Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать

1.4. Бейненiң мәтiнмен байланысы.

Құжаттың мәтiнiндегi бейнелердiң қасиеттерiн баптауға арналған аспаптардың негiзгi бөлiгi «Настройка изображения» (Бейненi баптау) аспаптар панелінде шоғырланған (Вид Панели инструментов Настройка изображения).

Бейненiң мәтiнмен байланысын басқару «Формат Рисунок» командасымен ашылатын «Формат рисунка» диалогтік терезесiнiң «Положение» қыстырмасы немесе «Настройка изображения» аспаптар панелінің «Формат рисунка» батырмасы арқылы орындалады.

«В тексте» басқару элементi бейненiң мәтiндiк жолға ендiрiлуiн қамтамасыз етедi. Қалған элементтер айнала орналасудың бiрiн таңдау үшiн қолданылады. Яғни, бейненiң мәтiнмен байланысы екi түрлi болады: жолға ендiрiлген (inlinе) және еркiн (flоаting ).

Бiрiншi жағдайда («В тексте» басқару элементi арқылы) бейне дара символ сияқты қарастырылады: мәтiндi редакциялау барысында бейне мәтiнмен бiрге жылжиды: <Delete>, <Backspace> пернелерiн басқанда алынып тасталынады және мәтiннiң қай жерiне орналастырылса, сол жерiнде қала бередi (егер тышқанмен әдейi тасымалдамасаңыз).

Ал, екiншi жағдайда еркiн орналасқан бейненiң орыны енгiзу позициясымен байланысты емес. Бейне мәтiнмен айнала орналасу (обтекание) арқылы әрекеттеседi. Мәтiндi редакциялау оған әсер етпейдi.

Бейненi көшiрiп алуға, орынын алмастыруға және алып тастауға болады. Бейненi ерекшелеу үшiн оның кез келген жерiнен тышқанмен бiр рет шерту жеткiлiктi. Ерекшеленген бейненiң өлшемдерiн өзгертуге болады. Оны тышқанның көмегiмен немесе «Формат рисунка» терезесінің «Размер» қыстырмасында өлшемдерді тiкелей көрсету арқылы орындайды.

Бейнеде тек қана қажеттi мәлiмет қалу үшiн оның шеттерiн (жиектерiн) кесуге болады. Ол үшiн бейненi ерекшелгенде пайда болатын «Настройка изображения» аспаптар панеліндегі «Обрезка» батырмасын басады. Одан соң бейненiң шеттерiнен немесе бұрыштарынан тышқанмен тартады. Кесу аяқталған соң батырманы қайта жiбередi.

Суреттi мәтiннiң бөлiгi ретiнде орналастыру үшiн «Поверх текста» жалаушасын қоспау қажет. Сонда сурет құжатқа символ «құқығында» салынады, басқаша айтқанда бет бойынша суреттiң орынын ауыстыруды әдеттегi абзацтармен жұмыс iстеу әдiстерi бойынша iске асыруға болады - абзацтарды форматтау, бос абзац орналастыру және тағы сол сияқтылар. Егер сурет мәтiннiң үстiне орнатылса, онда суреттiң орынын бет бойынша тышқанмен алмастыруға болады. Бұл әдiстi тек қана беттерде мәтiн болмаған жағдайда қолданған ыңғайлы, керi жағдайда суреттiң орынын ауыстырудың нәтижелерiн алдын-ала болжау қиын. Сондықтан мәтiнмен толтырылған беттерде бұл әдiстi қолданбаған жөн.

Есте сақтаңыз! Егер бейненi құжаттың iшiнде редакцияласаңыз, онда ол өзгерiстер бейненiң алғашқы файлына әсер етпейдi. Тiптi бұл жағдайда құжаттағы бейне өзiнiң бастапқы файлымен аралық байланысын үзедi. Егер бейненiң редакциялануы кездейсоқ болып қалса, «Закрыть рисунок» батырмасын басып, редакциялаудың режiмiне өтудi жою үшiн «Правка Отмена» командасын орындау керек.

Дегенмен, кейде бейненi Word құжатында редакциялаған (мысалы, бейнеге түсiнiктеме жазу) ыңғайылырақ болады. Ол үшiн редакциялау режiмiне көшу мiндеттi емес - Word терезесiндегi аспаптар панелінде «Рисование» батырмасын жай ғана шертiп Сурет салу аспаптар панелін ашуға және сол жақтаудың құралдарын пайдалануға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]