Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать

Бiрнеше суреттердi топтау

Клипартпен жұмыс. Күрделi композициялар жасау қиындыққа әкелiп соғуы мүмкiн. Бұл жағдайда суреттердiң (клипарттардың) дайын жиынын қолданады. Ондай коллекцияларды жеке дара компакт-дисктерден, интернеттен табуға болады. Ал, негiз болатын қарапайым жиынды Word-пен бiрге орнатуға болады.

Клипарттарды орнату үшiн «Вставка Рисунок Картинки» командасын қолданады. Оған сәйкес батырма «Сурет салу» аспаптар панелінде да бар.

Клипарт терезесiде олардың негiзгi тақырыптары көрсетiлген белгiлер орналасқан. Қажет тақырыпты таңдап алып, оны тышқанмен шертсе, осы тақырыпқа сәйкес клипарттар ашылады.

Клипарттағы әр бейне үстiне тышқанның нұсқағышы барған кезде қалқып шығып оның ерекшеленгендiгiн бiлдiредi. Егер сәл кiдiрсе, онда сол клип туралы қысқаша мәлiмет қалқып шығады.

Барлық белгiлердiң де қалқымалы жазулары бар, олар төмендегiдей амалдарды орындайды:

1. Клиптi орнату. Клип галареясы жабылып, клип Word парағына орнатылады

2. Клиптi орындап көру. Бұл сурет болса үлкейтiлiп көрiнедi, ал музыка немесе фильм болса олар орындалады

3. Клиптi «Избранное» қапшығына қосу

Клипарттарды редакциялаудың әдеттегi ретi келесiдей:

 клипартты тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы ерекшелейдi;

 оның контексті менюiн тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы ашады;

 контексті менюде «Изменить рисунок» командасын таңдайды - редакциялаудың дара терезесi ашылады,

 бұл терезеде суреттi құрастыратын дара объектілермен жұмыс iстейдi

1.2. Бейнелер

Бейнелер құжатқа байланыстыру немесе ендiру бойынша орнатылады. Оларды орнатудың жалпы командасы – «Вставка Рисунок Ò Из файла». Бұл команда бойынша стандартты «Добавить рисунок» диалогтік терезесi ашылады. Осы терезеде қажеттi файлды таңдайды.

1.3. Орнатудың әдiстерiн таңдау.

Мiсгosoft Word процессорында бейненi құжатқа орнатудың үш әдiсi бар: ендiру арқылы, байланыстыру арқылы және байланыстыру және ендiру арқылы.

1. Бiрiншi жағдайда объект құжатқа кiредi және онымен бiрге тасымалдана алады.

2. Екiншi жағдайда ол өзiнiң сақтаулы тұрған орынында (түпдеректе) қалады, құжатқа тек қана оған нұсқағыш кiредi.

3. Үшiншi жағдайда объект әрi құжатқа кiредi, әрi түпнұсқасымен байланысын сақтайды. Бұл жағдай түпнұсқаны түзеткендегi өзгерiс құжатта тiкелей көрiнбеуi керек болған жағдайда пайдалы.

Орнатудың әдiсiн таңдау «Добавить рисунок» диалогтік терезесiнде орындалады. Оның оң жақ төменгi бұрышында үш мүмкiн әдiстiң («Вставка», «Связать с файлом», «Вставить и связать») бiрiн таңдауға арналған ашылатын тiзiм бар.

Орнатудың әдiсiн өзгерту. Егер орнату әдiсi ретiнде ендiру таңдап алынса, онда суретке ешқандай өзгерiс енгiзуге болмайды. Егер орнату кезiнде түпнұсқамен байланыс қолданылған болса, онда байланыстың әдiсiн өзгерту мүмкiндiгi болады. Ол үшiн түпнұсқамен байланысы бар объектіні ерекшелегеннен кейiн «Правка Связи» командасымен «Связи» диалогтік терезесiн ашып, қажеттi басқару элементтерiн орнатады.

Сонымен қатар «Связи» диалогтік терезесi келесi жағдайда қолданылады. Құжаттарда қолданылатын бейнелердi жеке графикалық файлдарда сақтауға болады. Мұндай бейнелердi басқа файлдарда қолдануға, өзгертуге ыңғайлы. Бұл өзгерiстер сiздiң құжаттарыңызда жедел көрсетiлу үшiн бейнелер мен құжаттардың арасында аралық байланыс орнату қажет. Ол үшiн бейненi орнату терезесiнде «Связать с файлом» жалаушасын iске қосады. Бұдан кейiн бейненiң файлы өзгертiлсе, онда құжаттағы бейненi жаңарту үшiн алдымен бейненi ерекшелеп алып, «Правка Связи» командасымен «Связи» терезесiн ашады, одан соң «Обновить» батырмасын шертедi. Байланысты үзу үшiн «Разорвать связь» батырмасын шерту керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]