Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать
    1. 3. Сiлтемелер

Объектінің төменгi жағына (мысалы, кестеге) нөмiрленген атау орнату үшiн «Вставка Ссылка Название» командасын орындайды.

Суретке, тараудың атауына және тағы басқаларға сiлтеме орнату үшiн «Вставка Ссылка Перекрестная ссылка» командасын орындайды. Ашылған «Перекрестные ссылки» терезесiнде сiлтеменiң түрiн таңдайды. Бастапқыда ашылған терезеде абзацтардың тiзiмдерi көрiнедi. Мысалы, Тип ссылкиТаблица орнатсақ, онда терезеге кестелердiң тiзiмi шығып, олардың керегiн таңдауға мүмкiндiк туады.

Әрбiр сiлтеме үшiн оның атауына, немесе ол орналасқан бетке сiлтеме жасауға мүмкiндiк бар. Сiлтемесi бар кез келген объектіге өту үшiн осы объектіге сiлтемеде тышқанмен шерту жеткiлiктi.

Қажеттiлiгiне сай объектілердiң атаулары және оларға сiлтемелер қайтадан нөмiрленедi. Құжаттағы барлық сiлтемелердi жылдам жаңарту үшiн Беттiң таңбалануын көрудiң режiмiне (режiм Разметка страницы) ауысу жеткiлiктi.

    1. 4. Формулаларды енгiзу

Математикалық өрнектердi енгiзуге арналған құралдардың қажеттiлiгi ғылыми - техникалық құжаттарға тән. Miсrоsоft Word программасында осындай құрал Miсrоsоft Equаtiоn 3.0 - формулалардың редакторы болып табылады. Ол формулалық объектілер құрып және оларды мәтiндiк құжаттарға қондыруға мүмкiндiк бередi. Қажет болған жағдайда қондырылған объектіні тiкелей құжаттың өрiсiнде редакциялауға болады.

Формулалар редакторын iске қосу және баптау.

Формулалардың редакторын iске қосу үшiн «Вставка Объект» командасын орындап, ашылған диалогтік терезеciнде Miсrоsоft Equаtiоn 3.0 пунктiн таңдауға немесе аспаптар панелінен «Редактор формул» батырмасын басуға болады. Формуламен жұмыс iстеуге арналған басқару панелі ашылады. Мәтiндiк процессордың меню қатарында формулалар редакторының меню қатары орналасады.

Формулалардың редакторын пайдаланар алдында оны баптап алу керек. Баптау формулаға кiретiн әртүрлi элементтерге арналған қаріптердi тағайындаудан тұрады. Ол «Стиль Определить» командасымен ашылатын «Стили» диалогтік терезесiнде орындалады. Бұл баптау мiндеттi болып табылады, онсыз формулалар редакторы жұмыс iстемейдi, бiрақ оны тек қана бiр рет орындау жеткiлiктi.

Математикалық күрделi формулаларды жазған кезде олар әдемi көрiнуi үшiн символдардың үлкен және кiшiлерiнiң салыстырмалы өлшемдерiн реттеу керек болады. Ол үшiн «Размер Определить» командасын орындайды. Ашылған терезеде сол жақтағы әрiптердiң түрiн көрсететiн өрiстерге нұсқасақ, өзгеретiн әрiптер ортадағы көру терезесiнде ерекшеленедi. Керектi өлшем ашық өрiске мән жазу арқылы iске асырылады.

Формулалардың редакторының қалған баптауларын (мiндеттi емес) «Интервал» (Формат Интервал) диалогтік терезесiнде орындайды.

Формулалар редакторының аспаптар панелінде батырмалардың екi қатары болады. Төменгi қатардың батырмалары символдарды енгiзуге арналған өрiсi бар арнайы үлгiлердi құрайды. Мысалы, кәдiмгi бөлшектi енгiзу үшiн екi өрiсi бар форматты таңдау керек: алым және бөлiм. Бұл өрiстердi пернетақтаның көмегiмен де, жоғарғы қатардың басқару элементтерiнiң көмегiмен де толтыруға болады. Өрiстер бойынша орын ауыстыру меңзерді басқару пернелерiнiң көмегiмен орындалады.

Формулаларды енгiзу және редакциялау ESС пернесiн басу немесе формулалардың редакторының панелін жабу арқылы аяқталады. Сонымен қатар тышқанның сол жақ батырмасын құжаттың кез келген бiр өрiсiнде, формуланы енгiзу облысынан тыс, шерту арқылы да бiтiруге болады.

Енгiзiлген формула мәтiнге объект түрiнде орнатылады. Алмастыру буферiн пайдаланып құжат бойынша оның орынын ауыстыруға болады. Формуланы тiкелей құжатта редакциялау үшiн оны тышқанмен екi рет шерту жеткiлiктi. Сол кезде формуланы редакциялауға арналған «Редактор формул» терезесi ашылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]