Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать

Дәріс 11. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (мқбж).

Негізгі ұғымдар. МҚБЖ–нің функционалдық мүмкіндіктері. МҚЖБ–мен жұмыс істеу негіздері. Мәліметтер қорының құрылымы. Кестелер. Өріс пен жазба. Кілттік өрістер. Индекстер.

Деректер қорын басқару жүйесі – бұл бағдарламалық құрылғы оның көмегімен деректер қоры жасалады, ол толықтырылады жәнеонымен жұмыс істеледі. Бірнеше түрлі деректер қорын басқару жүйелері бар. Олардың көпшілігі арнайы бағдарламалау тілі болады, мысалы: Clipper, Paradox6 Fox Pro және т.б. Microsoft office пакетінің құрамында Access деректер қорын басқару жүйесі енгізіледі. Ол Excel, Word және т.б. бағдарламаларымен қосарлана жұмыс істей алады.

Access 9х-тің объектілері:

Access 9х – терезесі өте қарапайым және ықшамдалған алты түрлі объектісі бар – бағдарлама осылармен жұмыс істейді.

Кестелер (Таблицы) – деректер қорының негізгі объектісі онда деректер сақталады. Реляциялық деректер қоры бірнеше бір – бірімен байланысқан кестелерден тұрады.

Сұраныстар (запросы) – арнайы құрылым, деректер қорын өңдеуге арналған. Оның көмегімен деректер реттеледі, сұрыпталады (фультруют), бөліп алынады (отбирают), өзгертіледі (изменяют), біріктіріледі (объединяют) – яғни өңделеді.

Түрлер (формы) – бұл объект, ол арқылы базаға жаңадан деректер енгізіледі немесе барларын қарап шығаруға болады.

Есеп беру (отчеты) – бұл «кері» форма. Оның көмегімен деректер принтерге шығарылады және көрнекі түрде көрсетіледі.

Макростар – бұл макро командалар. Егер қандай бір операциялар базамен жиі қайталанатын болса, онда бірнеше командаларды жинақтап бір макросқа енгізу керек және оған бөлінген пернелік комбинациясын бекіту керек.

Модульдер – Visual Basic тілінде жазылған бағдарламалар процедурасы (тізімі), (орындау тәртібі).

Access 9х-пен жұмыс істеу режимі (тәртібі).

Кез-келген берілгендер қорында жұмыс істеудің екі режимі болады: проектілеу (проектированный) және қолданылу (эксплуатационный). База жасаушы онда жаңа объектілерді жасай алады, олардың құрылымын бере алады, керекті байланыстар орната алады. Бір база бір, екі немесе бірнеше жасаушылар болуы мүмкін. Базаны пайдаланушы (пользователь) – бұл формулалардың көмегімен базаны ақпаратлар толықтырушы адам, сұрастыру (запросы) көмегімен белгіленгендерді өңдеуді және қорытынды кестелер түрінде нәтиже немесе есептеу (отчеты) алады. Бір базаның миллиондаған қолданушылары болуы мүмкін әрине базаның структурасына ену оларға жабық болады.

1. Деректер қорының алғашқы терезесін ашып көрсетеміз.

Алты түрлі объектіден басқа үш командалық батырма берілген:

Ашу (открыть), конструктор, жаңа деректер қорын жасау (создать новую базу данных). Олардың көмегімен базамен жұмыс істеу режимі таңдалады.

2. Ашу батырмасы – таңдалған объектіні ашады. Егер ол объект кесте болса. Онда оны қарап шығуға болады, оған жаңа жазулар енгізуге немесе өзгертуге болады.

3. Конструктор батырмасы таңдалған объектіні басқаша түрде ашады. Егер ашылған объект кестеде болса, онда оған жаңа өріс қосуға болады немесе бар өрістердің қасиеттерін өзгерте аламыз. Егер объект «форма» болса, онда басқару элементтерін өзгертуге немесе жаңадан жасауға болады. Бұл режим деректер қорын жасаушыларға арналған.

4.Жасау (создать) батырмасы – атына сай команда. Ол жаңа объектілер жасауға арналған. Бұл басқару элементі базаны жобалаушыларға (проектировщик) арналған. Бұл режимде кестелерді, сұраныстарды, формулаларды және есеп берулерді әртүрлі тәсілдермен орындауға болады (автоматты түрде, қолмен немесе шебер (мастер)-дің көмегімен).

Кестелер – деректер қорының негізгі объектісі болып есептеледі. Кесте болмаса деректер жазылмайды, яғни база жоқ. База жасау алғашқы кестені құрастырудан басталады. Кестені жасау – оның өрістерін (поля) жасаудан және оладың қасиеттерін бекітуден тұрады.

1.Деректер қорының терезесіндегі «создать» батырмасын шерту керек. «Автоматтандыру» деңгейіне байланысты жаңа кесте құрастырудың бірнеше тәсілдері бар.

2.Автоматтандыру тәсілі – ол кестені басқа базадан алдыру (импорттау). Импорттанған кестелердің өрістердің структурасы, олардың аттары және қасиеттері және базаның мазмұны болуы мүмкін.

3.Егер кестелер алыс серверде орналасса және оларды импорттай алмайтын жағдайда, онда кестемен байланыс режимін (связь с таблицами) қолданады.

4.Қабілетті жасаушылар кесте шеберін (мастер таблиц) қолданады. Бұл бағдарлама кестенің құрылымын жасауды тездетеді. Кесте шебері әртүрлі сұрақтар қояды және алынған жауаптарға сүйене отырып кестенің құрылымын автоматты түрде жасайды. Алғашқы бетте бұл тәсілді қолдану керек емес, қателесіп кетуге болады. Сондықтан алғашқы кестелерді қолдан жасап үйренген дұрыс.

5.Кесте режимі (режим таблицы) батырмасы – дайын кестені ашады. Онда өрістердің формальданған аттары берілген: Поле 1, Поле 2,... т.с.с. Мұндай кестені сол сәтте мәліметтерден толтыруға болады.

6.Универсальды қолды тәсіл – бұл конструктор режимі. Бұл режимде өрістердің аттарын өзіміз қалағанымызша атай аламыз, түрін таңдаймыз және қасиеттерін енгізе аламыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]