Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

2. Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз.

Қолданушы агент – агент пользователь

Тасымалдау агенттері – агент переноса

Жеткізу агенттері - агент передачи

Алушылар – получатели

Бейнелік мәліметтер – видеосведения

Жүйе –система

Жылдам - быстро

Хабарламаның көшірмесі – ксерокопия сообщения

Жиын – скопление, комплекс

Алушылар –получатели

Жөнелту –отправить

Теру – набирать

Тасымалдау – переносить

Нақты тұлға – конкретной фигуре

Тұтынушы - потребитель

  1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Электрондық пошта.

Қазіргі кезде электрондық пошта кеңінен қолданылып келе жатыр.

Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі-оның жылдамдығы. Бірақ оның көпшілік біле бермейтін басқа да ерекшеліктері бар. Электрондық поштаның жылдамдағы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша түрде жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе ары қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Электрондық поштаның хаттан да басқа сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс, программа т.с.с. ақпарат түрлерін де тасылмалдай алатынын айту керек.

Осылардың бәрі де жер шарының кез келген нүктесіне бірнеше минут ішінде жылдам түрде жеткізілетінін ашып айту керек.

Электрондық пошта жүйесі үш бөліктен тұрады:

- қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жанасын құрастыруға мүмкіндік береді;

- тасымалдау агенті - мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;

- жеткізу агенті – мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді.

Қолданушы агенті – тұтынушыларға мәліметтерді оқуға және жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін программалар жиыны. Мұндай агенттерге Windows 95 жүйесіндегі Internet Mail, UNIX жүйсіндегі Mail программалар жатады.

Тасымдалу агенттері - поштаны қолданушы агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді ары қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны.

Sendmail программасы – тасымалдау агенті, ол қолданушы агенті мен жеткізуші агенті арасындағы дәнекер болып табылады. Ал Интернет үшін ол жеткізу агентінің де рөлін атқарады.

Sendmail программасы мынадай міндеттер атқарады:

  • қолданушы теріп даярлаған мәліметтерді басқару;

  • алушылар адрестерін талдау;

  • қажетті жеткізу немесе тасымалдау агентін таңдау;

  • адрестерді жеткізу агентіне түсінікті түрге түрлендіру;

  • тақырыптарды қайта форматтау;

  • түрлендірілген мәліметті жеткізу агентіне жөнелту.

Жеткізу агенттері - поштаны тасымалдау агенттерінен қабылдап алып, оны тиісті пайдаланушыларға жеткізетін программалар тобы. Пошта нақты тұлғаға, таратылу тізімдеріне, файлға, программаға т.с.с. жеткізілуі мүмкін.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Электрондық поштаның ерекшелігі неде?

  2. Электрондық пошта жылдамдығының телефоннан айырмашылығы неде?

  3. Электрондық пошта жүйесі неше бөліктен тұрады?

  4. Қолданушы агенті қандай мүмкіндікке ие?

  5. Тасымалдау агенті қандай қызмет атқарады?

  6. Жеткізу агенті қандай қызмет атқарады?

  7. Қолданушы агенттерге қандай программалар жатады?

  8. Тасымалдау агенті қандай программа?

  9. Жеткізу агенттері қандай программа?

Кестеге мұқият қарап, құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен ерекшелігін атаңыз.

Жай сөйлем

Құрмалас сөйлем

Құрмаласу тәсілі

Жаңбыр жауды.

Жер көгерді.

Күн шықты.

Мал өріске кетті.

Бет қаратпайтын боран болды.

Қамар қалаға бармады.

Жаңбыр да жауды, жер де көгерді.

Күн шыққан соң, мал өріске кетті.

Бет қаратпайтын боран болғандық-

тан, Қамар қалаға бармады.

Менің қасымда алты-ақ жауынгер бар: жұмыскерлер төртеу, баламен бесеу.

баяндуыштың тиянақты формасы

шылау арқылы

қосымшалар арқылы

интонация арқылы

4-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, әрбір сөйлемді жай сөйлем және құрмалас сөйлем түріне ажыратыңыз.

Шаңқай түс. Күн нұрын құйып тұр. Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастады. Қылтанақтаған көк жер бетін әлі жаба алған жоқ. Бусанған жер мұнартыңқырап жатыр. Тасыған сағым көз ұшындағының бәріне сәулет беріп, құбылта түседі. Сол сағымның ішінде ұзын керуен келеді. Керуен басы – Жәнібек. Оның астында - Буданкөк. Ол барынша әнге шырқап келеді (Ғ. Мұст.).