Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать

Дәріс 14. Компьютерлік желілер.

Компьютер желілерінің архитектурасы. Жергілікті есептеу желілері. Ауқымды INTERNET желісі. INTERNET желісінің қызметі. Интернет және электрондық пошта. FTP и Telnet протоколдары. HTML. Сайт құру

Компьютерлік желібір-бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз.

OSI эталондық моделі. Желілік программалық жабдықтарды құруды реттеу мақсатында және кез келген есептеу жүйелерінің әрекеттесу мүмкіндіктерін қамтамассыз ету үшін Стандарттаудың Халықаралық Ұйымы (International Standart Organisation - ISO) ашық жүйелер әрекеттестігі эталондық моделін (Open System Interconnection -OSI) құрды. Бұл есептеу желілері жұмысының жеті деңгейлі логикалық үлгісі, ол деңгейлер:

  1. физикалық деңгей;

  2. арналық деңгей;

  3. желілік деңгей;

  4. көліктік деңгей;

  5. сеанстық деңгей;

  6. көрсетімдік деңгей;

  7. қолданбалы деңгей .

Бұлардың алғашқы үшеуі (физикалық, арналық, желілік) мәліметтер жеткізу мен бағдарлауға, көліктік деңгей алғашқы үшеуі мен жоғарғы деңгейлер арасындағы байланысты жасақтауға, соңғы үш (сеанстық, көрсетімдік, қолданбалы) деңгейлер пайдаланушы қолданбаларына қызмет көрсетуге негізделген.

Компьютерлік желілер құрылымы бойынша жергілікті, аймақты және аумақты болып бөлінеді.

Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір–бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.

Шағын аумақты алатын және бір-бірімен ортақ желілік ортамен байланысқан компьютерлер тобы жергілікті есептеу желісі (ЖЕЖ) деп аталады. Желідегі әрбір компьютер түйін (узел) деп аталады. Желі негізгі үш атрибутпен сипатталады: топологиясы, ортасы және хаттамалары.

Компьютерлік желілердің басты мақсаты–ортақ компьютерлік ресурстарды бірлесе қолдануды қамтамасыз ету.

Компьютерлік ресурстар 3 түрге бөлінеді:

1) аппараттық ( мысалы: принтер);

2) бағдарламалық;

3) ақпараттық

Компьютерлік желілерде аппараттық және бағдарламалық үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін, хаттама (протокол) деп аталатын арнайы стандарттар әрекет етеді.

Хаттама дегеніміз–мәліметтерді ұйымдастыру жайындағы келісімдер мен ережелердің жиыны. Ол мәліметтердің дұрыс бағытта тасымалданылуын және ақпарат алмастыру үдерісіне қатысушылардың барлығына осы мәліметтердің түсінікті болуын қамтамасыз етеді.

Компьютерлік желілер мына түрлерге бөлінеді:

1) жергілікті (локалды) желі (LAN – Lokal Area Network);

2) аймақтық (регионалды) желі (MAN – Meropolitan Arta Network);

3) корпоративті желі–бір корпорацияға жататын компьютерлерді біріктіретін желі. Мысалы: Intranet;

4) ауқымды (глобальды) желі (WAN – Wide Area Network).

Бір мекемедегі немесе кабинеттегі компьютерлерді өзара біріктіру барысында жергілікті желі пайда болады.

Жергілікті желіде жұмыс жасайтын компьютерлер тобын жұмыс тобы деп атайды. Бір ғана жергілікті желіде бірнеше жұмыс тобы жасауы мүмкін. Жұмыс тобындағы әр компьютердің желінің ортақ ресурстарына кіруі үшін, әртүрлі құқықтары болуы мүмкін. Мысалы, жергілікті желіде барлық компьютерлер тең құқылы болса, онда желі бір рангілі желі деп аталады. Компьютерлік желіге қатысушылардың құқықтарының бөлінуі мен шектелу тәсілдерінің жиынтығы желі саясаты деп аталады. Желі саясатын басқаруды желі әкімшілігі деп атайды.

Жергілікті желі мен ауқымды желі арасында желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін брандмауэр қолданылады. Желілер арасында мәліметтерді рұқсатсыз орналастыруға кедергі жасайтын арнайы компьютер немесе компьютерлік бағдарлама брандмауэр деп аталады.

Қандай да бір байланыспен жалғанып, деректермен алмасатын екі немесе бірнеше компьютер ақпараттық желіні құрайды. Байланыс құралдарына кабель, инфрақызыл сәулелер, радиотолқындар немесе модем мен телефон линиясы жатады

Топология - компьютерлерді жалғау схемасы. Топологияның мынадай негізгі түрлері бар:

1) «Шина» топологиясында компьютерлер желілік кабель арқылы тізбектей жалғанады. Мұнда компьютерден шыққан мәліметтер қалғандарының барлығына бір уақытта жетеді. Ең қарапайым және ең көп тараған топология.

2-сурет – «Шина» топологиясы

«Жұлдыз» («Звезда») топологиясында әрбір компьютер орталық құрылғы-концентраторға (коммутаторға) жалғанады. Бұл топологияда орталық түйін–«хаб» немесе концентратор бар. Әрбір компьютер концентраторға жеке кабельмен жалғанады.

3-сурет – «Жұлдыз» топологиясы

«Сақина» («Кольцо») топологиясы - екі жақ ұшы жалғанған «шина» топологиясы тәрізді. Айырмашылығы, тізбектің екі ұшы бір-біріне тұйықталады. Әрбір компьютер тек басқа 2 компьтермен байланысқан топология. Мәліметтер бір компьютерден екіншісіне бір бағытта тасымалданады. Компьютерлер бір-бірімен тізбектей жалғанады.

4-сурет – «Сақина» топологиясы

Желідегі компьютерлер әр түрлі қызмет атқара отырып, бір-бірімен әр түрлі байланыста болады. Бұндай өз ара әрекеттің негізгі екі моделі бар: «Клиент-серверлік» және «бір рангті».

«Клиент-сервер» желісінде бір компьютер сервердің, ал қалғандары клиенттің ролін атқарады.

Сервер-басқа компьютерлерге қызмет ететін компьютер. (Нақтырақ, компьютерде жұмысқа қосылған қосымша программа).

Сервердің қызметін пайдаланатын компьютер клиент деп аталады.

«Клиент-сервер» желісінің негізгі желілік қызметі-файлдар мен принтерлерді бірлесіп пайдалану. Осы қызметті орындайтын компьютер-файлдық сервер немесе баспа сервері деп аталады. Сервердің басқа түрлері бар: қосымшалар сервері, почталық сервер, Web-сервер, деректер базасының сервері және т.б.

Клиент-серверлік желіде серверде сақталатын деректерді клиенттер бірлесіп пайдаланады және өңдейді.

Бір рангті желіде барлық компьютерлер тең дәрежелі және клиенттің де, сервердің де қызметін атқарады. Яғни, әрбір компьютер өз ресурстарын желідегі басқа компьютерге ұсына алады және олардың ресурстарына қол жеткізе алады.

Желілік адаптер (ЖА) немесе желілік тақта компьютер мен желі байланысын қамтамасыз етеді. Концентратор немесе хаб “жұлдыз” немесе “сақина” топологиясындағы компьютерлерді қосу үшін қолданылатын құрылғы.

Желілік ОЖ. Қазіргі кезде екі негізгі желілік ОЖ- ны белгілеп көрсетуге болады: NetWare фирмасы Novell және Windows 2000 Server фирмалары Microsoft. Бұдан басқа ОЖ-ға кіретін желіліктер UNIX. ОЖ-ны желілік ортаның негізгі талаптарына сәйкестігінен нақтырақ келетін болсақ мүмкіндіктеріне қарай бағалауға болады :

  • жоғары өндіруде файлдар мен принтерлерді бірлесіп қолдану;

  • «клиен-сервер» архитектурасына бағытталған қолданбалы бағдарламалардың, сонымен бірге өндірушінің қолданбалы бағдарламаларының нәтижелі орындалуы;

  • әр түрлі платформаларда және әр түрлі желі құрал-жабдықтарымен жұмыс істеуі;

  • Internet-пен интеграцияны қамтамасыздандыру: TCP/IP протоколын қолдау, динамикалық қайта келтіру протоколы (Dynamic Host Configuration Protocol-DHCP), Web-сервердің бағдарламалық қамтамасыздандыруы;

  • желіге дистанциондық енуі;

  • ішкі электрондық поштаны, топтық дискуссияларды ұйымдастыру.

Айтылған желілік ОЖ-ң кез- келгені өте жақсы деп айтылуы мүмкін, бірақ біреуіде қолданушының барлық талаптарына сай бола алмайды. Барлық талаптарға сай болу үшін әр түрлі өндірушінің желілік ОЖ-ны бірлестіру мақсаттырақ болар еді. Қазіргі кезде көп желілерде бірнеше желілік ОЖ қолданылады. Әмбебаптылық пен өнімділікке жету үшін NetWare және Windows 2000 Server бірлесіп қолданылады. Сонда NetWare фирмасы файлдармен жұмыс үшін және баспаға қызмет көрсетеді, ал Windows 2000 Server- хабармен алмасу және қосымша серверлер жұмысы үшін.

Барлық берілген ОЖ-р баспа мен файлдар үшін жақсы клиенттік құралдар болып табылады. Көп өңдірушілер бір типті серверлермен жұмыс істей алатын клиентің бағдарламалық қамтамасыздандыруын шығарады. Қолданушы қай серверге қарайтынын білмеуі де мүмкін.

Ауқымды компьютерлік желілер

Ақпарат айналымындағы тұтынушылық және қазіргі техникалық жетістіктері ауқымды компьютерлер желісін мемлекеттер арасындағы байланыстың бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады. Білімдік және ғылыми мақсаттарда, бизнес үшін, қаржы-экономикалық қызметте, бірлескен ғылыми-техникалық жобаларды тарату және т.б. қолданулар үшін көптеген глобалдық желілер құрылған.

Әлемдік бірлестікке кіретін, көптеген желіні қосатын және қолданушыға шексіз ақпарат ресурстарын беретін желіні Internet деп атайды. Желі, тор, Word Wide Web(WWW) сөздері де Internet сияқты мағынаны береді. WWW пен жұмыс істеу үшін қажетті ең белгілі бағдарламалардың бірі-Internet Explorer және Netscape Navigator.

Internet те жұмыс істеу үшін Internet ке қосылған компьютерге жалғану керек. Әдетте мұндай мүмкіндікті арнайы бағдарлама – провайдер (Internetке қосады) береді. Қызмет көрсету шартын құрғаннан кейін, Internetте жұмыс істеу үшін қажетті мәліметер беріледі. Үйде Internet ке қосылу телефондық желі арқылы жалғанады. Телефон желісі арқылы компьютерлік мәліметтерді беру үшін арнайы құрылғы-модемді қолдануға болады, ол арқылы факс алуға және жіберуге болады. Модем компьютерлік цифрлық ақпараттарын дыбыстық белгілерге жаңартып телефон желісі арқылы жібереді. Телефондық желінің арғы жақтағы модемі осыған кері процедураны орындайды. Қазіргі модемдер жақсы телефон желісінде болса 56 Кбит/с дейін жылдамдықта мәліметтерді жеткізеді.

Internet құрылымы. Ауқымды жүйенің құрылымын Internet ауқымды желісінің мысалында қарайық. 1995 ж дейін Internet желісі National Science Foundation (NSF) мен қаралды және қатан иерархиялық үш деңгеилі құрлымы болды.

Internet тің дамуымен және WWW-ң гипер мәтіндік жүйесінің пайда болуымен көптеген кәсіпорындар мен қолданушылар бұл желінің ақппараттар тарату үшін және әр түрлі жұмыс бабындағы операциялар үшін қымбат емес деген шешімге келді. Бұл Internet тің саудалық желіге айналуына әкелді. Сонда ол әжептеуір үлкейіп және байланыстар иерархиялық үш деңгейлі құрылымын көрсетуді қойды. Енді Internet желісі өзімен желілік қызмет көрсетудің аймақтық делдалдары қосылатын бір-бірімен байланысты коммуникациялық орталықтардың жиынтығын көрсетеді, яғни Internetте ауқымды желіге сәйкес құрылымы бар. National Science Foundation Internetтен кетер алдында 3 күшті коммуникациялық орталықтарды құрды: Нью-Йоркте, Чикаго және Сан-Франциско да. Кейіннен Шығыс пен Батыс жағалауларында және басқа да көп федералдық және саудалық коммуникациялық орталықтар құрылды.

Делдар мен тұтынушы өзара әрекеттері көп түйінді коммуникациялық жүйе арқылы орындалады.

Ауқымды желінің жұмыс принциптері. TCP/IP протокол байланысы үшін қолданылатын ауқымды желінің жұмыс принциптерін қарастырайық. Бұл протокол Internet желісінде де және басқаларының да негізінде жатыр. Желінің құрылымының негізін білген қолданушыға желінің әр түрлі ресурстарына кіру үшін көп істердің мағынасын түсінуге қолайлы.

Желінің архитектурасы. Архитектура желісінің негізіне хабарды берудің көп деңгейлі принципі жатыр. Төменгі деңгейде хабар өзімен алушы мен жіберушінің мекенжайы жазылған бит реттігін көрсетеді. Хабарлар желілік ақпаратпен пакеттерге бөлініп байланыс каналдарына беріледі. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың келесі деңгейлері желінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Интернетте TCP/IP пайдаланылады. Бұл әріптер Transmission Control Protocol/Internet Protocol (Беру басқармасының хаттамаы/желіаралық хаттама) дегенді білдіреді. ІР желідегі адрестеуге жауап береді, ал ТСР хабарларды тиісті адрестер бойынша жеткізуді қамтамасыз етеді, олар 1974 жылы жасалған.

Internetте мекен-жайлау. Желіде мәліметтермен алмасуда әр компьютердің өз жеке мекенжайы болуы тиіс. Жергілікті желіде компьютерлер мекен-жайы әдетте компьютерге орнатылған желілік тақта (Ethernet) мекенжайларымен анықталады. Түйін мекен-жайы 12-мәнді 16-лық сан. Жергілікті желінің әр сегментінде жүйелік мекен-жайы болады. TCP/IP протоколмен желілерде компьютерлер мен желілерді идентификациялау үшін 32-разрядты IP қолданылады. Бұл мекен- жайлар жазыларда төрт бөлікке бөлінеді. Әр 8-разрядты бөлігі 0 ден 255-ке дейін мән алуы мүмкін. Мысалы 234.049.123.255.

Әр желінің мекен-жайы Internet желісінің Ақпараттық орталығымен беріледі (NIC). Internet желісімен қолдану алдында кәсіпорын осындай мекен-жай алу үшін NIC-та тіркелуі керек. Егер сіз Internet желісіне қосылмасаңыз енді қосылайын деп жүрсеңіз сіздің жергілікті желіңізде IP-мекен-жайлауды қолдану мақсаттырақ болар еді. Мақсат-қажетті мекен-жай жүйелерін дайындау.

Ip мекен- жайлар желі көлеміне байланысты 3 классқа бөлінеді: А,В,С.

А классы үлкен желілерді мекен-жайға арналған және 7 разрядты бұл класс мекенжайына кіші мекенжай беріледі, 24-кіші мекен-жай компьютер ішінде; мұндай компьютерлер жиынтығымен желі сандары көп емес, теңі 127

В классы 14 разрядты желі мекен- жайына апарып және желі компьютерлер мекен-жайына 16-қ бар мекен-жай.

Көп орналасқан үлкен емес С классында желі мекен-жайына 21 разряд, компьютер мекен-жайына не бары 8 разряд апарылады. Осылай бұл желіде 255 компьютерден көп болмайды.

IP мекен-жайлар мен TCP/IP протоколымен хабарларды алуда және жіберуде қолданылады. Бірақ қолданушыға кейбір қызметтерді алу үшін басқа желі компьютерлерімен байланысты ұйымдастырғанда ыңғайлы емес. Сондықтан Internetте аттардың домналық жүйесі енгізілген (Domain Naim System-DNS). Бұл жүйеде желі компьютерлеріне қолдануға ыңғайлы сәйкес мекен-жайы тығылған аттар беріледі.

Аттардың домналық жүйесі. Internet ке қосылған компьютерлер мен желілерде домналық аттар деп аталатын белгілік иденфикаторлары болады. Бұл аттар желілер мекен-жайлары тәрізді NIC-та тіркеледі және Internet-тің мәліметтер қорында сақталады.

Домналық ат 2 бөлімнен тұрады: кәсіпорының иденфикаторы және нүктелерді бөлетін домна иденфикаторынан (жоғарғы деңгеилі домна). Мысалы, Microsoft.com. com- сауда мекемелерін идефикациялауда стандарт болатын домна идефикаторы болып табылады. Домна иденфикаторы edu білім мекемелеріне стандартты болады. NIC комитетіңде 6 стандартты иденфикаторлар тіркелген – екеуі айтылған (com ,edu), сонымен қатар gov (басқару ұйымдары) mil (әскери ұйымдар) org (саудалық емес ұйымдар) net (желілік ұйымдар). Бұл домна иденфикаторларын АҚШ ұйымдары қолданылады.

Басқа мемлекеттерде домна иденфикаторлары ретінде мемлекет атының екі әріпі қолданылады.

Желінің домналық мекен-жайы нүктемен бөлінге аттардың ретін көрсетеді. Сонымен бірге қай компьютерге мекен-жай жататынын білу оңнан солға қарай жүреді. Мысалы nvp.eku.kz компьютер Қазақстанда(kz) экономика және қаржы университетінде (eku) орналысқанын және университет желісінде аты nvp.

Internetте аттарды мекен-жайға жаңартумен DNS жұмыс жасайды. Бұл жүйе IP мекен-жай орнына домна аттарын қолдануға мүмкіндік береді.

Internet қызметі көрсетуі. Internet қызметі «клиент-сервер» моделі негізінде құралған. Сервер анықталған желі қызметін сақтайтын бағдарлама деп аталады. Internet желісінің басқа түйініндегі қолданушылар бұл қызметке клиент-бағдарламасы арқылы кіре алады.

Интернетте көптеген қызметтер жұмыс ітейді. Ең танымалысы- электронды пошта (E-mail), WWW мәліметтер базасы, Usenet телеконференциялар жүйесі және FТР файлдік архивтер жүйесі. Әр қызметтің өз хаттамасы болады.

Соңғы үш-төрт жылда болған аса ауқымды ақпараттар тасқыны дәл осы WWW(World Wide Web) жүйесінің және онымен байланыты хаттамалардың пайда болуынан туындаған-ды. World Wide Web қызметіндегі құжаттар үшін арнайы программалар-броузерлер болады, олар жаңағыдай құжаттарды экранда көрсете алады. Брaузердің көмегі арқылы біз WWW құжатттарының көпшілігіне шыға аламыз. Web құжаттарының кез келгенінің әдетте гиперсілтемелері болады. Гиперсілтеме- бұл басқа Web-құжаттың адресі байланысқан мәтіннің фрагменті немесе құрамдас объектісі.

Ауқымды дүние жүзілік желі Internet серверлерімен берілетін белгілі қызметтерді қарастырайық.

Электрондық пошта. Желіде қолданушылардың қарым-қатынас құралдарының бірі электрондық пошта болып табылады. Электрондық пошта Internet-тің бастауы болған және ондағы қызмет көрсетудің белгілі бір түрі болып тұр. Ауқымды және жергілікті желілерде қолданылатын электрондық пошталар бір-біріне айырмашылықтары бар.

Электрондық поштаның кез келген жүйесі 2 негізгі кіші жүйелерден тұрады:

1. қолданушы әр дайым қарама-қатынаста болатын клиенттік ПҚ

2. қолданушы– жіберушіден хабарды алуды басқаратын, хабарды беретін, пошталық жәшікке жіберетін және оның қолданушы- алушы алғанша сол жәшікте сақталуын қамтамасыздандыратын сервердік бағдарламалық қамтамасыздандыру;

Электрондық пошта жүйесінің клиентік бағдарламаларының әр түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі ортақ қызмет атқарады:

  • жаңа пошта келгендігін айту;

  • келген поштаны оқу;

  • шығатын поштаны құру не жазу;

  • хабарлар мекен-жайлау;

  • үнемі пошта жіберетін абоненттер тізімі бар мекен-жайлы кітапты қолдану;

  • хабарды жіберу;

  • хабарды өңдеу және оларды сақтау; Хабарды өңдеуге баспа, жою, реттеу хатты басқаға мекен-жайлау, хабарды мұраға жіберу, байланысты хабарларды сақтау сияқты қызметтер атқарады.

Папкамен жұмыс істеу мүмкіндігін беретін бағдарламаларды да ерекше көрсетуге болады. Олар әр түрлі тақырыптағы хабарларды сақтау үшін өз папкаңды құруға мүмкіндік береді. Бұл өте ыңғайлы және поштаны тезірек өңдеуге мүмкіндік береді.

Конференциялар. Internet –те үлкен атаққа хабарламалық электрондық тақталар немесе конференциялар деп аталатын ашық ақпараттық топтарға хабарды жіберуді және оқуды қамтамасыздандыратын жүйелер ие. Бұл жүйе дискуссия жүргізуге және әр түрлі тақырыпта ақпаратпен алмасуға арналған. Осы тақырыптың кез келгеніне, қолданушы дискуссияға қатысу үшін немесе жаңалықтар қарау үшін жазылуына болады.

Іздеу машиналары. Internet-те ақпаратты іздеу үшін сұрау бойынша желі де кездескен сұралынған ақпарат туралы барлық мағлұмматтарды табуға мүмкіндік беретін арнайы іздеу машиналары қолданылады. Ақпараттар табылғаннан кейін қолданушы арасынан реттеп өзіне керегін алады. Сонымен бірге іздеу машиналары іздеуде қолданылатын үлкен тематикалық каталогтарды құрайды.

HTML. Сайт құру

WEB беттерін құруға арналған көптеген программалар бар: Блокнот, FrontPage, Notepad++, SublimeText, wyziwig, wordart. Соның ішінде ең қарапайым Блокнот арқылы жазып бастаңыз алғашқыда.

HTML негіздері

HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML – мәтінді белгілеу тілі.

HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Mozilla Firefox, Microsoft Internet Explorer, Opera, Google Chrome.

HTML тiлiнде колданылатын командаларды “тег” деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз.

Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы,

тегтiң жұмысын ашады да келесi тегi оны жабады. ашылуы, жабылуы.

Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы, т.с.с.

Көрсетілген мысалдарды компьютерде көрү үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз.

Қарапайым веб бет құрайық HTML.

Жай ғана HTML бетін құру үшін, ешқандай арнайы программасыз, блокнотты қолданыңыз txt форматында, немесе WordPad, Сонда сайттың негізгі тегтерін жазыңыз: 

<html>

 <head>

<title>Осы жерге тақырыбын жазасыз</title>

 </head>

 <body> Ал бұл жер сайттың денесі, осы тегтің ішіне барлық информацияны саласыз </body>

 </html>

Блокнотты жабыңыз, алдымен сақтап алыңыз – Сохранить как – имя – форматы - txt форматының орнына htm немесе html деп жазыңыз, астыңғы жақта кодтау жүйесін өзгертіңіз. Ansi деп түрады, соны utf8 деп қоясыз. Осымен алғашқы шағын веб бет құрылды, енді соны браузермен ашып көріңіз. Бетте жаңағы body тегінің ішіне жазған тексттер, суреттер көрінеді.

<html> </html> - бұл ашылатын және жабылатын тег, бұның ішіне барлық HTML документтер жазылады. Бұл тегтердің ішіне жазбай, сыртына текст жазатын болсаңыз, браузер ол текстті көрсетпейді немесе қате деп шығып тұрады.

<title>Документ</title> - Бұл документтің атын жазуға арналған тег. Браузерді ашқанда вкладкада көрініп тұрады.

<head></head> - бұл қызметтік тег, Бұнда ақпараттық тегтер, мета тегтер жазуға арналған. Поисковиктер, роботтар, боттар осы тегтің ішіне жазылған кілтті сөздер арқылы іздейді ақпаратты.

<body></body> - документтің денесі, негізгі ақпараттың барлығы осы тегтің ішіне салынады.

<html> <head> <title>Документ</title> </head> <body> Текст </body>  </html>

Болды, қарапайым веб бет құруға осы тегтер қолданылады, сақтағанда атын  index.html деп сақтаңыз.  

Текстті форматтауға арналған тегтер

Осы тегтер арқылы тексттің шрифтін, стилін, сайтта орналасу бағытын өзгерте аласыз.

Келесі абзацқа өтуге арналған тег <br>

Абзацты түзету, бағытын өзгерту:

<p align="left">абзац сол жақтан басталады...</p>

<p align="right">абзац оң жақтан басталады...</p>

<p align="center">абзац ортасынан...</p>

<p align="justify">абзац жайылмалы болып келеді, тексттер бір абзац ішіне созылмалы түрде болады...</p>

Шрифттің размері

<p><font size="1">Шрифт 1</font></p> ең кіші шрифт

<p><font size="2">Шрифт  2</font></p>

<p><font size="3">Шрифт  3</font></p>

<p><font size="4">Шрифт  4</font></p>

<p><font size="5">Шрифт 5</font></p>

<p><font size="6">Шрифт 6</font></p>

<p><font size="7">Шрифт 7</font></p> ең үлкен шрифт, осылай үлкейіп кете береді.

Шрифттің түрі

<p><strong>Қою текст, жирный</strong></p>

<p><em>Курсив</em></p>

<p><u>Асты сызылған текст</u></p>

<p><strike>Сызып тастаған текст</strike></p>

<center>Ортаға қою текстті</center>

<p><strong><em>Қою және курсивті текст</em></strong></p>

<p>Жоғарғы <sup>индекс</sup></p>

<p>Төменгі <sub>индекс</sub></p>

Шрифттің түсі

<p><font color="#ff0000">Қызыл түс</font></p>

Негізгі түс және олардың кодталуы.

000000 — қара, FFFFFF — ақ, FF0000 — қызыл, 00FF00 — жасыл,  0000FF - көк, FF00FF — фоилетовый,  FFFF00 — сары, 00FFFF — аспан түстес көк.

Басқа түстің коды керек болса, фотошоп программасы арқылы білуге болады. Фотошопта түс таңдаған кезде, қасында түстің коды жазылып тұрады, соны тек көшіріп аласыз.

Тақырып аты. Заголовка.  

Загаловка деген поисковый роботтар ақпарат іздегенде табылатын текст. Тексттің размері үлкен болған сайын, роботтар анық көреді.

<h1>Заголовок 1 үлкен размер</h1>

<h2>Заголовок 2 одан кішірек</h2>

<h3>Заголовок 3 оданда кішірек</h3>

<h4>Заголовок 4 кіші текст</h4>

<h5>Заголовок 5 ұсақ (майда, уақ) текст</h5>

<h6>Заголовок 6 кіп-кішкентай</h6>

 

ГРАФИКА

Суреттер және анимация қою үшін келесі тегтер қолданылады.

alt – суреттің описаниясы. Суретке курсорды жақындатқанда, суреттің описаниесі шығады.

<p><center><img src="сурет.jpg" alt="Бұл жерде суреттің описаниесі"></center></p>

Веб беттің фоны.

Сурет «img src» және фон «background» .

<body background="fon.jpg"><p><img src="сурет.jpg" border="1"></p></body>

Суреттің размерін өзгерту <img src="img/сурет.jpg" width="100" height="82">

 Текстті сілтемеге айналдыру

Гипперсілемелердің түріне байланысты, түсіде әр түрлі болады. link, vlink, alink,

link – гипперсілтеме, әлі қаралмаған, то есть сайт қолданушысы әлі баспаған сілтеме. Көбінесе көк түсті болып келеді.

vlink -  уже кірілген сілтеме, фиолетовый түс.

alink -  активный гипперсілтемені белгілейді.

<a href="index.html">Басты бетке өту</a>

<a href="qonaq_kitapshasy.html"> Қонақ кітапшасы </a>

<a href="http://www.siliconbank.kz">Жантурин Нурберген жеке блогына өту</a>

Графикалық сілтеме

Сурет және анимацияларды сілтеме ретінде қолдануға болады.

<a href=" http://www.siliconbank.kz "><img src="rita500x80.gif" width="500" height="80" border="0" />

МЕТА ТЕГИ

Мета тег <META> ,  <head> тегінің ішіне салынады. Бұл тегте сайттың описаниесі, кілт сөздер, автор туралы ақпараттар, іздеу роботтарына арналған ақпараттар.

<META NAME="Keywords" CONTENT="Кілт сөздер, сайт, жасау, домен, хостинг">

Аз ғана қулықтар )

Жүгіртпе жолақтары. Бегущая строка

<marquee behavior="scroll" direction="left"> Жүгіртпе жолақтары </marquee>

<marquee behavior="alternate" direction="right" loop="30" scrollamount="10"> Жүгіртпе жолақтары 2</marquee>

<marquee behavior="scroll" direction="left" scrolldelay="500" bgcolor="#00ff00"> Жүгіртпе жолақтары 3</marquee>

Сайтты құру кезеңдері

  1. Сайт концепциясы – жобаның мақсаты мен міндеттері тапсырыс берушімен бірге ұйғарылады, керек болса техникалық тапсырма құрастырылады. Бұл кезеңде баға мен дайындау мерзімі белгілі болады.

  2. Сайттың дизайны – бұл кезең маңызды болып келеді, өйткені тапсырыс беруші компанияның фирмалық стилі ескеріледі, егер фирмалық стиль болмасы біз фирмалық стиль жасау қызметін де көрсетеміз. Сайттың басты парағының дизайнын мақұлдаған соң, қалған парағының суреті салынады, олар: каталог, байланысу парағы т.б.

  3. Сайтты басқару жүйесі – сайтты басқару жүйесі (CMS) әрбір жобаға дербес таңдалады және де белгілі жобалар үшін толықтырылуы мүмкін. Кей кезде сайтты басқару жүйесі ерекше жобалар үшін толықтай жаңадан құрастырылуы мүмкін.

  4. Беттеу – беттеуден кейін сайтты барлық браузерлерде тексеруден өткіземіз.

  5. Мағлұмат толтыру – сайт мәтіндер және суреттер мағлұматтарымен толтырылады, осымен қатар сайт модулдері тексетуден өтеді. Дайын жоба тексеруге арналған доменге (домен.invision.kz) бекітіліп тапсырыс берушіге көрсетіледі.

  6. Жобаны тапсыру – сайт тапсырыс беруші таңдаған доменге бектіліп, сайтты басқару жүйсін қолдануды таспырушыға үйретілген соң актқа қол қойылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]