Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать
    1. 1. Объектілердi енгiзу

Word мәтiндiк процессорымен қалыптастырылған құжаттың рәсімдеуiн оған графикалық бейнелер қосу арқылы айтарлықтай жақсартуға болады.

Құжаттарда графикалық объектілердiң екi түрiн қолдану мүмкiндiгi бар: суреттер және бейнелер. Бұл терминдерлердiң айырмашылықтары неде?.

Суреттер - векторлық табиғаттың объектілерi - (сызық, түзулер және қисықтар, геометриялық фигуралар). Оларды жасауға арналған ең оңай құралдар процессордың өзiнде бар.

Бейнелер - растрлық объектілер. Мәтiндiк процессорда оларды жасауға арналған құралдар жоқ, сондықтан олар басқа құралдармен дайындалған (графикалық редактормен, сканер арқылы, цифрлық камера, графикалық планшет ) сыртқы объект түрiнде файлдан қондырылады.

Суреттер әрқашан құжатқа ендiрiлген – оларды тұрған орындарында редакциялауға болады. Бейнелер құжатқа байланыстыру әдiсi арқылы қондырылады немесе ендiрiледi. Оларды мәтiндiк процессордың құралдарымен редакциялау мүмкiндiгi өте шектеулi.

1.1. Суреттер

Суреттердi салу және редакциялау. Векторлық суреттермен жұмыс iстеу Рисование (сурет салу) аспаптарының панелімен (Вид  Панели инструментов  Рисование) iске асырылады. Word терезесiнiң төменгi бөлiгiне Сурет салуға арналған аспаптар панелі пайда болады. Word-тың сурет салу құралдары кез келген сызықтарды және геометриялық фигураларды салуға, сонымен бiрге құжаттың мәтiнiнде тiкелей оларды бояуға мүмкiндiк бередi.

Бұл жақтаудың ең оңай объектілердi жасауға арналған негiзгi құралы - Автофигуралар ашылатын тiзiмi. Оның тiзiмiнде түзулер және қисықтар, ең оңай геометриялық фигуралар, блок – схемалар және тағы сол сияқтыларды салуға арналған дайын элементтер бар. Векторлық объектілердi жасау және редакциялау кезiнде келесi тәсiлдер мен құралдар қолданады.

1. Векторлық объектілер Автофигураның тiзiмiнен таңдау жолымен құрастырылады.

2. Олардың өлшемдерiн ерекшеленген объектінің маркерлерiн (таңбалағыштарын) тасу арқылы редакциялайды.

3. Геометриялық фигуралардың жасауын ықшамдайтын ыңғайлы құрал - қосалқы координаталық тор болып табылады. «Действия Сетка» командасы арқылы «Привязка к сетке» диалогтік терезесiн ашады. Онда көлденең және тiк сызықтардың бейнелену әдiсiн және тордың қадамын бередi. Привязать к сетке жалаушасы координаталық тордың түйiндерiнде фигуралардың түйiн нүктелерiнiң дәл орындарын анықтауды қамтамасыз етедi.

4. Сұлбалы (контурлы) сызықтың қалыңдығы және объектінің түсi объектінің қасиеттерiне жатады. Объектілердiң барлық қасиеттерiн «Формат Автофигура» командасымен ашылатын «Формат автофигуры» терезесiнде редакциялауға болады.

5. Фигураны еркiн кез келген бұрылысқа бұру Сурет салу панелінің «Свободное вращение» батырмасы арқылы орындалады, ал тұрақты бекiтiлген бұрышқа бұру үшiн «Формат автофигуры» диалогтік терезесiнiң «Размер» қыстырмасының «Поворот» өрiсiне бұрыштың мәнiн енгiзедi.

6. Фигура мен мәтiннiң өзара орналасу мүмкiндiктерi «Формат автофигуры» диалогтік терезесiнiң «Положение» қыстырмасында көрсетiлген.

Суреттiң өрiсiнде жазулар жазу. Суреттерге мәтiндер қосу үшiн «Надпись» (Вставка Надпись) арнайы құралы қолданылады. Оның қасиеттерiн «ФорматНадпись» командасы арқылы ашылатын «Формат надписи» терезесiнде көрсетедi.

Суреттердiң композициялары. Күрделi суреттер қарапайым суреттердi бiр-бiрiмен бiрiктiру жолымен құрылады, басқаша айтқанда композициялар болып табылады. Композициялық суретті даярлағанда, оны қоршайтын мәтiннiң орналасу тәсiлiмен қатар осы суреттiң бөлiктерiнiң өзара орналасу реттерiн еске алу қажет.

Бiрнеше қарапайым объектіні топтауды «ГруппировкаГруппировать» контексті меню командасымен орындайды. Ол үшiн <Shift> пернесiн басып тұрып тышқанмен топталатын объектілер алдын-ала ерекшеленуi керек. Керi амал «Группировка Разгруппировать» командасымен орындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]