Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
англ.1каз для очн 2012.doc
Скачиваний:
57
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
696.32 Кб
Скачать

Компоненттер бойынша баға қою саясаты

Емтихандық сессияға дейін Сіз максималды 60 балл жинауыңыз керек. Емтихан 40 баллға бағаланады. Жинақтау банкі бағдарламада оқу түрінің әрқайсысынан алатын баллдардан тұрады. Олар компоненттер деп аталады. Бағдарламада 6 компонент қарастырылған.

Курс компонентерінің сипаттамасы және оны оқудағы негізгі талаптары

1,2компоненттер – мәтінді оқу, аудару, түсінігін айту.

Мәтінді аударудан бұрын, шолу жасап, жалпы мазмұнын түсініп, негізгі лексиканы пысықтап алыңыз. Сөздіктен жаңа сөздердің транскрипциясын және аудармасын теріп жазыңыз. Барлық сөздерді теріп жазбай, олардың мағынасын мәтін мазмұны арқылы табыңыз. Сонымен қатар, халықаралық лексиканы сөздіктің көмегінсіз тусінуге тырысыңыз.

Мәтінді мағыналы бөлімдерге бөліп, әрқайсысының негізгі мазмұнын табыңыз. Әр бөлімге мағыналы сұрақтар қойыңыз. Сұрақтарға жауап бере отырып, мәтіннің мазмұнын айта аласыз.

1-компонент – мәтінді оқу және аудару.

3,0 балл –мәтінді дұрыс оқығаныңыз және аударғаныңыз үшін қойылады;

2,5 балл – мәтінді оқығанда фонетикалық қателер жібергенде қойылады;

2,0 балл – мәтіннің оқуында фонетикалық қателер жібергенде және аударғанда елеусіз қателер болса қойылады;

1.5 балл – тек оқығаныңыз үшін және мәтіннің бір бөлігін аударғаныңыз үшін қойылады;

1.0 балл – мәтінді аудармай, тек оқығаныңыз үшін қойылады;

2- компонент- мәтіннің мазмұнын айту.

4,0 балл – мәтіннің мазмұнын дұрыс айтылуын сақтай отырып, мазмұнын толық айтқанда қойылады;

3,0 балл - мәтіннің мазмұнын жеткізуде азырақ ауытқулар болғанда және фонетикалық қатерлерде қойылады;

2,0 балл - мәтіннің мазмұнын толық жеткізе алмаған жағдайда және фонетикалық қатерлер көп болса қойылады;

1,0 балл – 15 лексикалық бірліктен көп сөздерді білгеніңіз үшін қойылады;

3 компонент – жазбаша жұмыстар және лексиканы игеру.

Бұл тапсырманы тапсыру үшін жазбаша жұмыстарды орындау, және өткен грамматикалық материалдарды бекіту, жұмыс сөздігін жүргізу керек.

5,0 балл – жазбаша тапсырмаларды орындағанда және тақырып бойынша жаңа сөздерді толық игергенде қойылады;

4,0 балл – жазбаша тапсырмаларды орындағанда, бірақ тақырып бойынша жаңа сөздерді толық игермегенде қойылады;

3,0 балл - жазбаша тапсырмаларды толық орындамағанда, бірақ жаңа лексиканы ауызша білгенде қойылады;

2,0 балл - жазбаша тапсырмаларды орындамағанда, бірақ жаңа лексиканы ауызша білгенде қойылады;

1,0 балл – жаттығулардың кейбірін ғана орындағанда қойылады.

4 –компонент –бақылау жұмыстарын орындау.

Бұл тапсырманы орындау үшін, ең алдымен тақырып бойынша грамматикалық және лексикалық материалды қайталап алыңыз.

5,0 балл – бақылау жұмысын 95-100% орындағанда қойылады

4,0 балл – бақылау жұмысын 85-94% орындағанда қойылады

3,0 балл – бақылау жұмысын 70-84 % орындағанда қойылады

2,0 балла – бақылау жұмысын 50-69 % орындағанда қойылады

1,0 балла– бақылау жұмысын 40-49% орындағанда қойылады

0,5 балла – бақылау жұмысын 40% орындағанда қойылады

№5 Компонент – бөж бағалаудың критерийлері.

5,0 – берілген тапсырманы толық көлемінде және дұрыс орындағанда қойылады.

4,0 - берілген тапсырманы дұрыс орындағанда, бірақ көрнекі құралдарды қолданбаған кезде қойылады.

3,0 - берілген тапсырманың 3 тармағын орындағанда, бірақ көрнекі құралдарды қолданбаған жағдайда қойылады.

2,0 - берілген тапсырмада кейбір грамматикалық қателер жібергенде, 3 тармағын орындағанда, бірақ көрнекі құралдарды қолданбаған жағдайда қойылады

1.0 – тапсырманың 2 тармағын дұрыс орындағаны үшін.

6 компонент –сабаққа қатысу және белсенділік.

Семестр 30 аудиториялық сабақтардан құралады. Сабақтағы әр белсенді қатысу 0,33 баллға бағаланады. Қорытындысында сіз жұмыстың осы түрі үшін 10 балл ала аласыз, әр жинақтау ведомостіне 5 баллдан қойылады. Сабаққа себебсіз қатыспағаныңыз үшін немесе егер сіз жұмыстың аудиториялық түрлеріне қатыспасаңыз, Сізге айыптық санкциялар беріледі, яғни әр сабақ үшін сізден 0,33 балл алынып тасталынады.

5,0 балл –сабаққа қатысқаны және белсенді жұмысы (әр жинақтау ведомостіне), тапсырманы уақтылы орындағаны үшін қойылады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]