Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать

4.6. Тақырып

Бұл құралды iске қосу үшiн «Формат Тема» командасын орындау қажет. Бұл Miсrоsоft Word мәтiндiк процессорының құжатты автоматты рәсімдеуге арналған арнайы құралы. Ол ең алдымен электрондық құжаттарға арналған.

Тақырып қолдануға арналған диалогтік терезесi

Тақырып - рәсімдеудiң келесi элементтерiнiң жиыны:

  • фонның түсi және өрнегi;

  • мәтiннiң рәсiмделу стильдерi;

  • таңбаланған тiзiмдердi рәсімдеудiң стилi;

  • рәсімдеудiң графикалық элементтерiнiң стилi.

Оның шаблоннан айырмашылығы – тақырыпта автомәтiннiң элементтерi, баптау аспаптар панелі, макростар, менюлердi баптау және пернелердiң қолданылымы жоқ. Тақырып түстердiң, қаріптердiң және графикалық объектілердiң көмегiмен құжаттың сыртқы бейнесiн анықтайды. Құжатқа кез келген тақырып қолданылғанда, келесi элементтер автоматты түрде бапталады: фонның түсi немесе фондық сурет, негiзгi мәтiннiң және тақырыптың стильдерi, гиперсiлтеменiң түстерi, кестенiң шекараларының түстерi.

Тақырыпты көрудiң облысы беттiң рәсiмделу элементтерiнiң әр тақырыпқа сәйкес үлгiлерiмен танысуға мүмкiндiк бередi.

Тақырыпты қолдану үшiн «Выберите тему» тiзiмiндегi тақырыпты таңдаңыз. Көру терезесiндегi жазылу ерекшелiгi сiзге ұнаса, «ОК» батырмасын басу арқылы осы тақырыпты ағымдағы құжатқа енгiзуге болады. Бұл тақырыптың стильдерi тек қана осы құжатқа әсер етедi, ал басқа құжаттар немесе Word-тың өзi өз стильдерiнде қала бередi.

Word-ты орнатқан кезде қатты дискіге оншақты тақырыптар жазылады. Ал, қолдану кезiнде басқалары керек болса, онда ол қосымша ретiнде қойылады.

4.7. Мазмұндар және нұсқағыштар

Word құжатқа оның мазмұнын (тақырыптар тiзiмiн) автоматты түрде құруға және орналастыруға мүмкiндiк бередi. Мазмұнды орналастыру үшiн құжаттың мазмұн жазылатын жерiне меңзерді орналастырып, одан соң «Вставка Оглавление и указатели» командасын беру керек. «Оглавление и указатели» терезесi пайда болады, «Оглавление» қыстырмасын ашу керек.

Үндемеу бойынша мазмұн тақырыптардан құрастырылады, басқаша айтқанда, «Заголовок 1» стилiмен рәсiмделген абзацтардан. Тақырыптардың деңгейлерi мазмұнның параметрлерiнiң терезесiнде «Уровни» өрісі арқылы берiледi. Сіздің құжатыңызда тақырыптарды қанша деңгейде (мысалы, Заголовок 1, Заголовок 2, Заголовок 3 бойынша үш деңгейде) рәсімдесеңіз, «Уровни» өрісінде 3 санын қоясыз. Word құжаттың тақырыптар тізімін (мазмұнын) осы көрсетілген деңгейлер бойынша қалыптастырады. Әр тақырыптың қай бетте орналасқаны көрсетіледі. Осыдан кейін құжаттың кез келген бөлiгiне өту үшiн мазмұндағы оның бетiнiң нөмiрiн шерту жеткiлiктi.

Құжаттың мазмұнын автоматты түрде құруға арналған диалогтік терезесi

Мәтiндi әрi қарай редакциялаудың барысында жаңа тақырыптар пайда болуы және бұрынғы тақырыптың кейбiрi жоғалуы ықтимал.

Бұрыннан бар мазмұнды жаңарту үшiн сол мазмұнда тышқанның оң батырмасын шерту және контексті менюден «Обновить поле» командасын таңдау керек.

Күрделi мәтiндiк құжаттарды қалыптастыру

Бiз алдыңғы тарауда Miсrоsоft Word мәтiндiк процессорының құралдарымен қарапайым мәтiндiк құжаттарды қалыптастырудың әдiстерiн қарастырдық. Бұл құжаттарды шартты түрде қарапайым категориясына жатқыздық, себебi оларда құрамдас объектілер болған жоқ. Сәйкесiнше, бiз мәтiн мен құрамдас объектілердiң өзара әрекеттестiгiн қарастырмадық.

Бұл тарауға рәсімдеудiң арнайы элементтерi және мәтiннен басқа құрамдас объектілерi (формула, кесте, диаграмма, көркем тақырыптар, нүктелiк (растрлық) және векторлық бейнекөрiнiстер, сонымен бiрге мультимедиа объектілерi) болатын күрделi мәтiндiк құжаттарды қалыптастырудың әдiстерiн қарастырамыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]