Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

Сөж тапсырмалары

І СӨЖ тапсырмасы

1. Берілген сөздерді, сөз тіркестерін жаттаңыз.

дербес компьютерлер - персональные компьютеры,

ақпарат- информация,

қолданбалы бағдарлама- прикладная бағдарлама,

интернет желісі- компьютерная сеть,

еңбек құндылығы-трудовая ценность,

ақпараттық мәдениет- информационная культура,

өрмекші тор-паутина,

білім құндылығы- ценность знания,

жүйелілік- системные,

аспаптық- инструментальные,

мәліметтің сақталуы-сохранение сведений,

ақпараттандыру туралы- об информировании,

бағалы зат- ценная вещь,

ақпараттарды өңдеу- обработка информации,

орындау жүйесі- система исполнения,

есептеуді жеңілдетуге- для легкого вычисления,

кәсіби ақпараттық технологиялар- профессиональные информационные технологии,

2. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз, Қазақстанды компьютерлендіру

Алғашқы компьютерлер үлкен бөлменің ауқымындай көлемде болды, оны ЭЕМ (электронды есептеуіш машинасы) деп атады.

Дербес компьютерлер ақпараттарды сақтауға, оны өңдеу кезінде есептеуді жеңілдетуге арналған.

Дербес компьютерлердің жұмыс істеуі, оған’’бағдарлама’’ деп аталатын арнайы нұсқауларды ендірмей мүмкін емес.

Бағдарламаның үш түрі бар: қолданбалы – пайдаланушылардың жұмыс істеуі үшін, жүйелілік – қолданбалы бағдарламаның жұмыс істеуі, аспаптық – жаңа бағдарлама жасау үшін. Жүйелілік бағдарламаның ең күрделісі – операция орындау жүйесі (Microsoft фирмасының MS DOS, Windows-95 және Windows NT Workstation). Олар компьютерді басшылыққа алып, бағдарламаларды іске қосады және мәліметтің сақталуын қамтамасыз етеді.

1952 жылы АҚШ–та пайдаланушылардың ақпараттарды іздеуге және өзара алмасуға қолайлы Интернет компьютерлік желісі құралады. Нәтижесінде Интернет планетадағы барлық компьютерлік жүйелердің басын қосатын дүниежүзілік ’’өрмекші торға’’ айналды. 20 ғасырда болашақ қоғамның қалыптасуында шешуші роль информатика мен компьютерлендіруге түсіп отыр. Онда негізгі бағалы заты ақпарат болмақ.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының ’’Ақпараттандыру туралы’’ Заңының (8.05.2003 ж.) шықты.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Алғашқы компьютерлер қандай көлемде болды?

  2. Бағдарламаның неше түрі бар?

  3. Интернет желісі қай жылы құрылды?

  4. ҚР«Ақпараттандыру туралы» Заң қашан қабылданды?

  5. Жүйелілік бағдарламаның ең күрделісі не?

  6. Дербес компьютерлер неге арналған?

  7. Қолданбалы бағдарлама не үшін қажет?

  8. Жүйелілік бағдарлама не үшін қажет?

  9. Аспаптық бағдарлама не үшін қажет?

3-жаттығу. Төмендегі сөздермен бұйрықты, лепті, хабарлы сөйлемдер жасаңыз.

Бітіру, бару, тұру, айту, алмау, табу, қойсаңызшы, берсеңші, танысайық, бастаңыз, күт.

ІІ СӨЖ тапсырмасы

1. Жаңа сөздерді жаттаңыз.

өңдеу-обработка,

негізгі құрал- основное оборудование,

жеке пайдаланылатын- индивидуально используемый,

жобалау ісі- проектирование,

мақсаттарда пайдалану- использовать в целях,

өндіріс технологиясы- производственная технология,

өндірісті жоспарлау- планировать производство,

бұйым жасау істері- готовить предмет,

жұмыстарды оңайлату- сделать работу удобным,

компьютерлік сауаттылық-компьютерная грамотность,

мәліметтерді айқындай білу- определить сведения,

тәсіл- способ,

жетік меңгеру- знать совершенстве