Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

Жақсыз сөйлем.

Мысалдар

Баяндауыш формалары

Жақсы үйге, жақсы орынға жатқым келер. Жұрт мақтанарлық атақты таққым келер.

а) Тәуелдік жалғаулы қалау рай және кел етістігі

Бірлесіп кітап оқуымыз келер. Бұл жерде суға түсуге жарамайды.

ә) тұйық етістік.( атау, барыс) бол, жара, керек, тиіс, лайық, жөн, мүмкін сөздері.

Саған аздап досыңның желігін басуға тура келер

б) тұйық етістік ( барыс) тура келеді. (келер, келді)

Қолым тимейді. Ымырт жабылды

в) идиомалық сөйлемдер.

3-жаттығу. Төмендегі мәтіннен жақты, жақсыз, атаулы сөйлемдерді ажыратып, 3 топқа бөліп жазыңыз.

Жерде аппақ қалың қар. Қыстың ақырғы кезі. Күн жылы. Қардың кететін уақыты таянғаны сезілді. Бізді лагерьге әкеп кіргізді. Лагерь Омбының темір жол жақ шетінде екен. Лагерьден шанамен дарылдатып сүйреп алып келеді. Қалың қарға көміліп шанада жатырмын. Үлкендерге орын босату керек. Соны сылтау қып, бұл үйден шығып кетті. Қыркүйектің бас кезі. Қоңыр күз. Әкем екеуміз үй сыртында тұрмыз.

IV сөж тапсырмасы

  1. Жаңа сөздерді жаттаңыз.

Нұсқаулық жиынтығы-сборник указаний, сандық есептеулер –числовые вычисления,

бейне- образ, көлікті басқару –управление транспортом,

әмбебап құрал –универсальный прибор,

логикалық құрылғы –логическое устройство,

есте сақтау құрылғысы-устройство запоминания, сыртқы құрылғы- внешние устройства, шұғыл жады-быстрая память ,

тұрақты жады –стабильная память

тыныс белгілері- знаки препинания, ондаған-десятки, жүздеген-сотни,

қамтамасыз ету- обеспечивать, қызметті бақылайды –следит за работой, мүмкіндіктер-возможности.

компьютер құрылымы- конструкция компьютера,

басқару құрылғысы –устройство управления,

есептеу жүйесі –система вычисления,

ақпаратты қабылдау-принимать информацию,

ішкі құрамдас бөлік-внутреннее устройство,

  1. Мәтінді мазмұндаңыз.

Компьютер

Компьютер (ағылш. Сomputer есептеуіш; лат. Сomputо –есептеймін), электрондық есептеуіш машинасы –бағдарлама бойынша есептеу арқылы электрондық түрде ақпарат қабылдауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған машина. «Компьютер» термині 20 ғасырдың 90-жылдары «ЭЕМ» терминін толық ығыстырып шығарды. ЭЕМ тек қана үлкен машиналарға - мейнфреймдер мен суперкомпьютерлерге қатысты қолданылады. Компьютер көмегімен тек қана математикалық есептеулер жүргізіп қана қоймай, мәтін, сурет, фотосурет, бейне, дыбыс өңдеуге өндіріс пен көлікті басқаруға, яғни компьютер қазіргі кезде адам қолданатын ақпараттың барлық түрін өңдей алатын әмбебап құралға айналды.

Компьютердің жұмыс принципі. 1945 жылы тұңғыш компьютерді жасау барысында математик және физик Джон фон Нейман (1903-1957) компьютер құрылымының негізін жасады. Ол бойынша компьютер мынадай құрылғылардан тұруы қажет:

  1. арифмет – логикалық құрылғы – есептеу және логикалық операцияларды тікелей орындайды;

  2. басқару құрылғысы – бағдарламаларды басқару процесін ұйымдастырады;

  3. есте сақтау құрылғысы – бағдарламалар мен ақпаратты сақтайды;

  4. сыртқы құрылғылар – ақпаратты енгізеді және шығарады.

Компьютерлік ақпарат электрондық түрде әр түрлі жады құрылғыларында сақталады. Ақпаратты ұзақ мерзімге сақтау үшін тұрақты жады құрылғылары, ал осы сәтте орындалатын бағдарлама мен аралық мәліметтерді сақтау үшін компьютердің анағұрлым жылдам жұмыс істейтін шұғыл жады қолданылады. Компьютерде «0» және «1» сандарында негізделген екілік есептеу жүйесі қолданылады. Оны 17-ғ-да негізделген неміс математигі Г.В.Лейбниц (1646-1716) тапқан. Кез келген ақпарат түрін (мәтін, дыбыс, бейне т.б.) осы екі сан арқылы кодтап компьютердің шұғыл немесе тұрақты жадында сақтауға болады. Екілік есептеу жүйесін қолдану компьютер құрылымын барынша жеңілдетуге мүмкіндік берді. Екілік сан «бит» терминімен белгіленеді. Ақпаратты жіберу және қабылдау үшін 8 биттен тұратын «байт» коды пайдаланылады. Байт арқылы 256 символды өрнектеуге болады. Сонымен бірге, ақпарат көлемі де байтпен не оның еселік түрлерімен өлшенеді: килобайт (Кб), мегабайт (Мб), гигабайт (Гб). Қазіргі компьютер жадында ондаған және жүздеген Гб ақпарат сақтауға болады. Ақпараттық құрылғылар:

  1. ішкі (орт. Процессор, жад модульдері видеоадаптер, интерфейстік платалар, осыларды байланыстыратын интегралдық микросұлбалар т.б.)

  2. сыртқы (монитор, принтер, сканер, модем, дыбыс жүйелері, пернетақта т.б.) құрамдас бөліктерге ажыратылады.

Компьютер қолданбалы және жүйелік бағдарламалар бойынша жұмыс істейді. Қолданбалы бағдарлама компьютерді пайдаланушыға қажетті жұмысты (есептеу, мәтінді түзету, кітап беттеу, ақпарат базасын өңдеу т.б.) тікелей орындайды. Жүйелік бағдарлама компьютерді басқарады, қызметін бақылайды, керекті бағдарламаларды іске қосады, басқа компьютерлермен, компьютерлік жүйелермен (оның ішінде бүкіләлемдік жүйе – Интернетпен) байланыс орнатады.

Компьютерлер функционалдық мүмкіндіктері бойынша – үш үлкен топқа ажыратылады:

  1. микрокомпьютерлер (дербес компьютер)

  2. миникомпьютерлер,

  3. мейнфреймдер және суперкомпьютерлер.

3-жаттығу. Сөйлемдерді аударыңыз. Бастауыш қай сөз табынан болғанын анықтаңыз.

1. Казахстанские и французские дипломаты подписали важные документы.

2. У наших детей хорошие друзья.

3. Они позвонили мне.

4. Я перевела им текст.

5. 21 ноября – День работников сельского хозяйства.

6. Давайте, я напишу протокол.