Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать

Дәріс 5. Операциялық жүйелер. Бағдарламалық жабдықтаудың даму тенденциялары мен қазіргі жағдайы.

Дербес компьютердегі пайдаланушының жұмысын ұйымдастырудағы операциялық жүйенің ролі. Операциялық жүйенің қызметі. Операциялық жүйенің топтамасы. Бірмәнді және көпмәнді, бір пайдаланушыға және көп пайдаланушыларға арналған операциялық жүйелер.

Қолданбалы ПҚ бүтін ақпараттық жүйенің есептеу үрдiсiн ұйымдастыру және қолданушының нақты есептерін шешу үшін арналған.

Базалық(жүйелік) ПҚ құрамына мыналар кіреді:

  • Операциялық жүйелер

  • Сервистік бағдарламалар

  • Тілдерді бағдарламалаудың трансляторлары

  • Техникалық бағдарламалаудың қызмет көрсетуі

3. сурет Базалық ПҚ құрлымдық кескіні.

Жүйелік программалар компьютердің аппараттық жабдықтарын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады. Олардың құрамына: операциялық жүйелер, драйверлер, утилиттер және басқа да жүйелік (сервистік) программалар кіреді.

Операциялық жүйе (ОЖ)– адам мен ЭЕМ арасындағы байланыстарды ұйымдастыратын программалар тобы. Операциялық жүйенің екі негізгі қызметі : 1) Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, олардың бір-бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету; 2) Әрбір адамға ЭЕМ-ді басқару мүмкіншілігін беру.

Операциялық жүйенің негізгі жұмысына программалардың бiр-бiрiмен және сыртқы құрылғылармен байланыса отырып әрекет етуiн қамтамасыз ету, оған керектi ЭЕМ-нiң жадын бөлу, программаларды және жұмыс нәтижесiн қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәлiметтердi сыртқы ортадан алу және беру сияқты функциялар жатады.

Операциялық жүйе түрлерiне MS-DOS (PS-DOS), CDOS, MSX, UNIX және WINDOWS 95, 98, 2000, NT программалары жатады.

ОЖ-тың екі негізгі қызметі:

1)барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын , оларды бір-бірімен және аппаратық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету

2)әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру.

ОЖ-нің негізгі жұмысына программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен байланыса отырып әрекет етуін қамтамасыз ету, оған керекті ЭЕМ-нің жадын бөлу, программаларды және жұмыс нәтижесін қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру сияқты функциялар жатады. ОЖ-нің негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ-нің жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшін ОЖ-ның командалық тілі пайдаланады, оның көмегімен адам дискіні белгілеу, мәліметтерді көшіру, кез келген программаны іске қосу, керекті жұмыс режімін орнату сияқты әр түрлі әрекеттерді орындайды. ОЖ – Адам мен ЭЕМ-нің аппараттарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе біріктірілген программалар тобы. Оның құрамына өз командалары және драйверлер-сыртқы құрылғыларды басқару программалары, утилиттер -жұмысты жеңілдететін программалар және тағы басқалар кіреді.

Драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару программалары (мысалы, клавиатураныкі – key.com, тышқан құрылғысыныкі –mouse.com т.б.).

ОЖ-нің атқаратын қызметін үш топқа жіктейміз

1) мәліметтерді еңгізу-шығарудың барлық түрлерін ұйымдастыру

2) ЭЕМ-нің сыртқы ортамен қатынасын ұйымдастыру

3) мәліметтерді сақтау мен өңдеу жұмыстарын атқару.

ОЖ-нің түрлері: MS-DOS (PS-DOS), CDOS, MSX, WINDOWS, UNIX жүйелері.

MS-DOS –бір есепті, командалық интерфейсте жұмыс істейтін ОЖ. MS DOS жүйесі 1981 жылы IBM PC компьютерлерімен бірге шықты.

WINDOWS– көп терезелі, көп есепті, көп пайдаланушылы графикалық интерфейсті ОЖ.

Операциялық жүйелердегі (ОЖ) негізгі ұғымдар мен белгілер.

Дербес компьютерде программалар мен мәліметтерді сақтаушы рөлін магниттік дискідегі жинақтауыштар (МЖД) атқарады. Дискілер латын алфавитінің алғашқы бас әріптермен А:, В:, С:, D: белгіленеді. ДЭЕМ іске қосылғанда ОЖ көбінесе С: қатты дискісінен немесе А: иілгіш дискісінен оқылып жедел жадқа жүктеледі де, экранға ОЖ-нің қызмет атқаруға дайындығын білдіреді.

А:\ > - бұл А: дискісінің жұмыс істеуге дайындығын көрсететін шақыру

C:\ > - С: дискісінің жұмыс істеп тұрғанын көрсететін шақыру

Файлдар жүйесі.

Файл (file-бума, десте) белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес информациялар жиыны. Файлдың толық атауы екі бөліктен құралады: аты, заты (түрі, типі, кеңейтілуі). Файлдың аты мен кеңейтілуі нүктемен ажыратылады.

Command. com Norton.exe Marat.doc Aigul.txt Game.bas

аты типі

Файлдың атрибуттары (көрсеткіштері) дегеніміз файлдың аты, заты, көлемі және операциялық жүйенің календары мен сағатынан алынып жазылған күні, айы, уақыты.

Файлдар типінің стандартты түрлері.

.asm – ассемблер тілінде жазылған программа.

.bak – негізгі (түпнұсқадағы) файлға зақым келген жағдайларда қолданатын резерв файл (көшірме)

.bas – basiс тілінде жазылған программа

.bat – дестелі (пакетті) түрде өңдеуге арналған командалық файл

.com – тәуелсіз орындалатын командалық файл

.dat – берілген мәліметтер файлы

.doc - өңдеуге арналған текстік (документтік не құжаттық) файл

.exe – ОЖ басқаруымен жұмыс істейтін, бірден орындалатын файл

.pas – паскаль тілінде жазылған программалық файл

.txt – текстік файл

.xls - электрондық кесте

.gif -графика

.jpg - графика

.avi - дыбыстық

Файлдарды топтап белгілеу немесе шаблонмен, маскамен белгілеу.

* - файлдың атындағы кез келген символдар тіркесін білдіреді;

? – файлдың атындағы болуы мүмкін кез келген бір символды білдіреді.

Мысалы:

*.* ­­- барлық файлдарды белгілеу

*k.exe – аты k символымен аяқталатын барлық орындалушы файлдар

???. doc – кез келген үш символдан тұратын текстік файлдар.

a??b.gif – төрт символдан тұратын, бірінші, соңғы символы белгілі, екінші, үшінші символдары кез келген символ болатын файл атын белгілеу.

Файлдар каталогы.

Каталог немесе директорий – белгілі бір ортақ қасиеттеріне қарай магниттік дискіде бір-бірімен қатар орналастырылған бір топ файлдар тізіміне қойылған атау. Бірнеше каталогтардың аты басқа тізімге тіркелуі де мүмкін, онда ол басқа каталогқа бағынышты каталог болады.

Дискілерді форматтағанда онда автоматты түрде әртүрлі мәлімет жазыла алатын басты немесе түпкі каталог құрылады.

Файлдар маршруты.

Файлдар орналасқан орнын көрсететін толық атауы маршрут не жол деп те аталады. Файлдың маршруты толық түрде былай көрсетіледі:

дискінің аты:\тізбектелген каталогтар аты\ файлдың аты.типі

Мысал: C:\Student\Top\Fil_101\tizim.xls

Егер маршрут С:\таңбасынан басталса, файлдың орны осы дискінің түпкі каталогы болады, диск көрсетілмесе, файлдың орны екпінді (ағымдағы) каталогтан бастап есептеледі.

Пайдалануға болмайтын файл аттары.

Кейбір стандартты құрылғылардың аты үш әріп тіркесінен тұрады. Оларды файлдың аты немесе заты (типрі) ретінде пайдалануға болмайды. Мысалы:

PRN (LPT1) - негізгі баспаға беру құрылғысы, 1-ші принтер;

LPT2 – қосымша 2-ші принтер;

CON – консоль, яғни берілген мәндерді еңгізетін болсақ, пернелік, экранға шығаратын болсақ – дисплей;

AUX (COM1) – негізгі (1-ші) коммуникалық канал;

NUL – программаны қалыптастыру, жетілдіру және орындау мақсатында қолданылатын жалған (бос) құрылғы.

MS DOS операциялық жүйесінің құрылымы

-BIOS модулі-компьютердің тұрақты жадында жазылған мәліметтерді еңгізу-шығарудың негізгі жүйесі.

-Операциялық жүйенің жүктеуіші – бұл өте қысқа программа, IO.SYS , MSDOS.SYS файлдарын компьютердің жедел жадына оқуды іске асырады;

-IO.SYS – сыртқы құрылғылармен (пернелік тақта, дисплей, принтер, байланыс адаптері, динамик) информация алмасудың барлық операцияларын атқарады;

-MSDOS.SYS файлдар даярлауға мүмкіндік береді және ЭЕМ жедел жадын басқарады, оған әрқашан жедел жадқа қанша бос орын бар екені белгілі болады;

-COMMAND.COM - пайдаланушы жұмысы үшін тағайындалған командаларды іске асырады.

-DOS-тың сыртқы немесе кірме (транзитті) командалары - операциялық жүйемен бірге бөлек-бөлек модульдер түрінде берілетін програмалар, кейде утилиттер деп те аталады.

-Құрылғылар драйвері-DOS жүйесін толықтырып, жаңадан қосылған шеткері құрылғыларды басқару ісін орындайтын арнайы программа. Драйверлер компьютерді жедел жадына операциялық жүйемен бірге оқылады да, олардың аттары CONFIG.SYS деген арнаулы файлда жазылып тұрады. Операциялық жүйе жедел жадқа жүктелгеннен кейін дискіден конфигурациялық файл CONFIG.SYS оқылып құрылғылар драйверлері де жедел жадқа орналасады. Мұнан кейін командалық COMMAND.COM файлы оқылып, ол іске кіріседі. Бұл командалық процессор тағы бір командалық AUTOEXEC.BAT файлын іске қосып, оның ішіндегі командалар мен программаларды біртіндеп орындай бастайды.

Файлдармен жұмыс істейтін командалар.

  1. COPY- файлдарды көшіру командасы.

  2. REN (RENAME)-файлдардың аттарын өзгерту командасы.

  3. DEL(DELATE) – ағымдағы не көрсетілген каталогтағы файлды не файлдар тобын өшіру командасы.

  4. TYPE текстен тұратын файлдың ішкі текстен экранға шығару.

  5. DATE - үстіміздегі ай, күн және жыл мерзімін экранға шығару және оны өзгерту

  6. TIME – ағымдағы уақытты экранға шығару және қайтадан өзгерту, бұл команда форматы алдыңғыға – date командасына ұқсас.

  7. PATH (жол) - командасы керекті файлдар автоматты түрде ізделетін каталогтар тізімін алдын ала көрсетуге алынған.

  8. CLS(Clear Screen-экран тазалау) экранды тазартып операциялық ж‰йенің жұмысқа шақыру қатарын сол жақ жоғарғы бұрышқа орналастырады.

Файлдық жүйелер ақпаратты сақтау принциптері мен құрылымын анықтайды Файлдық жүйенің форматы файлдық жүйенің сипаттамаларына әсер етеді, файлдардың өлшемі мен сақтау құрылғыларының сыйымдылығына шектеулер қоюы мүмкін, кейбіреулері олардың жұмысын қолдайды

Файлдық жүйелердің түрлері: FAT16, FAT32, NTFS

Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру және оның даму тенденциялары

Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру (ҚПҚ) Қолданушының нақты есептерін жаңартуға және орындауға арналған.(4 сурет)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]