Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать
    1. 3. Құжатты форматтау (пішімдеу)

Word-та құжатты форматтау Формат (Пішім) менюiнiң (немесе Форматтау панелінің) құралдары арқылы iске асырылады. Форматтаудың әртүрлi деңгейлерi қалыптастырылған:

 форматтаудың ең кiшi деңгейi – символды форматтау

 келесi деңгейi – абзацты форматтау

 одан кейiнгi деңгейi - құжаттың бетiн форматтау.

3.1. Символды форматтау

Символды форматтау – оның экрандағы және қағазға басып шығарғандағы түрiн анықтайды. Форматтаудың ең жылдам тәсiлi – Форматтау аспаптар панелінің батырмаларын пайдалану. Осы жақтауда форматтау үшiн ең жиi қолданылатын әрiптiң гарнитурасын, өлшемiн (размер) және кескiнiн (начертание) таңдап алуға арналған батырмалар орналасқан.

Егер форматтаудың бiрнеше параметрiн бiрден өзгерту керек болса, онда «Формат Шрифт» командасы пайдаланылады. Бұл команда орындалғанда Шрифт диалогтік терезесi пайда болады. Сол терезеде Шрифт, Интервал, Анимация қыстырмаларын шертсеңiз, символдың параметрлерiн өзгертудiң мүмкiндiктерiн аласыз.

Символды форматтаудың элементiн қолдану үшiн немесе қайта алып тастау үшiн мәтiндiк фрагменттi ерекшелейдi. Одан соңФорматтау аспаптар панелінің батырмалары арқылы немесе «Формат–Шрифт» командасы арқылы ерекшеленген мәтiндi форматтайды.

Қаріптiң гарнитурларын таңдау кезiнде келесi жағдайларды ескеру керек:

  • Қаріптiң гарнитураларын таңдау мәтiннiң ерекшеленген үзiндiсiне ғана әсер етедi. Егер бiр де бiр үзiндi ерекшеленбесе, ол кезектi гарнитураны өзгерткенге дейiн барлық енгiзiлетiн мәтiнге әсер етедi.

  • Miсrоsоft Word мәтiндiк процессорларының ерекшелiгi - олар (UNICODE ) көп тiлдi қаріптiк жиындармен жұмыс iстеуге бейiмделген.

  • Қазақ әрiптерiмен жазу үшiн әрбiр компьютерге керектi драйвердi орнату керек. Басқа компьютерде жазылған мәтiндi оқу немесе баспаға шығару үшiн компьютерге мәтiнде қолданылған қаріптi орнатса жеткiлiктi.

3.2. Абзацты форматтау

Мәтiннiң негiзгi мағыналық бiрлiгi абзац. Абзац деп Word-та абзацтың соңы таңбаларының (маркерлерiнiң) арасында орналасқан кез келген көлемдi мәтiндi айтады. Абзацтың маркерi – ол Стандартты аспаптар панелінде орналасқан «Непечатаемые знаки» «¶» батырмасын басқанда пайда болатын және осы батырманың суретiндей символ.

Форматтау амалдары және теңестiру командалары абзацтың сыртқы бейнесiн өзгерту үшiн қолданылады. Абзацтың теңестiрiлуi - абзацтың мәтiнiн берiлген ережелерге сәйкес орналастыру. Көбiнесе мәтiннiң енi бойынша теңестiрiлуi туралы сөз жиiрек болады, яғни беттiң оң және сол өрiстерiнiң аралығында орналасқан жерi туралы.

Сол жақ шетi бойынша теңестiру кезiнде абзацтың барлық жолдары бiр нүктеден басталады, яғни абзацтың сол жағы тiк сызық бойымен орналасады.

Оң жақ шетi бойынша теңестiру кезiнде абзацтың оң жағы туралы да осыны айта аламыз.

Енi бойынша теңестiру кезiнде абзацтың оң жағы да, сол жағы да бiрдей тiк болады.

Центр бойынша теңестiру кезiнде жол парақтың ортасы арқылы өтетiн тiк сызық бойынша симметриялы орналасады. Бұлай теңестiру көбiне тақырыптар үшiн қолданылады.

Кiтаптар, журналдар және де басқа баспа құжаттары енi бойынша теңестiрiлу арқылы қалыптастырылады.

Теңестiрiлу Форматтау аспаптар панеліндегі сәйкес батырманы (По левому краю, По центру, По правому краю, По ширине) таңдау арқылы iске асырылады.

Ендi абзацты теңестiрудiң тәсiлдерiн қарастырайық:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]