Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать

2.9. «Апару және түсiру» технологиясы

Мәтiндi тасымалдаудың немесе көшiрмесiн алудың айтылған әдiстерiне қосымша ретiнде «Апару және түсiру» деп аталатын тағы бiр әдiс бар. Бұл әдiстi қолдану үшiн келесi қадамдарды орындаңыз:

1. Орынын ауыстырғыңыз келген мәтiндi ерекшелеңiз.

2. Ерекшеленген объектіге меңзерді орнатыңыз және тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз. Бұл кезде тышқанның нұсқағышы тiк төртбұрышы бар үзiк тiк сызық түрiндегi тасымалдаудың нұсқағышына айналады.

3. Тышқанның сол жақ батырмасын басылған қалпында ұстап тасымалдаудың нұсқағышын керектi орынға апарыңыз, одан соң батырманы жiберiңiз. Ерекшеленген бөлiк сол орынға орналасады. Егер ол жазу болса, оның қандай форматпен жазылатыны қондырылатын орындағы абзацтың стилiне байланысты болады.

Егер сiзге ерекшеленген бөлiктiң көшiрмесiн алу керек болса, тышқанның батырмасын жiберер алдын <CTRL> пернесiн басып тұрыңыз.

Кез келген объектіден көшiрме алар алдында тышқанның нұсқағышына көңiл аударыңыз. Сол жақ батырманы басар алдында оның формасы сияқты болуы керек.

2.10. Регистрдi өзгерту

Сiз бас әрiптермен терiлген жазуды кiшi әрiптермен жазғыңыз келсiн делiк. Ол үшiн «Формат Регистр» командасын қолданыңыз. «Регистр» диалогтік терезесiнде келесi ұйғарымдар болады:

Как в предложениях. Барлық ерекшеленген сөйлемдер бас әрiптен басталады.

Нижний регистр. Ерекшеленген мәтiннiң барлық әрiптерi - кiшi әрiптер.

Верхний регистр. Ерекшеленген мәтiннiң барлық әрiптерi - бас әрiптер.

Начинать с Прописных. Ерекшеленген мәтiннiң әрбiр сөзi бас әрiптен басталады.

Изменить регистр. Бас әрiп кiшiге, ал кiшiсi бас әрiпке өзгередi.

2.11. Грамматиканы және емленi тексеру

Word-тың жаңалықтарының бiрi - мәтiндi терудiң процесiнде грамматиканы және емленi «кiдiрiссiз» тексеру қабiлетi болып табылады. Өкiнiшке орай ол қазақ сөздерiне жұмыс iстемейдi. Авторлардың емленi тексеретiн құралы бар. Егер сұраныс болса осы кiтапта көрсетiлген авторлардың телефондарына хабарласуға болады.

Грамматика мен емленiң автоматты тексеруiн iске қосу үшiн «Сервис Параметры» командасын таңдау керек.

1. Пайда болған «Параметры» диалогтік терезесiнде «Правописание» қыстырмасын шертiңiз.

2. «Автоматически проверять орфографию» және «Автоматически проверять грамматику» жалаушасын орнатыңыз және «OK» батырмасын шертiңiз.

3. Қате сөз қызыл толқынды сызықпен, ал Word-тың пiкiрi бойынша грамматикалық қатесi бар сөзтiркесi - жасыл сызықпен сызылады. Егер қателiктердiң саны көп болса, онда Word қателiктердiң көп екендiгiн ескертiп, тексеру мүмкiндiгiн тоқтатады. Мұндай жағдайдан кейiн Word басқа файлдарды да тексеруiн тоқтатады. Оны қайтадан iске қосу үшiн «Сервис Параметры Правописание» қыстырмасындағы «не выделять слова с ошибками» жалаушасын алып тастап «OK» батырмасын шертiңiз.

4. Асты сызылған сөздi жөндеу үшiн оны тышқанның оң батырмасымен шертiңiз. Қателiктi дұрыстаудың мүмкiн варианттары бар контексті меню пайда болады. Керек сөздi ұсынған тiзiмнен таңдаңыз.

5. «Добавить» ұйғарымы дұрыс сөз программаның сөздiгiнде болмаған жағдайларда қолданылады. Егер жаңа сөз қосылса, ол сөз барлық келесi құжаттар үшiн дұрыс болып есептелiнедi.

6. Егер сөзтiркесi жасыл сызықпен сызылса, контексті менюде қате деп табылған ереже пайда болады.

7. Жазудың қатесiн тексеруге Стандартты аспаптар панеліндегі«Правописание» батырмасын пайдалануға болады. Ол қате табылған жерге тоқтап, оны жөндеуге мүмкiндiк бере отырып тексередi. Бұл диалогтік терезесiнiң жоғарғы бөлiгiнде қате деп табылған сөздер қызыл түспен жазылып, төменгi бөлiкте ол қатенi жөндеуге кейбiр ұсыныстар енгiзiледi. Қатенi тiкелей жоғарғы бөлiкте жөндеуге немесе төменгi бөлiктегi ұсыныстың бiрiн қабылдауға болады. Одан кейiн осындай қателiктердiң бәрiн немесе жеке осы қателiктi жөндеуге келiсетiн перненi басып қатенi түзетудi жалғастыруға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]