Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать

3.2.1. Формат  Абзац командасы арқылы.

Бұл команда бойынша Абзац диалогтік терезi ашылады. Терезенiң екi қыстырмасы бар:

  • Отступы и интервалы

  • Положение на странице

Отступы и интервалы қыстырмасы арқылы абзацтың оң жақ және сол жақ шегiнiстерiн, бiрiншi жолдың шегiнiсiн немесе шығыңқылығын орнатады. Осы қыстырманың Интервал тобындағы параметрлер абзацқа дейiнгi және абзацтан кейiнгi арақашықтықты, жолдардың арасындағы арақашықтықты анықтайды.

«Положение на странице» қыстырмасының жалаушалары абзацтың мәтiнiн орналастыруды басқаруға арналған. Оның келесi режiмдердi бар:

Запрет висячих строк құжатты беттерге бөлу кезiнде абзацтың бiр жолының беттiң төменгi жағында (немесе келесi беттiң жоғарғы жағында) қалып қоюына (висячая строка) тыйым салады.

Не разрывать абзац – абзацтың бөлiгiн басқа бетке тасымалдауға тыйым салады.

Не отрывать от следующего – ағымдағы абзац пен келесi абзацтың бiр бетте болуын талап етедi.

С новой страницы абзацтың алдында беттiң үзiлу белгiсiн автоматты түрде орнатуды iске асырады.

Запретить нумерацию строк абзацтың жолдарын нөмiрленген тiзiмнен шығарады.

Запретить автоматический перенос слов – абзацтағы сөздердiң тасымалдануын жояды.

3.2.2. Көлденең сызғыштың көмегiмен

Сызғыш ағымдағы абзацтың бүйiр шекараларын бекiтуге және табуляцияның орындарын басқаруға мүмкiндiк бередi. Сызғыштың сол жақ, оң жақ шетiнде үшбұрыш тәрiздi маркерлер бар, оларды шекара маркерлерi дейдi. Маркерлердi жылжыту тышқанмен орындалады.

Сызғыштың сол жағындағы аударылған үшбұрышты тәрiздi маркер (жоғарғы маркер ) абзацтың бiрiншi жолының басталу орнын, ал төменгi үшбұрышты маркер (ұшы жоғары қараған) абзацтың барлық қалған жолдарының сол жақ шекарасын беруге арналған.

Сызғыштың төменгi жағындағы квадратты маркерабзацтың сол жақ шекарасын анықтайтын үшбұрышты маркердiң астында тiкелей орналасқан басқару элементi. Оның орнын ауыстырғанда сол жақ шекараның екi маркерi (екi үшбұрыш) де бiрге орын ауыстырады.

Сызғыштың оң жағында орналасқан үшбұрышты маркер ағымдағы абзацтың оң жақ шекарасын бередi.

Табуляцияның таңбалағыштарының түрлерi:

└ - сол жақ бойынша теңестiру. Мәтiн көрсетiлген орынның оң жағында орналасады.

┘- оң жақ бойынша теңестiру. Мәтiн көрсетiлген орынның сол жағында орналасады.

┴ - орталық бойынша теңестiру. Мәтiн көрсетiлген орын бойынша симметриялы орналасады.

3.2.3. Контексті меню көмегiмен.

Бұл меню ашылу үшiн абзацтың кез келген жерiнде тышқанның оң жақ батырмасын шерту керек. Бұл менюде форматтаудың әртүрлi операцияларын орындауға арналған командалар бар.

3.2.4. Үлгi бойынша форматтау

Егер дайын құжаттағы бiр абзацты екiншi бiр абзацтай етiп форматтау қажет болса, онда меңзерді үлгi ретiнде алынатын абзацқа орнатып, одан соң Стандартты аспаптар панеліндегі «Формат по образцу» батырмасын шерту қажет. Тышқанның нұсқағышы сол батырманың пiшiнiн қабылдайды. Осы кезден бастап керектi жерде шертсе, ол пiшiн жаңағы абзацқа өтедi.

3.2.5. Абзацты жиектеу

Абзацты жиектеу үшiн «Формат Границы и заливка» командасы пайдаланылады немесе тышқанның оң батырмасымен аспаптар панелінің бос жерiнен шертедi және пайда болған контексті менюде «Таблицы и границы» пунктiн таңдайды, немесе Форматтау аспаптар панелінің «Внешние границы» батырмасын пайдаланады.

3.2.6. Абзацты Буквицадан бастау

Абзацтың бiрiншi символын көрнекi үлкен етiп қалыптау үшiн Буквица қолданылады. Ол үшiн:

  • Меңзерді буквица қалыптастырылатын абзацқа орналастырады;

  • Формат Буквица командасын орындайды;

  • ашылған «Буквица» диалогтік терезесiнде керектi параметрлердi орнатып, Ок батырмасын басады.

3.2.7. Мәтiндi реттеу

Word-тың мәтiндi реттеу механизмi мәтiндегi абзац соңының символдарына, табуляцияға және басқаларларға бағдарлай реттеуге мүмкiндiк бередi. Әлiпбиге немесе қандай болмасын басқа белгi бойынша барлық құжат немесе тек қана ерекшеленген мәтiндi реттеу үшiн «Таблицы Сортировка» менюiн пайдалану керек.

«Сортировка текста» терезесi абзац бiржола реттелуi керек пе немесе тек қана мәтiнi ме; өсу немесе кему бойынша ма, әлiпби, сандар немесе дата бойынша реттеу ме, сонымен бiрге мәтiннiң бiрiншi жолын бастапқы жол деп санай ма, әлде жоқ па – осының бәрiн таңдауға мүмкiндiк бередi. Word-та алдымен пунктуация таңбалары және арнайы таңбалар (! # $ % &), одан соң цифрдан басталатын элементтер, ең соңында әрiптен басталатын элементтер орналасады. Дата мен сандар мәтiн түрiнде қабылданады. Мысалы «элемент 12» сөзтiзбегi «элемент 2» сөзтiзбегiнен бұрын орналасады.

Көңiл аударыңыз: «Сортировка...» командасы бiр жағынан «Таблица» менюiнде болғанымен, ол тек қана кестелiк мәтiндi ғана емес, кез келген мәтiндi реттеуге мүмкiндiк бередi.

«Параметры» батырмасын басу, реттеу параметрлерiн таңдап алуға арналған «Параметры страницы» диалогтік терезе ашады.

Реттеудiң параметрлерiн қоюға арналған диалогтік терезе

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]