Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать
    1. 5. Мәнерлi мәтiн

Мәнерлi мәтiн WordArt құрған графикалық объект. Оның көмегiмен мәтiндiк эффекттердiң көптеген мүмкiндiктерiн iске асыруға болады. WordArt мәнерлi мәтiндi рәсімдеудiң дайын үлгiлерiнiң бiрiн таңдауды ұсынады.

Суретте көрсетiлген үлгiлердiң бiрiн таңдап «ОК» батырмасын бассақ, мәтiннiң сөздерiн жазатын терезе ашылады.

Керектi жазуды енгiзiп, «ОК» батырмасын бассақ түзу сызықтың бойымен жазылған жазу пайда болады. Ендi оны әртүрлi бейнеде көркемдеп жазуға болады. Ол үшiн WordArt аспаптар панелін ашып ондағы құралдарды пайдаланамыз. «Форма WordArt» құралының аспаптары көрсетiлген.

Ескерту! Егер жазулар бiрнеше үзiктен түратын болса, онда аспаптар панеліндегі «Изменить текст» батырмасын басып немесе мәнерлi мәтiндi екi шертiп терезенi қайта ашып, үзiлетiн жерде <ENTER> пернесiн басу керек.

Жазылған жазудың мөлшерiн кез келген сурет сияқты жиектерiнде орналасқан түйiндердi жылжыта отырып керектi мөлшерге дейiн кез келген бағытта ұзартып-қысқартуға болады.

WordArt-тың суреттерiн кез келген бағытта бұруға болады. Ол үшiн аспаптар панеліндегі «Свободное вращение» батырмасын басып, дөңгелек бағыттағыш түрiндегi нұсқағышты пайда болған төрт жасыл нүктелердiң бiрiне орнатып, тышқанның сол жақ пернесiн басып отырып суреттi керектi бұрышқа бұрамыз.

Бұдан басқа әрiптердiң орналасу ретiн, тiкелей немесе керi жазылуын, жоғарыдан төмен немесе төменнен жоғары қарай жазылуын, әрiптердiң ара қашықтығын өзгертетiн, т.б. құралдары бар.

анықтамаларды ашуға арналған батырмалар шығады.

    1. 7. Құжаттарды баспаға басып шығару

Құжатты баспаға сапалы түрде шығару үшін, алдымен «Предварительный просмотр» режімінде оны қарап, қажетті параметрлерін орнату керек. Бұл режімде құжат қалай көрінсе, сол түрде қағазға басылып шығарылады. «Предварительный просмотр» режімін іске қосу Стандартты аспаптар панеліндегі «Предварительный просмотр» батырмасы немесе «Файл Предварительный просмотр» командасы арқылы орындалады. Word экранда ағымды бетті немесе бірнеше бетті (ағымды бетпен қоса) шығарады. Тек қана бір бетті экранға шығару үшін суретте көрсетілгендей «Страница целиком» батырмасын басады.

Құжатың бейнелену бетін үлкейту үшін тышқанды сол жерге апарып, сол жақ батырмасын басады. Тағы да бір басу құжатты алғашқы қалпына әкеледі.

Бетті бейнелеудің масштабын өзгерту үшін «Предварительный просмотр» аспаптар панелінің Масштаб (10% ) тізімін ашып, қажетті масштабты қояды. «Предварительный просмотр» режімінен шығу үшін «Закрыть» батырмасын басады.

Құжаттарды даярлауға арналған барлық Windows - программаларда құжатты баспаға басып шығару «Файл Печать» командасы бойынша орындалады.

Программа басып шығарудың бiрнеше мүмкiндiгiн бередi - бүтiндей құжат немесе оның ағымдағы бетi немесе ерекшеленген мәтiн немесе олардың нөмiрлерi бойынша бiрнеше беттерi немесе құжаттың тақ нөмірлі беттері немесе жұп нөмірлі беттері.

    1. 8. Мәтiнге пiкiр беру. Мәтiннiң версияларын (нұсқаларын) қалыптастыру

Пiкiр беру деп екi процестi түсiнуге болады: мәтiндi редакциялау кезiнде өзгерiстердi тiркеп отыру және мәтiнге түсiнiктеме беру. Әдеттегi редакциялаудан айырмашылығы - пiкiр беру кезiнде құжаттың мәтiнi бiржола өзгермейдi –жаңа вариант және ескi вариант бiр құжаттың шеңберiнде әртүрлi версиялар құқығында «қатар болады».

Пiкiр берудiң негiзгi құралы «Рецензирование (пiкiр беру)» панелі болып табылады («Вид Панели управления Рецензирование).

Жақтауда келесi iс-әрекеттерге арналған басқару элементтерiнiң төрт тобы көрсетiлген:

  • қалыптастыру, көру және ескертулердi жою үшiн;

  • тiркеу, көру, қабылдау және өзгерiстердi орындатпау үшiн;

  • ескертулердi ерекшелеудiң түсiн таңдау үшiн;

  • құжаттың версияларын сақтау үшiн.

Ескертулердi қалыптастыру үшiн «Добавить примечание» батырмасы қолданылады. Оны қолданған кезде мәтiннiң соңғы сөзi берiлген түспен ерекшеленедi және ескертудi енгiзуге арналған қосымша жақтау ашылады. Ескерту қалыптастырылған соң, оны қалқымалы анықтама формасында қарап шығуға болады (ерекшеленген сөзге тышқанның нұсқағышын апару арқылы). Ескертудiң мәтiнiмен бiрге оны кiмнiң қалыптастырғаны туралы мәлiмет бейнеленедi.

Мәтiндегi өзгерiстердi тiркеу үшiн «Исправления» батырмасы қолданылады. Дұрыстауларды тiркеу режiмiндегi мәтiннiң барлық редакциялануы авторлық емес болып есептелiнедi де, айрықша әдiспен ерекшеленедi (ерекшелеудiң әдiсiн «Сервис–Параметры» диалогтік терезесiнiң «Исправления» қыстырмасында беруге болады). Жақтаудың қалған басқару элементтерi дұрыстаулар бойынша аралық өтулердi орындап, оларды қабылдауға немесе қабыл алмауға мүмкiндiк бередi.

Егер құжат көп деңгейлi редакциялауды өтсе, оның аралық версиясын сақтау қажеттiлiгi жиi кездеседi. Miсrоsоft Word құжаттың бiрнеше версиясын бiр файлда сақтауға мүмкiндiк бередi. Бұның ыңғайлылығы – бiрнеше версияны сақтау кезiнде (бiрнеше көшiрмелерден айырмашылығы) дискiдегi орын тиiмдi қолданылады. Кезектi версияны сақтау кезiнде құжат түгелдей қайтадан сақталынбайды – тек қана ағымдағы версияның алдыңғы версиядан айырмашылығы сақталады. Ағымдағы версияны сақтау үшiн «Рецензирование» панелінің сәйкес батырмасын немесе «Файл–Версии...» командасын қолданады.

Ашылған диалогтік терезесінде бірінші рет версиялар тізімі бос болады, өйткені әлі ешқандай версия сақталынған жоқ. Сохранить батырмасын басып, кезекті версияны сақтайды. Экранда осы версияны сипаттайтын түсіндірме (комментарий) енгізуді сұрайтын терезе пайда болады. Түсіндірме мәтінді енгізіп, Ок батырмасын басу керек. Құжаттың версиясы сақталады.

Бұдан былай бұл құжатпен жұмыс істеу әдеттегі құжатпен жұмыс істегенмен бірдей болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]