілік етуді қалайды. Осы жерде тіршілік ететін балықтарды жыртқыштардың көп болуы неге үркітпейді?

Жауабы: жайынның денесінің мөлдір болуына байланысты, жарық күн сәулесі оған қорғаныш құралы болып табылады.

3. Жер үсті өсімдіктері фотосинтез нәтижесінде жылына 2х1010 көміртегін, ал су өсімдіктері 16х1010 көміртегін сіңіреді. Қандай өсімдіктерде фотосинтез қарқынды жүреді және неше есе?

4. Жер үсті экожүйенің басты факторы-жарық, су экожүйесі үшін де тежеуші фактор бола ала ма?

5. Өте төмен температура жағдайында организм клеткалары неліктен тіршілігін жояды?

Жауабы: қолайсыз температурада клеткаішілік су мұзға айналады. Клетканың өлуіне әкелетін мұз кристалдары клеткалық құрылымды бұзады.

6. Суыққандылармен (пойкилотермия) салыстырғанда жылықандылардың қандай кемшіліктері бар?

Жауабы: жылықанды организмдердің суыққандылармен салыстырғанда, қорекке және суға деген сұранымы жоғары.

7. Дене температурасы 39°C жылылықта болатын кесірткені жылықанды жануар деп атауға бола ма? Болса, неліктен?

Жауабы: егер кесіртке 39°C -қа төзе алса және дененің температурасы жоғары болса, онда сөз жүзінде жылықанды жануарға жатады, бірақ ол бұл температураны ұзақ уақыт ұстай алмайды. Нағыз жылықандылық тұрақты жоғары дене температурасын қамтиды. Сондықтан дене температурасы 39°C болатын кесіртке жылықанды (гомойотермді) жануар бола алмайды.

8. 70°C болатын ыстық бұлақтарда тіршілік етуге бейімделген бактериялары бар осы ортаның температурасын бірнеше °C –қа көтерсек, бұл бактерияларды жылықанды организмдерге жатқызуға болады ма?

Жауабы: ыстық бұлақтарда мекендейтін бактериялар сыртқы жылуды пайдаланады, бірақ олардың температурасы әрқашан да жоғары және тұрақты. Сондықтан бұл организмдерді жылықанды организмдер деп атайды. Оларды жылықанды организмдерге жатқызады.

9. Неліктен сүтқоректілер мен құстар жоғары температураға қарағанда, төменгі орта температурасына оңай бейімделеді?

Жауабы: бұл механизмнің негізі- дененің сыртқы бетімен суды буландыруға негізделген. Жоғары температураға бейімделген жерде әрқашан суға тапшылық болады.

10. Ареалдың суық бөлігінде қоңыр түсті рептилия кездеседі. Полярлы шеңберде мекендейтін гадюк қара түсті, ал оңтүстіктегісі –ақ түсті. Бұл неге байланысты?

Жауабы: қара түс жылуды сіңіреді. Қоңыр түсті рептилия тез жылынады және белсенді болады. Сондықтан ареалдың суық бөлігінде қоңыр рептилиялар жиі кездеседі.

11. Түйелерді жаздық қырқудан кейін олардың суды буландыру 50%-ке артқан. Бұл неліктен? Жануарларды қырқуды жылдың қай айында дұрыс деп ойлайсыз?

12. Көкнәр мен жауқазын –ылғал сүйгіш өсімдіктер. Неліктен олар ыстық шөлді аймақтарда өсе алады?

13. Ксерофит- суккулент (кактус, алоэ); гидрофит (элодея); гигрофит (папоротник) өсімдіктерін алып, оларды бір-бірімен салыстырып, сыртқы құрылыстарының ерекшеліктерін анықтаңыздар. Олардың қандай орта жағдайын сипаттағанын және сол ортаға байланысты ішкі құрылыстарында ерекшеліктері болатындығын ботаника курсынан еске түсіріп, талдаңыздар.

14. Медициналық аспаптарды жоғары қысымда автоклавта қыздырмай немесе қайнатпай, неліктен мұздатып, үсіту жолымен стерилдемейді?

!!! ҚОСЫМША ХАБАРЛАР МЕН МЫСАЛДАР

1. Өсімдік тұқымдарының тіршілігінің ұзақтығы оны сақтау жағдайларына байланысты. Температура мен ылғалдылықтың жоғарлауы- тұқымның тыныс алу резервтерінің шығынын үлкейтеді. Емен тұқымдары 3 жылдай уақыт сақталады. Құрғақ тұқым ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Мысалы, көкнәр тұқымы 10 жыл, бидай, арпа дәні 32 жылға дейін, бақбақ жемісі -68 жыл, лотос тұқымы- 250 жылға дейін сақталады. Лотос өскен мүкті батпақтан 2000 жылдан кейін оның құрғақ, кепкен тұқымы табылған. Бұл өсімдіктің жемісінің сырты қалың газ немесе су өткізбейтін қабықпен қапталған.

2. Орта Азия шөлдерінде есекқұрт түрлері тіршілік етеді. Бұл ұсақ шаян тәрізділер қоршаған ортаның жоғары ылғалдылығын қамтамасыз етеді.

Шөлде тіршілік ететін олар ыстық пен құрғақшылыққа бейімделген. Олар саз балшықты топырақты қара күзенге қарай тігінен қазады, тереңінен күрт төмен, ал ауа су буымен қаныққан. Олар жер беті ауамен ылғалданған кезде қара күзеннен шыққан өсімдік қалдықтарымен қоректенеді. Ал аналығы күн ыстық болған кезде тесіктің аузын еш нәрсе өткізбейтін жамылғысы бар денесінің алдыңғы бөлігімен жабады немесе бітейді. Сол арқылы ылғалдылықты сақтап, өзінің ұрпағын құрғап кетуден сақтайды.

3. Эфиопия мен Кенияда сервал құсы немесе бұта мысығы Felis serval жүріп - өткен машиналардың фара жарығын ұсақ кемірушілер мен кесірткелерді аулау үшін пайдаланады. Қорегін аулау үшін мысық тез жол үстіне шығады. Машиналардың тоқтауынан олар еш қорықпайды және машинаға 3 м ара қашықтыққа дейін жақындайды. Әдебиеттерде мұндай аулау түрлері әлі айтылмайды.

4. Күн ашық – жарық күні жалпы ауданы 25 м2 болатын жасыл жапырақ 1 сағатта 1 адамға қажет оттегін бөледі. Бір шамшат ағашының жапырақ ауданы, мысалы, 1600 м2 болуы мүмкін, яғни осындай бір ағаш 64 адам оттегімен қамтамасыз етеді..

5. Қазіргі архитектураның бір бағыты – күн архитектурасы. Ол архитектура тұрғын үй және қоғамдық орындарды тұрғызуға күн радиациясынан келіп түскен негізгі және қосымша жылу көздерін пайдалануды ұсынады. Бұл белсенді және енжар түрде өтуі мүмкін

Белсенді түрібұл күн коллекторы және күн элементтері. Қазіргі күн коллектарлары түскен күн радиациясын 40%-ке дейін пайдаланады. Бұл бір үйде төрт адамды жазда ыстық сумен қамтамасыз етеді және көктем мен күзде ауаны 8 м2 коллектор көмегімен қажеттіліктің үлкен бөлігін жабуға болады, сол арқылы жыл сайын 500-800 л сұйық отынды үнемдеуге болады. Ғалымдар Сібір және Орталық Европада тұрмыста күн коллекторларын қолдану – отыннан шығатын ластаушы заттар қалдықтарын 10-20%- ке төмендетеді деп есептеген.

Ал күн радиациясының бәсең түрін қолданғанда, үйдің оңтүстік жағына шыны беті қарайды, ал солтүстік жағына кішкене терезе немесе терезесіз қабырға орналасады. Күндізгі уақытта күн сәулесі оңтүстік жақтағы терезе арқылы үй ішіне түсіп, жылу ұстағыштарды (тас немесе су ) қыздырады. Түнде терезе жабылады да, жылу ұстағыш күндіз жинаған жылуын тұрғын үйге береді. Тіпті қыс кезінде де жылуға қажеттіліктің белгілі бөлігін осындай жағдайда жабуға болады.

6. Жарық негізінен жануарлардың, мысалы, қосмекенділердің, балықтардың, бауырмен жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің жыныс бездеріне әсер етеді. Бұны тәжіриде түрінде 1932 жылы Бисеннет дәлелдеген. Ол қараторғайдың үш тобына тәжірибе жасады. Олардың 1-ші тобын "қысқы" жасанды жарықта, 2-ші тобын жарық жерде, бірақ ұзақ уақыт ұйқы бермей, 3-ші топтағы қараторғайда жарықтың қосымша әсерін тигізіп немесе жарық ұзақ әсер ететін етіп, торда ұстайды. Сонда тек 3-ші топта болған немесе "жаз уақыты" қараторғайлардың жыныс бездерінің жақсы дамығанын дәлелдейді.

7. Жылы қанды жануарлар өте суық аудандарда тіршілік ете алады. -50˚C аяздарда жануарлар мен қоршаған орта температурасының айырмашылығы 80-90˚C құрайды. Пингвиндерде тұрақты дене температурасы +37-39˚С, ал Сібір бұғысынң температурасы +38-39˚C. Жылу тепе теңдігін ұстау үшін жануарлар май қорын пайдаланады және олардың жылу ұстағыш жамылғыларының (тері, жүн, қауырсын) маңызы зор.

8. Сарышұнақтың жүрек жиырылу жиілігі белсенді кезінде минутына 300 рет соғады, ал ұйықтаған кезде небәрі 3 рет соғады. Дене температурасы +5˚C дейін төмендейді. Зат алмасуының қарқындылығының төмендігіне қарамастан, жануарлар ұйқы кезінде өте күшті салмақ жоғалтады және осы арықтаудан өліп кетеді.

9. Бидайдың өсуі үшін 0˚C- 42˚C, үрмебұршақтың өсуі үшін 9˚C - 46˚C, ал үйеңкі үшін 7˚C – 26˚C, шөп таяқшасы бактериясы үшін 5˚C -57˚C, туберкулез бактериясы үшін 29˚C -41˚C, ал құмырсқа үшін 1,5 - 50˚C температура қажет.

10. Суық суда организмнің өсуі мен пісіп жетілуі жылы суға қарағанда баяулау болғанымен, олардың дене тұрқы ірі болып келеді. Сонымен қатар, суық суда организмдердің түрлік алуантүрлілігі аз. Байкалдағы тіршілік ететін организмдер саны Орталық Африкадағы тропикалық өзен Ганганьикаға қарағанда, неғұрлым көбірек. Су температурасы су жануарларының өсуі мен дамуына әсер етед. Мысалы, Ленадан Москва түбіндегі тоғанға келген Сібір бекіресенің дене мөлшері және жыныстық жетілуі жылына 7 – 8 м, ал Ленадағы бекіре жылына 16 -17 м-ге жетеді.

11. Солтүстік Америкалық козодой – қысқы ұйқыға кететін бірден бір құс. Ол денесіне жинақталған қор майдың күніге 10 г ғана жұмсайды. Ол бұл жағдайда 100 күнге дейін болуы мүмкін.

12. Пингвиндер мұзды суға түскенде, олардың ворваны жылуды жақсы сақтайды. Оларда қауырсындары тығыз орналасқан: 1 см2 жерге қауырсын орналасады. Жылы ауаны ұстайтын қауырсындары бар мамығы оларды қыздырып жүреді.

13. Көптеген полярлы балықтарда эволюция барысында суыққа бейімделу мақсатында таңғажайып жүйе қалыптасқан. Құрамындағы химиялық заттары олардың қанында автомобильдік автофриз қызметін атқарады. Сондықтан олар Солтүстік мұзды мұхиттың суының тіпті ең төменгі температурасында балықтарды қатудан сақтайды.

14. Альпілік қар қоңыраугүлінің кішкентай өркендері өзінің жанындағы қарларды еріте алатын жылу бөледі. Соған байланысты олар қарды тесіп шығып, көктемнің басында гүлдейді.

15. Креозот бұталары бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасады. Көршілерді осындай қашықтықта орналасуға итеретін құпия күш – олардың тамырлары бөліп шығаратын улар. Сондықтан басқа өсімдіктер оларға жақындай алмайды және әртүрлі бұта жерден өзіне қажетті ылғалды алады.

16. Кейбір кактустың түрлері өте жұқа жіңішке жүндермен жабылады. Бұл оларға ыстық аптаптан және шөл жерге тән салқын түндерден қорғауға көмектеседі. Жүн кактустың діңінің жанындағы ылғалдылықты ұстауға және жинауға мүмкіндік береді.

?? ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Температура, жарық, ылғалдылық қандай экологиялық факторға жатады?

а/ абиотикалық

б/ биотикалық

в/ антропогенді

г/ биологиялық

2. Құрғақ жерде өсетін өсімдіктер

а/ гидатофит

б/ гигрофит

в/ ксерофит

г/ мезофит деп аталады.

3. Ылғал сүйгіш жануарлар

а/ мезофил

б/ гидрофил

в/ ксерофил

г/ гидрофит деп аталады.

4. Ылғалдылық –

а/ озон қабатының түзілуін

б/ организмдердің таралуымен санын

в/ организмдердің өлуін

г/ топырақ құнарлығын шектейтін фактор

5. Абиотикалық факторлар жинағын:

а/ минералды тұз, бедер, тозаңдану

б/ температура, жарық, ылғалдылық

в/ адамның іс - әрекеттері

г/ су, жарық, симбиоз құрайды.

6. Құстар түлеуі және жыл құстарының жылы жаққа кетуі

а/ ауа температурасының төмендеуіне

б/ ауа ылғалдылығының өзгеруіне

в/ күн ұзақтығының өзгеруіне

г/ қоректік заттардың жетіспеуіне байланысты. 7. Дене температурасы тұрақсыз жануарларды атаңыз.

а/ бунақденелілер

б/ сүтқоректілер

в/ құстар

г/ адамдар

8. Қандай организмдер гомойотермді организмдерге жатады?

а/ алабұға

б/ бақа

в/ дельфин

г/ қарлығаш

9. Қоршаған орта температурасының жоғарылауымен байланысты денесіндегі физиологиялық процестерін жылдамдататын организмдерді атаңыз.

а/ қарға

б/ мысық

в/ көбелек жұлдызқұрты

г/ қарапайымдар

10. Абиотикалық фактор мысалын атаңыз.

а/ көктемгі өзен тасуы

б/ орманда ағаш кесуі

в/ топыраққа тыңайтқыш шашу

г/ бәсекелестік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]