Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать

Дәріс 8. Мәтіндік процессорлар

Негізгі мүмкіндіктері. Мәтінмен жұмыс істеу. Баспа жүйесімен жұмыс жасау. Макростар.

MS Word – мәтiндiк құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесiнiң қосымша бағдарламасы. Ол-мәтiндiк және графикалық ақпаратларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтiн редакторының бiрi.

Қазiргi компьютерлiк технологияда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла бередi. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтiндiк фрагменттер, кестелер, суреттер сияқылды неше түрлi объектiлердi байланыстыра отырып осы ортаға енгiзуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керектi баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал-макетiн толық жасауға дейiннi барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкiндiктерi де толық қамтылған. Мұнда құжаттар мен кестелердi көрiктi етiп, безендiруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, жазылып бiрден орындалатын iшкi макробағдарламалау тiлi, қарапайым графиктiк бейнелердi салатын аспаптар және т.с.с. жетiп артылады.

Miсrоsоft Word жұмыс терезесi

Меню жолы Аспаптар панелі Жатық сызғыш

Miсrоsоft Word процессорының жұмыс терезесiнің негiзгi басқару элементтерi: тақырып жолы, меню жолы, аспаптар панельдері, сызғыш, жұмыс өрiсi және индикаторлармен қоса күй жолы (строка состояния). Miсrоsоft Word 95-тен бастап аспаптардың панельдерін баптауға болады.

Бұл жұмыс ортасының ең алғашқы ерекшелiгi, мұнда СервисНастройка... командасы бойынша ашылатын Настройка терезесiнде «Отображать названия шрифтов тем же шрифтом» ауыстырып қосқышын iске қосқанда қаріптердiң таңдау терезесiндегi бейнесi жазылған кезiндегiдей көрiнедi.

1.3. Құжаттардың бейнеленуiнiң режiмдерi

Miсrоsоft Word-тың алтыншы версиясынан бастап құжаттарды бейнелеудiң бiрнеше режiмi бар.

Әдеттегi (Обычный) режiмде құжаттың тек қана мазмұны бейнеленедi, яғни баспа беттерге шығарылатын рәсімдеудiң элементтерi (колонтитулдар, колонцифрлар, сiлтемелер және тағы сол сияқтылар) бейнеленбейдi. Беттердi бөлу шекаралары үзiк-сызықшамен бейнеленедi. Бұл режiм құжатты форматтаудың бастапқы (мәтiннiң енгiзу, редакциялау, пiкiр беру) кезеңдерiнде ыңғайлы.

Web-құжат режiмiнде экрандық көрiнiс құжаттың баспа бейнесiмен дәл келмейдi. Яғни WYSIWYG қағидасы бұзылады, бiрақ электрондық құжаттың бейнесiн қандай құрылғы арқылы көретiнiмiз алдын ала белгiсiз болғандықтан, ол World Wide Web электрондық құжаттарына тән қасиет. Электрондық құжаттар үшiн баспа бет ұғымының мағынасы болмайды, сондықтан құжаттың беттерiне тағайындалған параметрлер ескерiлмейдi.

Таңбалау режiмiнде құжаттың экрандық бейнесi оның қағазға басып шығарғандағы бейнесiмен, тiптi тағайындалған параметрлерiне дейiн, айнымай толық сәйкес болады. Бұл көрiнiс баспаға басып шығаруға арналған құжаттардың мәтiнiн форматтау үшiн өте ыңғайлы.

Құрылым көрiнiсiнде құжат өзiнiң құрылымымен бiрге бейнеленедi. Бұл көрiнiс құжатты қалыптастыруды оның мазмұнының жоспарын жасаудан бастаған жағдайда пайдалы. Бұл көрiнiстi iске қосқанда аспаптар панелінде көмекшi Құрылым панелі автоматты түрде ашылады. Ол жақтау құжаттың құрылымын басқаруға мүмкiндiк бередi.

Құжаттың бейнесiнiң жоғарыда айтылған төрт көрiнiсiнiң бiрiн таңдау терезенiң сол жақ төменгi бұрышында орналасқан командалық батырмалар көмегiмен немесе Вид менюiнiң командаларымен орындалады.

Сонымен қатар Вид менюi арқылы арнайы Құжаттың cхемасы (бесiншi көрiнiс) көрiнiсiн iске қосуға болады. Бұл көрiнiсте программаның терезесiнiң жанында екi жұмыс панелі пайда болады. Сол жақ жақтауда құжаттың құрылымы ұсынылады, ал оң жақ жақтауда құжаттың өзi бейнеленедi. Бұл көрiнiсте таңбалау көрiнiсiнiң де және құрылым көрiнiсiнiң де жетiстiктерi бар болғандықтан, оны құжатты қалыптастыру кезеңiнде емес, көлемдi және күрделi құрылымды құжаттарды көру кезiнде қолдану ыңғайлы.

Құжатты алдын ала көру үшiн қолданылатын тағы да екi көрiнiс Файл менюiнде. Электрондық құжаттар үшiн «Файл Предварительный просмотр Web-страницы», ал баспаға шығарылатын құжаттар үшiн «Файл Предварительный просмотр» командалары қолданылады. Құрылған құжат бiрiншi жағдайда броузердiң терезесiнде Web-бет сияқты бейнеленедi (оның Miсrоsоft Internet Eхрlоrеr 5.0-шi броузер болғаны жөн). Екiншi жағдайда құжат арнайы терезеде бейнеленедi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]