Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать

Дәріс 7. Сервистік бағдарламалық жабдықтау.

Дискілерді тексеру. Файлдарды архивтеу туралы жалпы мағлұмат. Архиватор-бағдарламалар. Антивирустық бағдарламалық құралдар. Компьютерлік вирустар сипаттамасы.

Жүйелік (сервистік) программалар – әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Көбінесе NC (Нортон Коммандер) немесе VC (Волков Коммандер) жиі қолданылады.

Жүйелік утилиттер – қосымша қызмет атқаратын, жұмысты жеңілдететін программалар тобы. Оларға мына программалар жатады:

Дискімен жұмыс істеу программалары Мақсаты: • дискідегі қателерді табу және түзету;

• дискіні дефрагментациялау;

• файлдарды архивтеу және қалпына келтіру іс-әрекеттерін орындау

  1. Дискіні тексеруге арналған ScanDisk программасы

Қатты дискіге ақпараттар өте күрделі жолмен сақталады, бірақ бұл жүйе диск дұрыс жұмыс істеп тұрған кезде операциялық жүйенің өзі қатты дискімен дұрыс жұмыс жасап осындай жағдайларда мынадай проблемалар кездеседі: Жоғалған кластерлер. FАТ кестесінде ондағы бар файлдардың біреуі тоғысқан файлдық сілтемелер (перекрестные файловые ссылки). Дискінің бір жоғарыда айтылған проблемаларды шешу үшін және келешекте дискіде Программалар - Стандарттар - Қызмет ету программалары – ScanDisk программасы

Көп жағдайларда өте қарапайым тексеру жүргізудің өзі де бұл кезде барлық жоғалуға тиіс мәліметтер файлдарға айналдырылады, ScanDisk программасымен жоғалған кластерлердегі (бөліктердегі) "қалыпқа келтірілген" файлдар егер, Қателерді автоматты түрде түзету (Исправлять ошибки автоматически) егер ауыстырып қосқышты Толық (Полная) режиміне қоссақ, онда қазіргі қатты дискілер сенімді, әрі тұрақты жұмыс істейтін ScanDisk программасын қолдану жиілігі.

Дискіні қателікке тексеру. Дискіні пайдалану барысында онымен жұмыс істеуде болған жаңылысулардан туған қателіктер пайда болуы мүмкін. Олардың кейбірін дискіні пішімдемей жөндеуге болады, ол үшін стандартты дискіні тексеру қызметші программасы қолданылады. Бұл программаны да Бас Менюден іске қосуға болады (Пуск  Программы  Стандартные  Служебные  Проверка диска).  Ол файлдық жүйенің тұтастығын және диск бетін тексереді. Бұл программа көмегімен жөнделмейтін қателерді арнайы утилиттердің көмегімен (мысалы, Norton Doctor) жөндеуді жүзеге асырады

  1. Дискіні дефрагментациялау (Defrag) программасы

Дискілерді дефрагментациялау. Файлдық жүйелер (мысалы FAT 16, FAT 32) файлдарды дискілерде сақтағанда оның бөліктерінің (кластерлерінің) арасында бос орындар қалдыруы мүмкін, яғни файл араларында бос орын бар әртүрлі көршілес емес бөліктерге орналасуы мүмкін. Мұндай файлдарға қатынау уақыты, көршілес бөліктерде тізбектеп орналасқан файлдарға қарағанда көбірек болады. Сонымен қатар дискілік жады үнемсіз қолданылады. Сондықтан дискілерді периодты түрде дефрагментациялап отыру қажет. Дефрагментациялау (үзіндісіздендіру) – файлды дискінің бір жерінде ғана тізбектеліп орналастыру үшін әр бөліктерде орналасқан ақпараттарды бір орыннан екінші орындарға тасымалдайтын ұзақ процедура. Сөйтіп дискінің шапшаңдығы арттырылады. Стандартты дефрагментациялау қызметші программасын Бас менюдегі  Программы  Стандартные  Служебные  Дефрагментация диска  командалар тізбегі арқылы іске қосуға болады.

Дискідегі қателерді түзету әрекетін ScanDisk программасы орындағанмен де, дисктегі әрбір файл белгілі бір орын алып тұрады дискіде файлдар жиі жазылады, өшіріледі. Операциялық жүйе файлға дискінің бөліктерге бөлініп сақталынған файлдармен жұмыс жылдамдығын арттыру. Бұл программаны іске қосу үшін: Бас меню: Программалар. Операциялық жүйе таңдалған дискіні тексеріп, дефрагментация жасау. Дефрагментациялау әрекетінің ұзақтығы бірнеше факторларға, мысалы дискінің көлеміне, Диск ақпаратқа толы болған кезде дефрагментация өте ұзақ. Дискіні дафрагментациялау жиілігі. Дефрагментация тек кюмпьютердің жұмыс істеу жылдамдығына әсер етеді.

  1. Васkuр программасы

Архивтеу дегеніміз — алдын ала сығу жолымен файлдардың Бұл программа ақпараттың резервті көшірмесін құру және бұрын Программа іске қосылғаннан кейін архивтеу, қалпына келтіру,

Архиваторлар– дискідегі орынды үнемдеу үшін арнайы сығу әдістерімен файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Дискіге бір немесе бірнеше файлдарды біріктіріп қысылған көшірмесін бір архивтік файл түрінде сақтайды. Архивтеу (қысу) программаларына arj, zip, zoo, Rar, Winzip, Winrar жатады.

АРХИВАТОРЛАР.

Файлде ақпаратты қысу үрдiсiн деректердi архивтеу терминiне алмастырады.

Архивация жасау, файлмен толықтырылатын кеңiстiк көлемiн қысқартуға мүмкiндiк бередi, бұл бiр компьютерден екiншi компьютерге оларды тасымалдауды жеңiлдетедi, дискiге файлдарды көшiру уақытын қысқартады, ақпаратты парольмен бөтен адамдардан сақтайды, және сонымен қатар файлдарды компьютерлiк вирустардан кiшкене сақтайды.

Архивтеудiң мәнi мынада, яғни қарапайым файлдар немесе қапшықтар жинақталады (қосылады) және арнайы архивтiк файлдар сақталады.

Архивтiк файл – арнайы ұйымдастырылған файл, ол өзiнiң құрамында бiр немесе бiрнеше файлдар мен қапшықтарды қосылған күйде сонымен қатар файлдар аты, оны құрылған немесе өзгертiлген датасы мен уақыты, өлшемi және т.б. туралы қызмет ақпараттарын сақтайды.

Көлемi жағынан үлкен архивтiк файлдар бiрнеше дискiлерге (томдарға) сыйып кетедi. Мұндай архивтер көптомдық деп аталады. Том-бұл көптомдық архивтiң құрама бөлiгi. Бiрнеше бөлiктерден архив құра отырып, оның бөлiктерiн бiрнеше дискетға жазуға болады.

Архивтеу немесе жинақтау – бұл қысылған күйде берiлген файлдарды архивтiк файлға орналастыру. Бiрақ егер жинақтау үрдiсi бар болса, онда оған керi архивтiк файлдарды ашу (архивтен шығару) үрдiсi бар.

Архивтен шығару файлдарды архивтен қалпына келтiру үрдiсi, мұнда архивке дейiнгi күйiне келтiредi.

Ашу кезiнде файылдар архивтен шығарылады және дискiге орнатылады.

Файлдарды жинақтау және ашуды жүзеге асыратын бағдарламаларды бағдарлама-архиваторлар деп атайды.

Архивтiк файлдарды құру үшiн оншақты арнайы бағдарлама-архиваторлар болады. Олардың көпшiлiгi, атқаратын қызметiне қарай онша айырмашылығы жоқ, тек бiр бағдарламалар жылдам жұмыс iстейдi, басқалары файлдардың жақсы қысылу дәрежесiмен қамтамасыз етедi, және кейде пайдаланушы өзiне қолайлы архиваторды қолданады.

Ең көп таралған бағдарламалар деп мына бағдарламаларды ARJ, RAR, PKZIP, PKPAK, PAK, LHA, ICE, HYPER, WINZIP, ZOO, EXPAND айтуға болады.

Көбiне файлдарды жинақтау және ашу бiр бағдарламамен жүргiзiледi бiрақ кейбiр жағдайда оны бiрнеше бағдарламалармен жасауға болады, мысалы PKZIP бағдарламасы файлдарды жинақтауды жүзеге асырады, ал PKUNZIP – файлдарды ашу.

Сонғы кездерi пайдаланушыларда кең таратылған ARJ, RAR және WINZIP архиваторлар болып есептеледi.

ARJ архиваторы жұмысты үлкен жылдамдықпен және ақпаратты қысудың үлкен дәрежесiн қамтамасыз етедi. RAR архиваторы ARJ-ге қарағанда қолайлы интерфейсi бар. WINZIP архиваторы Windows –қа арналып жасалынған, және де сол терезелiк интерфейстi қолданады.

Бiрақ бұл архиваторлар архивацияның негiзгi қызметтерiн атқарады:

  1. Жаңа архивтердi құру;

  2. Файлдарды архивтен шығару;

  3. Бар архивке файлдарды қосу;

  4. ‡здiгiнен ашылатын архивтердi құру;

  5. Көптомдық архивтердi құру;

  6. Бүтiндiкке архивтердi тестiлеу;

  7. Зиян көрген архивтердi толық немесе ұсақтап қалпына келтiру;

  8. Архивтердi көруден және бөтен адамдардан өзгерiс ендiруден сақтау.

Бұл функциялардың кейбiреулерiн бiз мысал ретiнде WINZIP архиваторынан көре аламыз.

Архивтiк файл басқа пайдаланушыға беру үшiн құрылған кезде, онда ол архиватордың болуын алдын ала байқай бiлу керек. Сондықтан ең дұрыс, өздiгiнен ашылатын архивтердi құрған дұрыс.

‡здiгiнен ашылатын архивтiк файл – бұл қарапайым архив, онда архивация бағдарламасы жалғастырылған.

Архивтiң өзi EXE кеңейткiшiн алады. Пайдаланушы архивтi бағдарлама ретiнде iске қосады, одан кейiн архивтi ашу автоматты түрде орындалады.

Антивирустық программалар – компьютерлік вирустарды анықтап, әсерін жоятын программалар ( мысалы: детектор-программалар, докторлар, фильтрлер, вакцина-программаларлар т.б.). Олар үш топқа бөлінеді:

  1. файл мәліметтерін бақылауға арналған олардың қосындыларын есте сақтауға негізделген программалар;

  2. программаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте оларды анықтайтын резиденттік программалар;

  3. вирустар жұқтырылғаннан кейін олардың бар екенін анықтайтын программалар.

Кеңінен қолданылып жүрген антивирустық программалар: Aidstest (Д.Лозинский), ADinf (Д.Мостовой), Doctor Web (П.А.Данилов), және де Касперский, Н.Безруковтың и т.б. антивирустары.

Компьютерге диагностика жасайтын программалар – компьютердің конфигурациясына (жұмыс істеу қабілетіне) диагностика жасап және жадты тексеретін тест программалары.

Арнаулы баспа программасы – бір мезгілде принтер мен пайдаланушыға жұмыс істеуге мүмкіндік беретін программа.

Драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару программалары (мысалы, клавиатураныкі – key.com, тышқан құрылғысыныкі –mouse.com т.б.).

Компьютерлiк вирус – бұл арнайы компьютерлiк бағдарлама, көбiне өлшемi бойынша аз (200 ден 500-ге дейiнгi байт), ол «көбейе» және басқа бағдарламаларды «жұқтырады» (яғни, ол бiрнеше рет өзiнiң кодын көшiредi, және оны басқа бағдарлама кодтарына бiрiктiредi). Ол компьютерге пайдаланушыға бiлдiрмей «жұқпалы» дискета арқылы немесе «жұқпалы» файл арқылы түсуi мүмкiн. Iшiнде вирусы бар бағдарлама «жұқпалы» деп аталады.

«Жұқпалы» бағдарлама жұмыс iстей бастағанда, алдымен вирусты басқару алады. Вирус басқа бағдарламаларды табады және жұқтырады сонымен қатар қандай-да зиянды әрекеттер жасайды: компьютердiң дұрыс жұмыс iстеуiне кесiрi тиедi, дискiдегi файлдарды құртады, компьютерге сақталған информацианы бұзады, оперативтi жадыны «ластайды» және т.б.

Бiр компьютерге кiрiп, компьютерлiк вирус басқада компьютерлерге таралуы мүмкiн.

Вирус қайдан пайда болады? Оларды бiлiктi программистер күншiлдiктен, кекшiлдiктен, атақ құмарлықтан, басқа фирмамен бәсекестiктер немесе вирусқа қарсы бағдарламаларды сатудан ақша табу мақсатымен жасайды.

Компьютерлiк вирустарды зерттейтiн мамандар болады, олар компьютерлiк вирустармен күрес жүргiзу мақсатында вирусқа қарсы бағдарламалар жасайды. Ресейде – Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А.Данилов, Н.Безруков және т.б. атақты бағдарламалаушылар бар.

Жаңа бағдарламалық вирустар саны әрдайым өсу үстiнде және олардың түрiде өзгерiп отырады. Сондықтан компьютердi пайдаланушы вирустар табиғатын, вирустармен жұқтырудың тәсiлдерiн және олардан сақтануды бiлуi тиiс.

Көбiне вирус компьютерге кiредi және қатаң дискiнi дискета және лазерлiк дискi арқылы, сонымен қатар компьютерлiк желiлер арқылы жұқтырады. Дискетаны жұқтыру өте оңай. Оған вирус жұқтырылған компьютер диск жетегiне жай ғана салған күннiң өзiнде-ақ жұқтырылады, мысалы, егер оның мазмұнын оқысаңыз.

Көбiне дискiнiң жүктелу секторы және атқарылатын EXE, COM, SYS немесе BAT кеңейткiштерi бар файлдар жұқтырады. Өте кем мәтiндiк және графикалық файлдар жұқтырады.

әсер ету деңгейi бойынша вирустарды келесi түрлерге бөлуге болады:

  • қауптi емес, компьютер жұмысына зияны жоқ вирустар, бiрақ оперативтi жадының және дискi жадының бос көлемiн азайтады, мұндай вирустар әрекетi графикалық немесе дыбыстық эфектiлерде байқалады;

  • қаупты вирустар, олар компьютер жұмысында түрлi бұзылуларға алып келедi;

  • өте қауыптi вирустар, олардың әсерi бағдарламаның жоғалуына. Деректердiң жойылуына, дискiнiң жүйелiк аймағтарындағы информациалардың өшiрiлуiне алып келуi мүмкiн.

Компьютердiң вирусты жұқтырғанын дер кезiнде анықтау үшiн, вирустардың келесi негiзгi белгiлерiн бiлу қажет:

  1. Бұрын дұрыс iстеп тұрған бағдарламалардың жґмысының тоқталуы немесе дұрыс

iстемеуi;

  1. Компьютердiң баяу жұмыс iстеуi;

  2. Файылдардың және қапшықтардың бұзылуы немесе олардың құрамының

бүлiнгендiгi;

  1. Файлдар өлшемiнiң өзгеруi;

  2. Дискiдегi файлдар санының ойламаған жерден кеңейтiлуi;

  3. Бос оперативтi жады өлшемiнiң кiшiрейуi;

  4. Компьютер жұмысында өте көп тұрып қалуы.

Компьютерлiк вирустардың негiзгi ерекшелiктерiн, вирусқа қарсы бағдарламалар сипаттамаларын және бағдарламаларды және деректердi компьютерлiк вирустардан сақтаудың шараларын қарастырайық.

Қазiргi уақытта 5000 астам бағдарламалық вирустар танымал. Түрлi вирустардың iшiнен негiзгi топтарын бөлiп қарастырайық:

1.Жүктеме вирустар – дискiнiң немесе винчестердiң жүктеме секторында сақталатын компьютердiң бастапқы жүктелу бағдарламасын жұқтырады, және компьютердi жүктегенде iске қосылады;

2.Файылдық вирустар, олар COM және EXE кеңейткiшi бар файлдарға ендiрiледi. Файлдық вирустар басқада файылдар типiне ендiрiле алады, бiрақ онда олар ешқашан басқаруды ала алмайды және, сәйкесiнше олар көбейе алмайды.

3.Жүктеуiш – файлдық вирустар файылдарды және дискiнiң жүктелу секторларын да жұқтырады.

4.Драйверлiк вирустар- компьютер құрылғыларының драйверлерiн жұқтырады немесе өзiн қосымша жол конфигурация файылына қос жолымен iске қосады.

5.Желiлiк вирустар көптеген оншақты және мындаған компьютерлердi бiрiктiретiн желiлерде таратылады.

Сонғы кездерi компьютерлiк вирустармен күресуден үлкен тәжiрибе бар, вирусқа қарсы бағдарламалар жасалынған, бағдарламаларды және деректердi сақтаудың шаралары таныс. Вирусқа қарсы бағдарламалар үнемi жетiлдiрiлiп, дамытылып отырылады, олар қысқа мерзiм iшiнде вирустың анықталу мезетiнен бастап, жаңа пайда болған вирустармен күресе алады.

Вирустарды таба алатын және жоя алатын бағдарламаларды вирусқа қарсы бағдарламалар деп атайды.

Таныс вирусқа қарсы бағдарламаларды бiрнеше типтерге бөлуге болады:

Бағдарлама –деректорлар, олар таныс вирустың бiрiмен жұқтырылған, ондай бағдарламалар таза күйiнде қазiргi кезде өте кең кездеседi.

Фагтор немесе бағдарлама –докторлар, сонымен қатар бағдарлама- вакцинолар, олар тек қана вирусты анықтап қана қоймайды, сонымен бiрге оларды «емдейдi», яғни файлдан вирус бағдарламасының денесiн жояды, бағдарламаны вируспен жұқтырылғанға дейiн қандай күйде болса, сол қалпына келтiредi. Фагтор жұмысының басында вирусты оперативтi жадыдан iздейдi, оларды жоя отырып, тек соған кейiн ғана файлдарды «емдейдуге» кiрiседi. Фагтордың iшiнен жартылай фагторды бөлiп қарастырады, яғни бағдарлама-докторлар, олар үлкен санды вирустарды жояды. Өте көп таныс жартылай фагтор мына бағдарламалар Aidstest(жасаушы Д.Лозинский), Scan, Norton AntiVirus және Doctor Web(жасаушы И.Данилов) болып табылады.

Бағдарламалар-ревизорлар вирустан сақтаудың ең сенiмдi құралына жатады. Компьютер әлi де болса вируспен жұқтырылмаған кезде ревизорлар прграммалардың бастапқы күйiн есте сақтайды, ал содан кейiн период сол мезеттегi күйдi берiлгенмен салыстырады. Егер өзгерiстер байқалған болса, онда дисплей экранына хабар шығарылады. Ресейде ең көп танымал бағдарлама-ревизор Adinf, оны Д.Мостов жасаған, ол бағдарламаны компьютерлерге барлық оқу орындарында орнатуға тура келедi. Ол вирустардың жандандылған ғана бақылап қоймайды, сонымен қатар оқушының зиянды жандандылығын да бақылайды (оқушыларға тиiсуге болмайтын өшiру, жазу, файлдарды және қапшықтарды тасымалдау).

Бағдарлама-фильтрлер немесе «қауылдар»-үнемi компьютер жадында тұратын кiшкене резиденттiк бағдарламалар. Олар компьютер амалдарын бақылайды және компьютер жұмысында, вирустар үшiн таныс күдiктi әрекеттердi анықтайды.

Көрсетiлген әрекеттердi қандай-да бiр бағдарлама жүзеге асыруы үшiн «қарауыл» хабар бередi, ал пайдаланушы сәйкес амалдардың орындалуына тиым салуы немесе рұхсат бере алады. Пайданалушылар көбiне қарауылды қолданбайды, себебi үнесi жасалынатын ескертулер жұмысқа кесiрiн тигiзедi. Бағдарлама-фильтрлер вирустың көбеюге дейiнгi бастапқы стадиясында табуға көмектеседi, бiрақ олар файлдар мен дискiлердi «емдемейдi», вирустарды жою үшiн фагты қолдану керек.

Вирустардан сақтаудың бағдарламалық құралдардан басқа, арнайы қосымша құралдар да болады, олар винчестердiң белгiлi бiр бөлiгiне қажеттi сақтауды қамтамасыз етедi. Мұндай құрылғыға мысал Ю.Фомин жасаған Sheriff платасы бола алады.

Вирусқа қарсы бағдарламаларды қолдану информацианы толық сақтаумен қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қатар кешендiк профилактикалық сақтау әдiстерiн жасау қажет, мысалы:

  1. Резервтiк копиялар жасау-ақпаратты архивтеу.

  2. Кездейсоқ жұқпалы «пираттық» бағдарламаларды қолданбау.

  3. Дискетадан файылды оқымас бұрын, оны вирусқа тексерiнiз.

  4. Вирусқа қарсы бағдарлама дискетада сақталуы тиiс, себебi олар винчестерде

тұрып, ол да жұқпалы болуы мүмкiн.

  1. Өзiңiздiң компьютерiңiздi вирусқа үнемi тексерiңiз.

Вирустар үнемi өзгерiп отырады, және олар көбеюде вирусқа қарсы бағдарламалар да қалмауға тырысуда, сондықтан әрдайым вирусқа қарсы жаңа версия бағдарламаларға көңiл бөлiп жүрiңiз. Егерде сiздiң вирусқа қарсы ескi бағдарламаңыз тексеруден кейiн, барлығы дұрыс деген хабар берген болса оған таңдалмаңыз, себебi ол жаңа вирусты танымауы мүмкiн.

Қолданбалы бағдарламалық өнімдер.

  1. Қолданбалы бағдарламалық өнімдер топтамасы.

  2. Жалпыға қолданылатын қолданбалы бағдарламалық өнімдер.

  3. Арнайы қолдананылатын қолданбалы бағдарламалық өнімдер.

Қолданбалы бағдарламаларды iске јосу.

Сiлтеу бағдарламасының қолданбалы бағдарламаларды iске қосу бiрнеше жолмен жүргiзiледi, олар:

  • бағдарламаның командалық (негiзгi) файлын таңдап алып, тышқанды екi рет шерту (Enter пернесiн басса да болады) керек;

  • өңделуге тиiс құжаттық файл шартбелгiсiн таңдап алып, тышқанды екi рет шертсе болғаны, сонда сол файлға сәйкес бағдарламалық файл iске қосылып, оның терезесiне құжаттық файл шақырылады;

  • құжаттық файл шартбелгiсiн тышқанмен iлiп алып (сол жақ батырмасын басып тұрып), оны сол файлдың негiзгi бағдарламасы белгiсiне жеткiзу де жеткiлiктi.

Мәтiн редакторы. MS Word – мәтiндiк құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесiнiң қосымша бағдарламасы. Ол- мәтiндiк және графикалық ақпаратларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтiн редакторының бiрi.

Қазiргi компьютерлiк технологияда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла бередi. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтiндiк фрагменттер, кестелер, суреттер сияқылды неше түрлi объектiлердi байланыстыра отырып осы ортаға енгiзуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керектi баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал-макетiн толық жасауға дейiнгi барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкiндiктерi де толық қамтылған. Мұнда құжаттар мен кестелердi көрiктi етiп, безендiруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, жазылып бiрден орындалатын iшкi макробағдарламалау тiлi, қарапайым графиктiк бейнелердi салатын аспаптар және т.с.с. жетiп артылады.

Word редакторын iске қосу және онымен жұмыс iстеудi аяқтау.

Word-пен жұмыс iстеудi бастау үшiн Windows жүйесiнiң басқа бағдарламалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциалық) дискеттерден немесе компакт-дискiден компьютерге жазып орналастыру қажет.

Орналастырылған Word редакторын iске қосу бiрнеше тәсiлмен жүзеге асырылады:

1.Басқару тақтасындағы Iске қосу (Пуск) менюiнiң Орындау (Выполнить) командасының көмегiмен, бұл тәсiл редакторының қосымша параметрлерiн iске қосуға арналған.

2. Бағдарламаларды Microcoft Office тобындағы Word шартбелгiсiнде тышқанды екi рет шерту арқылы.

3. Windows жүйесiнiң Сiлтеуiш (Проводник) терезесiн пайдалану арқылы.

4.Word редакторына дайындалған құжаттың шартбелгiсiне тышқан курсорын жеткiзiп, оны екi рет шерту арқылы т.б.

Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсiлдермен жүргiзiледi:

  • Файл – Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;

  • Word негiзгi терезесiнiң жүйелiк менюiндегi Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

  • Тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегi жүйелiк меню белгiсiне алып барып, тышқанды екi рет шерту немесе батырманы бiр рет басып, менюдiң Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

  • Редактор терезесiнiң тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;

  • Тiкелей Alt+F4 пернелерiн басу.

Егер бағдарламамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертiп, бiрақ дискiге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесiн шығарып, өзгертiлген құжатты дискiге жазу (Иә-Да) керектiгiн, ал жазбасаңыз(Жоқ-Нет) оны да растап беруiңiздi өтiнедi. Қалауыңыз бойынша, редакторда әрi қарай жұмыс iстей беруiңiзге де (Болдырмау-Отмена) болады.

Формулалар редакторы. Word бағдарламасындағы формулалар редакторының (Редактор формул – Equation Editor) көмегiмен құжат мәтiнiне математикалық формулалар мен символдарды орналастыруға болады. Математикалық символдар мен шаблондар көптеген кең спекторлi мүмкiндiктердi қамтиды. Формулалар редакторының көмегiмен жазылатын объектiлерге интегралдар, матрицалар, бөлшектер, түбiрлер, көпмүшелiктер, т.б. жатады және де олардың экран бетiндегi сырт бейнелерi принтерден басып шығарылатын көшiрмесiмен бiрдей болады. Формулаларды форматтау барысында пайдаланылатын әрiптер мен олардың сызылымы принтер қабылдайтын қарiптерге байланысты өзгертiлуi мүмкiн.

Формулалар редакторын iске қосу. Word ортасынан формулалар редакторын iске қосу үшiн, енгiзу курсорын құжаттың формула кiрiстiрiлетiн жерiне орналастырып, Кiрiстiру – Объект - Microsoft Equation (Вставка – Объект - Microsoft Equation) менюi операциаларын орындау керек. Сонда теңдеулер редакторының терезесi пайда болады. Сол терезеге керектi формуланы енгiзу қажет.

Егер объектiлер типi тiзiмiнде формулалар редакторы жоқ болса, онда келесi әрекеттердi орындау қажет:

  • Microsoft Wotd Folder бумасында орналасқан Word Commands iшкi бумасын ашу;

  • Формулалар редакторын бейнелейтiн суретте тышқанды екi рет шерту;

  • Фрмулалар редакторы терезесiн онда шықпай-ақ жабу;

  • Word –тан формулалар редакторын шақыру.

Формулалар редакторы жүктелгеннен кейiн оның қолданбалы терезесi ашылады. Ол терезе өзiнiң құрылымы жағынан Word терезесiне ұқсас.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]