Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

Күрделі баяндауыш

Күрделі баяндауыш

Күрделі баяндауыштың жасалу жолдары

Машина баяу жүріп келе жатыр.

күрделі етістік

Ол музыканы, ен–күйді жақсы көретін адам еді.

Келе жатқан үшеу екен.

есім сөздер мен көмекші етістіктер

Осы – Тереңсайдың тұсы.

ілік септікті есімдер мен көмекші есімдер тіркесі

Біздің сыныптағы озаттар он үш.

Кореяның территориясы – 220 мың шаршы километр.

күрделі сан есімдер, шаманы, мезгілді білдіретін сөздер

Оның көңілінің алалығы жоқ еді.

Ол келуге тиіс екен.

жоқ, бар, тиіс т.б. сөздер мен көмекші етістіктер тіркесі

Біз оқуға бел байладық.

тұрақты сөз тіркестері(идиомалар)

5-жаттығу. Кестеге қарап өз мысалдарыңызды келтіріңіз.

6-жаттығу. Сөйлемдерден бастауыш пен баяндауыштарды тауып, сұрақтар қойыңыз.

1. Біз жұмысымызды орындадық (выполнили). 2. Директор жиналыс өткізді (проводил). 3. Олар студенттермен сөйлесті (говорили). 4. Дәріс сағат онда басталады. 5. Біз емтиханға дайындалдық (готовились). 6. Біз маусым айында тәжірибе өтуге барамыз. 7. Төрт екіге бөлінеді(делится).

7-жаттығу. Сұхбатқа астындағы қажетті сөздердің тиістісін енгізіңіз.

- Кеше күндіз маған достарым ... .

- Сендер не істедіңдер?

- Біз музыка ... , ән ... , ... .

- Ертең сен маған кел.

- Біз не істейміз?

- Музыка ... , ... .

- Жақсы, ... .

- Сау бол!

- Сау бол!

Қажетті сөздер: әңгімелестік, тыңдаймыз, келді, айттық, әңгімелесеміз, айтамыз, келеді, тыңдадық, келемін.

8-жаттығу. Көшіріңіз. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің астын сызыңыздар.

Шығыс Сібірде көктем кеш басталады, өте қысқа болады. Көктемнен кейін лезде жаз басталады. Сібірдің жазы жылы, оңтүстігінде тіпті ыстық болады. Жазы да ұзақ болмайды, қысы тез басталады. Күні ашық, ауа райы жақсы болады. Жауын–шашын жаз айларында жауады. Қыста шанамен жүреді.

VII сабақ. Компьютерлік жүйелер.

1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері:

Компьютерлік жүйелер, есепті мәселе, нәтижесін алатын адам, ақпараттық жабдықтар, керекті мәліметтер, деректерді өңдеу жүйелері, кешен ретінде қарастырылады, жұмыс өнімділігі, көптеген істерді тындыру, шебер адам, орташа мүмкіндік, адамды алмастыра алады, өңдеу жылдамдығы, үлкен жылдамдықпен өңдеу, маман адам, анықтамалық іздеу қызметтері, дәлдік пен ұқыптылық, қатесіз мәліметтер, өңдеудің дұрыс жолы, қате нәтиже.

2. Сөздер мен сөз тіркесін қазақ тіліне аударыңыз.

Компьютерная система, компьютерная вычислительная система, система обработки данных, устройство обработки данных, производительность работы, специальные сведения, время обработки, скорость обработки, точность и аккуратность.

3. Мәтінді оқыңыз, қазақ тіліне аударыңыз.

Компьютерлік жүйелер

IBM фирмасының анықтамасы бойынша компьютерлік (есептеу) жүйелер 4 негізгі компоненттен тұрады.

1. есепті мәселе ретінде қойып, соның нәтижесін алатын адам;

2. компьютердің аппараттық жабдықтары (Hardware);

3. деректер, яғни керекті мәліметтер файлы;

4. компьютердің бағдарламалық жабдықтары (Software).

Компьютерлік жүйелер немесе деректерді өңдеу жүйелері ұғымдары осы төрт бөлікке адамның қатысуынан тұратын кешен ретінде қарастырылады.

Жұмыс өнімділігі. Басқа құралдар мен машиналарды қолданғандағы сияқты, компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі жұмыс өнімділігін арттыру болып саналады.

Егер компьютерді есептеу, мәліметтерді өңдеу және текстерді қағазға басып алу істеріне пайдалансаңыз, бір сағат көлемінде көптеген істерді тындырасыз. Мысалы, машинкада текст басатын шебер адам бір минутта 60-тан 80 сөзге дейін немесе 6-8 қатарға дейін текст басатын болса, орташа мүмкіндікті компьютер минутына 1200 қатар баса алады. Бұған қарасақ, бір компьютер 150-200 адамды алмастыра алады деген сөз.

Арнайы мәліметтерді өңдеу жылдамдығы. Компьютерді пайдаланудың екінші себебі арнайы мәліметтерді үлкен жылдамдықпен өңдеу болып саналады. Дайындығы мол маман адам минутына 250 сөз оқып шыға алатын болса, компьютер 1000 000 сөз оқи алады екен. Мысалы, Чикаго қаласының телефон анықтамалығы 788 000 адамдар атынан, ал адрестер мен телефон нөмірлерін қоссақ, 32 000 000 қатар мәліметтен тұрады екен. Минутына 250 сөз оқитын адам осы анықтамалықты оқып шығу үшін 250 сағат уақыт жібереді. Ал, орта мүмкіндікті компьютер оны 30 секундқа жетпейтін уақытта оқып шыға алады. Сол себепті телефон станцияларында, анықтамалық іздеу қызметтерінде ЭЕМ кеңінен қолданылады.

Дәлдік пен ұқыптылық. Компьютерлік жүйелерді пайдаланудың үшінші себебі – олардың дәлдігі мен ұқыптылығында жатыр. Егер біз компьютерге қатесіз мәліметтер беріп, оларды өңдеудің дұрыс жолдарын көрсетсек, әрқашанда қатесіз, дұрыс анықталған нәтижелер аламыз. Кейде компьютер қате нәтиже берді деп айтылады. Мұндайда компьютердің қателеспейтінін, қатенің себебі мәліметтердің оған дұрыс берілмегенінен немесе оны өңдеу бағдарламасының қате болғанынан екенін ашық айту қажет.