Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать

1.4. Меню жолының командаларымен жұмыс әдiстерi

Miсrоsоft Word мәтiндiк процессорының меню жолы программаның барлық функционалдық мүмкiндiктерiне қол жеткiзедi.

Меню жолынан ашылатын менюлер Word-тың кеңейтiлген мүмкiндiктерiн бейнелейтiндiктен, онымен жұмыс iстеу ыңғайлы болу үшiн менюдiң командалары екi кезеңде ашылады. Бiрiншi кезеңде командалардың қысқартылған тiзiмi, егер онда қажеттi басқару элементтерi жоқ болса, тышқанның нұсқағышымен ашу белгiсiн шерту арқылы кеңейтiлген пiшiн ашылады.

2.1. Құжатты қалыптастыру

Word мәтiндiк процессорында жаңа құжатты қалыптастырудың екi әдiсiн қолданылу қабылдалған: дайын шаблонның негiзiне және бұрыннан бар құжаттың негiзiнде. Екiншi әдiс оңай, бiрақ бiрiншi әдiс әдiстемелiк жағынан көбiрек қолданылады.

Бұрыннан бар құжаттың негiзiнде жаңа құжат қалыптастыру кезiнде дайын құжатты ашады (Файл Открыть), одан соң оны басқаша атпен сақтайды (Файл Сохранить как…), содан соң оның мазмұнын түгелдей (Правка Выделить все) ерекшелейдi және пернетақтада DELETE пернесiн басып жояды. Осы iстердiң нәтижесiнде меншiктi аты және бастапқы құжатта қабылданған барлық баптау параметрлерi бар бос құжат пайда болады.

Дайын шаблонның негiзiнде құжатты қалыптастыру төмендегiше орындалады.

«Файл Создать» командасымен файлды қалыптастыруға арналған диалогтіктік терезесiн ашады, сол терезеде «Создать», «документ» ауыстырып қосқышын iске қосады және форматты таңдайды. Егер ешқандай шарттар жоқ болса, “Общие” қыстырмасындағы “Обычный” форматын таңдау керек. Құрылған құжат үндемеу бойынша “Документ1” атымен аталады. Оны бiрден «Файл Сохранить как…» командасын орындап, ашылған «Сохранение документа» терезесiнде қапшықты таңдап, басқа «дұрыс» атпен сақтаған жөн. Miсrоsоft Word мәтiндiк процессорының «Сохранение документа (құжатты сақтау)» диалогтік терезесiнiң бұрыннан белгiлi стандартты қосымшалардың терезесiнен айырмашылығы бар. Ол құжатты «Мои документы» қапшығына ғана емес, кейбiр басқа қапшықтарға да сақтауға мүмкiндiк бередi.

«Сохранение (Сақтау)» терезесiнiң сол бөлiгiнде жылдам таңдауға мүмкiндiк беретiн бес батырма болады:

Журнал - логикалық бума. Егер құжатты соңғы кезде пайдаланылған қапшықтардың бiрiнде сақтау керек болса, онда осы қапшық өте ыңғайлы құрал.

Мои документы - Windows операциялық жүйелерiнде құжаттарды сақтауға арналған дәстүрлi қапшық.

Жұмыс үстелi - құжаттарды сақтауға шамалы ыңғайлы орын, себебi жұмыс столы «таза» болғаны дұрыс. Бiрақ құжат өте жиi қолданылатын болса, онда Жұмыс үстелiнде сақтауға болады.

Избранное Web-беттерiн сақтайтын қолданушының ерекше логикалық бумасы. Оны мәтiндiк құжаттарды сақтауда қолданбаған дұрыс, ал құжаттарды ашуға қолдануға болады.

Web-қапшықтар Web-құрылымында сақталатын ерекше қапшықтар, мысалы, World Wide Web-те. Жалпы жағдайда Web-қапшықтарды қолдану кезiнде құжат жергiлiктi компьютерде емес, алыстағы Web-серверде сақталады.

2.2. Мәтiндi енгiзу және редакциялау

Мәтiндi енгiзу әрiптердi пернетақтадан теру арқылы iске асырылады. Ағымдағы құжаттың терезесiне жыпылықтайтын тiк сызық - меңзер әрқашан болады. Енгiзiлетiн символдар меңзердің орналасқан жерiнде пайда болады. Меңзер енгiзу кезiнде оңға жылжып отырады. Мәтiн жолдың ақырына дейiнгi кризистiк қашықтыққа (оң өрiс) жақындағанда, соңғы сөз жаңа жолға тасымалданады. Сондықтан енгiзуге арналған <Еntеr> пернесiн басудың қажеттiлiгi жоқ. Оны жаңа абзац немесе бос жол жасау үшiн ғана басады.

Абзацтың таңбалағышы ( Маркер абзаца )- мәтiннiң <Еntеr> пернесi басылған жерге орналасатын арнайы басылмайтын символ. Ол символдың бейнесiн ¶ Стандартты аспаптар панелінің «Непечатаемые знаки» батырмасын шертiп көре аласыз. Ал, одан соң оны қайтадан жасыру үшiн бұл батырмаға тағы да бiр шертiңiз.

Мәтiндi теру кезiнде келесi тәсiлдердi қолданған пайдалы:

1. Егер мәтiндi теру кезiнде жаңылсаңыз, <Backspace> пернесiн басыңыз, ол меңзердің сол жағындағы символдарды жояды.

2. Меңзердің оң жағындағы символдарды жою үшiн <Delete> пернесiн пайдаланыңыз.

3. Енгiзiлген мәтiндi қайталау үшiн «Правка Повторить ввод» командасын қолданыңыз немесе <F4> пернесiн басыңыз.

4. Осы қазiр ғана енгiзiлген мәтiндi жою үшiн «Правка Отменить ввод» командасын орындаңыз немесе <Alt+Backspace> басыңыз.

5. Жаңа жолды абзацтың таңбалағышын орнатпай бастағыңыз келсе, <Shift+Еntеr> пернелерiн бiр мезгiлде басыңыз. Программа жолдың үзiлу символын салады.

6. Символдардың орнату және алмастыру режiмдерiн пайдаланыңыз: Орнату режiмiнде енгiзiлетiн мәтiн бұрыннан бар мәтiндi «жылжытады», ал алмастыру режiмiнде жаңа символ енгiзу нүктесiнде тұрған бұрыннан бар символды жылжытпай, оның орнына түседi. Орнату режiмiн мәтiндiк құжаттардың негiзгi блоктарын қалыптастыру кезiнде, ал алмастыру режiмiн стандартты формалар және стандартты элементтердi редакциялау кезiнде (колонтитулдарды, хаттардағы, бланктердегi реквизиттiк элементтердi) қолданады.

Алмастыру режiмiне өту үшiн программаның терезесiнiң күй жолында «Зам» индикаторын екi рет шертедi. Бұл режiмнен шығу үшiн «Зам» индикаторын тағы да екi рет шертiңiз. Сонымен, бұл индикаторды екi рет шерту режiмдердi ауыстырып қосуға мүмкiндiк бередi.

Режiмдердi баптау «Параметрлер» диалогтік терезесiнiң «Правка» қыстырмасында орындалады («Сервис Параметры Правка»).

Егер осы терезеде «Режiм замены» жалаушасы және «Использовать клавишу INS для вставки» жалаушасы орнатылған болса, онда түзетулер алмастыру режiмiнде орындалады. Егер бұл екi жалауша алып тасталынса, онда режiмдi <INSERT> пернесiнiң көмегiмен де таңдауға болады. Егер «Режiм замены» жалаушасы алынып тасталынса, ал «Использовать клавишу INS для вставки» жалаушасы орнатылса, онда түзетулер орнату режiмiнде iске асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]