Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать
    1. 2. Кестелер

Кесте түрiндегi деректер көрнектi. Word-та кестелердi қалыптастырудың кең мүмкiндiктерi бар. Олар:

  • Стандартты аспаптар панелінде «Добавить таблицу» батырмасы;

  • «Вставка таблицы» диалогтік терезесi («Таблица Вставить Таблица»);

  • «Таблицы и границы» таблицаны сурет түрiнде салу құралы («Таблица Нарисовать таблицу»);

  • Табуляция арқылы.

Жаңа кестенi құру үшiн Word-тың аспаптар панелінің «Вставить таблицу» батырмасын қолданған өте қолайлы. Осы әдiспен жасалған кестелердi «ТаблицаВставить» командасын пайдаланып әрi қарай жетiлдiруге, яғни бағандар мен қатарлар қосуға болады.

«Таблица Вставить Таблица» командасын күрделiрек кестелер жасау үшiн пайдаланады. Ол қатарлар және бағандардың санын, бағандардың енiн беретiн «Вставка таблицы» терезесiн ашады. Егер нақты өлшемдердiң орынына параметр Авто қойылса, онда Автоподбор (өздiгiнен таңдау) режiмi iске қосылып, соның арқасында бағандар оларда болатын мазмұнмен сәйкес икемделiнiп форматталына алады. Автоподбор режiмiнiң келесi ауыстырып қосқыштары бар:

фиксированная ширина столбца – кестенiң жалпы енi құжаттың өрiсiнiң енiне тең. Ал, әрбiр бағанның енi тұрақты және бағандардың санынан тәуелдi болады (режiм баспа құжаттарды қалыптастыру кезiнде ыңғайлы).

по содержимому - әрбiр бағанның енi оның iшiндегi мазмұнның көлемiне пропорционалды (режiм мәтiндiк процессордың форматында таратылатын электрондық құжаттарды қалыптастыру кезiнде ыңғайлы).

по ширине окна Web-беттерде орналастырылатын кестелерге арналған арнайы режiм терезесi (кестенiң ақырғы форматталуы оны жасау кезiнде емес, оны көру мезгiлiнде болады ).

Бұл аспаптардың көмегiмен кестенiң сызықтарын басқа түске бояу, жуандату, жiңiшкерту, стилiн өзгерту (мысалы, үзiк сызықпен немесе қосарланған сызықпен сызу) сияқты өрнектеуден басқа, жазылған жазуды өзгертуге (жазылу бағытын өзгерту, ұяшықтың ортасына немесе шеттерiне таяу орналастыру) болады. Сызықтарды жою үшiн «Ластик» батырмасы қолданылады. Кестенi түгелдей ерекшелеу «Таблица Выделить Таблица» командасымен орындалады. Бiрнеше бағандардың енi бiрдей болу үшiн оларды ерекшелеп, одан соң аспаптар панелінің «Выровнять ширину столбцов» батырмасын басады. Қарапайым қосу немесе реттеу амалдарын да орындауға болады, бiрақ егер жазуды қиғаштай жазу, немесе қиын математикалық амалдар орындау керек болса, немесе өте күрделi кестелердi жасау керек болса аспаптар панелінің «Добавить таблицу Excel» батырмасын пайдаланған жөн.

Кестенiң ұяшықтарында бiртiндеп орын ауыстыру үшiн <Tab> пернесiн, ал керi орын ауыстыру үшiн <Shift+Tab> пернелерiн қолданады.

Кестенiң құрылымын редакциялау

Кестенiң құрылымын редакциялау келесi амалдардан тұрады:

 қатарлар қосу;

 бағандар қосу;

 ерекшеленген ұяшықтарды, қатарларды және бағандарды жою;

 ерекшеленген ұяшықтарды бiрiктiру;

 ерекшеленген ұяшықтарды бөлу.

Бұл амалдар «Таблица» менюiнiң командалары немесе ерекшеленген объектінің контексті менюi арқылы орындалады.

Word -тың кестенi өңдейтiн құралдары күрделiрек болғандықтан оның менюiндегi командалардың барлығын толықтай келтiрудi жөн көрдiк:

Кестеге жаңа баған қосу үшiн оның орнына көршiлес баған ерекшеленуi керек. Ол үшiн «Таблица Выделить Столбец» командасын пайдалану немесе ол бағанның жоғарғы шекарасына тышқанның нұсқағышын орналастырып шерту жеткiлiктi. Баған ерекшеленгеннен кейiн «Таблица ДобавитьÒ Столбцы слева (справа)» командасын беру керек. Жаңа баған пайда болады, ал ерекшеленген баған оңға (солға) жылжиды.

Кестенiң төмен жағына жаңа қатар қосу үшiн кестенiң ең соңғы ұяшығына меңзерді орналастырып, одан соң «Tab» пернесiн бассаңыз болғаны. Сонымен қатар «Таблица Добавить Строки выше (ниже)» командасын беруге болады.

Кестеге көптеген өзгерiстердi тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы iстеуге болады.

Кестенi форматтау

Кестенi форматтауды команда режiмiнде және интерактивтi режiмде орындауға болады. Команда режiмiнде «Свойства таблицы» (Таблица  Свойства таблицы) терезесi қолданылады.

Бұл терезенi қолданып бағандардың енiн «Таблица Свойства таблицы Столбец» және қатарлардың биiктiгiн «Таблица Свойства таблицы Строка», кестенiң парақта орналасу әдiсiн «Таблица Свойства таблицы Таблица Выравнивание», кесте мен оны жағалай орналасқан мәтiннiң байланысын «Таблица Свойства таблицы Таблица Обтекание» ағымды немесе ерекшеленген ұяшықтың параметрлерiн «Таблица Свойства таблицы Ячейка» өзгертуге болады.

Кестенi тышқанның көмегiмен де форматтауға болады. Кестенiң кез келген ұяшығына меңзер орнатылғанда терезенiң тiк және көлденең сызғыштарында оның әрбiр ұяшығының сызығының орнын көрсететiн белгiлер пайда болады. Егер осы белгiлерге тышқанның нұсқағышын жақындатса, онда жылжыту бағытын көрсететiн нұсқағыштар және түсiнiктеме пайда болады. Олар кестенiң кез келген сызығын жылжытуға мүмкiндiк бередi.

Кестенi жасау үшiн ұяшықтарды тiгiнен немесе көлденеңiнен бiрiктiрiп жiберу керек. Ол үшiн оларды ерекшелеу және «Таблица Объединить ячейки» командасын орындау керек.

Ұяшықтардағы мәтiннiң көлденеңiнен теңестiрiлуi абзацты форматтау сияқты орындалады. Тiгiнен (вертикаль) теңестiру «Свойства таблицы» терезесiнiң «Ячейка» қыстырмасының «Выравнивание» өрiстерiн (жоғарғы, орталық және төменгi) таңдау арқылы немесе контексті менюдiң «Выравнивание в ячейке» командасымен орындалады.

Мәтiннiң бағытын өзгерту контексті менюдiң «Направление текста» немесе «ФорматНаправление текста» командасы немесе аспаптар панеліндегі «Направление текста» батырмасымен оындалды. Қатарларды немесе бағандарды алып тастау үшiн оларды ерекшелейдi. Әрi қарай «Таблица Удалить строки» немесе «Таблица Удалить столбцы» командаларын қолданады.

Егер жиектеудi және бояуды қолданса, онда кестенiң рәсімдеуiн айтарлықтай жақсартуға болады. Ол үшiн «Формат Границы и заливка» командасын беру керек. Пердеде «Границы и заливка» терезесi пайда болады.

Кестенiң сызықтарын рәсімдеу үшiн «Граница» қыстырмасы қолданылады. Кесте немесе кестенiң бөлiгiн рәсімдеудiң жиiрек қолданылатын ең жақсы әдiсi «тор (сетка)» - iшiнде жұқа торлауы бар қалың рама болып табылады. Кестенi түгелдей рәсімдеу үшiн меңзерді кестенiң iшiне орналастыру керек, ал кестенiң кез келген бөлiгiн (тiптi бiр ұяшық болса да) рәсімдеу үшiн мiндеттi түрде бөлiктi ерекшелеуге тура келедi.

Кестенiң фонын рәсімдеу үшiн «Заливка» қыстырмасы қолданылады.

«Страница» қыстырмасын пайдаланып параққа жиек жасауға болады. Тек «применить к» тiзiмi және басқа атаулар өзгеше. Мұндағы «Рисунок» ашылатын тiзiмiнен жиекке әшекейлеулер қолдануға болады. Аталған тiзiмнiң астында «Параметры» батырмасы орналасқан. Оны басып жиекке әртүрлi қасиет беруге болады

Егер құжаттағы деректi кестеге енгiзу керек болмаса, оларды бағандарға орналастыру үшiн табуляцияны қолдануға болады. Ол үшiн алдымен бағандардың болашақ орнын Word-тың терезесiнiң жоғарғы бөлiгiндегi сызғышта керектi жерде тышқанның сол жақ батырмасына басу арқылы белгiлеп алу керек. Әрi қарай әр бағанның дерегiн терген соң «Tab» пернесiн басса, меңзер келесi бағанның тұсына тоқтайды.

Егер табуляцияның таңбалағыштарына тышқанның меңзерiн орнатып сол жақ батырманы бассаңыз, бағанды көрсететiн үзiк сызық пайда болады. Бағандардың енiн өзгерту үшiн осы сызықты керектi жерге тасуға болады.

Баған бойынша орналастырылған мәтiннiң барлық мүмкiн параметрлерiн өзгерту немесе көру үшiн «Формат Табуляция» командасымен «Табуляция» терезесiн ашады.

Баған бойынша орналастырылған мәтiн кестеге оңай өзгертiледi. Ол үшiн оны ерекшелейдi, содан соң «Таблица Преобразовать в таблицу» командасын таңдайды. «Преобразовать в таблицу» диалогтік терезесiнде бағандардың саны және бағанның шекарасын анықтайтын жiк таңдалады. Егер барлық ерекшеленген жолдарда табуляцияның символдарының сандары өзара тең болса, Word бұл параметрлердi дұрыс тануы керек.

Керi өзгерту үшiн, яғни кестеден мәтiнге - барлық кестенi «Таблица Выделить таблицу» командасымен ерекшелеу керек, ал содан соң «Таблица Преобразовать в текст» командасын таңдау керек. Тiк жiктердiң орынын көрсететiн символды (өздiгiнен табуляцияның символы) таңдауға арналған диалогтік терезесi пайда болады.

Кестеде қарапайым есептеулер орындау

Кестеде жазылған сандармен әртүрлi арифметикалық амалдар орындауға: олардың қосындысын, көбейтiндiсiн, арифметикалық ортасын табуға және де басқа есептеулер жүргiзуге болады.

Егер меңзерді есептеудiң нәтижесi жазылатын ұяшыққа орналасатырып, одан соң «Таблица Формула...» командасын орындасаңыз, Формула диалогтік терезесi ашылады.

Қажеттi формуланы «Формула» өрiсiне «Вставить функцию:» тiзiмiнен таңдап енгiзу және осы амал орындалатын ұяшықтардың адрестерiн көрсету керек.

Ұяшықтардың адрестерi бағандар латын алфавитiнiң әрiптерiмен, қатарлар - сандармен келесi үлгi бойынша белгiленедi:

Мысалы, A1 және B3 ұяшықтарындағы сандарды қосу үшiн SUM функциясын таңдап, =SUM(a1,b3) формуласын енгiзу керек. Бұл жердегi a1,b3 ұяшықтарға сiлтемелер. Бұлардың орнында LEFT, ABOVE, RIGHT жазуларының бiрi болуы мүмкiн. Ондайда формулада сәйкесiнше сол жақта, жоғары және оң жақта орналасқан тек қана сандардан тұратын ұяшықтардың үзiлiссiз тiзбегi есепке алынады.

3i кесте. Өрiстерде қолданылатын функциялар

Функция

Атқаратын жұмысы

Аргументi

ABS

Санның модулi

Ұяшықтың мәнi

AND

Логикалық амал – «және»

AVERAGE

Орташа мән

Ұяшықтар тобына сiлтеме

COUNT

Топқа енген ұяшықтардың саны

Ұяшықтар тобына сiлтеме

FALSE

Логикалық мән – «жалған»

IF(x;y;z)

Логикалық функция – «егер»

Егер х шындық болса мәнi у, басқа жағдайда мәнi z

INT

Санның бүтiн бөлiгi

Ұяшықтың мәнi

MOD

Бөлiндiнiң қалдығы

Екi ұяшықтың мәнi

MAX

Үлкенi

Ұяшықтар тобына сiлтеме

MIN

Кiшiсi

Ұяшықтар тобына сiлтеме

NOT

Логикалық амал – «жоққа шығару»

PRODUCT

Көбейтiндiсi

Ұяшықтар тобына сiлтеме

ROUND

Санды дөңгелектеу

Ұяшықтың мәнi

SIGN

Санның таңбасы

Ұяшықтың мәнi

SUM

Қосындысы

Ұяшықтар тобына сiлтеме

TRUE

Логикалық мән – «шындық»

Бұл жерде Word редакторының Excel кестесiнен айырмашылығы – бағандардың әрiптермен және қатарлардың сандармен белгiленулерi айқын түрде көрiнбейдi. Осының әсерiнен күрделi кестелерде формулаларды қолданғанда ұяшықтардың адрестерiн анықтау қиындыққа соғады. Сонымен қатар формулалардың мәнi екiншi қолдануға жарамсыз. Амалда қолданылатын ұяшықтардың мәнi өзгергенде автоматты түрде формуланың мәнi есептелмейдi. Сол себептен есептеулер қажет болғанда құжатқа Excel кестесiн қондырып, пайдаланған жөн.

Ескерту.   Word есептеудiң нәтижесiн ұяшыққа өрiс түрiнде орнатады. Ұяшықтарға сiлтемелер өзгергенде есептеудiң нәтижесiн жаңартуға болады, ол үшiн өрiстi ерекшелеп <F9> пернесiн басады немесе тышқанның оң жақ батырмасын басып, ашылған терезеден «Обновить поле» командасын орындау керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]