Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

XV сабақ. Нейрожелілік технологияның негізгі қолдану салалары.

1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркесін аударыңыз.

Есептеу техникасы құрылғылары, бағытталған ғылыми жұмыстар, нейрондық желі, негізгі нәтижелер, жасанды нейрондық желі, дәстүрлі типті компьютерлер, тізбегімен орындалмайды, тәуелсіз, өнімділігі, негізгі қасиеттері, үйрету мүмкіндігі, жоғары тұрақтылық, есептеу қуаттылығы, дәстүрлі күрделі есептерді шешу, өз қасиеттері, модельдер жиыны құрылады, соңғы кезде, қолданбалы есептер, тиімділік, процессорлар, жиыны, жаңа типті нейрожелілер, сәйкес, қарапайым өңделетін элементтер, дағдыланған машиналар.

2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз Нейрожелілік технологияның негізгі қолдану салалары.

20 ғасырдың 80 жылдарының басында есептеу техникасы құрылғыларының жаңа класы – нейрокомпьютерлерге бағытталған ғылыми жұмыстар тез дами бастады. ’’Нейрондық желі’’ термині осы ғасырдың 50 жылдарының ортасында пайда болды. Бұл саладағы негізгі нәтижелерді ғалымдар У.Макклох, Д. Хебб, Ф. Розенблатт, М. Минский, ДЖ. Хопфилд алды. 1989 жылдан бастап жасанды нейрондық желі саласындағы зерттеулерді ірі электротехникалық фирмалар жаппай жүргізе бастады. 1991 жылы нейрокомпьютерлер орталықтары Мәскеуде, Киевте, Минскіде, Новосибирскіде, Санкт – Петербургте құрылды.

Дәстүрлі типті компьютерлерге қарағана нейрокомпьютерлердің өз қасиеттері бар. Программалау командалар тізбегімен орындалмайды, керек класстың есептерінің шешу үлгілерін ұсынады. Нейрокомпьютерлер әртүрлі класстың образдарын жақсы таниды және тану уақыты танылған образдардың санына тәуелсіз. Нейрокомпьютерлер өнімділігі жәй ЭЕМ өнімділігінен бірнеше есе жоғары. Нейрондық желілердің негізі қасиеттері – үйрету мүмкіндігі, жоғары тұрақтылық, кейбір элементтердің параллель жұмыс істеуіне негізделген жоғары есептеу қуаттылығы. Бұл қасиеттер нейрондық желіні күрделі динамикалық обьектілерді басқаруға қолдануға мүмкіндік береді. Нейрокомпьютерлердің бұл және басқада қасиеттері болашақта жасанды интеллект облысындағы күрделі есептерді шешуге кеңінен қолданылатынын көрсетеді.

Нейрокомпьютер – программалы техникалық жүйе, нейрондық желінің формалды моделін реализациялайды. Әр обьектіге модельдер жиыны құрылуы мүмкін және бір – бірінен бастапқы концепциялары арқылы ажыратылады. Нейрондық желілер модельдері ертерек құрыла бастады, бірақ нейрокомпьютерлер түріне техникалық шарттар соңғы кезде пайда болды. Әр түрлі модельдер қолданбалы есептерді шығарудағы тиімділіктері әр түрлі жаңа типті нейрожелілер және сәйкес нейрокомпьютерлер тудырады. Жасанды нейрондық желілер дегеніміз өзара әсер етуші бірнеше процессорлар жиынынан тұратын параллель есептеуші құрылғы. Желілерді қолданушы, қарапайым өңделетін элементтерден тұратын және әртүрлі есептерді орындауға дағдыланған машиналарды нейрондық желілер деп атаймыз.

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. «Нейрондық желі» термині қашан пайда боды?

2. Бұл салада қандай ғалымдар еңбек етті?

3. Нейрокомпьютерлер орталықтары қашан және қай жерде құрылды?

4. Нейрокомпьютерлердің қандай қасиеттері бар.

5. Нейрокомпьютер өнімділігі қандай?

6. Нейрондық желілердің негізі қасиеттері қандай?

7. Жасанды нейрондық желілер дегеніміз не?

8. Нейрондық желілер дегеніміз не?

4-жаттығу. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.

Жұмысқа аяқталмай, ... .

Қонақтар асығып, ... .

Балалар сабаққа кешігіп, ... .

Олар шаршамай, ... .

Ол түні бойы ұйықтамай, ... .

Студенттер білгендей, ... .

Оқушылар ауланы жинап, ... .

Біз жұмысқа тұрып, ... .

5-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

1. Когда вы поете песни, он читает стихи. 2. Когда был сильный мороз, мы сидели дома. 3. Когда мои дети закончат среднюю школу, они будут учиться в университете. 4. Когда наступил апрель, снег полностью растаял. 5. Когда будет хорошая погода, мы поедем ловить рыбу. 6. Когда будет праздник, мы накроем стол.

6-жаттығу. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.

1.Университет бітірген соң, … . 2.Дәріс басталғанша, … . 3. Күн ашылғаннан кейін, … . 4. Дүкен жабылғаннан кейін, … . 5. Cабақ кестесі ілінгеннен кейін, … . 6. Мал келген кезде, … .

7-жаттығу. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Үйде азық-түлік біткен соң, .... . Күні бойы далада жүргендіктен, .... . Пойыз кеш келген себепті, ..... . Жұмыс бітпегендіктен, ... . Емтиханға дандалмағандықтан, ..... . Жаңбыр жауған соң, ... . Кеш болып қалғандықтан, ....

2. ......, балалар далада ойнайды. .........., институтта оқи алмайды. ......., сабаққа келмеді. ...., көкөніс алдық. ......., біз қуандық. ......., біз сізді көрмедік.

..........., мен өз жұмысымды бітіре алмадым.