Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать

2.6. Құжат бойынша орын ауыстыру

Меңзердi құжаттың кез келген жерiне орнату үшiн сол жерге тышқанмен шерту жеткiлiктi.

Құжат бойынша орын ауыстыру үшiн меңзерді басқару пернелерiн және арнайы пернелердi пайдалануға болады.

Тез орын ауыстыру үшiн төмендегi пернелердi пайдаланған жөн:

<Home> - жолдың басына

<Еnd >- жолдың соңына

<PgUp> - бiр бетке кейiн қарай;

<PgDn > - бiр бетке алға қарай;

<Ctrl+ Home > - мәтiннiң басына

<Ctrl+ Еnd > - мәтiннiң соңына

<Ctrl+ > - келесi сөздiң басына

<Ctrl+ > - алдыңғы сөздiң басына

<Ctrl+ > - келесi абзацтың басына

<Ctrl+ > - алдыңғы абзацтың басына

Егер құжаттың белгiлi бiр бетiне өту керек болса, <F5> пернесiн басыңыз немесе «Правка Перейти» командасын орындаңыз. Пайда болған диалогтік терезесiнде беттiң нөмiрiн енгiзiңiз.

Үлкен құжаттарды өңдеген кезде кейбiр жерлерге арнайы белгi салып, керек уақытта сол белгiлерге қайтып оралуға болады. Белгi салу үшiн «Вставка Закладка» командасын орындап, ашылған терезеде белгiнiң атын енгiзу жеткiлiктi. Ал ол белгiге бару үшiн «Правка Найти Перейти Закладка Перейти» командасын орындап, ашылған терезеде белгiнiң атын көрсетiп «Перейти» батырмасын басу керек.

«Правка Найти» терезесiнде бұдан басқа кез келген символды, әрiптер тiзбегiн, абзацты, беттi, суреттi, түстi, бояуды тағы басқа кез келген Word объектiсiн iздеп табуға болады. Сонымен қатар кез келген символдар тiзбегiн басқа тiзбекке алмастыру мүмкiншiлiгi де қарастырылған.

2.7. Мәтiндi ерекшелеу

Егер <CTRL> пернесiн басып отырып тышқанмен басқа объектiні шертсек немесе <Shift>, <CTRL> пернесiн басып отырып нұсқағышты бассақ, онда бұрынғы ерекшеленгендерге басқа объетілер қосылады. Мұндайда ерекшеленген бөлiктiң асты басқа түске боялады. Оны фрагмент (үзiндi) деп атайды. Егер <Shift>-тi ұстап тұрып жоғарыда айтылған әдiстердiң кез келгенiмен орын ауыстырсақ, онда меңзер тұрған жерден бастап орын ауыстырған аралықтағы фрагмент ерекшеленедi. Төменде тышқанның көмегiмен ерекшелеудiң оңай жолдары көрсетiлген:

Сөздi ерекшелеу – оны тышқанмен екi шерту;

Кестенiң бағанын ерекшелеу - бағанның үстiне тышқанның нұсқағышын апарып бiр шерту

Қатарды ерекшелеу - қатардың басына тышқанның нұсқағышын апарып бiр шерту;

Сөйлемдi ерекшелеу - <Ctrl> пернесiн басып тұрып керектi сөйлемдi шерту.

Абзацты ерекшелеу – оны тышқанмен үш рет шерту.

Құжатты түгелдей ерекшелеу - <Ctrl+А> пернелерiн бiрге басу немесе «ПравкаВыделить все» командасын орындау.

Бұларға қосымша тышқанның сол жақ пернесiн басып отырып орын ауыстыру арқылы кез келген үзiндiнi ерекшелеуге болатынын айта кеткен жөн. Егер ерекшеленетiн үзiндiнiң бiр бөлiгi терезеден тысқары жатқан болса, онда керектi межеге жеткенше тышқанның нұсқағышын сол бағыттағы қапталда ұстап тұру керек.

2.8. Мәтiндi жою, орнын ауыстыру және көшiрмесiн алу

Меңзердің сол жағында орналасқан объектіні «Bаckspace» пернесiнiң көмегiмен, оң жағындағы объектіні «Delete» пернесiнiң көмегiмен жоюға болатындығы айтылды.

Сонымен бiрге «Правка Очистить» командасын таңдауға да болады. Бұл команда тура «Delete» пернесi сияқты ерекшеленген мәтiндi алып тастайды.

Тура осылайша «Правка Вырезать» командасын немесе <Ctrl+Х> пернелер комбинациясын, сонымен бiрге Стандартты аспаптар панелінің «Вырезать (Кесiп алу)» батырмасын қолдануға болады. Бұл команда ерекшеленген мәтiндi Windows-тың алмастыру буферiне орналастырады.

Кесiп алған мәтiндi орналастыру үшiн бұл мәтiндi орналастыратын жерге меңзерді орнатыңыз және «Правка Вставить» командасын немесе <Ctrl+V> пернелер комбинациясын таңдаңыз, немесе Стандартты аспаптар панелінің «Вставить» батырмасын шертiңiз. Мәтiн меңзердің орнында пайда болады. Сiз бұл мәтiндi қанша керек болса, сонша рет құжаттың әр жерiне орналастыра аласыз.

Мәтiннiң көшiрмесiн алу үшiн оны ерекшелеңiз, ал содан соң «Правка Копировать» командасын орындаңыз немесе <Ctrl+C> басыңыз, немесе Стандартты аспаптар панелінің «Копировать» батырмасын шертiңiз. Программа көшiрменi алмастыру буферiнде орналастырады. Ендi оны «Правка Вставить» командасымен керек орынға орналастыра аласыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]