Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

IV сабақ. Компьютер

  1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері:

Есептеуіш, нұсқаулық жиынтығы, сандық есептеулер, өңдей алады, ақпараттың кез келген түрі, құрылғы, бейне, дыбыс, көлікті басқару, әмбебап құрал, компьютер құрылымы, логикалық құрылғы, басқару құрылғысы, бағдарламаларды басқару, есте сақтау құрылғысы, сыртқы құрылғы, шұғыл жад, есептеу жүйесі, тұрақты жад, ақпаратты қабылдау, ұлттық әліпби, тыныс белгілері, ондаған, жүздеген, қамтамасыз ету, ішкі құрамдас бөлік, қолданбалы бағдарлама, жүйелік бағдарлама, қажетті жұмыс, қызметті бақылайды, керекті бағдарлама, функционалдық мүмкіндіктер.

  1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Компьютер

Компьютер (ағылш. сomputer есептеуіш; лат. сomputо -есептеймін), электрондық есептеуіш машинасы – тапсырылған арнайы нұсқаулар жиынтығы – бағдарлама бойынша есептеу амалдарының күрделі тізбегін орындау арқылы электрондық түрде ақпарат қабылдауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған машина. «Компьютер» термині 20 ғасырдың 90-жылдары «ЭЕМ» терминін толық ығыстырып шығарды. ЭЕМ тек қана үлкен машиналарға - мейнфреймдер мен суперкомпьютерлерге қатысты қолданылады. Алғашында компьютер сандық есептеулер үшін құрастырылғанымен, оның ақпараттың басқа түрлерін де өңдей алатындығы анықталды, өйткені іс жүзінде ақпараттың кез келген түрін сандық түрге келтіруге болады. Компьютер көмегімен тек қана математикалық есептеулер жүргізіп қана қоймай, мәтін, сурет, фотосурет, бейне, дыбыс өңдеуге өндіріс пен көлікті басқаруға, байланыстың барлық түрін атқаруға болады, яғни компьютер қазіргі кезде адам қолданатын ақпараттың барлық түрін өңдей алатын әмбебап құралға айналды.

Компьютердің жұмыс принципі. 1945 жылы тұңғыш компьютерді жасау барысында математик және физик Джон фон Нейман (1903-1957) компьютер құрылымының негізін тұжырымдады. Ол бойынша компьютер мынадай құрылғылардан тұруы қажет: арифмет – логикалық құрылғы – есептеу және логикалық операцияларды тікелей орындайды; басқару құрылғысы – бағдарламаларды басқару процесін ұйымдастырады; есте сақтау құрылғысы – бағдарламалар мен ақпаратты сақтайды; сыртқы құрылғылар – ақпаратты енгізеді және шығарады. Компьютерлік ақпарат электрондық түрде әр түрлі жад құрылғыларында сақталады. Ақпаратты ұзақ мерзімге сақтау үшін тұрақты жад құрылғылары, ал осы сәтте орындалатын бағдарлама мен аралық мәліметтерді сақтау үшін компьютердің анағұрлым жылдам жұмыс істейтін шұғыл жады қолданылады. Компьютерде «0» және «1» сандарында негізделген екілік есептеу жүйесі қолданылады. Оны 17-ғ-да негізделген неміс математигі Г.В.Лейбниц (1646-1716) тапқан. Кез келген ақпарат түрін (мәтін, дыбыс, бейне т.б.) осы екі сан арқылы кодтап компьютердің шұғыл немесе тұрақты жадында сақтауға болады. Екілік есептеу жүйесін қолдану компьютер құрылымын барынша жеңілдетуге мүмкіндік берді. Екілік сан бит терминімен белгіленеді. Ақпаратты жіберу және қабылдау үшін 8 биттен тұратын байт коды пайдаланылады. Байт арқылы 256 символды өрнектеуге болады. Сонымен бірге, ақпарат көлемі де байтпен не оның еселік түрлерімен өлшенеді: килобайт (Кб), мегабайт (Мб), гигабайт (Гб). Қазіргі компьютер жадында ондаған және жүздеген Гб ақпарат сақтауға болады. Ақпараттық құрылғылар ішкі (орт. процессор, жад модульдері видеоадаптер, интерфейстік платалар, осыларды байланыстыратын интегралдық микросұлбалар т.б.) және сыртқы (монитор, принтер, сканер, модем, дыбыс жүйелері, пернетақта т.б.) құрамдас бөліктерге ажыратылады. Компьютер қолданбалы және жүйелік бағдарламалар бойынша жұмыс істейді. Қолданбалы бағдарлама компьютерді пайдаланушыға қажетті жұмысты (есептеу, мәтінді түзету, кітап беттеу, ақпарат базасын өңдеу т.б.) тікелей орындайды. Жүйелік бағдарлама компьютерді басқарады, қызметін бақылайды, керекті бағдарламаларды іске қосады, басқа компьютерлермен, компьютерлік жүйелермен (оның ішінде бүкіләлемдік жүйе – Интернетпен) байланыс орнатады. Компьютерлер функционалдық мүмкіндіктері бойынша – үш үлкен топқа ажыратылады: микрокомпьютерлер (дербес компьютер) мен миникомпьютерлер, мейнфреймдер және суперкомпьютерлер.