Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать

2.3. Құжатты сақтау

Құжатты бiрiншi рет сақтау кезiнде ат қою үшiн, «Файл Сохранить как...» командасын пайдалану керек. Программа сiз қойған атқа қосымша «Doc» жұрнағын бередi. Ал, «Файл Cохранить» командасы бұрыннан бар құжатты сол атпен қайта сақтауға мүмкiндiк бередi.

Құжатты сақтау үшiн келесi амалдарды орындаңыз:

1. «Файл Сохранить как...» командасын таңдаңыз. «Сохранение документа» диалогтік терезесi пайда болады. Құжатты осы тiзiмде көрсетiлмеген кез келген қапшыққа сақтау үшiн «Папка» өрiсiнiң оң жағындағы ашатын батырманы басып, қажеттi қапшықты iздестiру керек.

2. Диск, қапшық және файлдың түрiн таңдаңыз.

3. «Имя файла» өрiсiнде файлдың атын енгiзiңiз немесе Word-тың үндемеу бойынша берген атын қалдырыңыз.

4. «Сохранить» батырмасын басыңыз.

2.4. Құжатты ашу

Сақталған құжат ашылу үшiн:

1. «Файл Открыть» командасын таңдаңыз немесе <Ctrl+O> пернесiн басыңыз, немесе Стандартты аспаптар панелінің «Открыть» батырмасында шертiңiз.

2. «Открытие документа» диалогтік терезесiнде ашқалы отырған файлды таңдаңыз да, «Открыть» батырмасын шертiңiз немесе тышқанның сол жақ батырмасын екi рет жылдам темппен шертiңiз. Егер құжат «Открытие документа» диалогтік терезесiнде бiрден көрiнбесе, онда диск, қапшық және файлдың түрiн өзгертiңiз.

    1. Мәтiндi енгiзудiң арнайы құралдары

Мәтiндi пернетақтаның пернелерiн пайдаланып енгiзудi және редакциялауды жоғарыда қарастырдық. Бұл бөлiмде Miсrоsоft Word мәтiндiк процессорының мәтiндi енгiзудi автоматтандыруға мүмкiндiк беретiн ерекшелiктерiне тоқтаймыз.

2.5.1. Iс-әрекеттердi орындатпау және керi қайтару құралдары.

Мәтiндi енгiзу, редакциялау және форматтау амалдарының барлығы мәтiндiк процессормен хаттамаланып отырады, сондықтан соңғы амалдардың бiрнешеуiн жою мүмкiндiгi бар. Соңғы амал <CТRL+Z> пернелер комбинациясымен жойылады. Басқа ұқсас құралдар – Стандартты аспаптар панеліндегі «Отменить действие» батырмасы және «Правка Отменить действие» командасы.

Бiраз амалдарды жойғаннан кейiн жою алдында болған күйге қайта оралу мүмкiндiгi де бар. Ол үшiн «Правка Вернуть действие» командасын немесе Стандартты аспаптардың панелінде «Вернуть действие» батырмасын қолданады.

Кеңейтiлген алмастыру буферi.

Құжатты әртүрлi түпдеректен алынған мәтiннiң үзiндiлерiнен қалыптастыру кезiнде Miсrоsоft Word -тың кеңейтiлген алмастыру буферiн пайдаланған ыңғайлы. Алмастыру буферi - мәлiметтi уақытша сақтауға арналған жадтың бөлiгi. Қажеттi басқару элементтерi Алмастыру буферiнiң аспаптар панелінде (Вид Панель инструментов Буфер обмена).

Алмастыру буферiнiң аспаптар панелінде деректердi сақтауға арналған әрқайсысы төрт ұяшықтан тұратын үш қатар (кезектi қатар тек қана алдыңғы қатар толтырылған кезде ашылады) болады. Ұяшықтың мазмұны туралы ұяшыққа тышқанның нұсқағышын апарған кезде бейнеленетiн қалқымалы анықтама бойынша бiлуге болады. Кеңейтiлген алмастыру буферi толған кезде ұяшықтар төмен жылжиды, кезектi элемент соңғы ұяшыққа түседi, бiрiншi ұяшықтың iшiндегiсi жойылады.

2.5.3. Тезаурусты қолдану.

Тезаурус дегенiмiз мағыналы синонимдердiң сөздiгi. Техникалық құжаттарды даярлау кезiнде қолданылатын етiстiктердiң мағыналы синонимдерi ерекше роль атқарады. Ерекшеленген сөз үшiн тезаурусты контексті менюдiң Синонимы пунктiнен шақыру ыңғайлы. Бiрақ бұл әдiс барлық сөздер үшiн (көбiнесе тұйық етiстiктер үшiн) жұмыс iстемейдi. Тезаурусты шақырудың жалпы әдiсi «Сервис Язык Тезаурус» командасын қолдану. «Сервис Язык Выбрать язык» командасын орындап, өкiнiшке орай, әлi қазақ сөздерi үшiн тезаурус iстелмегендiгiн көремiз.

Тезаурус терезесiнiң екi панелі болады. Оның қызығарлық ерекшелiгi мынада: сол жақ жақтауда ерекшеленген сөздiң синонимы бейнеленген уақытта оң жақ жақтауда таңдалған синонимге лайықты синонимдар бейнеленiп тұрады, басқаша айтқанда синонимнің iздестiрiлуi екi деңгейлi болып табылады. Алмастыратын синонимді оң жақ жақтаудан да, сол жақ жақтаудан да таңдауға болады. Алмастыру «Заменить» командалық батырманы шертумен iске асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]