Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

5. Етістіктің баламасын табыңыз.

1. өңдеу

1.

2. шығару

2.

3. қолдану

3.

4. пайдалану

4.

5. орындалу

5.

6. жасау

6.

7. есептеу

7.

8. жоспарлау

8.

9. басқару

9.

10. меңгеру

10.

11. талдау

11.

12. білу

12.

13. айқындай білу

13.

6-жаттығу. Сұхбатты оқып, ұқсас сұхбат құрыңыз.

а) - Гүлмира, бүгін киноға барайықшы!

- Жарайды, қандай фильмге?

- Өзім де білмеймін. Барып көрейік.

- Жарайды.

ә) - Қайда кездесеміз?

- Кинотеатрдың алдына кел.

- Жоқ, аялдамада күтші!

- Саған ыңғайлы болса, аялдамаға кел!

7-жаттығу. Мына сұрақтарға бұйрықты сөйлеммен жауап беріңіз.

1. Сіздің қайда барасыз? 2. Сен не ішесің? 3. Ол не істейді? 4. Сәрсен кіммен сөйлеседі? 5. Олар кіммен танысады? 6. Әке-шешеңізге көмектесесіз бе? 7. Туған күнге не аласың? 8. Балалардың оқығысы келеді ме? 9. Біз сендерді сауда орталығына апарамыз ба? 10. Қаланың басқа тамаша жерлерін көрсетеміз бе?

8-жаттығу. Жақшаны ашып, сөйлемдердегі етістікті бұйрық рай формаға қойыңыз.

1. Мен осы кітапты (оқу). 2. Ертең жаңбыр (жауу). 3. Бүгін киноға біз (бару), ал ертең сендер (бару). 4. Қазір Асан жауап (айту), кейін сіз жауап (беру). 5. Біз саяжайда (демалу). 6. Тыныштық (сақтау), емтихан жүріп жатыр. 7. (Абайлау)! Мұнда қауіпсіз емес. 8. (Беру)! Бұл менікі! 9. Құрметті, қонақтар! Назар (аудару)!

ІІІ сабақ. Компьютердің құрылғылары

  1. Мәтінге қажетті сөз тіркестері:

Есептеу жұмыстары, қарапайым құралдар, математикалық кестелер, автоматтандыру ісі, қарқынды даму, электроника табыстары, жұмыс өнімділігі, дербес компьютерлер, тұрмыстық компьютерлер, шағын мәтіндер, тұрақтанып қалу, жұмыстың дұрыстығы, пайдалану мұқтаждығы, ақпарат ағыны, мұқтаж болды, қарапайым құралдар, есептеу жұмыстарының қажеттілігі, арнайы құралдар, физиканың даму ерекшеліктеріне байланысты, қолмен істеу есептері, адамның тікелей араласуы, технологияның қарқынды дамуы, дербес компьютерлер заманы, алғашқы белгісі, мүмкіндіктері шектеулі, машина жасау қажеттілігі, автоматтандыру ісінің қажеттілігі, шағын мәтіндер теру, күннен –күнге артты, ең елеулі оқиға.

  1. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз:

Устройство компьютера, нуждаться, простое средство, необходимость работы, особенности развития, қарқынды даму, достижения, объемные электронные оборудования, производительность работы, поток информации, возможности ограничены, электронный инструмент.

  1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Компьютердің құрылғылары

Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашанда мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде оған, аяқ – қол саусақтары секілді қарапайым құралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар – абак, есепшот, арифмометр арнаулы математикалық кестелер шығарыла бастады. Бірақ үстіміздегі ғасырдың 40 жылдарында, ядролық физиканың даму ерекшеліктеріне байланысты, қолмен есептеу істері көптеген материалдық ресурстарды және адамның тікелей араласуын талап ете бастады. Мысалы, ’’Манхеттен жобасын’’ (АҚШ-тағы атом бомбасын жасау) іске асыру кезінде есептеу жұмыстарына 600 адам қатысты, олардың бірсыпырасы тікелей есептеумен айналысып, қалғандары сол жұмыстың дұрыстығын тексеріп отырды.

ХХ ғасырдың ортасында ақпаратты өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды.

Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады.

1946 жылы алғаш пайда болған ЭЕМ-дер электрондық шамдар негізінде жұмыс істейтін, үлкен залдарда орналасқан, көлемді электрондық жабдықтар болатын. Бірақ 1948 жылдың өзінде-ақ электрондық шамдар шағын электрондық аспаптармен–транзисторлармен алмастырылып, компьютерлердің бұрынғы жұмыс өнімділігі сақталынғанымен, көлемі жүз есеге дейін төмендеді.

70 жылдар соңында интегралдық схемалардан немесе чиптерден жасалған мини-ЭЕМ-дер шыға бастады. Осындай микропроцессорлардың шығуы дербес компьютерлер заманы басталғанының алғашқы белгісі болды.

Алғашқы есептеу жұмыстарын автоматтандыруға арналған ЭЕМ-дер күннен күнге артып келе жатқан ақпарат ағынымен жұмыс істеді, бірақ онша дайындығы жоқ адамдардың компьютерді пайдалану мұқтаждығы маман еместерге арналған машина жасау қажеттілігін тудырды.

70 жылдар басында “тұрмыстық” компьютерлер деп аталған микрокомпьютерлер шықты. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болатын. Тек ойнау үшін және шағын мәтіндер теру үшін ғана пайдаланылады.70 жылдар ортасында тұрмыстық компьютерлердің етек алғаны сондай, оларды сусын шығаратын фирмалар да (Coca Cola) жасай бастады.

Дегенмен, микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981 жылы ІВМ фирмасы жасаған, кейіннен “дербес компьютер” деп аталған шағын компьютердің шығуы болды. Сол уақыттан бастап осы атау шағын компьютерлер тобының жалпы аты есебінде тұрақталынып қалды.