Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

5. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Есептеу техникасы неше салада қолданылады?

2. Ақпараттық жүйе дегеніміз не?

3.Ақпараттық жүйенің классикалық мысалы ретінде қандай жүйелерді қарастырамыз?

4. Ақпараттық жүйенің функцияларын атаңыз.

5. Ақпаратты іздеу жүйесі неге бағытталған?

6. Мәлімет өңдеу жүйесі неге бағытталған?

7. Ақпараттық жүйе нешеге бөлінеді?

8. Фактографиялық жүйе дегеніміз не?

9. Құжаттық жүйе дегеніміз не?

10. Құжаттық – фактографиялық жүйе дегеніміз не?

6- жаттығу. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

Студенттер емтиханды жақсы тапсырды, өйткені ... . Кешке жақын біз көп қыдырмаймыз, өйткені ... . Жазда мен демалысқа шығамын, өйткені ... . Ешкім үндемеді, өйткені … . Биыл астық аз болды, себебі … . Біз сыйлық сатып алған жоқпыз, сондықтан ... .

7-жаттығу. Төменде көрсетілген сондықтан, сол себептен, бірақ деген шылауларды пайдалана отырып, жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз.

1. Мәжілісте негізгі баяндаманы әкімнің бірінші орынбасары жасауы керек еді. Ол шұғыл жағдайға байланысты басқа қалаға ұшып кетті.

2. Шетелдермен қарым-қатынас нығайып барады. Шетел тілдерін, әсіресе, ағылшын тілін жетік меңгеру қажет.

3. Ертең күн салқын болады. Жылы киін.

4. Жоғары оқу орындарына бюджеттен берілетін қаржы шектеулі. Университет ақылы түрде студенттерді қабылдауға мәжбүр.

5. Бұл өнімге сұраным төмендеп кетті. Нарық сұранымын анықтап, басқа тауар шығару керек.

6. Біз жексенбіде Медеуге барып демаламыз деп келіскенбіз. Жексенбі күні таңертеңнен бастап жаңбыр жауды.

8-жаттығу. Берілген сөздерден себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем құраңыз.

А) театр, жаңбыр, достар, автобус.

Ә) сабақ, мұғалім, кеш.

Б) суық, ауа райы, көктем, қар.

9-жаттығу. Берілген жай сөйлемдерді мағыналарына қарай топтастырып, талғаулы салалас етіп құрастырыңыздар.

1. Қасқырлар шанадан жұлып алып қалды ма? 2. Шанадан өзі құлады ма? 3. Жасыл шөп ала алмадым. 4. Сұр шөп ала алмадым. 5. Кедергі болар тас жоқ. 6. Жарақат та жоқ. 9. Шөп жоқ. 10. Қамыс жоқ. 13. Қасқырлар оқ тиіп жаралаған аңды алып жейді екен. 14. Адамнан қашқан аңның жолын тосады екен.

10-жаттығу. Көп нүктенің орнына ыңғайына қарай жай сөйлем ойлап тауып, себеп-салдар салаласқа айналдырып жазыңыздар.

    1. Ол ауданға жетуге асықты, өйткені ... . 2. ... , себебі ауыл онша алып емес еді. 3. Қойға енді біз иеміз, сондықтан ... . 4. Одан әрі олар сөйлескен жоқ: ... . 5. ... , жаңа туған баланың атын Сәтжан қойды. 6. ... өйткені көптен көрмеген Нариманға жолығады. 7. ... , сондықтан шаршап келе жатқан Жанай қуанып кетті. (С. Бегалин.)

11-жаттығу. Жай сөйлемдерден кезектес салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

Жаңбыр жауады. Қар жауады. Айнұр күліп отыр. Ол кітап оқып отыр. Қоңырау соғылды. Сабақ аяқталды. Серік кітапханаға бара жатыр. Спорт кешеніне барады.

XIV сабақ. Ақпараттық технология – зор стратегиялық ресурс

1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, аударыңыз.

Ақпараттық технология, өндірістік процестер, ақпараттық жүйелер, шешім қабылдау, реттеу, қадағалау, қарқынды өсу, экономиканың ғаламдануы, мекеменің табысы, ғаламдық масштаб, бәсекелестік қабілеті, жедел ақпарат, жер-жаһанда, қаржы, сақтандыру, білім беру салалары, жұмыстық деңгейі, қарапайым операциялар, басқару деңгейі, мерзімді есептер, ұзақ мерзімді жоспарлау, ішкі, сыртқы, тиімді пайдалану, құрылымы, қоршаған орта, сараптау, басқарудың күрделі мәселелері, жаңа тауарлар, ғылыми – техникалық прогрес.