Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать
    1. 9. Word-ты баптау

Word программасын баптаудың негiзгi функцияларын шақыру үшiн Word-тың «Сервис Настройка» және «Сервис Параметры» менюлерiнiң командалары қолданылады. «Сервис Настройка» командасы менюдiң түрiн және Word-тың аспаптар панелін өзгертуге мүмкiндiк бередi. Бұл команда бойынша баптаудың терезесi ашылады; мұнда менюдi және аспаптардың панелін редакциялауға болады.

Керектi команданың (мысалы «Редактор формул») белгiсiн тышқанның көмегiмен iлiп алып аспаптар панеліндегі керектi жерге апарып (бұл кезде орнататын жерде жуан таяқша пайда болуы керек) орнату керек.

«Панели инструментов» қыстырмасы Word-тың кез келген аспаптар панельдерін пердеге шығаруға және алып тастауға мүмкiндiк бередi. «Настройка» терезесiнiң «Команды» қыстырмасынан кез келген командаларды аспаптардың панеліне және менюлерге тышқанмен тасымалдауға болады. Бұдан басқа, «Настройка» терезесi ашық тұрған кезде аспаптар панельдерінің батырмаларын және менюдi бiр орыннан екiншi орынға тасымалдауға және көшiрiп алуға болады, менюдегi команданы аспаптар панеліне немесе керiсiнше тасымалдауға болады.

«Параметры» қыстырмасы аспаптардың панельдерінің батырмаларын iрi етуге, батырмаларға арналған анықтаманы бейнелеуге, анықтамаларға пернелердiң тiркесiн қосуға, ашылатын менюлердi бейнелеуде анимация эффектілерiн iске асыруға мүмкiндiк бередi. Бұл қыстырмада төменгi жолда «Клавиатура» батырмасы орналасқан. Егер оны бассақ «ыстық пернелердi» қалыптауға арналған терезе ашылады. Бұл терезенiң көмегiмен Word-тың кез келген командасына өзiңiзге ыңғайлы деп тапқан кез келген пернелер тiзбегiн бекiте аласыз. Сонымен қатар сiз өзiңiз жасаған программаларға да пернелер бекiте аласыз. Мұндайда Word-тың өзiнiң «шапшаң пернелерiн» қарап шыққан пайдалы. Өйткенi олар басқа ешқандай амал жоқ кезде де орындалады.

«Сервис Параметры» командасы арқылы ашылған терезенің кейбiр көп қолданылатын параметрлердi қарастырып өтейiк:

  • Помнить список из: «Файл» менюi арқылы қол жеткiзуге болатын соңғы редакцияланған құжаттардың саны: 2-9 файлға дейiн.

  • Единицы измерения: Word-пен жұмыс iстегенде өлшем бiрлiгiн таңдау: сантиметр, дюйм, пункт, пик.

  • «Правописание» қыстырмасы емле мен грамматиканы тексерудiң параметрлерiн баптауға арналған.

  • «Расположение» қыстырмасы жұмыс қапшықтарының адрестерiн анықтауға арналған.

Ескерте кететiн бiр жай Word-тың құжаттарын ашылатын құжатта автоматты орындалатын макропрограммалардың (ол макропрограммалар вирустар болуы ықтимал) әсерiнен қорғау Word-де ол “Общие” қыстырмасындағы “Защита от вирусов в макросах” жалаушасын қою арқылы атқарылады. Ал Word -тың одан кейінгі версияларында бұл жұмыс үшiн «Сервис Макросы Безопасность» командасы қарастырылған. Мұнда жоғары, орташа және төменгi дәрежедегi қорғау мүмкiншiлiктерi қарастырылған.

Дәріс 9. Кестелік процессор.

Негізгі ұғымдар. Кестелік процессордың функционалдық мүмкіндіктері. Электрондық кестеде жұмыс істеу технологиясы. Математикалық есептерді шығару. Матрицалармен жұмыс жасау. Графиктер тұрғызу және сызықты емес теңдеулерді шешу

Microsoft Excel – электрондық кесте, бұл кез-келген информацианың құрылымын реттеудiң, сипаттаудың және өңдеудiң арнайы моделi. Ол кестелiк есептеулердi орындауға, кестеде берiлген деректер негiзiнде әртүрлi диаграммаларды құруға, деректер базаларын құрып, олармен жұмыс iстеуге, сандық эксперименттер т.б. орындауға мүмкiндiк бередi.

Microsoft Excel iске қосу келесi жолдармен iске асырылады:

Iске қосу (Пуск) Бағдарламалар (Программы) Microsoft Excel

Microsoft Excel терезесi

Microsoft Excel терезесi Microsoft Word-та қарастырылған стандарты элементтерден тұрады. Excel-дi iске қосқаннан кейiн, экранға Excel терезесiмен қоса жұмыс кiтабы ашылады.

Жаңа ашылған кiтапқа «Книга1» атауы берiлiп, ол экранның жоғарғы жағынан орын алады. Файылға жаңа атау бергенде ескi атау өшiрiледi. «Книга1» атауы файлды сақтағанда жаңа атпен алмастырылады.

Жаңа кiтап ашу үшiн Құру батырмасын немесе Ctri+N пернелерiн бiрге басу қажет. Жаңа кiтапқа «Книга2» атауы берiлiп, келесiсiне «Книга3» және т.с.с. жалғасып кете бередi.

Microsoft Excel-дiң жоғарғы жолы тақырып қатары және басқару батырмаларынан тұрады;

Екiншi жол Excel-дiң меню қатары.

Экрандағы Microsoft Excel терезесiнiң 3 және 4-қатарлары – Стандартты және Форматтау құрал – саймандар панелiнен тұрады.

Стандартты құрал-саймандар панелi. Бұл панел батырмалары жиi қолданылады. Панел жаңа кiтап ашуға, сақтауға, баспаға шығаруға, өшiруге, көшiруге, орналастыруға, қосындыларды есептеуге, деректердi реттеуге мүмкiндiк бередi.

Пiшiмдеу құрал-саймандар панелi. Бұл панель батырмалары қарiптi таңдауға, мәтiндi туралауға, сандарды қарiптеуге, кестелердi безендiруге мүмкiндiк бередi.

Бесiншi қатарда – Формулалар қатары орналасқан. Мұнда ұяшық құрамын және формулаларды түзетуге болады. Оларды сонымен қатар ұяшықтың өзiнде- ақ түзете беруге болады.

Келесi қатардан бастап төменгi қатарға дейiн электронды кестенiң жұмыс парағы орналасқан. Кестенiң қатарларының және бағандардың өз белгiлерi бар. Бағаналар латын әрiптерiнен, ал қатарлар 65536-ға дейiнгi сандармен нөмiрленген.

Excel экранын баптау

Wort бағдарламасына ұқсас Excel бағдарламасы да экран нұсқауларын баптаудың бiрнеше түрiн қарастырған, ол үшiн келесi iс-әрекеттердi орындау қажет:

1. Егер жүмыс барысында келесi элементтер қолданылатын болса:

  • формула қатары;

  • жол күйi;

  • көлденең айналдыру жолағы;

  • тiк айналдыру жолағы;

  • парақ белгiшелерi;

  • жол және бағаналар тақырыптары;

  • тор, онда меню қатарынан Сервис Параметры командасын таңдап, Түр (Вид) салымындағы қажеттi бөлiмнiң қасына « √» белгiсiн қойыңыз:

Электрондық кестенiң негiзгi түсiнiктерi

Excel бағдарламасында әрбiр файл бiрнеше парақтардан тұратын кiтап болып табылады. Бұл құбылыс байланыстырылған кейбiр жерде сақтауға, қажет информацианы жылдам iздеуге мүмкiндiк бередi. Excel парақтарының қою әрiптерiмен жазылған таңбашалары бар. Excel жүктелгеннен кейiн экранға екпiндi болып «Лист1» шығады, келесi парақтарды екпiндi ету үшiн сiлтеменi таңбашаға апарып маустың сол жақ батырмасын басу қажет. Егер парақтың қажет таңбасы көрiнбей тұрса, онда таңбалардың сол жағында орналасқан сiлтеменi маустың сол жақ батырмасымен басып шығарылады.

Excel-де әрбiр параққа бағана мен жолдардан тұратын екi өлшемдi массив түрiндегi бiр электронды кестенi сақтауға болады. Excel-де бағаналар саны – 256 тең, ал жолдар саны – 65536. Әрбiр жол мен бағананың қиылысқан жерi ұяшық немесе тор көзi деп аталады. Оған деректер енгiзуге болады (текстер, сандар, формулалар). Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны 16777216 тең. Әрбiр ұяшыққа 32000 таңбаға дейiн енгiзуге болады.

Электрондық кестеде кестелiк мензер болады – ол ұяшықты ерекшелеп, екпiндi ұяшық екенiн көрсетедi. Меңзердi маус немесе пернелер тақтасы арқылы жылжытуға болады. Мензер орналасқан ұяшық екпiндi ұяшық деп аталады.

Бағаналар латын әрiптерi бойынша келесi тәртiппен реттелiп белгiленедi: A-Z,AA-AZ,BA-BZ,..., IV

Жолдар 1-ден 65536-дейiн нөмiрленедi.

Әрбiр ұяшықтың бiр-бiрiмен қайталанбайтын өзiндiк адресi болады. Ол адрес бағана әрпi және жол саны бойынша анықталады. Мысалы, А1-кестедегi бiрiншi ұяшық.

Ұяшықтар блогы немесе ауқымы

Жұмыс барысында бiр ұяшықпен немесе бiрнеше ұяшықтармен жұмыс iстеуге болады. Бiрнеше ерекшелендiрiлген ұяшықтар жиынын бөлiк немесе ауқым деп атайды. Ауқым адресi қосылып арасына қос нүкте қойылып бастапқы және сонғы ұяшық адресi жазылады.

Мысалы: А1-ден А11-ге дейiнгi ауқымды А1:А11 деп жазады.

Бағаналарды, жолдарды, блоктарды, кестелердi ерекшелендiру:

  1. Маус көмегiмен ерекшелендiру:

  • бағананы-бағана атауының әрiпiн маус көмегiмен шерту қажет (кестенiң жоғарғы қатары);

  • қатарды – қатардың реттiк нөмерiн шерту қажет (кестенiң сол жақ шеткi бағанасы);

  • бiрнеше бағананы – маусты басқаннан кейiн жiбермей тарту қажет;

  • блок-блоктың бастапқы ұяшығын бастап жiбермей маусты соңғы ұяшыққа дейiн тарту қажет;

  • жұмыс парағы – бағанамен қатардың қиылысу нүктесiн маус көмегiмен шерту қажет (кестенiң жоғарғы сол жақ бұрышы).

2) Пернелер тақтасының көмегiмен бөлiктердi ерекшелеу үшiн Shift пернесiн басып жiбермей, қажет бағыттағы бағыттауыш пернелерiн басу қажет, немесе F8 пернесiн басу арқылы ерекшелеу режимiн iске қосу мензердi жылжыту көмегiмен ерекшелендiрудi жүргiзуге болады.

Esc пернесi ерекшелеу режимiнен шығарады.

3) Бiрнеше аралас емес блокты ерекшелендiру үшiн:

  • 1-шi ұяшықты белгiлеп немесе ұяшықтар жиынын белгiлеу қажет;

  • Ctrl пернесiн басып жiбермей басу қажет;

  • Ctrl пернесiн жiберу керек.

Ерекшелеудi алып тастау үшiн, маус сiлтемесiн жұмыс парағының бос жерiне апарып басу қажет.

Кестелердi түзетудiң негiзгi әрекеттерi

Қатар биiктiгiн және бағана енiн өзгерту.

Бұл әрекеттердi маус немесе меню көмегiмен орындауға болады. Маусты қолданғанда бағаналар енiн өзгерту үшiн оны бағаналар атауларын бөлiп тұрған түзуге апару қажет. Көрсеткiш қос бағытталған қара жол түрiне келедi. Бұдан соң маустың сол жақ батырмасын басып тұрып қатарды немесе бағананы кеңейтуге /қысуға/ болады, ал егер осы жерде маус батырмасы 2-рет шертiлсе, бағана енi және қатардың биiктiгi автоматты түрде орнатылады.

Ұяшықтағы деректердi түзету

Деректердi ұяшыққа енгiзу барысында немесе енгiзiлгеннен кейiн де түзетуге болады.

Егер деректердi ұяшыққа енгiзу барысында қате кетсе, онда қатенi BackSpace немесе Delete пернелерiн басып өшiру арқылы түзетуге болады. BackSpace таңбаларды оңнан солға қарай, ал Delete оң жақта орналасқан таңбаларды өшiретiнiн бiлемiз.

Ұяшыққа енгiзiлген деректердi түзету үшiн сiлтеменi қажет ұяшыққа орналастырып, F2 пернесi немесе формулалық қатарға маус көмегiмен шертедi. Қажеттi түзету жұмыстары жүргiзiлiп, Enter пернесi басылады.

Қатарлар, бағаналар және бөлiктермен амалдар жасау

Бөлiктердi тазартудың, өшiрудiң, көшiрудiң және ығыстырудың бiрнеше әдiстерi бар. Үзiндiлермен жұмыс iстеу үшiн оны алдымен ерекшелендiру қажет:

  • стандартты құрал- саймандар панелiнiң көмегiмен (қию, көшiру, орналастыру);

  • командалар көмегiмен: қию, көшiру, қою, өшiру, тазарту, толтыру «Түзету» меню жүйесiнде орналасқан;

  • маус көмегiмен;

  • контекстiк тәуелдi меню көмегiмен.

  • Тәуелдi контекстiк тәуелдi меню көмегiмен жұмыс iстеу үшiн ерекшелендiрiлген бөлiкке маус сiлтемесiн апарып он жақ пернесiн басу қажет. Пайда болған менюде қажеттi командалар орналасқан.

Ығыстыру. Деректердi ығыстыру кезiнде, ненiң қайда ығысу керектiгiн көрсету қажет. Маус көмегiмен ығыстыру үшiн, алдымен қажет үзiндiнi ерекшелендiрiп алып, содан маус сiлтемесiн бөлiк немесе ұяшық қоршауына апарып, сол жақ пернесiн басып жiбермей, қажет орынға ығыстыру қажет.

Көшiру. Көшiру барысында түп нұсқа өз орнында қалып, ал көшiрмесi көрсетiлген жерге орналасады. Маус көмегiмен көшiру, ығыстыру амалы бойынша бiрдей орындалады, бiрақ Ctrl пернесiн бiрге басу қажет.

Толтыру. Толтыру барысында бастапқы ұяшықтағы немесе бөлiктегi бiр iс-әрекет бiрнеше рет қайталанады. Толтыру төмен немесе оңға қарай орындалады.

Маус көмегiмен толтыру ығыстыру iс-әрекетiмен бiрдей орындалады, бiрақ мензер бөлiктiң төменгi оң жақ бұрышына бағытталуы қажет. Бұл сәтте меңзер қара түстi қосу пiшiмiн қабылдайды.

Егер маркер жоқ болса онда келесi iс-әрекеттi орындау қажет: Меню көмегiмен: Сервис - Параметрлер - Түзету - Ығыстыру - ОК.

Өшiру және тазарту. Егер сандарды, мәтiндi, формулаларды өшiру қажет болса, онда Del пернесiн қолдану қажет.

Ұяшықты немесе үзiндi тазарту үшiн, оны ерекшелендiрiп Тұзету менюiндегi Тазарту бұйрығын қолданамыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]