Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать

3.3.3. Беттердiң нөмiрлерi

Беттердiң нөмiрлерiн орнатуға арналған диалогтік терезесi

Беттердiң нөмiрлерiн орнату үшiн «Вставка Номера страниц» командасын пайдалану керек. Бұл команда бойынша бетте реттiк нөмiрдi орналастыру орнын және бiрiншi бетке нөмiрдi орналастыру керек пе, жоқ па - соны көрсетуге мүмкiндiк беретiн «Номера страниц» терезесi пайда болады.

Бұл терезеде нөмiрдiң орналасу ерекшелiгiн (парақтың басында, аяғында, жолдың басында, ортасында, аяғында), әрiптiң түрiн (биiктiгiн, қалыңдыңын, қаріпi, түсiн), қасында орналасқан символдарды (мысалы – 14 – немесе ~ 14 ~) қоюға болады.

«Формат» батырмасын шертiп беттердi нөмiрлеудiң қосымша параметрлерiн беруге, соның iшiнде цифрлық және алфавиттық нөмiрлеудiң бiреуiн таңдауға болады

Бiр құжаттың беттерiн әртүрлi форматтау үшiн оны бөлiмдерге бөлшектеу керек. Ол үшiн бөлiмнiң үзiлуiн салу «Вставка Разрыв» менюiн қолданады.

Бөлiмнiң үзiлуi сонымен бiрге беттiң де үзiлуiн көрсетуi үшiн үзiлудi рәсімдеу терезесiнде «Новый раздел Со следующей страницы» командасын таңдау керек. Бұдан басқа, егер жаңа бөлiм жұп немесе тақ беттен мiндеттi түрде басталу үшiн «Разрыв» терезесiнде сәйкес параметрлердi көрсету қажет.

3.3.4. Нұсқамалар

Нұсқама дегенiмiз беттiң төменгi жағында жазылатын ескертпе. Ол түсiндiрме немесе көмекшi мәтiннен тұрады. Осы мәтiнмен байланыс жасау үшiн нұсқаманың белгiсi – жұлдызша немесе нөмiр қолданылады.

Құжатта нұсқаманы салу үшiн:

 меңзерді нұсқама орналасатын жерге орналастырады;

 «Вставка Сноска» командасын орындайды.

«Обычную» немесе «Концевую» бiрiн таңдайды;

 Нұсқаманың мәтiнiн тередi;

 Құжатқа қайта оралу үшiн құжаттың мәтiнiн шертедi.

Әдетте құжаттарда нұсқамалар беттердiң соңында орналасады және оларда нөмiрлену автоматты жүзеге асырылады. Әрбiр бетте нұсқамалардың өз нөмiрлерi болу үшiн «Сноски» терезесiндегi «Параметры» батырмасын шертiп, «Начинать на каждой странице» командасын таңдау керек.

Егер сiз көрудiң әдеттегi көрiнiсiнде жұмыс iстесеңiз, онда нұсқаманың өрiсiн жабу үшiн «Закрыть» батырмасын шерту керек. Ал беттiң таңбалануының көрiнiсiнде меңзерді жай ғана негiзгi мәтiнге ауыстыру жеткiлiктi.

    1. Мәтiндi енгiзудi автоматтандыру

4.1. Автомәтiн

Автомәтiн – ол мәтiннiң үзiндiлерiн автоматты енгiзу режiмi. Автомәтiннiң сөздi өздiгiнен аяқтауға арналған функциясын автоаяқтау деп атайды. Мәтiндiк процессор құжаттарда жиi кездесетiн сөздерден және сөйлемдерден тұратын автомәтiннiң сөздiгiн сақтайды. Пердеде сөздiктегi элементтiң бiрiншi төрт символын енгiзген кезде сөз немесе сөйлемнiң толық мәтiнi қалқымалы анықтамада пайда болады. Егер ол қолданушының ойынан шықса, онда <Enter> пернесiн басу арқылы үзiндiнiң енгiзуiн бiтiредi – автоаяқтаудың функциясы осылайша жұмыс iстейдi. Бiрақта қолданушы мәтiннiң қажеттi элементiн өз бетiмен тiзiмнiң иерархиялық құрылымынан таңдай алады - бұл автомәтiннiң функциясы. Автомәтiннiң элементтерiнiң тiзiмi Автомәтiн аспаптар панелінің көмегiмен ашылады (Вид Панель инструментов Автотекст ) немесе «Вставка Автотекст Автотекст» командасы арқылы Автоалмастыру (Автозамена) терезін ашуға болады.

Автомәтiннiң сөздiгiн баптауды Автоалмастыру диалогтік терезесiнде орындайды. Cөздiктi жаңа мазмұнмен толықтырудың ең оңай әдiсi - пердедегi мәтiндi ерекшелеп, Автомәтiннiң аспаптар панеліндегі «Автотекст» батырмасын шерту және ашылған диалогтік терезесiнде «Добавить» батырмасын қолдану.

Кез келген бiр мәлiметтi автомәтiннiң элементi ету үшiн оны түгелдей ерекшелеп алып, одан соң «Автозамена» терезесінде «Автотекст» қыстырмасын таңдау керек. «Имя элемента» өрiсiнде, ең жақсысы, қарапайым және оңай есте сақталатын белгiнi қойған жөн.

Автомәтiннiң элементiн құжатқа енгiзу үшiн оның атын «Автомәтiн» қыстырмасында терiп алып, «Вставить» батырмасын басу керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]