Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

2. Сөздерді және сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

Информационная технология, производственный масштаб, информационная система, учереждение, принять решение, регулировать, контролировать, управлять, обслуживать, доход, конкурентноспособность, глобализация экономики, финанс, страхование, образование, кредитная карточка, уровень работы, уровень образование, уровень управления, экспертиза.

3. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Ақпараттық технология – зор стратегиялық ресурс

Осы күнгі ақпараттық технология жұрттың жиі айтатын сөздеріне айналды. Мұның мәнісі бар. Ақпараттық технологиялар тек өндірістік процестердің ілгерілеуіне ғана емес, сонымен қатар қоғамның дамуына да орасан зор ықпал етеді.

Қазіргі күні ақпараттық технологиялар мекемелердің, оларды жеке алғанда да, ғаламдық масштабта да, жетілуіне қызмет ете алады және солай болуға тиіс.

Бір – бірімен байланысып жатқан ақпараттық технологиялардан тұратын ақпараттық жүйелер мекемелердегі шешім қабылдау, реттеу қадағалау және басқару процестеріне кеңінен енгізіліп келеді. Ақпараттық жүйелердің осы кезеңдегі қарқынды өсуі мына жәйттерге арқа сүйейді.

- Экономиканың ғаламдануы. Яғни мекеменің табысы оның ғаламдық масштабта жұмыс істей алуына байланысты. Бәсекелестік қабілетін сақтап қалу үшін фирма өзінің агенттеріне жедел ақпарат алуға мүдделі. Бүгінгі ақпараттық технологиялар – ғаламдық INTERNET жүйесі бір уақыттың ішінде Жер шарының кез келген нүктелерінен хабар ала алады.

- Ақпараттық революция. Жер – жаһанда ақпараттық технологиялар қарқынды түрде дамып барады. АҚШ-та қаржы, сақтандыру, білім беру салаларындағы инвестициялық капиталдың 70%-ін ақпараттық технологиялар құрайды. Қазіргі ақпараттық технологияларға экономикалық қызметтің де жаңа түрлері еніп келеді. Олар: электрондық дүкендер, биржалар, несиелік карточкалар.

Бүгінгі таңда ақпараттық жүйелердің бірнеше түрі мен типтері белгілі, сондай – ақ мекемелердің схемасын әр түрлі сегменттерден тұратын пирамида ретінде қарастыруға болады. Оның әрбір сегменті мекеменің әр түрлі ақпараттық жүйелерін сипаттайды. Олар өздерінің атқаратын функциясы және жұмыстық деңгейіне қарай ерекшеленеді.

Операциялық деңгейдегі ақпараттық жүйелер мекемеде жүргізіліп жатқан қарапайым операцияларды қамтиды.

Білім деңгейіндегі жүйелер интеллектуалдық еңбектегі қызметкерлердің жұмысына қолдау көрсетіп отырады. Мекеме қызметіне жаңа білім мен әрекеттердің енуіне жол ашады.

Басқару деңгейіндегі ақпараттық жүйелер мерзімді есептерді жасау мен талдауға қызмет етеді.

Стратегиялық деңгейдегі ақпараттық жүйелер ұзақ мерзімді жоспарлау процесін қолдау және компанияның бизнестегі ішкі және сыртқы тенденцияларын ескере отырып, оның стратегиясын жасау үшін қажет етіледі.

Ақпараттық жүйе – ол тек ақпаратты енгізу – шығарудың автоматтандырылған процесі емес. Ақпараттық жүйелерді жасау және оларды тиімді пайдалану үшін бизнестің даму стратегиясын, құрылымын, функцияларын, қоршаған орта факторларын, сондай – ақ, сол бизнестегі менеджменттің рөлін зерттеп білген жөн. Ақпараттық жүйелер жағдайларды сараптау, басқарудың күрделі мәселелерін модельдеу және оларды шешу ең соңында жаңа тауарлар мен қызмет түрлерін жасау үшін керек етіледі. Ақпараттық технологиялар – бүгінгі күннің ғылыми – техникалық прогресінің деңгейін биіктету үшін қажет стратегиялық ресурс болып табылады. (’’Зерде’’ ғылыми – көпшілік журнал, 2002 жыл, № 9)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ақпараттық технологияның ықпалы қандай?

2. Ақпараттық технология қандай қызмет атқарады?

3. Ақпараттық технологиялар қандай нүктелерден хабар ала алады?

4. Ақпараттық технология қалай дамып келеді?

5. Қазіргі ақпараттық технологияға экономикалық қызметтің қандай жаңа түрлері енді?

6. Операциялық деңгейдегі ақпараттық жүйелер қандай операциялар орындайды?

7. Басқару деңгейіндегі ақпараттық жүйелер қандай қызмет жасайды?

8. Стратегиялық деңгейдегі ақпараттық жүйелер не үшін қажет?

4-жаттығу.Екі жай сөйлемнен сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

Марат дайындалмады. Емтихан тапсыра алмады.

Жаңбыр жауды. Балалар футбол ойнай алмады.

Кісі көп болды. Пойызға билет ала алмадым.

Гүлді суармады. Ол солып қалды.

Қар жауды. Картоп жиналмай қалды.

5-жаттығу. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Если день будет ясный, то мы пойдем ловить рыбу.

Если вы будете говорить по-англиский, то мы поймем.

Если окружающие люди уважают тебя, то и ты должен их уважать.

Если вы соберетесь в полном составе, то мы быстро завершим работу.

Если мы поднимемся в горы, то увидим прекрасную природу.

6-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз

1. Мы пришли в библиотеку, чтобы подготовиться к экзаменам. 2. Для того, чтобы изучить культуру какого-либо народа, необходимо знать его язык. 3. Студенты отправились в музей, чтобы посмотреть новую выставку. 4. Для того, чтобы купить одежду, я пришла в торговый дом. 5. Для того, чтобы приготовить салат, мы купили свежие овощи. 6. Вы вышли из дому рано, чтобы не опоздать на спектакль.

7-жаттығу. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.

Күн салқын болғанмен,....... . Бұлт болса да,...... . Уақыты болғанмен,.... . Менің бойым өскенмен, ..... . Оқу қиын болса да, .. .. . Туысқан бола тұра, .... . Қымбат болса да,... . Абайдың әкесі қатыгез болғанмен,.... . Мені таныстырсаң да, ... . Жаңбыр жауса да, ... . Тез жүрсе де, ... .