Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

XIII сабақ. Ақпараттық жүйелер және оның ұғымдары

1. Ақпаратқа қатысты сөздер тобы:

ақпаратты қорғау – защита информации

ақпаратты өңдеу- обработка информации

ақпарат тасушы – носитель информации

ақпарат тұтастығы – целостность информации

ақпаратқа қатынас құру – доступ к информации

ақпаратқа рұқсатсыз қатынас құру- несанкционнированный доступ к информации

ақпараттандыру – информатизация

ақпаратты сақтау мен іздестіру – хранение и поиск информации

ақпараттық анықтамалық жүйе – информационно-справочная система

ақпараттық үйлесімділік – информационная совместимость

ақпаратты іздестіру жүйесі – информационно поисковая система

ақпаратты көру – видеть информацию

2. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері:

Есептеу техникасы, сандық есептеулер, ақпаратты өңдеу, ақпараттық жүйе, сақтау, өңдеу, көрсету, байланысқан құралдар, ақпараттың құрылымы, банк жүйесі, жалпы жиын, мәліметтерді өңдеу технологиясы, нақты ақпарат, мәліметтерді өңдеу жүйесі, ауа-райы болжамы, мәтіндік құжаттар, мәнді жауап, аралас жүйе, бүтін құжаттар.

3. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

Информационная система, вычислительная техника, сфера, текстовый документ, обработка информации, цифровое вычисление, скопление персоналов, банковская система, железнодорожный билет, введение информации, пользователь, точная ақпарат, обрабатывать, точные значение, смешанная система, целый документ.

4. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Ақпараттық жүйелер және оның ұғымдары

Есептеу техникасы көптеген салалардың ішінен әсіресе, екі салада кең қолданылады. Бірінші сала - өте ұзақ немесе қолмен есептеуге келмейтін сандық есептеулердің орындалуы. Екінші сала – бұл ақпаратты өңдеуге арналған ақпараттық жүйе болып табылады.

Ақпараттық жүйе – ақпараттарды сақтауға, өңдеуге және көрсетуге қолданылатын, бір – бірімен байланысқан құралдардың, әдістер мен персоналдардың жиыны.

Мұндай жүйелер көлемі үлкен ақпараттармен жұмыс істейді және бұл ақпараттың құрылымы күрделі болып келеді.

Ақпараттық жүйенің классикалық мысалы ретінде банк жүйесін, авиация және теміржол билетін, қонақ үйде орынды алдын-ала сатып алу және т.с.с. автоматтандырылған жүйелерді қарастыруымызға болады.

Жалпы ақпараттық жүйенің функциялары:

- ақпаратты сақтау;

- ақпаратты енгізу және өзгерту;

- ақпаратты көру және іздеу;

- берілген критерий бойынша ақпаратты іріктеу;

- кез –келген формада есеп құжатын алу;

- ақпараттың дұрыстығын қадағалау.

Ақпаратты іздеу жүйесі – берілген іздеу критериі бойынша жалпы жиыннан мәліметтерді іздеуге бағытталған. Қолданушыға мәліметтерді өңдеу технологиясы емес, тек алынатын ақпарат қана керек. Мысалы, қаладағы анықтау қызметіне телефон шалғанда, қолданушыға нақты ақпарат қана керек.

Мәліметтерді өңдеу жүйесі – мәліметтерді өңдеуге бағытталған. Бұл жүйеде өңдеуден шығатын ақпарат болмауы немесе жүйе өңделген ақпараттың нәтижесін ғана беруі мүмкін. Мұндай жүйенің мысалы ретінде, барлық аймақтардан мәліметтер жинайтын метерология қызметінің ақпарат жүйесін алуға болады. Қолданушыға бастапқы мәліметтер емес, олардың нәтижесі, яғни ауа – райы болжамы керек.

Сонымен қатар, ақпарат жүйесі келесі түрлерге бөлінеді: фактографиялық, құжаттық, құжаттық – фактографиялық.

1. Фактографиялық. Фактографиялық жүйеде нақты өмірдегі обьект жайлы мәліметтердің дәл мәндері тіркеледі.

2. Құжаттық. Қандай да бір формалданған іздеу аппараты бар құжаттық жүйе мәтіндік құжаттар (мақалалар, кітаптар, рефераттар, заң мәтіндері және т.б.) мен графикалық обьектілерден құралады, бірақ қойылған сұрақтарға бір мәнді жауап бермейді.

3. Құжат – фактографиялық. Бұл аралас жүйенің мәліметтері бөлек мәліметтерден, сонымен қатар, бүтін құжаттардан тұрады.