Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать

4.2. Автоалмастыру.

Miсrоsоft Word мәтiндiк процессорының соңғы версиялары Автоалмастырудың құралдарын қолданудың арқасында енгiзiлетiн мәтiннiң көлемiн тиiмдi қысқартуға мүмкiндiк бередi. Ол кез келген символдардың ұзын тiзбектерiн енгiзудi басқа символдардың (қысқа болғаны жақсы) тiркесiмен алмастыруға мүмкiндiк бередi. Мысалы, егер мәтiнде «диалогтік терезесi» сөз тiркесi өте жиi кездессе, оны қысқа «.ст» тiркесiмен алмастыруға болады. Символдардың алдында нүкте оларды екi әрiптi жұрнақтардан айыру үшiн қойылды.

Автоалмастырудың құралын баптауға арналған диалогтік терезесi

Автоалмастырудың құралының баптауын «Автозамена» диалогтік терезесiнде орындайды. Ол үшiн «Заменить при вводе» жалаушасын орнатып, алмасатын сөздi «Заменить» өрiсiне, ал алмастыратын сөздi «На» өрiсiне енгiзу қажет, одан соң «Добавить» батырмасын басып автоалмастырудың сөздiгiн толықтырады.

Мысалы, Автозамена диалогтік терезесiнiң «Заменить» өрiсiнде “.ст” теру қажет, одан соң «на» өрiсiнде «диалогтік терезесi» сөз тiркесiн теру қажет. Егер әуелi Автозамена терезесі ашылмай тұрып, берiлген мәтiннiң үзiндiсi ерекшеленсе, онда «на» өрiсiнде ерекшеленген үзiндi пайда болады.

Автозамена диалогтік терезесiнде сәйкес параметрлер iске қосылған болса, онда Word мәтiндiк процессоры сiздiң теру барысында жiберетiн кейбiр қателiктерiңiздi өзi дұрыстайды. Егер сiз сөздiң басында екi бас әрiптер жазсаңыз, ол екiншi әрiптi кiшi әрiпке ауыстырып жазады. Егер сiз сөйлемдi кiшi әрiптен бастасаңыз, ол оны бас әрiпке ауыстырады. Егер сiз кездейсоқ <CapsLock> пернесiн бассаңыз, мысалы «mICROSOFT» сияқты терсеңiз, Word қателiктi жөндейдi және CapsLock индикаторын сөндiредi. Осының барлығы автоалмастырудың механизмінің арқасында болады.

Автоалмастыру сiздiң уақытыңызды үнемдейдi. Мысалы, сiз мәтiнде жиi кездесетiн сөздi қайта-қайта термеу үшiн сол сөзге арнайы пернелер комбинациясын немесе қолданылмайтын перненi тағайындап, оны Автоалмастырудың тiзiмiне «Добавить» батырмасы арқылы қосып қоюыңызға болады.

4.3. Автоформат

Автоформат – Word-та қалыптастырылған құжатты қарап шығып, оған автоматты түрде стильдердi қолдану құралы. Word стильдердi өз тұжырымдауы бойнша автоматты түрде қолданып, құжатты форматтайды. Одан әрi сiздiң ол стильдердi қабылдауыңыз немесе өзгертуiңiз өз еркiңiзде.

Автоформат құжатты форматтап болған соң диалогтік терезесi ашылады. Егер барлық өзгерiстердi қабылдасаңыз, «Принять все» батырмасын басасыз. Егер «Просмотр изменений» батырмасын бассаңыз, Word әрбiр өзгерiстi жеке-жеке көрсетедi.

4.4. Стильдер мен шаблондар

Құжаттың стильдерi – ол сол құжаттың әрбiр абзацтарының сыртқы бейнесiн анықтайтын рәсімдеу параметрлерi. Стильдiң негiзгi элементтерi:

  • Абзацта қолданылатын қаріп;

  • Абзацты теңестiру және оның шекарасын анықтау;

  • Абзацтағы табуляциялардың (көрiнбейтiн бағандардың) орындары;

  • Абзацтың тiзiмге жататындығы немесе жатпайтындығы;

  • Абзацтың жиектелуi және түрлi түспен боялуы.

Стильдердi пайдалану құжатты форматтау уақытын азайтуға және құжатқа әшекейлi бейне беруге мүмкiндiк жасайды. Құжаттардың стильдерiн форматтау мәселесiне толығырақ тоқталайық.

Қолданушылардың өз стильдерiн жасауынан бастайық. Мысалы, сiзге абзацты рәсімдеуге арналған арнайы стильдi құру керек болсын. Абзац - Arial Cyr 12 қаріппен терiлген, беттiң оң жағы бойынша тегiстелген, 5% толтыруы бар жұқа жиектелген мәтiннен тұрсын делiк. Стильдердi жасау үшiн «Формат Стиль» менюiн қолданыңыз. Жаңа стиль құру үшiн стильдердiң терезесiнде «Создать» батырмасын басады.

Одан соң стильге ат қойып, оны «Имя» өрiсiне енгiзедi. «Формат» батырмасымен «Шрифт», «Абзац», «Обрамление» терезелерi шақырылады. Пердеге «Клавиша» батырмасымен «Настройка» терезесi шығарылады. Онда осы стильдi тез шақыруға арналған пернелер комбинациясын тағайындауға болады. Ол үшiн пернелердiң атауларын енгiзiп «Назначить» батырмасын шерту керек.

«Стиль» терезесiнiң көмегiмен жаңа стильдер құру ғана емес, бұрыннан болған стильдердi де өзгертуге болады. Ағымдағы стильдi өзгерту үшiн «Изменить» батырмасын басыңыз. Сiз өзгерткен стильдер және барлық жаңа стильдер ағымды құжаттың шаблонына қосылады. Үндемеу бойынша бұл шаблон «Normal. dot».

Жаңа шаблон жасау үшiн ең оңай жол - жаңа құжат құрып, оны «Файл Сохранить как...» командасымен ашылған терезеде Имя файла: Стили, Тип документа: Шаблон докумета түрiнде сақтау.

Сiз жаңа стильдерi бар жаңа шаблонды сақтағаннан кейiн (ол өздiгiнен құжаттардың тiзбегiнде емес, шаблондар сақталатын тiзбекте сақталынады), бұдан былай «Стили.dot» шаблонының негiзiнде жаңа құжаттар құра аласыз, сонымен бiрге басқа құжаттарда оның стильдерiн пайдалана аласыз. Шаблонды өзгерту үшiн, мысалы шаблондағы стильдердi өзгерту үшiн немесе оған жаңа стильдер қосу үшiн оны Word мәтiндiк процессорының терезесiне шақырып алу керек. Берiлген шаблонның негiзiнде жасалған құжатпен әрi қарай жұмыс iстеудi жеңiлдету үшiн осы шаблонда құжаттың алғашқы рәсімдеуiн жасауға болады - мысалы, хаттардың шаблонында iстелгендей. Егер Word менюiнiң «Файл Создать» командасы арқылы осы шаблонның негiзiнде жаңа құжат құратын болсақ, онда жаңа құжат бұл шаблонның стильдерiн ғана емес, рәсімдеудiң элементтерiн де бiрден мұра етедi.

Кез келген құжатта басқа шаблондағы стильдi қолдану үшiн сол шаблонды құжатқа қосуға болады. Дайын құжатты жылдам рәсімдеу көбiне осылайша iске асырылады. Ағымдағы құжатқа басқа шаблонды қосу үшiн «Сервис Шаблоны и надстройки» командасын берiңiз. Шаблондардың терезесiнде «Присоединить» батырмасын шертiңiз, шаблонның файлын таңдаңыз және оны құжатқа қосыңыз.

Құжаттың стильдерi қосылған шаблонның стильдерiмен жаңартылу үшiн «Шаблоны и надстройки» терезесiнде «Автоматически обновлять стили документа» жалаушасын орнату керек. Бұдан әрi құжаттың рәсiмделуi сыртқы шаблоннан тәуелдi болмау үшiн қайтадан «Шаблоны и надстройки» терезесiн ашып «Автоматически обновлять стили документа» жалаушасын алып тастау керек. Құжат пен шаблонның аралық байланысы үзiледi, бұдан соң құжатты басқа компьютерге рәсімдеудi жоғалтпастан көшiруге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]