Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

2. Мәтінді мазмұндаңыз. Ақпарат және есептеу машиналары.

Бұл күнде ЭЕМ ақпаратны өңдеудің ең негізгі құралы болып саналады. 70-жылдарда электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін - жеке пайдаланылатын

дербес компьютерлерді шығарды. Олар қазірде мектептерде, институттарда, баспаханаларда, т.б. орындарда кеңінен қолданыла бастады.

ЭЕМ-дер өндірістің автоматтандырылған технологиясын жасауға мүмкіндік берді. ЭЕМ-дермен басқарылатын жаңа машина, құрал-сайман және құрылғылар жасалынады. Осылардың негізінде ХХІ ғасырдың басында есептеу машиналары “адамсыз” жұмыс атқара алатын өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отыр.

Бүгінде көптеген қызмет салаларында ЭЕМ-дерді пайдалану адамдарға ақпаратны жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлатып, жобалау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік берді.

ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау және оларды өз жұмысында пайдалана білу, бұдан бұрынғы аталарымыздың қаламсаппен сауат ашқаны сияқты алдағы 10-15 жылда біздер үшін ең керекті зат болып, компьютерлік сауаттылықтың негізін қалайды.

Компьютерлік сауаттылық деп, компьютерді пайдалана отырып, оқу, жазу, есептеу, сурет салу және ақпарат іздеу жолдарын меңгеруді айтады.

ЭЕМ-ді жұмыста тиімді пайдалану үшін компьютерлік мәдениетті болу керек. Ол үшін ЭЕМ-нің негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар: мәселелерді айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және ЭЕМ – ге түсінікті түрде жазу; есеп шығаруға керекті мәліметтерді айқындай білуі керек. Бұл үшін логика мен информатика заңдарын білген жөн.

3-жаттығу. Бұйрықты және лепті сөйлемдерді табыңыз.

1. Көрсетпе көз жасыңды. 2. кел, балалар оқылық. 3. Балам, жөніңді айтшы. 4. Қарындасым, ондай өтірікті ағаңа айтушы болма. 5. Достасып аттанайық. 6. Апа, төсек сап берші, жатқызшы. 7. Ақыл айтыңызшы. 8. Иә, бәсе, солай десеңші! 9. Жіберіңдер, түсіріңдер! 10. Келші, қалқам, менің қасыма отыршы. 11. Білім-биіктің басында, ақыл-аяқтың астында. 12. Шіркін, ап-а-ау! Бәрі сіз үшін ғой! 14. О да бір қызық дәуір екен ғой! 15. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем!

ІІІ СӨЖ тапсырмасы

  1. Жаңа сөздерді жаттаңыз.

Құрылғы- устройство

Есептеу жұмыстары-вычислительные работы,

математикалық кестелер-математические таблицы,

автоматтандыру -автоматизировать,

қарқынды даму- быстрое развитие,

электроника табыстары-достижения электроники,

тұрмыстық компьютерлер-бытовые компьютеры,

шағын мәтіндер-мини тексты,

тұрақтанып қалу-стабилизироваться,

жұмыстың дұрыстығы-правильность работы,

пайдалану мұқтаждығы- нуждаться в использовании,

ақпарат ағыны- поток информации,

қарапайым құралдар-обычные оборудования,

қажеттілік-нужда,

арнайы құралдар-спецальные оборудования,

дербес компьютерлер заманы-время персональных компьютеров,

мүмкіндіктері шектеулі- возможности ограничены,

ең елеулі оқиға-самое важное событие.

2. Мәтінді мазмұндаңыз. Компьютердің құрылғылары

Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жұмыстарын жеңілдету үшін арнайы құралдар – абак, есепшот, арифмометр арнаулы математикалық кестелер шығарыла бастады. Бірақ ядролық физиканың дамуына байланысты есептеу істері адамның тікелей араласуын талап етті. Мысалы, ’’Манхеттен жобасын’’ (АҚШ-тағы атом бомбасын жасау) іске асыру кезінде есептеу жұмыстарына 600 адам қатысты, біреу есептесе, қалғандары жұмыстың дұрыстығын тексерді.

Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады.

1946 жылы алғаш пайда болған ЭЕМ-дер электрондық шамдар негізінде жұмыс істейтін, үлкен залдарда орналасқан, көлемді электрондық жабдықтар болатын. Бірақ 1948 жылдың өзінде-ақ электрондық шамдар шағын электрондық аспаптармен–транзисторлармен алмастырылып, компьютерлердің бұрынғы жұмыс өнімділігі сақталынғанымен, көлемі жүз есеге дейін азайды.

70 жылдар соңында интегралдық схемалардан немесе чиптерден жасалған мини-ЭЕМ-дер шыға бастады. Осы микропроцессорлардан бастап дербес компьютерлер заманы басталды.

70 жылдар басында “тұрмыстық” компьютерлер деп аталған микрокомпьютерлер шықты. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болатын. Тек ойнау үшін және шағын мәтіндер теру үшін ғана пайдаланылады. 70 жылдар ортасында тұрмыстық компьютерлерді сусын шығаратын фирмалар да (Coca Cola) жасай бастады.

Дегенмен, микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға - 1981 жылы ІВМ фирмасы жасаған “дербес компьютер” деп аталған шағын компьютердің шығуы болды.