Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

V сөж тапсырмасы

1. Жаңа сөздерді жаттаңыз.

Дайындау -готовить, жинау -собирать,

Жеткізу- доставить

Түрлендіру- разнообразить, өсу -расти,

Безендіру -оформлять, украшать, сақтау- хранить,

Табу -найти, тарату -раздать,

Даму- развивать, елестету- представить,

Пайдалану, қолдану -использовать, алу -брать,

Толықтыру- дополнить, арттыру -приумножить,

Ақпараттандыру- информировать, автоматтандыру -автоматизировать,

қайта құру - перестроить, құрастыру -составить,

ұйымдастыру- организовать, үйрену -научиться,

танысу -познакомиться, оқып үйрену- прочитаь и научиться.

желі – сеть жылдамдық – скорость

мәліметтер базасы – база данных байланыс желісі – линия связи

ақпараттық қор – информационный ресурс

өндіріс технологиялары – производственная технология

2. Мәтінді мазмұндаңыз. Жаңа ақпараттық технологиялар.

Кәдімгі ақпараттық технологиялар деп, көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі ақпараттарды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады.

Жаңа ақпараттық технологиялар деп, ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы-әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы – ақпаратты дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.

Ақпараттық процестер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпоратты жеткізу, жинақтау және түрлендіру процестері.

Дербес ЭЕМ-дер – жұмыста және үйде адамның пайдалануына арналған шағын компьютерлер.

Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар және әр түрлі құжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады. Компьютерлердің баспа машинкаларынан артықшылығы: қателердің азаюы, материалдарды дайындау жылдамдығының өсуі, оларды безендіру сапасының артуы.

Сондай-ақ жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - ЭЕМ жадында сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әр түрлі архивтер мен кітапханалардағы ақпаратларды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға болатын әр түрлі мәліметтер базасы мен ақпараттық жүйелер.

Кез келген ЭЕМ–мен жұмыс істеу оның бағдарламаларын оқып үйренуден

басталады. Ал әрбір үлкен, орташа, шағын немесе дербес ЭЕМ түрлерінде көптеген бағдарламалық жабдықтар бар.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Кәдімгі ақпараттық технология дегеніміз не?

2.Жаңа ақпараттық технология дегеніміз не?

3. Ақпараттық процестер дегеніміз не?

4. Дербес ЭЕМ дегенімізді қалай түсінесіз?

5. Дербес ЭЕМ-дер не үшін қолданылады?

6. Компьютерлердің баспа машиналардан артықшылығы неде?

3- жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден бастауышты тауып, жасалу жолына тоқталыңыз.

Мен өмірде көп нәрсені істей алмаймын. Менің шешем неміс. Атам жақсы адам. Осы менің айтарым. Бәріміз бірге барайық. Балық суда тез жүзеді. Екеуі өте жақсы дос еді. Бесеуміз үйден ерте шықтық. Осы жолы қызылдар жеңсе, ақтар келесі жолы жеңер. Бай кедейді түсінбес. Алыс жақын болды. Көп күлген бір жылар.