Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать

Стильдердi өзгертуге арналған диалогтік терезесі

Егер сiз құжатты белгiлi бiр шаблонның негiзiнде қалыптастырғаннан кейiн осы шаблонның стильдерiн түрлендiру қажет болып қалса, онда ол стильдердi осы құжатта «Формат Стиль» командасы арқылы редакциялау керек. Сонымен бiрге «Изменение стиля» терезесiнде «Добавить в шаблон» жалаушасын мiндеттi түрде орнату керек - осы жағдайларда стильдер тек құжатта ғана емес, шаблонда да өзгертiледi. Шаблондағы өзгерiс кейiн сiз құжатты сақтағаныңызда сақталады.

4.5. Тiзiмдер

Құжатты рәсімдеу кезiнде тiзiмдi пайдалану жиi кездеседi. Word-та тiзiмнiң екi түрiн пайдаланады:

  • Таңбаланған (маркерленген) тiзiмдер - тiзiмнiң әрбiр элементi бiрдей маркермен (таңбамен) таңбаланады;

  • Нөмiрленген тiзiмдер - тiзiмнiң әрбiр элементi кезек бойынша нөмiрленедi.

Тiзiмдi автоматты түрде қалыптастыру үшiн «бiр» цифрын нүктемен (1.) немесе жұлдызша (*) символын, одан соң бос орын (пробел) немесе табуляция белгiсiн енгiзу қажет.

<Enter> пернесiн басқан кезде келесi нөмiр немесе маркер автоматты түрде қосылады. Тiзiмдi аяқтау үшiн <Enter> пернесiн екi рет басу керек немесе <Backspace> пернесiн басып соңғы нөмiрдi немесе маркердi жою керек.

Мәтiндi тiзiмге түрлендiру.

1. Дайын мәтiндi тiзiмге түрлендiру үшiн алдымен ол мәтiндi ерекшелейдi. Одан соң Форматтау аспаптар панеліндегі «Нумерация» немесе «Маркеры» батырмасын басады.

2. Келесi абзацтар тiзiмнiң элементi ретiнде есептелiнiп, нөмiрден немесе маркерден басталады.

3. Тiзiмнiң форматын өзгерту немесе баптау үшiн «ФорматСписок» командасын орындайды немесе контексті менюден «Список» пунктiн таңдайды.

4. Список диалогтік терезесiнiң Маркированный және Нумерованный қыстырмалары маркердiң түрiн немесе нөмiрлеудiң тәсiлiн таңдау мүмкiндiгiн бередi. Егер тiзiмнiң стандартты рәсiмделуi көңiлден шықпаса, онда «Изменить» батырмасын пайдаланып, оны өзгертуге болады.

Нөмiрленген немесе маркеленген тiзiмнiң қайсысын болмасын көпдеңгейлi тiзiмге айналдыруға болады. Жаңа деңгейге (немесе алдыңғы деңгейге) өту үшiн Форматтау аспаптар панелінің «Увеличить отступ» (немесе «Уменьшить отступ») батырмалары қолданылады.

Деңгейi көп (үштен артық) тiзiм үшiн әр деңгейдi баптауға болады. Ол үшiн:

  • «ФорматСписок» командасын орындайды;

  • Ашылған «Список» диалогтік терезесiнде Многоуровневый қыстырмасын таңдайды;

  • «Изменить» батырмасын шертiп, «Изменение многоуровневого списка» диалогтік терезесiн ашады;

  • Әр деңгей үшiн ұнатқан нөмiрлеу форматын таңдайды.

Microsoft Word-тың ерекшелiгi – ол Web құжаттарға бағышталғандықтан, графикалық маркерлердi пайдалану мүмкiншiлiгi бар. Ол үшiн «Список» терезесiндегi Маркированный қыстырмасының «Рисунок» батырмасы арқылы «Рисованный маркер» терезесiн ашып, қажеттi маркердi таңдайды.

Маркер ретiнде суреттi пайдаланғанда ол суреттердi

орналастыру ретi кәдiмгi тiзiмдердегiдей өздiгiнен

қойылып отырғандығымен,

деңгейлерiн өзгеткенде алдыңғы деңгейге оралмайды.

Мысалға осы жолдың деңгейi азайтылған.

Керектi дегейдiң маркерiн орнату үшiн көшiрмесiн

орната салса жеткiлiктi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]