Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

VI сөж тапсырмасы

1. Жаңа сөздерді жаттаңыз

Жедел жады – быстрая память Мәтіндік мәлімет – текстовой сведения

Әріп түрі – тип шрифта Ені - ширина

Ара қашықтық–дистанция Кең күймелі - широкая каретка

Сия бүріккіш – струйное Баспа тиегі –джойстик печати

Жұмыс өнімділігі – производительность работы Жылдамдық – скорость

Негізгі артықшылығы – основные преимущество

Графиктік сызба – графическая схема Қағаздағы бейне – отображение на бумаге

Жоғары сапалы қағаз – высококачественная бумага

Лазерлік сәулелер – лазерные лучи Сапалы басылым - качественная распечатка

Жобалау жұмыстары – проектные работы

2. Мәтінді мазмұндаңыз. Принтерлер мен плоттерлер.

Принтер мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадынан

қағазға басып шығаруға арналған. Ол рулон қағаз түрінде де, парақ та бола береді.

Принтерлердің негізгі артықшылығы-олар көптеген әріп түрлерін пайдаланып, күрделі мәтіндерді басып бере алады. Шрифт түрлері, әріптердің биіктігі, ені, ара қашықтығы, интервалдары әртүрлі болады. Әрбір адам мәтінді қағазға шығарар алдында өзіне керекті әріп түрін және басқа баспа параметрлерін таңдап, қағазды шығара алады. Осыған байланысты матрицалық принтерлердің тар және кең күймелі түрлері бар.

Принтерлер графиктік сызбаларды, суреттерді түрлі түсті етіп басып бере алады, соған байланысты олардың көптеген модельдері бар.

Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш және термографиктік түрлері бар.

Соңғы кезге дейін ең көп таралған, арзан, әрі пайдалануға қолайлы матрицалық принтерлер болып саналады, олардың қағазға таңба салатын баспа тиегі тік орналасқан металл инелерден тұрады.

Матрицалық принтерлердің жұмыс өнімділігі 10 – 60 секундта бір бет аралығында (секундына 20 – 400 символ) болады, бірақ олардың қағаздағы сапасын арттырғымыз келсе, жылдамдықтан ұтыламыз.

Сия бүріккіш принтерлерде – қағаздағы бейне арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарылады. Бұл принтерлер матрицалық принтерлерден жақсы, сапалы әрі дыбыссыз жұмыс істейді, көптеген әріп түрлерін қамтиды, дегенмен жоғары сапалы қағаз түрлерін және сияны жиі керек етеді.

Лазерлік принтерлер – ксерография принципін қолданатын құралдарға жатады, бұларда әріп бейнелері электрлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Олардың қағаз бетіндегі бір дюйм аумаққа 300-ден 1200 нүктеге дейін салу мүмкіндігі бар, сол себепті таңбалар сапасы жоғары болады. Сонымен, лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады және жылдамдықтары да жоғары – орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 5 – 15 секундта) басып бере алады. Бірақ лазерлік принтердің бағасы кішігірім ДЭЕМ-нің бағасымен бірдей.

Плоттер де (график сызғыш) мәліметтерді, негізінен графиктік ақпаратты қағазға шығарады.

График сызғыштар жобалау жұмыстарын автоматтандыруда әртүрлі сызба (чертеж) түріндегі бейнелерді басып алу үшін қажет. Бұлар бір түсті, түрлі түсті болып және де сызу сапасына қарай бірнеше топтарға жіктеледі.

3-жаттығу. Баяндауыш туралы не білесің? Төмендегі диаграмманы толтыр.

Мысал

келтір

Қандай сөз табынан жасалады?

4-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден баяндауышты тауып, жасалу жолын айтыңыз.

  1. 1. Жаңбыр жауып тұр. 2. Көше қараңғы. 3. Шатырлы ақ үйдің қабыр -

ғасына сәуле түсті. 4. Бұл - осы үйге қарай бұрылған мотоциклдің жары -

ғы еді. 5. Мұнда Дүйсеннің еңбектес досы келген. 6. Мен биыл он сегізде -

мін. 7. Жер беті аппақ. 8. Мен де айтарым сол. 9. Сізде көлік қанша?

5-жаттығу. Бастауыш пен баяндауыштарды теріп жазыңыз.

Мына бөлмеде інілерім шахмат ойнап жатыр. Болат жұмыстан үйге жаяу қайтты. Біз кітапханада кітап іздеп жүрміз. Сауда үйінен керекті заттарды аламыз. Данияр дүкеннен азық-түлік алады. Студенттер жаттығуды дұрыс жазып отыр. Менің ұйқым келді. Олардың киноға барғысы жоқ. Сондықтан үйде қалады. Алма алманы асықпай же.

6-жаттығу. Берілген мақал – мәтелдердің баяндауыштарын өздерін ойлап табыңдар да, қай сөз табынан жасалғанын айтыңдар.

Ердің сыншысы - .… Ерді намыс .… Өнерлінің өрісі …. Көп сөз - …, аз сөз - …. Жердің сәні …. Ата көрген …, ана көрген .…